Мысалға
алсақ «Шымкентхиммонтаж» ЖШС-нің
бюджет алдындағы берешегі 170,0 миллион
теңгені құраған, аталған мекемеге
2007 жылы оңалту рәсімі енгізіліп,
қазіргі таңда сот ұйғарымымен
бекітілген оңалту жоспарына
сәйкес жұмыс жасалуда.
Сонымен
қатар, кәсіпорынның мүлкін сақтап
қалу, жалған және әдейі жасалған
банкроттықты анықтау, қаржылай-экономикалық
жағдайына талдау жасау, кредиторлар
алдындағы борышын өтеуден жалтарған
іс-әрекеттерін анықтау және қаржылай-шаруашылық
жұмыстарын жүргізу үшін төлеуге
қабілітті жоқ кәсіпорындарға
сырттай бақылау рәсімін енгізу
қарастырылған.
2. Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
комитетінің «Оңтүстік» өңіраралық
департаменті банкроттық саласындағы
мемлекеттік реттеуді жүргізетін
құзырлы орган болып табылады.
Конкурстық
өндіріс бойынша тарату рәсімі
тәжірибесі көрсеткендей кейбір
борышкерлер банкроттық жүйені
мекемені қаржылай-шаруашылық жұмысындағы
қызметтік бабын теріс пайдаланып
дәрменсіз борышкерді қарызынан
бос деп тану мақсатындағы
іс-әрекетін жауапкершіліктен кету
(құтылу) үшін падаланады. Негізінде
заң бойынша кінәлі лауазымды
тұлға субсидиярлық жауапкершілікке
тартылуы керек.
Мұндай
жағдайда «Банкроттық туралы»
заңдылықтың мағынасы және мемлекеттік
негізі экономикалық саясат қағидалары
бұрмаланады. Қызметтік бабын
теріс пайдалану дегеніміз-өз
пайдасы үшін немесе басқа
тұлғалардың пайдасы үшін дүние
мүлікті шеттету, кредиторлар
алдындағы міндетін орындаудан
жалтару болып табылады.
Оңтүстік
Қазақстан облысы бойынша экономикалық
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
департаментіне 2008 жылы банкроттық
саласындағы мемлекеттік реттеуді
жүргізетін құзырлы орган тарапынан
жалған мекемелер туралы 7 арыз
жолданған. Оның ішінде «АлтынНұр»
ЖШС-ң басшысына А.А.Естебековке
ҚР-ң Қылмыстық кодексінің 216 бабы,
«KazTruck» ЖШС-ң құрылтайшысы Х.Хаметовке
ҚР-ң Қылмыстық кодексінің 215 бабының 1
тармағы, Н.Махмутов пен А.Нурашеваларға
жалған «Шымкентбыт» ЖШС-і, «Zeta» ЖШС-н
мекемелерін құрғаны үшін ҚР-ң Қылмыстық
кодексінің 192,222 бабтары бойынша қылмыстық
іс қозғалған.
Ағымдағы
жылы ҚР «Банкроттық туралы»
заңының 5 бабында көрсетілген
әдейі және жалған банкроттық
блгілерін анықтау бойынша 60 тексеру
жүргізілді. Оның ішінде әдейі
және жалған банкроттық белгілері
бойынша 7 арыз қаржы полициясы
органына жолданып, Оңтүстік Қазақстан
облысы бойынша экономикалық
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
департаменті «Альфа-Н» ЖШС-ң
басшысы Г.Керимбаеваның үстінен
ҚР Қылмыстық кодексінің 192,222 бабтары
бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі
таңда облыс бойынша 83 мекемеге
банкроттық рәсім жүргізілуде: 71
мекеме таратылу жағдайында, оның
ішінде 30 мекеме негізгі бағдарлама
бойынша, 003 бюджеттік бағдарлама
бойынша-41 мекеме, 12 мекеме мот органдарының
қаралуында. Таратылып жатқан мекемелер
негізінен көтерме сатып алу
қызмет түрлерімен айналысқан.
Ағымдағы
жылы 1 млрд. 566 млн. 775 теңге мөлшерінде
кредиторлық қарызы бар 6 мекеме
таратылды.
Мекемелердің
конкурстық массасы 1 млрд. 507 млн.
748 мың теңгеге сатылды және 1 млрд.
007 млн. 093 мың теңгеге кредиторлық
қарыздар жабылған.
«Дөңгелек
стөл» жиынында банкроттық рәсімді
жүргізуге байланысты проблемалық
сұрақтар бойынша мемлекеттік
органдар, соттар, конкурстық басқарушылар,
салық органдар және уәкілетті
орган мамандары қатысып, өз
ойларын білдіреді.