ҚР банкроттық мекемелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2011 в 06:25, статья

Описание работы

2009 жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің «Сарыарқа» өңіраралық департаментінде «Төлемге қабілеті жоқ ұйымдарды қаржылық-экономикалық айықтыру» тақырыбы бойынша «Дөңгелек үстел»

Работа содержит 1 файл

ҚР бакроттық мекемелер.docx

— 37.31 Кб (Скачать)

2009 жылдың 26 маусымында  Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігі  Дәрменсіз борышкерлермен  жұмыс комитетінің  «Ертіс» өңіраралық  департаментінде  «Төлем қабілеті  жоқ ұйымдарды  қаржылық-экономикалық  айықтыру» тақырыбы  бойынша «Дөңгелек үстел» Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің «Ертіс» өңіраралық департаментінің өкілдері, «Ертіс» ӘКК Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері, «Атамекен одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» ЗТБ өкілі, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» «Даму» АҚ өңірлік филиалының өкілі, оңалту басқарушылары, сырттай байқау әкімшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

1.Сырттан  байқау және оңалту  рәсімдері. 

   Қазіргі таңда Өңіраралық департамент банкроттыққа басым назар аударады. Бірақта  қазіргі таңда Өңіраралық департаменттің жұмысы сырттан байқау және оңалту рәсімдері арқылы кәсіпорындардың  төлем қабілетін қалпына келтіруге  бағытталған.

   Қазіргі таңда ҚР «Банкроттық туралы»  Заңы шетелдік заңдармен салыстырсақ  көбінесе әртүрлі рәсімдерді пайдалану  арқылы төлем қабілетсіз кәсіпорындарды сақтап қалуға негізделген. Бұны орындау  мақсатында борышкерлердің кредиторлардың мүддесі қорғалады. Бұл істің  тәртібін, шартын және олардың орындалуын сырттан байқау және оңалту рәсімдері  атқарады.

   Борышкер-кәсіпорынға  қатысты сырттан бақылауды қолдану  кредиторға борышкердің мүлігін  сақтауға қамтамасыз етеді, төлеуге  қабілетсіздігінің себептерін анықтауға, борышкердің қаржылық жағдайын талдауын өткізуге, оның қаржы-экономикалық қызметінің жағдайын бақылауды қамтамасыз ету, кредитор алдында міндеттерді орындаудан бас тарту бойынша борышкербасшысы  жағынан әректті тоқтату, онымен қайта құруды өткізу, негізгі қаражатты  иеліктен шығаруға қатысты келісу жасауға, жалға немесе кепілдік беруге, және  де нарықтық төмен баға бойынша басшылармен жасалатын басқа мәмілелер  немесе жеткіліксіз негіздердің орындалуынан, борышкер үшін шығын болуы мүмкін.

   Бақылау кезеңінде осы этаптың негігі мақсатын сырттан бақылау әкімшісі жүзеге асырады, департаментпен тағайындалады, құқықтармен беріледі :

    -         борышкер мүлігінің сақталуын қамтамасыз ету бойыншақосымша шара қалдану туралы қолдаухатты сотқа хабардар ету;

    -         түгендеу актілері бойынша борышкер мүлігіне салыстыру жасау;

    -         борышкерден кредитор және дебиторлардың толық тізімін қарыз соммасы көрсетілген, актив пен пассивтің толық балансы, борышкердің қаржылық жағдайы ткралы есеп және басқа да қажет ақпараттарды талап ету.

   Сырттан бақылау әкімшісі борышкерге қатысты  барлық әректтерді кредитор комитетімен  келісіледі.

   Қорыта  айтқанда сырттан байқау тәсілі борышкерлердің қарызын төлеуге әсерін тигізетін  пәрменді тәсіл болып табылады.

   Оңалту  рәсімдері - сот рәсімі, оның шеңберінде дәрменсіз борышкерге кез-келген қайта  ұйымдастыру, ұйымдастыру-шаруашылық, басқару, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және борышкердің таратылуын болдырмау мақсатында оның төлем  қабілетін қалпына келтіруге  бағытталған Қазақстан Республикасының  заңнамасына  қайшы келмейтін  өзге де  шаралар  қолданылады.           

 Оңалту  рәсімдерінің мақсаты:

    -           дәрменсіз борышкердің  төлем қабілетін қалпына келтіру және оның таратылуын болдырмау;

    -           кредиторлық берешекті жабу;

    -           міндетті төлемдер мен ағымдағы төлемдердің  төленуін қамтамасыз ету;

    -           кәсіпорынның тиімді  қызметін қамтамасыз ету.

   Оңалту  рәсімдерінің  жағымды сәттері - ол оңалту рәсімі енгізілген кезінен бастап борышкер берешегінің барлық түрі бойынша тұрақсыздық төлемін (өсімпұлдарды, айыппұлдарды), сондай-ақ  алынған кредиттер бойынша сыйақыларды есептеу тоқтатылады. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, әлеуетті өнім беруші, үш ай мерзімінен асатын салықтық берешегі жоқ,  төлеуге қабілетті болуы қажеттігі туралы талабы,  оңалту рәсімі жүргізіліп жатқан әлеуетті өнім берушіге  қатысты емес. 

   Оңалту  рәсімі Шығыс Қазақстан облысы бойынша  Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының берген анықтамасының негізінде, борышкердің, кредиторлар комитетінің  және «Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің «Ертіс» өңіраралық департаменті» мемлекеттік мекемесінің  келісімімен  дәрменсіз борышкерге қолданылады.

   Оңалту  рәсімінің мақсаттарын «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс  комитетінің «Ертіс» өңіраралық департаменті» мемлекеттік мекемесі тағайындаған  оңалтуды басқарушы  жүзеге асырады.

   Дәрменсіз борышкерді оңалту жоспары борышкердің  төлем қабілетін және  кредиторлар  алдындағы берешектерді жабу мерзімін қалпына келтіру   бойынша нақты іс -шараларды мазмұндауы қажет. 

   Оңалту  рәсімдерінің орындалу тәсілдері туралы Өңіраралық департамент үнемі метадалогиялық ұсынымдар тәсілдер ретінде үнемі  ұсынып отырады.

   Оңалту  рәсімдері үш жыл аралығында өтеді. Оңалту рәсімін сот шешімі арқылы ұзартылады.

   Оңалту  рәсімі мақсатқа жеткен кезде немесе мақсатқа жету мүмкін болмаған жағдайда тоқтатылады.    

     

2. Банкроттық рәсім.           

  Нарықтық экономиканың пайда болуы товарды өткізу, қызмет көрсету және өндірістік қатынастардың қалыптасуына обьективтік жағдай жасайды. Экономиканың біркелкі дамымауы дағдарысқа әкеп соғады, дағдарысты жеңу банкроттық тәсіл арқылы жүзеге асырылады.            

 Банкроттық  рәсім кәсіпорындардың өз берешектерін  төлеуге және жеке табыскөздерінің  есебінен төлем қабілетін қалпына  келтіруге шамасының болмауынан  туындаған дағдарыстық жай-күйдің  шарықтау шегі. Банкроттық кәсіпорынның  дағдарыстық жағдайының дамуының  нәтижесі және капиталын бөлістірудің  нарықтық құралы болып саналады.  

     Қазіргі таңда ҚР «Банкроттық  туралы» Заңы шетелдік заңдармен  салыстырсақ көбінесе әртүрлі  рәсімдерді пайдалану арқылы  төлем қабілетсіз кәсіпорындарды  сақтап қалуға негізделген. Бұны  орындау мақсатында борышкерлердің  кредиторлардың мүддесі қорғалады.  Бұл істің тәртібін, шартын және  олардың орындалуын сырттан байқау  және оңалту рәсімдері атқарады.

   Өңіраралық  департамент 2006-2008 жылдар аралығында конкурстық өндіріс қолдану арқылы 626 кәсіпорын, оның ішінде 522 кәсіпорын бюджеттік  бағдарлама бойынша таратты.

   Барлық  таратылған кәсіпорындардың кредиторлық  берешегі 16 980 722,5 мың тенге көлемінде құрады:

1 кезек  – 273 248,7 мың тенге

2 кезек  – 206 556,94 мың тенге

3 кезек  – 85 525,32 мың тенге

4 кезек  – 4 696 295,97 мың тенге

5 кезек  – 11 719 095,56 мың тенге

   конкупстық  өндіріс арқылы 485 556,35 мың тенге өндірілді:

1 кезек  – 22 649,63 мың тенге

2 кезек  – 122 746,48 мың тенге

3 кезек  – 22 385,09 мың тенге

4 кезек  – 97 304,0 мың тенге

5 кезек  – 220 471,15 мың тенге           

 конкурстық  өндіріс арқылы 16 495 166,15 мың тенге есептен шығарылды:

1 кезек  – 250 599,08 мың тенге

2 кезек  – 83 810,46 мың тенге

3 кезек  – 63 140,23 мың тенге

4 кезек  – 4 598 991,97 мың тенге

5 кезек  – 11 498 624,41 мың тенге           

 Жоғарыда  көрсетілгендей кәсіпорындардың  банкроттық рәсімі кезінде милиарттаған  соммалар есептен шығарылады, біріншіден  облыс экономикасының сауықтыруы  жүреді, нарықтан бәсекелеске қабілетсіз  кәсіпорындар жоғалады, екіншіден  жұмыс орндары қысқартылады, кредиторлық  берешек есептен шығарылады, борышкерге  уақытында қолданылған оның қаржылық  жағдайын жақсарту боынша шаралар  дағдарыстан шығарып, мүмкіндігінше  берешекті өтеу үшін қолданылған.

     2009 жылдың 01 маусымында конкурстық  өндіріс кезеңінде 124 ұйымдар  тіркелген, оның ішінде 64 ұйым  № 003 бюджеттік аясында таратылуда.            

124 таратылып  жатқан банкрот кәсіпорындардың  3 кезегі бойынша кредиторлық  берешегі яғни кепілдікті кредиторлар  910 105,11 мың тенге құрайды, оның ішінде өтелгені 153 000,29 мың тенге.           

 Жоғарыда  айтылғандардың негізінде банкрот  кәсіпорындардың мәселесін шешудің  екі тәсілі бар, біріншісі –  олардың таратылуы, ал екіншісі  – сырттай байқау рәсімін енгізу, оңалту рәсімі.           

 Оңалту  рәсімі – дәрменсіз борышкерге  қайта ұйымдастыру және борышкердің  таратылуының болдырмау мақсатында  оның төлем қабілетін келтіруге  бағытталған шаралары қолданылады  және борышкердің кредиторлық  мүдделерін қорғау арқылы шешу.              

       3. Дөңгелек үстел  аясында сұқпаттасу  кезінде:  Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің «Ертіс» өңіраралық департаментінің бастығының орынбасары Е. Нагайцева,  оңалту,мониторинг және сырттан байқау бөлімінің бастығы Баталова И.С., банкроттық рсімдерін жүргізуді бақылау бөлімінің бастығы Ибраева Г.С.,  «Ертіс» ӘКК Ұлттық компаниясы» АҚ бастығының орынбасары Сухарукова В.Н., Сырттан байқау әкімшісі Еркасымов Н.  

2009 жылдың 9 маусымында  Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігі  Дәрменсіз борышкерлермен  жұмыс комитетінің  «Оңтүстік» өңіраралық  департаментінде  «Төлем қабылетсіз  мекемелерді қаржылай-экономикалық  сауықтыру» және  «Әдейі, жалған банкроттық  сұрақтарды бойынша  Қаржы полициясы  органдарымен бірлесіп  атқарылатын жұмыс  туралы» «Дөңгелек  стөл» өткізілді  және «Әдейі, жалған банкроттық сұрақтарды бойынша Қаржы полициясы органдарымен бірлесіп атқарылатын жұмыс туралы», Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің «Оңтүстік» өңіраралық департаментінде өткізілген.            

  «Дөңгелек стөлді» өткізудің мақсаты бүгінгі таңда банкроттық туралы заңнамаларда көрсетілген оңалту, сырттай байқау рәсімдерін қолдана отырып, облыстағы төлем қабылетсіз мекемелерді қаржылай-экономикалық сауықтыру жөнінде Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңнамасының нормаларын талқылап түсіндіру және әдейі, жалған банкроттықтың алдын алу.           

 Төлем  қабілетсіз мекемелер ертелі-кеш  ҚР «Банкроттық туралы» заңында  көрсетілген рәсімдермен (сырттай  байқау, оңалту, банкроттық рәсімдер) қақтығысады.           

1. Үш  жыл және қосымша алты ай  мерзімдегі оңалту рәсімінің  негізгі мақсаты кәсіпорындардың  таратылуына жол бермеу мақсатында  төлем қабылеттін нақты қалпына  келтіру негіз болып табылады. Республиканың экономикасы үшін  маңызды стратегиялық мәні бар  ірі монополия субьектілері болып  табылатын кәсіпорындар бойынша  сот оңалту рәсімін тағы жылға  созуға құқылы.         

 Оңалту  рәсімін жүзеге асыру мерзімінде  бюджет алдындағы шегерілген  кредиторлық қарыздарды үшін  салық комитеті тарапынан борышкер  мүліктерін шектеу тоқтатылады,  борышкер берешегінің барлық  түрлері бойынша тұрақсыздық  төлемін (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу тоқтатылып, кредиторлардың  талаптары оңалту жоспарына сәйкес  борышкердің өзі белгілеген кесте  бойынша кезек сақтала отырып  қанағаттандырылады. Сонымен қатар  оңалту рәсіміне енгізілген кәсіпорынның  оңалту басқарушысы болып осы  мекеменің басшысы тағайындала  алады.          

Информация о работе ҚР банкроттық мекемелер