Облыстың 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 08:43, доклад

Описание работы

2010 жылы - дағдарыстан дамудың жаңа кезеңінде, алдымызға ауқымды да жүйелі жобаларды жүзеге асыру міндеті қойылғаны белгілі.
Осы бағытта өңір халқының әл-ауқатын арттыру мен облыс эконономикасын нығайту бағытындағы жұмыстарға серпін беретін Елбасының бастамасымен өмірге келген еліміздің үдемелі индустриялық – инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыра бастадық. Осындай ауқымды жұмыстармен алға қойылған мақсат-міндеттер түгелдей дерлік жүзеге асырылып, көптеген игі істер атқарылды.

Работа содержит 1 файл

Макроэкономикалық көрсеткіштер.doc

— 125.50 Кб (Скачать)

     Облыс бойынша 17 сумен пайдалану мекемелерінің 7-уі субсидияландырылып, 2010 жылы оның көлемі 180,7 млн.теңгені құрады.

     Соңғы 3 жылда ауыз сумен қамтамасыз етуге 19,8 млрд.теңге бөлініп, 1000 шақырымнан астам ауыз су желілері жөнделді. Нәтижесінде 218 мың тұрғындары бар 70 елді мекен  сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

     «Жол  картасын» іске асыру нәтижесінде облыстың 8112 тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді.

     Бүгінгі таңда облыстың 70 пайыздан астам елді мекендері орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды.

     Біраз жылдар бойы қордаланып келе жатқан ауыз сумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардағы қызметкерлерінің жалақыға қарыздары мәселесі шешімін тауып, толығымен жойылды.

     Қазіргі таңда ауыз су бойынша құрылысын  салуды, күрделі жөндеуді және қайта  жаңартуды қажет ететін объектілер тізімін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

     Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы қабылданды.  

     Коммуналдық шаруашылық

     Саланы  дамыту мақсатында 2010 жылға ауылдық  округтерді абаттандыруға, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына 133 елді мекенге 1,0 млн. теңгеден қаржы бөлініп, оған 65 елді мекеннің көшелерін жарықтандыру, 20 елді мекеннің мәдени-демалыс орындарын жөндеу, 3 елді мекеннің су желісін жөндеу, 5 елді мекеннің төлқұжаттарын жасау, 40 елді мекеннің көшелерін жөндеу жұмыстары атқарылды.

     «Жол  картасы» бағдарламасы аясында 14 жоба іске асырылып (224,9 млн. теңге), 60,2 мың шаршы метр көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді, 7,8 шақырым көше жарықтандырылып, 277 шам-шырақтар орнатылды.

     Қызылорда қаласы бойынша «Тағзым» кешеніне ағымдағы жөндеу, «Жібек жолы» каналын, теміржол вокзалы аумағын абаттандыру, мөлтек аудандарындағы автокөлік тұрақтары мен кіріс жолдарын жөндеу – жаяу жүргінші жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

     Сонымен қатар, өткен жылы көптен бері шешімін  таппай келе жатқан «Қызылорда қаласы Белкөл ауылындағы сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін қайта жаңғырту» жобасы іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, осы жылы республикалық бюджеттен қаржыландыратын болды.

     Елді  мекендерді аяқсумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы ұзындығы 134,7 шақырымды құрайтын 20 канал және 9 гидроқұрылыс жөндеуден өткізілді.

     Сонымен қатар, өздігінен су бармайтын Қазалы ауданындағы «Құмжиек», Қармақшы ауданындағы  «Көмекбаев»  елді мекендерін аяқсумен қамтамасыз ету үшін 2 насос қондырғылары сатып алынды.

      Атқарылған  жұмыстардың нәтижесінде көлемі 1950 гектарды құрайтын 12650 отбасының үй іргелік жерлеріне аяқ су жеткізіліп, 20238 гектар шабындықтар мен жайылымдықтар суландырылды, су айдыны 3810 гектарды құрайтын көлдерге су құйылды.

     Облыстың  аудандары және Қызылорда қаласы бойынша суармалы жерлерге және суландырылған жайылымдықтар мен суландыру қондырғыларына түгендеу жұмыстары жүргізілді. Түгендеу барысында облыста суландырылған жайылымдардың жалпы саны, олардың нақты орналасуы мен сапалық жағдайлары, ондағы су көздері қондырғыларының саны мен техникалық жағдайлары туралы толық мәлімет жинақталып, электронды база жасақталды. Осыған орай, суландыру қондырғаларын «Арал» құрылыс кәсіпорыны біріккен дирекциясы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын немесе «Қызылорда гидрогеолого-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының теңгеріміне беру және осы мекемелердің базасында эксплуатациялық қызмет көрсететін орын құру және қаржыландыру жөнінде ҚР Үкіметіне ұсыныс жасалды. 

     Ауыл  шаруашылығы

     Соңғы 3 жылда агроөнеркәсіп саласын қолдауға 5,3 млрд.теңге қаржы бөлінді. 2010 жылы ауыл шаруашылығына бөлінген қаржы көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 17,8 пайызға артып, 2,3 млрд.теңге құрады.

     Нәтижесінде өткен жылы:

  • 109,2 тонна суперэлита, 943,8 тонна элита, 27,6 тонна бірігей, 3847 тонна 1 репродукциялы тұқым бағасы арзандатылды;
  • 91,3 мың га егісі үшін 436 шаруашылыққа көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтар субсидияланды;
  • 169 шаруашылыққа 46,9 мың тонна тыңайтқыш бағасы арзандатылды;
  • ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға жұмсалған 2400 мың текше метр аяқ суды жеткізу құны арзандатылды;
  • 18 шаруашылыққа 48,5 га жеміс және 3,5 га жүзім дақылдарын өсіруге кеткен шығындары субсидияланды.

      Сондай-ақ, 13 шаруашылыққа сатып алған 3428 бас  асыл тұқымды қой, 80 бас жылқы, 25 бас  түйе бағасы арзандатылып, 35 шаруашылыққа асыл тұқымды мал басын толықтыратын төл өсіруге жұмсалған шығындары  ішінара өтелді.

     2010 жылы шаруашылықтардың барлық  нысандары бойынша егіс көлемі 160,9 мың гектар жерге орналастырылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,8 мың гектарға артық егілді. Негізгі дақыл - күріш 77 мың гектарға егілді.

     Ауыл  шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптау жұмыстары агротехникалық талапқа  сәйкес жүргізіліп, егін уақтылы шашпай-төкпей жинап алынды. Нәтижесінде, күріш дақылынан 1985 жылдан бергі ең жоғарғы өнімділікке қол жеткізіліп, күріш егісінің әр гектарынан 48,6 центнерден (2009 жылмен салыстырғанда 5,7 центнерге артық) өнім алынды. 376,2 мың тонна күріш салысы жиналды. Бұл 1990 жылдан кейінгі алынған мол өнім және 2009 жылмен салыстырғанда 72,5 мың тоннаға артық. 

     Күріштің  өнімділігін әлі де арттыру мақсатында өткен жылы егілген күріш тұқымы толық себу кондициясына жеткізілді. Ал, тұқымның репродукциялық құрамынан жоғарғы репродукциялы тұқымның үлесі 2009 жылмен салыстырғанда 17,3 пайызға артып, жалпы егіс көлемінде 64,8 пайызға дейін жоғарылады.

     2010 жылы бірінші рет облыстық  бюджеттен 25,0 млн. теңге қаржы  бөлініп, облыста жергілікті сорттармен  бірге Ресейлік Янтарь, Лидер, Новатор сорттарының бірігей, суперэлита тұқымын жеделдетіп көбейту қолға алынды. Нәтижесінде, аталған сорттар бойынша 9 тн бірігей тұқым өндірілді.

     Өндірілген  өнімнің сақтау мерзімін ұлғайту  мақсатында ақталған күрішті вакуумді қалталап шығару технологиясын қолдану арқылы өнімдер шығарылуда.

     Сонымен қатар, 2009 жылмен салыстырғанда майлы  дақылдардың егіс көлемі - 40 пайызға  ұлғайса, күріш - 8,2 пайызға, көкөніс - 4,9 пайызға, картоп -2,6 пайызға ұлғайған.

     Облыста озық технологияларды, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарын тамшылатып суару әдісін қолдану көлемі артып келеді. 2009 жылы 200 гектар көкөніс өсіріліп, орташа өнімділік гектарына 59 тоннаны құраса, 2010 жылы 200 гектар көкөніс, 14 гектар картоп және 20 гектар бақша дақылдары осы әдіспен өсірілді.

     Қызылорда облысы бойынша «Оңтүстік» ӘКК арқылы құрамына 98 ауыл шаруашылық құрылымдары  біріктірілген және жер көлемі 60,4 мың га, балық ауланатын су көлемі 23,4 мың гектарды құрайтын 8 сервистік-дайындау орталықтары құрылып, 561,7 млн. теңгеге 128 ауыл шаруашылығы техникалары мен өңдеу жабдықтары алынды.

     Сервистік-дайындау орталықтары арқылы ауыл шаруашылығы  тауар өндірушілеріне 57,6 млн. теңгенің агротехникалық қызметтері көрсетілді. Оның ішінде күріш жинау науқанын уақтылы атқару бағытында құрамына 11 комбайн енгізілген 3 механикаландырылған бөлімшелер арқылы 670 гектар күріш орылып, 2,5 мың гектардан астам күріш бастырылды.

     Облыста ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің  машина паркін жаңалау  мақсатында соңғы 3 жылда шаруашылық құрылымдары барлығы 638 техника сатып алды. Өткен жылдың өзінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы 202 ауыл шаруашылығы техникасы алынды.

     Өткен жылы ауылшаруашылық техникаларын құрастыру  зауытын құру жобасын жүзеге асыру  мақсатында облыс әкімдігі мен белгілі  астық комбайндарын шығаратын «Сампо Розенлев Лтд» Финляндия компаниясы арасында ынтымақтастық және Қызылорда облысында астық комбайнын құрастыру өндірісін ұйымдастыру туралы меморандумға қол қойылды.

     Есепті  кезеңде ауыл шаруашылығы тауар  өндірушілері барлығы 1907,3 млн. теңге несие қаражаттарын алды. Оның ішінде, бірінші рет астық қолхаты арқылы несиелендіру механизмі енгізіліп, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамы  арқылы 396 млн.теңге несие қаражаты игерілді. Облыстың ауылшаруашылық тауарөндірушілерін қолдау мақсатында «ДамуАгроҚызылорда» корпоративтік қоры арқылы егін шаруашылығын дамытуға 55,5 млн. теңге пайызсыз қайтарымдық негізде қаржылай қолдау көрсетілді.

     Аймақта мал тұқымын асылдандыру, басын  көбейту арқылы мал өнімдерінің  сапасын арттыруға басым бағыт беріліп отыр. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 12,3 пайызға артты. Нәтижесінде жыл санап төрт түлік мал басының өсу қарқыны қалыптасып келеді. Қазіргі таңда облыстағы мал басының саны 1990 жылдардың үлесінде болған ең жоғарғы деңгейге жақындады. Сол жылдармен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 12,3 пайызға, түйе – 13,3 пайызға өскен.

     Асыл  тұқымды мал басын көбейту  мақсатында  соңғы жылдары облыстық бюджеттен жыл сайын қаржы бөлініп, Республиканың өзге өңірлерінен асыл тұқымды 1000 бас мүйізді ірі қара, 5185 бас қой, 500 бас жылқы, 79 бас түйе әкелініп, шаруашылықтарға лизингіге беріліп, 29 орта тауарлы шаруашылықтар ұйымдастырылды.

     Өткен жылы мал өнімдерін өндіретін орта және ірі шаруашылықтарды ұйымдастыру мақсатында «Қызылордаагросервис» МКК-ның айналымдағы қорынан 65,8 млн. теңге қаржы бөлініп, осы қаржыға 32 бас түйе, 200 бас жылқы және 800 бас ет бағытындағы асыл тұқымды қой малдары сатып алынып, облыстың шаруашылықтарына лизингілік негізде берілді.

     Бүгінгі күні облыс бойынша 23 асыл тұқымды  шаруашылық және бір дистрибъютерлік орталық мал тұқымын асылдандырумен  айналысады.

     Өткен жылы ірі көлемде селекция бағдарламасына сәйкес  «Мал шаруашылығы және ветеринариялық қауіпсіздік Ғылыми- инновациялық орталығымен  облыс бойынша 8 шаруашылық келісім шарт жасап, ғылыми негізде селекциялық жұмыстар жүргізе бастады. Сонымен қатар, ірі қара малының зоотехникалық асыл тұқымдық есептілігін аналитикалық ақпарат жүйеге енгізу жұмыстары жүргізілді.

     Өткен жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаржылар есебінен жылына 511 тонна сиыр еті, 180 тонна қой еті және 304 тонна жылқы етін өндіретін мал бордақылау кешені ұйымдастырылды. Кешен мал сою пунктімен, ет сақтайтын мұздатқыш камералармен жабдықталған. Жоба жүзеге асырылғаннан бергі 4 ай ішінде 80 бас сиыр, 80 бас жылқы және 400 бас қой бордақыланып, кешен құрамындағы мал сою пунктіне сою арқылы өткізілді.

     Сондай-ақ, есепті кезеңде Қызылорда қаласына қарасты Қараөзек ауылында тәулігіне 2 тонна ет өнімдерін өңдеу цехы қайта іске қосылды. Қазіргі таңда кәсіпорында 25 адам жұмыс атқарады және цехта ысталған ет, шұжық өнімдерінің 20 түрі шығарылып, қала тұрғындарына арнайы орнатылған орындарда сатылуда. Ет өңдеу цехы мал сою пунктімен жабдықталған.

     Облыстық  бюджеттен бөлінген қаржы есебінен өткен жылы жалпы алаңы 6,0 мың шаршы метр құрайтын 12 жылыжай құрылысы салынса, жеке кәсіпкер есебінен жалпы алаңы 1 гектар құрайтын 20 жылыжай құрылысы салынуда.

     Сонымен бірге Қызылорда қаласында жылына 500 тонна өсімдік майын шығаратын  цех салу, ауысымына өнімділігі 80 тонна құрама жем шығару зауытын ұйымдастыру жобалары жүзеге асырылуда.

     Осындай атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы - негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және оның негізсіз көтерілуін болдырмау мақсатындағы іс-шара болып табылады.

      Облыс көлемінде 4 коммуналдық базарлар мен 32 сауда аландары жұмыс жасауда. Бекітілген кестеге сәйкес облыс  орталығында және аудандарда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері өткізілді.

      Қазіргі таңда облыс барлық дерлік негізгі  азық-түлік тауарлар қажеттілігін ішкі өндірісі есебінен қамтамасыз етіп отыр.

      Арал  өңірінің экологиялық ахуалын жақсартуға байланысты «Сырдария өзені арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының І-ші кезеңі аяқталуда. Осы жобаның екінші кезеңіне қатысты, ҚР Үкіметі Сарышығанақ бұғазында құрылыстар кешенін салу компонентінің орнына Көкарал плотинасының алдына жиналатын су деңгейін көтеру жұмыстарын жүргізу жөніндегі ұсыныстарды қарастыруда.

Информация о работе Облыстың 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы