Облыстың 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 08:43, доклад

Описание работы

2010 жылы - дағдарыстан дамудың жаңа кезеңінде, алдымызға ауқымды да жүйелі жобаларды жүзеге асыру міндеті қойылғаны белгілі.
Осы бағытта өңір халқының әл-ауқатын арттыру мен облыс эконономикасын нығайту бағытындағы жұмыстарға серпін беретін Елбасының бастамасымен өмірге келген еліміздің үдемелі индустриялық – инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыра бастадық. Осындай ауқымды жұмыстармен алға қойылған мақсат-міндеттер түгелдей дерлік жүзеге асырылып, көптеген игі істер атқарылды.

Работа содержит 1 файл

Макроэкономикалық көрсеткіштер.doc

— 125.50 Кб (Скачать)

     Азаматтық қоғам институттарының қатысуымен этносаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған шаралар ұйымдастыру жалғасуда. Өткен жылы маусым-қазан айлары аралығында Қазақстанның ел бірлігі доктринасын насихаттауға бағытталған 28 шара ұйымдастырылып, аталған шараларға 40000-ға жуық тұрғынның қатысуы қамтамасыз етілді.

     Ондаған ұлттың тағдыры тоғысқан Сыр елінде Ассамблея жұмысы жақсы жолға қойылған. Жыл бойына этно-мәдени бірлестіктердің ұйымдастыруымен түрлі шаралар өткізілуде. Өткізілген шаралардың барлығының идеологиялық негізі елдегі этносаралық және конфессияаралық келісім мен төзімділік, қоғамдағы ішкі-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталды.

     Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бөлінген қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. облыстық бюджеттен 2009 жылы 13,5 млн. теңге бөлінген болса, 2010 жылы 14,6 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға жастар үшін 9 әлеуметтік қызмет ұйымдастырылып, 5 ірі көлемдегі шаралар өткізілді. 2009 жылы шараларға қамтылған жастардың үлесі 49 пайыз болса, 2010 жылы қамтылған жастардың үлес салмағы 52 пайызға жетті

     2010 жылы жастар қоғамдық бірлестіктері саны 54 құрады.

     Жастар саясатының жүзеге асырылуы нәтижесінде  
2010 жылы «Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына арналған ақпараттық-идеологиялық шаралар ұйымдастыру», «Жастар үшін ғылыми орталық қызметін ұйымдастыру» және «Жастар арасында дебат орталығы қызметін ұйымдастыру» атты 3 жаңа жоба енгізілді. Бұл жобалар жастар арасында оң резонанс тудырып, қоғамдық ортаға жаңашылдығымен өз септігін тигізуде.

     Сонымен бірге, талантты жастарды қолдау, олардың  шығармашылық өсуіне жағдай жасау мақсатында бюджеттен тыс көздерден «Дарын»  жастар продюсерлік орталығы қызметі ұйымдастырылды. Продюсерлік орталық соңғы үлгідегі техникалық құралдармен жабдықталып, арнайы ғимаратпен қамтамасыз етілді.

     2010 жылы жергілікті деңгейде мемлекеттік  ақпараттық саясатты жүргізуге  2 облыстық газеттен және облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан өзге 12 республикалық, 17 тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары тартылып, оларға мемлекеттік тапсырыс орналастырылуда.

      Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы барлық аудандар мен Қызылорда қаласының  әкімдері және облыстық басқарма басшылары атқарған жұмыстары туралы есеп беру тәжірибесі енгізіліп, әр тоқсан сайын жарияланып отыр.

     Сонымен қатар, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында аймақтағы басқармалардың жасап жатқан жұмыстарын ақпараттандыру мақсатында «Өңірлік өркендеудің жаңа белесі» атты арнайы бағдарлама ашылып, аталмыш бағдарлама арқылы барлық басқармалардың жұмысы көрсетілді.

    Аймақтық  ақпарат саласын уақыт талабына сай дамыту мақсатында   шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сыр-медиа» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылды. Бұл арқылы ақпараттандыру жұмыстарын жетілдіруге, жергілікті басылымдар сапасын жақсарту бағытында  жұмыстар жасалды.

    Есепті  кезеңде аймақта жұмыс жасайтын электронды бұқаралық ақпарат құралдары  бағдарламаларының 50 пайыздан астамы мемлекеттік тілде шығарылды. Атап айтқанда, тәулігіне облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының 55,1 пайызы, тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарнасының 71,8 пайызы, «Сета» радиосының 58 пайызы мемлекеттік тілде хабар таратады.

      «Электронды әкімдік»  бағдарламасы аясында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың бизнес процесін автоматтандыру үшін ақпараттық жүйе жасақталып өндірістік эксплуатацияға берілді, ақпараттық және интерактивті қызметтерді қамтыған облыс әкімдігінің ресми веб-порталының жаңа нұсқасы іске қосылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсететін 13 жергілікті атқарушы органда «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» тәжірибелік эксплуатацияға берілді.

    Бюджет  қаражатының жұмсалуына қосымша бақылау жасайтын геоақпараттық порталы жұмыс жасауда. Бұл геопортал арқылы -  облыста атқарылып жатқан жұмыстарды көруге болады. Осы бағытта әлде де жұмыстар жалғасып, әр саланы қамтитын мониторинг жүргізіліп, электронды түрде жарияланатын болады. 

    2010 жылы республикада тұңғыш рет облыстық мұрағаттар арасында мұрағат құжаттарын электрондық сандық жүйеге енгізу мақсатында 35,2 млн.теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

     Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі  Стратегиялық жоспарының негізгі ережелері мен Мемлекет Басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын тұрғындар арасында кеңінен насихаттап-түсіндіру мақсатында 8 облыстық ақпараттық-насихаттық топтар құрылды. Топтардың құрамына мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшылары, ғалымдар, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, облыстық мәслихат депуттары енгізілді.

     Сондай-ақ, тұрғындар арасында Елбасы Жолдауын насихаттауға бағытталған жұмыстар жүргізу мақсатында 272 адамнан жасақталған 54 аудандық және 875 адамнан жасақталған 190 ауылдық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, облыс, аудан орталықтарында ғана емес түрлі деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың қатысуымен облыстың шалғай орналасқан елді мекендерінде де жұмыс жүргізді.

     Есепті  мерзімде Елбасы Жолдауының басым бағыттарын насихаттау бойынша 800-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, 300-ден астам көрнекі  үгіт құралдары орнатылды.

     Бүгінде облыста қоғамдық саяси ахуал тұрақты.

      2010 жылы облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәртіптік құқық бұзушылықтар 3 пайызға азайған. Оның ішінде, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларымен жасалған құқық бұзушылықтар 24,4 пайызға төмендеді.

      Сонымен бірге, 2010 жылы облыс,  қала, аудан әкімдіктері және басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, қылмыстың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған бiрқатар кешендi iс-шаралар жүзеге асырылды.

     Құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Есепті кезеңде дабыл-жаңғырық құрылғылары бар 13 бірлік автокөлік, Арал аудандық ішкі істер бөліміне 1 жылжымалы полиция пункті сатып алынды.

     Сонымен бірге, өткен жылы Ішкі істер органдарының  ғимараттарын күрделі жөндеу жүргізуге және жаңа ғимарат салуға 286 млн.теңгеден астам қаржы қарастырылды.

     Нәтижесінде, 2010 жылы облыс бойынша (Байқоңыр қаласын есептемегенде) барлық салалар бойынша тіркелген қылмыстар саны 1 пайызға азайды, оның ішінде ауыр қылмыстар - 8,7%-ға, кісі өлтіру - 28%-ға, бөтен біреудің мүлкін ұрлау -1,7%-ға, тонау - 2,8%-ға, бұзақылық - 8,9%-ға, бопсалаушылық -15,4%-ға, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар -1,7%-ға, жасөспірімдермен жасалған қылмыстар - 16,3%-ға, топтасып жасалған қылмыстар - 10,4%-ға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар - 3,5%-ға төмендеді. Облысымыз республика көлемінде қылмыстарды ашу бағытында алдыңғы қатарда.

      Сонымен қатар, Қызылорда қаласына ҚР ІІМ-нің  Ішкі әскері орналасуына байланысты облыс орталығындағы полицияның кешенді күштерін орналастыру жоспары қайта қаралып, патрульді полиция қызметі нарядтарының тығыздылығы арттырылды.

Информация о работе Облыстың 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы