Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 17:59, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу.

Содержание

Кіріспе
1. Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері
2. "Шваб шұжық" кәсіпорнында ауылшаруашылық шикізатын өңдеудің тиімділігі және оның бәсекеге қабілеттілігі
2.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері
2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі
2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті
3. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын жақсарту
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеуін жақсарту
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін.doc

— 465.00 Кб (Скачать)

Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құны. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін, тасымалдайтын транспортты машиналары жатады және бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштердің бәрін қосып, әр жылды жеке-жеке (2) бөлеміз. Бұл көрсеткіш 2005 жылы 28506 мың тг құрапты.

Қор сиымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады. Оның қасиеті сонда, оның алымын бірнеше бөлек цех және құрал-жабдықтар группаларға бөліп тастауға болады. Бұл техникалық өндірістік учаскілеріне деген жерін, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішін анықтауға мүмкіншілік береді. Қор сиымдылығы былтырғы, яғни 2004 жылы салыстырғанда 53% өскен.

Қор қайтарымдылығы. Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы көрсеткіш ретінде, кәсіпорынның эффектілігін көрсетеді. Бұл көрсеткіш халық шаруашылығында, өндірісте көп қолданылады. Осы көрсеткішті 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 198% өскен.

Қормен қарулану көрсеткіші бойынша кәсіпорында оның өскені байқалады. Мысалы 2005 жылы 425,5 тг болса, 2004 жылы 546,5 тг болған, яғни  -121 тг кеміді.

Жалпы алғанда шаруашылық зерттеу жылдарын ауылшаруашылық өнімдерін өндп, оны тұтынушыларға жеткізу барысында оңды нәтижелерге жеткенін байқаймыз.

                                  

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті

 

Қай тауардың болмасын бәсекелік қабілеті оның тұтынушы қызығушылығына ие және осы сұранысты қанағаттандыратын көрсеткіштерінің жиындығымен анықталады, ал белгіленген шектен шығатын басқа көрсеткіштер бағалауда есепке алынбауы тиіс, яғни өндірушіге әсер ететін көрсеткіштерге тұтынушы мен бере қоймайды. Осылайша тұтынушыны өнімнің жобаланып, өндіріліп, тасымалданып, нарыққа түсуіне дейінгі жағдайлар қызықтырмайды, ал қызығушылық тудыратыны, өнімнің тұтынушылық құрамы. Мысалға, егер басқа барлық сипаттамаларды сақтай отырып, өндірушінің өндірістегі материал сиымдылықты, еңбек сиымдылықты төмендетуіне қол жеткізсе, онда бұл өнімнің сапасы міндетті түрде жоғарылайды, бірақ тұтынушы қызығушылығы, өндірістің шығындарды және материалдық шығындарды төмендету мен байланысты өнім бағасы төмендемесе еш өзгеріссіз болады. Бәсекелік қабілетті бағалауда талданып отырған және бәсекелес өнімнің параметрлерін сатып алушының талаптарының деңгейімен салыстырып, алынған көрсеткіштерді салыстыру керек.

Сапа тұрғысынан алғанда қолдану саласында ғана емес сондай-ақ конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тек бір текті өнімдерді салыстыруға болады.

Ал бәсекелестік тұрғысынан алғанда, есепті ретінде нақты бір сұранысты қанағаттандыру алынатындықтан, элементтік базасына, атқаратын функциясына, дайындалу технологиясына байланысты әртекті бірақ, сол бір сұранысты түрлі жолдармен қанағаттандыратын өнімдерді салыстыруға болады.

Заңи күші бар нормативтік құжаттарға сәйкес орындалған сапа талдауы өнімге бәсеке қабілетті баға деңгейін бермейді. Бұл өнімді өткізу кезінде анықталады, яғни сатып алушы әрекетіне тәуелді.

Сатып алушы әрекетінің үлгісі сатып алушы әрекетінің кей функцияларымен – Z, сатып алушы қалауымен (қай жағдайда рационалды емес) –  D, сыртқы ортаның көптеген факторларымен – X, сатып алушының мінез-құлқымен – Y, анықталмаған фактор мәнімен – Q, түсіндіріледі:

  z = f (D,X,Y,Q)

Тұтынушы үшін сапа міндетті сипаттама болғанымен, белгілі бір өнімді сатып алу шешімін қабылдау үшін жеткіліксіз. Басқаша айтқанда бәсекелік қабілет тек тауардың үздік сипаттамаларымен ғана емес, ал клиенттің сатып алуына бағытталған тартымдылығымен де сипатталады. Атап өтетін жәйт, тауардың ерекшеліктерінің жиынтығымен анықталатын сапасы мен бәсекелік қабілеті әр саладакөрініс табуы мүмкін. Тауар сапасы – жобалау және өндірілу аясында қалыптастырылып, оны қолдану үрдісінде, яғни тұтыну аясында байқалады. Өнімнің бәсекелік қабілеті оны сату нәтижесінде анықталады, немесе ұсыныс аясында.

Өнімнің сапасы өзгермеген жағдайда да оның бәсекелік қабілеті кәсіпорынның бәсекелестік ортасымен анықталатын түрлі факторларға әсер етіп, өзгеріп отырады.

Өнімнің бәсекелік қабілеттілігі дегеніміз – тауардың барлық нарық шарттарына сәйкес келе отырып, өндіруші мен тұтынушының мүдделері сақталатын, тауар мінездемесінің тұтынушы талаптарына толық сәйкес келуі. Яғни, тауар тек қана техникалық, эстетикалық, эргономикалық және тағы басқа қасиеттерге ие бола қоймай, оның сатылуына да ( баға, сервис, фирма престижі, жеткізілу мерзімі) жауап беру керек. Өнімнің бәсекелік қабілеті бірнеше маңызды қасиеттерге ие: бәсекелік қабілет –салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен теңестіру арқылы анықталады; ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың өмірлік циклына және басқа да жағдайларға тәуелді; әрбір тұтынушының жеке талғамы әрбір өнімнің бәсекелік қабілетіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілеті құбылмалы сипатқа ие; бәсекелік қабілет нақты, яғни ол өнімнің белгілі бір түріне, нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйесіне және т.с.с. байланысты; бәсекелік қабілетке әсер етуге болады, ол оның құндылығын арттыру үшін маңызды.

Сондықтан өнімнің бәсекелік қабілетін талдау мен бағалау мәселесі осы екі ағымға сәйкес теориялық және қойылма аппаратты қолдану негізінде шешіліп, келесі мәселелердің шешімдерін қарастырулары керек:

-         өнімді нақты сатып алушылардың талаптары мен сұраныстарын зерттеу;

-         өнімді өткізу жағдайы, фирмалар және бәсекелес тауарлар жайлы мәлімет жинау мақсатымен нарық мониторингін ұйымдастыру;

-         өнім сапасы көрсеткіштерінің өндірушіге де тұтынушыға да қолданыста біркелкі жүйесін жасау;

-         зерттеліп отырған мәселенің жалпылама үлгісін құрастыру, соның ішінде бәсекелік қабілетке әсер ететін және олардың байланыстарын анықтайтын көптеген факторлардың құрылуы;

-         өнімнің бәсекелік қабілетін мөлшерлік бағалауда жалпы әдістердің қалыптасуы, осы мәселеге қатысты жекелеген әдістерді, алгоритмдер мен шешімдер үрдісін дайындау;

-         жалпы өнімнің бәсекелік қабілетінің және оны анықтаушы факторлардың дамуын талдау;

-         нарықтық қажетті бөлігін немесе тапсырылған табыс көлемін беретін өнімнің бәсекелік қабілетін деңгейін анықтау;

Осы мәселелер шешімдерін ауыл шаруашылығы өндірісіне ендіру, ауыл шаруашылық саласына негізделген моделдерін құру бұл салада өндірілетін өнімдердің бәсекелік қабілетін көтерудің негізін қалаушы факторы болып табылады.

Біз ашық нарықтық экономика құрудамыз, сондықтан бәсекелік қабілетін мәселелері шешілмей экономикалық дамуда оң нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес.

     Өнімнің бәсекелестер шығаратын дәл осы өнімінен айырмашылығы:

      Жаңадан сойылған етті пайдалану кеңінен тоңазыту, одан кейін еріту процесіне, яғни ет сапасының жоғалуына жүгінбеуге мүмкіндік береді;

      Өндірудің жеделдетілетін әдістерінен ерекше –оны қалыптастыру кезінен бастап өндіру жоғары шыдамдылық пен еттің табиғи жетілуін қарастыратын өндірістің дәстүрлі технологиясна бейімделген. Бұл технология жоғары температурада жылулық өндеуді болдырмайды да, соның есебінен шикізаттың пайдалы қасиеттерін сақтап қалуға жол ашады;

      Қоспалар мен дәмдеуіштерді дайындаудың дәстүрлі әдістемесін сақтаумен қатар Шваб шұжықтары ЖШС-нің өнімдерінде өзіндік құнды 15% -ға дейін азайтуға, дайын өнімнің шығарылуын 30%-ға өсіруге мүмкіндік беретін, өнімге құнды физиологиялық және технологиялық қасиеттер беретін Шаллер фирмасының қоспалары мен дәмдеуіштері пайдаланылады;

      Өндірісте қайнатылып пісірілген шұжықтарға арналған жоғары сапалы орамаларды шығаратын Атлантис –Пак фирмасының өнімі де өз қолданысын тапты;

      Қайнатылып пісірілген, қайнатылып-сүрленген шұжықтардың 50-ден астам түрін, сонымен қоса дәмді ет өнімдерінің 15 түрін өндірудің тәжірибеленген технологиясы өнімді тұтынушылар сұранысына және сауданың апталық тапсырыстарына байланысты әр түрлі ассортиментте шығарылуына мүмкіндік береді;

      Өндірістегі қалыптасқан дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесуі сатып алушыларға қолайлы бағада сатылатын өнімнің дәмдік қасиеттерін жоғарлатуды қамтамасыз етеді.

Шваб шұжықтары ЖШС басшылығының назары өнімді жергілікті газеттерге, радиода және теледидарда үнемі жарнамалап отыруға аударылады. Сатып алушыға әсер етудің тағы бір түрі ретінде жарнама тақталары, ет комбинатының өнімдері жайлы көп түсті буклеттер мен газет беттеріндегі мақалалары шығып отыр.

Барлық өнім Шваб шұжықтары деген логотипін, өндірушіні, өнімнің атауын, сұрыбын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар тауардың сыртқы түрін келбетті ететін орамамен қапталады.

Жобаны жүзеге асыру жоспары. Қарастырылып отырған жобаны жүзеге асыраудан кейін өндіріс көлемі 2006 жылы айына 75 тонннаға дейін өседі деп болжаланған. Жоба бойынша негізгі өндіріс өсімі отандық өнеркәсіп нарығында әлі көрініс алмаған және тұрғындардың жоғары сұранысына ие болған сосиска өндірісін меңгерудің есебінен жүзеге асуы қарастырылған. Аталмыш жобамен қарастырылған комбинаттың өндірістік даму бағдарламасының негізгі бағыты – көлемдерді өсіру, шұжық пен деликатестер сапасын жақсарту, өнімді қаптау.

Өнімді Семей, Өскемен, Қарағанды, Алматы қалаларында орналасқан филиалды желілері және жеке кәсіпкер-таратушылар арқылы азық-түлік тауарларын сататын ұйымдарға көп мөлшерде өткізеді. Алматыда, сонымен қоса, өзінің арнайы дүкендері арқылы бөлшектей сатады. Тек қана шұжық өнімдерін сататын арнайы маманданған дүкендерді құру экономикалық тиімсіздікті көрсетті. Сондықтан, кейін тек көптеп сату жолы ғана қарастырылады. Көптеп сату кезіндегі бағалар бөлшек саудаға қарағанда 10%-ға арзан, сәйкесінше тарату көлемі де азырақ болады. Өнімді аптасына екі рет Алка моделіндегі рефрижераторлы автокөліктермен жеткізеді.

Өнім нарығын талдау. Шваб шұжықтары ЖШС өнімінің негізгі тұтынушылары болып Семей, Алматы, Өскемен қалаларының және ауылдық жерлерінің тұрғындары саналады. 2001 жылдың тамызында Шығыс-Қазақстан, Павлодар және бұрынғы Семей облыстарында ресейлік коммуникациялар институты жүргізген маркетингтік зерттеулер нәтижелері шұжық өнімдерінің тұтынуы мен нарық мүмкіндіктері жайлы жеке-жеке талдау береді. Сөйтіп, әрбір облыста ет комбинаттарының қызмет етуі жағдайында Семейде күнделікті шұжық өнімдерін сатып алатын адамдар үлесі Павлодар облысында1,5 есе, ал Өскеменнен екі есе артық екені анықталды. Сатып алушылар арасында 36-45 жас аралығындағы тұрғындардың үлесі жоғары. Сатып алушылардың көпшілігі (77,8%) отандық өндірушілер өніміне көп қызығушылық танытады. Зерттеулер көрсеткендей, Ұржар ет комбинатының өнімі үш облыстың 14,3% тұрғындарының көңілінен шыққан. Семейде оған сұралғандардың 37,4%-ы дауыс берді. Өткен жылы нарықтағы жағдай айтарлықтай өзгерді. Өндіріс көлемін екі еседен аса көтерген Шваб шұжықтары ЖШС Ленингор комбинатының аса жоғары өнімін ығыстырып , Семей қаласы нарығының 45%-ын және Өскемен қаласы нарығының 30%-ын ұстап тұр.

Бәсекелес фирмаларды талдау. Ұржар ет комбинаты өнімдерінің Семей және Өскемен қалаларындағы негізгі бәсекелестері Риддер қаласының ет комбинаты (Шем-Азат АҚ) мен Павлодарлық Рубикон ЖШС; Алматыда Беккер и К ЖШС, Қарағандыда Тұлпар, Бекон фирмалары болып отыр. Сонымен қатар, Өскеменде ет комбинаты (Шығыс ет АҚ), Қарағандыда Грин фирмасының шағын цехі, Семей қаласындағы Руц ЖШС-нің ет комбинаты, Алматыдағы шұжық цехтары мен 40 тарта ұсақ өндірушілер бәсекелес болып отыр.

Маркетингтік қызмет жүргізген Шваб шұжықтары ЖШС бәсекелестері өнімінің бағасы мен сапасын салыстырулары мынаны көрсетті :

      Өскемен ет комбинатының (Шығыс ет АҚ) шұжықтары сатып алушыға 1996 жылдан бері таныс. Нарықта тек сапасының төмендігіне байланысты (негізінен 1 және 2 сұрыптар) 15%-ға кем бағасы үшін ғана қалып отыр. Ассортименті тар болып табылады.

      1997 жылдан бастап нарықта соңғы үлгідегі құрылғыларды өндірілген, жоғары сапалы, көптеп сату бағасы төмен болып келетін Павлодарлық Рубикон ЖШС-нің шұжықтары пайда болды. Алайда, цехтің әлсіз қуаттары мен таратудың шағын көлемдері сезінерлік бәсеке тудырмайды.

      Шем-Азат АҚ-ның Риддер ет комбинаты өндіретін қайнатылған шұжықтары табиғи орамаларға байланысты жоғары дәм сапасына ие болып, нарықты 1994 жылдың өзінде-ақ жаулап алды. Оның барлық өнім түрлері бойынша бағасы Ұржар ет комбинатымен салыстырғанда 10%-ға жоғары және сату уақыты шұжықтар бойынша 72 сағатты, ал сардельки бойынша бар жоғы 48 сағатты құрайды.

      Семейлік Руц ЖШС-нің негізгі өнім түрі болып ет консервілері саналады. Оған қосымша шығарылатын қымбат шұжықтар бәсеке тудырмайды.

      Оңтүстік астана нарығында басымдылық жағдайға ие болған Алматылық Беккер и К ЖШС жоғары сапалы шұжықтар өндіреді. Оған қоса, сатып алу талғамы бүгінгі күннің өзінде де 45 тоннаға дейін өнім өндіруге мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан экономикасының дамуына кедергі болатын мәселелердің бірі, оның көптеген өнімдерді шикізат ретінде өндіруді себеп болғаны белгілі. Өңдеуші, өндіруші салалардың жете дамымауы ел экономикасына кері әсерін тигізеді.

Қазіргі нарықтық экономика өндіріліп жатқан өнімге өзгеше талаптар қойып отыр. Бұл қазіргі әлемде кез-келген фирманың әрі қарай дамуы мен қызмет етуі, тауарлар мен қызметтер нарығындағы тұрақты жағдайы оның бәсекеге қабілетті өнім өндіру деңгейімен анықталатындығына байланысты.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып дамуы шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмін кеңінен енгізу, әлемдік нарықтық жүйеге ену барысында республика экономикасының бәсекеге қабілетті болуының тетіктерін жеделдетудің маңызы зор екенін белгілі. Сондықтан ұлттық экономика саласында өндірілетін өнімнің бәсекелік қабілеттілігін арттыру қажет.

Информация о работе Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін