Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 08:43, доклад
2010 жылы - дағдарыстан дамудың жаңа кезеңінде, алдымызға ауқымды да жүйелі жобаларды жүзеге асыру міндеті қойылғаны белгілі.
Осы бағытта өңір халқының әл-ауқатын арттыру мен облыс эконономикасын нығайту бағытындағы жұмыстарға серпін беретін Елбасының бастамасымен өмірге келген еліміздің үдемелі индустриялық – инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыра бастадық. Осындай ауқымды жұмыстармен алға қойылған мақсат-міндеттер түгелдей дерлік жүзеге асырылып, көптеген игі істер атқарылды.
Облыстың
2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық
дамуы туралы
2010 жылы - дағдарыстан дамудың жаңа кезеңінде, алдымызға ауқымды да жүйелі жобаларды жүзеге асыру міндеті қойылғаны белгілі.
Осы
бағытта өңір халқының әл-ауқатын
арттыру мен облыс
Нәтижесінде
облыс экономикасының салаларында
макроэкономикалық
Экономиканың
нақты секторына тоқталатын болсақ:
Тамақ өнімдерін өндіру мен мұнай
өңдеу саласындағы
Өнеркәсіп саласында 774,9 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібінің дамуында өсу қарқыны байқалып, 2009 жылмен салыстырғанда 48,6 пайызға артып отыр.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 44,2 млрд.теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға артты. Нәтижесінде ет өндіру 0,8 пайызға, сүт 1,1 пайызға өсті. Барлық мал басы санының өсімі байқалды: мүйізді ірі қара – 1 пайызға, жылқы – 1,7 пайызға, түйе – 2,5 пайызға, шошқа – 1,8 пайызға.
Шағын кәсіпкерлік саласында өндірілген өнім көлемінің индексі 100,9 пайызды құрады. Шағын бизнес саласындағы белсенді субъектілерінің саны 12,3 пайызға артып, кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар саны көбейді.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 251,3 млрд.теңгені құрады немесе 2009 жылмен салыстырғанда 40,6 пайызға артып отыр.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 0,3 пайызға артып отыр. 251,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Есепті кезеңде 15839 жаңа жұмыс орындары құрылды. Нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға төмендеп, 5,7 пайызды құрады.
2010 жылы инфляция деңгейі республиканың орташа көрсеткішімен бірдей болып, 7,8 пайызды құрады.
Халықтың орташа айлық жалақысы 15,1 пайызға өсіп, 68555 теңгені құрады.
Күнкөріс деңгейінің ең төменгі көлемінің өсу қарқыны республикадағы ең жақсы көрсеткіш болып табылады – облыста 10,6 пайыз, республикада – 14,6 пайыз.
Облыс бюджеті түсімдер бойынша (трансферттерді қоса есептегенде) 101,3 пайызға орындалды.
Бюджетке түсетін жалпы салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 39,6 млрд. теңгені құрап, болжам 112,8 пайызға орындалды. Оның ішінде, республикалық бюджетке 18,4 млрд. теңге түсіп, болжам 120,6 пайызға, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 21,2 млрд. теңгені құрап, болжам 106,8 пайызға орындалды.
2010 жылы облыстың сыртқы сауда
айналымы 1 миллиард 279
миллион 802 мың АҚШ долларын
құрап, 2009 жылмен салыстырғанда
52 пайызға өсіп отыр.
Индустриялық-
Қазақстанның индустрияландыру Картасына облыстан құны 45 млрд.теңгеден асатын 13 инвестициялық жоба енгізілді, атап айтқанда республикалық картаға – 27,6 млрд.теңгенің 3 жобасы, аймақтық картаға – 18,2 млрд.теңгенің 10 жобасы.
Олардың ішінен 2010 жылға жоспарланған жалпы құны 26 млрд. теңгеден асатын 11 жоба іске асырылды. Осының арқасында 400-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылды.
Индустрияландыру картасының жүзеге асырылуы өңдеу және тау-кен саласы өндірістерін дамытуға қуатты қарқын берді. Іске қосылған жол-құрылыс жобалары, оның ішінде үш қиыршықтас шығаратын, жол битумын өндіретін және асфальт зауыттары «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автожол дәлізін табысты іске асыруға елеулі үлесін қосып отыр.
Оған қоса, энергетика және мұнай-газ саласында 4 өндіріс жобасы жүзеге асырылды:
-
мұнай компанияларының («Петро
Қазақстан Құмкөл Ресорсиз»
- «Кеңлік» жаңа кен орнында ілеспе мұнай газын пайдалануды ұйымдастыру» жобасы («Саутс Ойл» ЖШС). Жоба бойынша жылына 8 мың тонна газ бензині және 40 мың тоннадан астам сұйытылған газ өндіріледі. Оның бір бөлігін кәсіпорын өз мұқтажына жұмсаса, қалған бөлігі – облыс тұрғындарына әлеуметтік бағамен жеткізіледі;
-
«Ақшабұлақ» кен орнындағы
-
«Мұнай қалдықтарын және
Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 2 жоба бағытталған:
- «РЗА» ЖШС-нің қуаты жылына 10,8 мың тонна сүт өнімдерін шығаратын 660 ірі қараға арналған сүт-тауарлы фермасы. Жоба бір сиырдан сауылатын сүт көлемін жылына 4,5 мың литрден 11 мың литрге немесе 2,5 есеге арттыруға және алғашқы жылы облыс бойынша сүт өндіру көлемін 8 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді;
- «Шапағат сүт» серіктестігінің нан зауыты. Зауыт аусымына 30 тонна нан өнімдерін өндіретін болады.
Аталған жобалардың жүзеге асырылуы шикізаттық тәуелділіктен арылып, шикізаттық емес секторды дамытуға үлкен септігін тигізеді.
Индустрияландыру бағдарламасы аясында жобалардың жүзеге асырылуы, шикізаттық және жұмыс күші ресурстарымен қамтамасыз етілу, жүзеге асырылып жатқан «Батыс Европа – Батыс Қытай» жобасын табысты іске асыруға мүмкіндік туғызуда.
2010 жылы «Батыс Европа – Батыс Қытай» жобасы аясында 211 шақырым жол асфальттанып, 16 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Оның 11 мың адамы жол құрылысын салуға жәрдемдесетін салаларда.
Жоба білікті жол құрылысы мамандарын даярлауға да септігін тигізуде. Өткен жылы 265 жол құрылысы мамандары дайындалды.
Сонымен қатар, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған жобалар, «Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық жол құрылысының жүзеге асырылуы құрылыс материалдарына қажеттілікті туғызып, өңірде кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасауда. Осы бағытта Индустрияландыру картасынан тыс, жалпы сомасы 6,6 млрд.теңгені құрайтын тағы 16 жоба жүзеге асырылып, жұмыс жасауда. Жаңадан 529 жұмыс орны ашылды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бәсекеге қабілетті, шикізаттық емес экспортқа бағытталған шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, облыстағы екінші деңгейлі банк филиалдары, «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау Қоры» АҚ және басқа да қаржы қорлары басшыларымен кездесулер өткізіліп, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру бағыттары талқыланып, басым бағыттары белгіленді.
Нәтижесінде 2 жоба мақұлданып, екінші деңгейлі банк филиалдары несие пайызын субсидиялау бағыты бойынша қаржыландырылды. Онан бөлек 2 жоба мақұлданып, осы жылға қаржыландыруға ұсынылды.
Он-лайн арқылы кеңестер беру, интернет–конференциялар ұйымдастыру қызметін қамтитын Интернет–портал жасақталды. Бұл Интернет–портал арқылы облыс кәсіпкерлері бизнесті жүргізу бойынша қажетті ақпаратты кез келген уақытта ала алатын болады.
Облыстың және басқа аймақтардың тауар өндірушілерінің қатысуымен «Жібек Жолы» бизнес-форумы және «Күріш жәрмеңкесі», Қызылорда облысы кәсіпорындарының экспорттық қабілеттігін арттыру және инвестициялық тартымдылығын көрсету мақсатында Байқоңыр қаласында Қызылорда облысы, Ресей Федерациясы және Байқоңыр қаласының кәсіпорындарының қатысуымен «Қызылорда облысының инвестициялық тартымдылығы» тұсаукесері өткізілді. Нәтижесінде Ресей Федерациясы, Азербайжан, Түрікменстан мемлекеттері кәсіпорындарымен өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылып, келісімдер жасалды.
Сонымен қатар, өткен жылы «БердянСельмаш» АҚ және «Харвест» ЖШС арасында жасалған екіжақты келісім шеңберінде жылына 50 бірлік жатка шығаратын «Азов Аралмаш» БК» ЖШС құрылды.
2010
жылдың 1 шілдесінен бастап, үш ел арасында
Кеден одағы құрылып, артық құжаттарды
рәсімдеуден, кедендік алымдарды төлеуден
босатылу сияқты жеңілдіктер арқасында
кәсіпкерлердің тауарлары, өнімдері, заттары
емін-еркін жылжып, сауда айналымының
өсуіне оң ықпалын тигізуде. Осылайша,
облыста Бірыңғай Кеден Одағының негізгі
бағыттарын іске асыруға ықпал жасау жөніндегі
жұмыс тобы құрылды.
Энергетикалық кешен
Облыста жүзеге асырылып жатқан «Қызылорда қаласының жылуэнергия көздерін және тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру» жобасының екінші кезеңі жүргізілуде. Осы мақсатқа 2010 жылға 1,4 млрд. теңге бөлініп, оған 210 шақырым төменгі қысымды газ құбырларының жұмыстары және 8 газ реттегіш пункттердің құрылыстары аяқталды. Қазіргі таңда облыс орталығының 442 көпқабатты тұрғын үйі (20850 пәтер), 11094 жеке сектордағы тұрғын үй және 345 шаруашылық нысандары ілеспе газға қосылды.
Сонымен қатар, облыс орталығының қарқынды дамуын ескере отырып, облыстық бюджет қаржысы есебінен «Қызылорда қаласының өндіріс аймақтарын және жаңа тұрғын үй мөлтек аудандарын газдандыру» жобасының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
2009 жылы Қызылорда қаласының жеке тұрғын үй секторын газдандыруға қосу құны 250 мың теңгеден 99500 теңгеге төмендетілді, ал, 2010 жылдан бастап аталған қызметтердің құнын айыппұл төлемінсіз 1 жылға бөліп төлеу тәжірибесі қолданылуда. Нәтижесінде, 2008 жылмен салыстырғанда жеке тұрғын үй секторын газдандыру деңгейі 80 есеге, яғни, 2008 жылдың басында 136 болса, 2011 жылдың 1 қаңтарына 11000-ға өсті.
Электр қуаты тапшылығын жою мақсатында Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалармен қатар, облыс елді мекендерін толығымен электр қуатымен қамту мақсатында жергілікті бюджет есебінен электр қуатының балама көзі - жел-күн жабдықтарын сатып алу жүргізілуде.
Электрленбеген Қазалы ауданындағы Ажар елді мекенін электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында желді электр стансасының құрылысы жүргізілуде.
Сексеуіл, Жақсықылыш елді мекендерінің 10/0,4 кВ электр желілерін қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті.
Бизнесті дамыту үшін және облыс тұрғындарын сапалы электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында «Жол картасы» аясында бюджеттен 728,9 млн. теңгеге 6 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды («Западная», «Южная», «АТД», ЦРП-1, 3, 11).
Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша «Жылу электр орталығы жанындағы» бос алаңды пайдаланып, инвестициялық жобаларды орналастыру үшін өнеркәсіп алаңдарын ашып, оған инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда қаласының жылу жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту мақсатында «Жол картасы» аясында жылумен жабдықтау саласы бойынша республикалық бюджет есебінен 12 жоба жүзеге асырылып, 15,3 шақырым жылу желілері жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Ауыз сумен қамтамасыз ету
2010
жылы облыс тұрғындарын сапалы
ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту
мақсатында 5 млрд.теңгеден астам қаражат
бөлінді. Бұл қаражат есебінен Арал-Сарыбұлақ
топтық су құбырының
5-кезеңінің құрылысы, Қызылорда қаласының
ауыз су және кәріз жүйелерінің қайта
жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
Бұдан басқа облыстық бюджет есебінен Арал-Сарыбұлақ және Жиделі топтық су құбырларына қосылған 20 елді мекендердің ішкі тарату ауыз су желілерін қайта жаңғыртудың жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 146,4 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда құны 3,6 млрд.теңге құрайтын 11 жоба әзірленіп, ҚР АШМ Су ресурстары комитетіне жолданды.
Информация о работе Облыстың 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы