Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 08:43, доклад
2010 жылы - дағдарыстан дамудың жаңа кезеңінде, алдымызға ауқымды да жүйелі жобаларды жүзеге асыру міндеті қойылғаны белгілі.
Осы бағытта өңір халқының әл-ауқатын арттыру мен облыс эконономикасын нығайту бағытындағы жұмыстарға серпін беретін Елбасының бастамасымен өмірге келген еліміздің үдемелі индустриялық – инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыра бастадық. Осындай ауқымды жұмыстармен алға қойылған мақсат-міндеттер түгелдей дерлік жүзеге асырылып, көптеген игі істер атқарылды.
Өңірде
балық шаруашылығын одан әрі дамыту
мақсатында 2010 жылы Қызылорда облысының
балық шаруашылығын дамытудың техникалық-экономикалық
негіздемесі әзірленді.
Тұрғын үй құрылысы
Тұрғын үй құрылысын дамытудың аймақтық бағдарламасы шеңберінде 2010 жылы Қызылорда қаласының Титов ауданында 40 пәтерлік екі үй, 60 пәтерлік 1 үй, Жібек жолы көшесі бойында 30 пәтерлік бір үй және облыс аудандарында 15 жалға берілетін тұрғын үйлер салынып, пайдалануға берілді.
Ал, ипотекалық тұрғын үйлер бойынша 2010 жылы облыста жалпы алаңы 14,15 мың шаршы метр болатын 11 ипотекалық тұрғын үйдің, атап айтқанда, Қызылорда қаласының Сырдария мөлтек ауданында 50 пәтерлік, «Шұғыла» мөлтек ауданында 50 және 60 пәтерлік, Жібек жолы көшесі бойындағы 50 пәтерлік, сонымен қатар, Шиелі ауданында 7 тұрғын үйдің құрылыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Шет аймақтардағы тұрғын үйлерді электр жарығымен, жылумен, сумен, газбен қамтамасыз ету, кәріз жүйелерін, кіре беріс жолдарын жөндеу және аудандарды электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджет есебінен әр ауданға 50,0 млн. теңге, Қызылорда қаласына 765 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде Қызылорда қаласының «Титов», «Шұғыла», «Жібек жолы» мөлтек аудандарында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін жүргізу және қаланың шет аймақтарындағы жеке тұрғын үйлер аудандарының («Саяхат», «Сәулет», «Жаңа ауыл», «Әл-Фараби») инженерлік инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес, жалпы аумағы 500 гектар «Астана» ауданының жобасын әзірлеуге бюджеттен қаржы бөлініп, жобалау жұмыстары жүргізіліп, желтоқсан айында облыс әкімінің жанындағы сәулет-қала құрылысы Кеңесінде мақұлданып, бекітілді.
Облыс бойынша құрылысын
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
Әлеуметтік қорғау саласында Қызылорда қаласының Александровск қыстағындағы 300 орындық жүйке аурулар интернат үйінің, 200 орындық ақыл - есі кем балаларға арналған интернат үйінің және 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығының құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілуде.
Облыс бойынша 2010 жылы 117212 аз қамтамасыз етілген азаматтар 1718,5 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы алды.
Жұмыссыздықты
азайтудың белсенді түрлерін қолдану
және жұмыссыздықты төмендету
19606 отбасына 518,9 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі төленді.
81612 балаға 1023,3 млн. теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленді.
Жергілікті бюджеттің есебінен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 9631 адамға 255,8 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.
2011
жылдың 1 қаңтарына 22 мыңнан астам
адам жұмысқа орналастырылды
немесе жылдық жоспар
Облыс бойынша 91 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкелері өткізіліп, 1069 жұмысберушілер қатысып 5402 бос жұмыс орындарын ұсынып, нәтижесінде 2981 адам жұмысқа орналастырылды, 567 адам кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына жолданды, 382 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 1131 адам жастар практикасы бағдарламасымен жұмысқа орналасты.
2010 жылы 7366 адам қоғамдық жұмыстармен қамтылды. Осы жұмыстарға қатысушыларға жергілікті бюджеттен 295,9 млн. теңге төленді.
Өткен жылы жұмыспен қамту органдарына 21 оралман хабарласып, соның ішінде 16-і жұмысқа орналасты, 1-қоғамдық жұмыстарға, 1- кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына жолданды.
Кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына 1970 адам жолданып, жергілікті бюджеттерден есепті кезеңге 11,2 млн. теңге төленді.
Әлеуметтік
тұрмысы төмен азаматтарға
Өткен жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы өз деңгейінде аталып өтті. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген жеке санаттағы 7373 адамға 98,3 млн.теңгеге республикалық бюджеттен бір жолғы материалдық көмек, 29 адамға Қазақстан Республикасы аумағында және ТМД елдері бойынша темір жол бойымен тегін жүрумен қамтамасыз етуге 2,1 млн. теңге төленді.
Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 657 қатысушыларды сауықтыруға бір жолғы материалдық көмекке 24,4 млн. теңге, 329 адамға мерекелік киімге, азық-түлік алуға барлығы 9,8 млн.теңге, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, ҰОС жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, концлагерлердің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына, ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медалдарымен марапатталған тұлғаларға, ҰОС жылдарында 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне коммуналдық қызметтер шығынын өтеуге 7067 адамға 184,4 млн. теңге, 328 адамға тұрғын үйлерін жөндеуге 16,4 млн теңге төленді. Облыс бойынша 47 соғыс ардагеріне тұрғын үй берілді, 203 соғыс ардагерлердің бекітілген мекемелер және ұйымдар арқылы тұрып жатқан үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қалада Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға 2010 жылдың сәуір айынан бастап 644 адамға 13,9 млн. теңгеге автокөлікте жүру үшін (таксиді қосқанда) материалдық көмек төленді.
Жыл сайын мұқтаж азаматтарды қолдау шаралары жалғасын табуда. Өткен жылы 208 мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының үйлері газдандырылды.
Мүгедектерді оңалту жүйесін
жетілдіру, оларды әлеуметтік
қолдауды күшейту және олардың
өмір сүру деңгейін жақсарту
мақсатында облыстық бюджет
2010 жылы 6439 жеке оңалту бағдарламасы орындалды, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 830 жеке оңалту бағдарламасына көбейген.
«2010
жылға арналаған Қызылорда
Сонымен қатар, 2010 жылдың желтоқсан айында «Сыр мейірімі» қайырымдылық акциясы өтті. Облыс бойынша акция аясында 5210 тұрмысы төмен азаматқа 25,4 млн.теңге материалдық (ақшалай, азық-түліктей, киім-кешектей, т.б. заттай) көмек көрсетілді.
Облыстың барлық Қызылорда қаласы мен аудандарда әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Ұжымдық шарт жасасу
«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысу үшін 19 кәсіпорын және мекемелер құжаттарын Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне жолдады.
Нәтижесінде
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»
номинациясы бойынша «
Облыс бойынша шетел жұмыс күшін тартатын 24 кәсіпорын жұмыс атқарады. Аталған мекемелерде жұмыс атқарып жүрген қазақстандық азаматтардың саны 6275 адамды құрайды. Қазіргі таңда рұқсатпен 339 шетел азаматтары жұмыс атқарып келеді. Тартылған шетел мамандарының басым көпшілігі мұнай-газ саласында жұмыс атқарады.
2011
жылдың 1 қаңтарына 4256 қазақстандық
азаматтар даярлау қайта
«Жол картасы» бағдарламасының аясында әлеуметтік мәселелер шешімін тауып, халықтың әл-ауқаты артуда.
2010 жылға арналған облыстың «Жол картасы» бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыруға барлығы 6,0 млрд. теңге қарастырылып, оның 4,9 млрд.теңгесіне 137 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Инвестициялық бағыт бойынша 5291 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болса, нақты 5339 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жастар тәжірибесін кеңейтуде 1500 әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және 2500 адамды жастар тәжірибесіне жіберу қаралған болса, жыл қорытындысымен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша 281 мекеме және кәсіпорындармен келісім-шарт жасалып, 2 мыңға жуық адам, жастар тәжірибесін кеңейту бойынша 869 мекемемен келісім-шарт жасалып, 3 мыңнан астам адам жіберілді.
Мамандарды даярлау және қайта даярлауға 5290 адамды оқыту жоспарланып, 5247 адам оқу курстарына жіберілді. Соның ішінде 2000 адам оқу курстарын аяқтап, 1138-і жұмысқа орналасты.
Жалпы,
«Жол картасы» аясында 11,5
мыңнан астам адам жұмысқа орналасты.
Азаматтық қоғамды дамыту және қоғамдық-саяси ахуал
Үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік маңызы бар жобаларды әлеуметтік тапсырыс арқылы қаржыландыру бағытында жұмыстар жүргізілді.
Жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес сектордың және бизнес құрылымдарының арасында тұрақты да ұзақ мерзімді түсіністік пен бірлескен іс-қимыл жүйесін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік әріптестік жайлы Меморандум қабылданды. Есепті кезеңде 95 Меморандумға қол қойылды. Ұжымдық келісімшарттардың саны 4392-ге жетті.
Өткен жылы Алматы облысы Ақсу ауданында орын алған табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларына қаржылай көмек көрсетуге Қызылорда облысының әкімдігі және бірқатар мемлекеттік мекемелер, бизнес құрылымдары және жекелеген тұрғындар 1 күндік жалақыларын аударды. Облыс бойынша барлығы 68,2 млн. теңге аударылды, оның ішінде облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінді.
Онан бөлек, су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарына 64 тонна күріш жеткізіліп, гуманитарлық көмек көрсетілді. Шығысқазақстандықтарға жәрдем жасауға жергілікті ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері - «РЗА» АҚ, «Қызылорда агросервис», «Сыр маржаны», «Алуан ас» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «ДамуАгроҚызылорда» корпоративтік қоры бастамашы болды.
Халықаралық
қарттар күніне орай қарттар мен
мүгедектері бар 289 отбасына 6,2 млн.теңгеге
азық-түлік жиынтығы, емдеу-сауықтыру
мекемелеріне 62 жолдама берілді. Облыс
бойынша қарттар мен
Облыс орталығындағы зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында ашылған аймақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа орналасты.
«Алтын дән-2010» азық-түлік
Информация о работе Облыстың 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы