Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 17:59, дипломная работа
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу.
Кіріспе
1. Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері
2. "Шваб шұжық" кәсіпорнында ауылшаруашылық шикізатын өңдеудің тиімділігі және оның бәсекеге қабілеттілігі
2.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері
2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі
2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті
3. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын жақсарту
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеуін жақсарту
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Бұл жерден шығатыны, өнімнің бәсекелік қабілеті – бұл өнімнің бәсекелес өндірушілерінің ұқсас өнімдерімен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты. Бұл анықтама өнімнің бәсекелік қабілетінің маңызын мейлінше толық түрде бейнелейді деген ойдамыз.
Жалпы алғанда, өнімнің бәсекелік қабілеті бірнеше маңызды қасиеттерге ие:
1) бәсекелік қабілет – салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен теңестіру арқылы анықталады;
2) ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың өмірлік циклына және басқа да жағдайларға тәуелді;
3) әр бір тұтынушылардың жеке талғамы әр бір өнімнің бәсекелік қабілетіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілеті құбылмалы сипатқа ие;
4) бәсекелік қабілет нақты, яғни ол өнімнің белгілі бір түріне, нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйелеріне және т.с.с. байланысты.
5) бәсекелік қабілетке әсер етуге болады, ол оның құндылығын арттыру үшін маңызды.
Осы жағдайларға байланысты, бәсекелік қабілетті жүйелі түрде, уақытқа және қоғамдық талаптарға сай, тұтынушы үшін де, өндіруші үшін де зерттеу қажет.
Сонымен жоғарыда айтылған өнімнің бәсекелік қабілетіне қатысты анықтамаларды жинақтай келе, келесі пайымдауларды атап өтуге болады:
– өнімнің бәсекелік қабілеті – бұл тек нарықтық экономикаға тән категория. Бәсеке жоқ жерде өнімнің бәсекелік қабілеті туралы сөз болуы мүмкін емес;
– бәсекелік қабілет – салыстырмалы түсінік, өйткені ол тұтынушы талғамын қанағаттандыруға бағытталған тауарларды бір-бірімен салыстыру арқылы анықтайды;
– өнімнің бәсекелік қабілеті – бұл өнімнің бәсекелес өндірушілердің ұқсас өнімдермен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты. Басқаша айтқанда, өнімнің нақты нарықта сәтті өткізілуі – оның бәсекелік қабілетін көрсетеді;
– бәсеке қабілеті өнімді қалыптастыру тұтынушылардың талғамын қанағаттандыратын сапалық және құндық, әрі тартымдылық сипаты тиімді ерекшеліктер арқылы жүзеге асады;
– өнімнің бәсекелік қабілеті уақыт ағымына, өткізу нарығына, халықтың өзгермелі сұранысына тәуелді өзгермелі құбылыс.
Өнімнің бәсекелік қабілеті, түпкі нәтижеде, кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайтын көрсеткіш екенін ескерсек, осыған қатысты анықтаманы да келтіре кеткен жөн.
Өнімнің бәсекелік қабілеті сияқты, кәсіпорынның бәсекелік қабілетіне қатысты біріңғай қалыптасқан тұрақты анықтама жоқ. Бұл мағынаға қатысты бірнеше көзқарас қалыптасқан, олардың негіздері болып кәсіпорынның нарықтағы үлесі, табыстылығы, өнімді өткізу көлемі саналады.
М. Портердің негіздеуінше кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайтын бес бәсекелік күші бар:
– бір саланың бәсекелес кәсіпорындары арасындағы тартыс;
– ауыстырмалы-тауарлар шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын
бәсеке;
– салаға жаңа бәсекелестердің ену қаупі;
– тасымалдаушылардың саудаласу мүмкіндіктері;
– тұтынушылардың саудаласу мүмкіндігі.
Тағы бір анықтама былайша пайымдалады: "кәсіпорынның бәсекелік қабілеті" деп – оның бәсекелес кәсіпорындармен салыстырса технология, тәжірибелік іскерлігі, персоналдардың білімі, стратегиялық және ағымды жоспарлау, сапа, коммуникация сынды артықшылықтарымен ерекшеленуін айтады.
Біздің көзқарас бойынша, төмендегі анықтама кәсіпорынның бәсекелік қабілеті туралы мағынаны толық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс ашады: "бәсекелестермен салыстырғанда бағалық және бағалық емес сипаттары бойынша тауарлары тұтынушыларға ұнамды, дер кезінде жоспарлап, дайындап, өткізуге нақты мүмкіндігі бар кәсіпорын бәсекеге қабілетті" болып саналады.
Өнім мен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті тығыз байланысты болғанымен, мағыналары жағынан ерекшеленеді. Негізгі ерекшелену белгілері мыналар:
– біріншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті белгілі бір қысқа уақыт аралығында анықталса, кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, салыстырмалы түрде, ұзақ уақыт бойынша анықталады;
– екіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті тұтынушылардың әсеріне тікелей байланысты. Ал кәсіпорынның тиімділігін кәсіпкердің өзі анықтап, керек кезінде өндірістік-өткізу қызметіне қажетті стратегияларды енгізіп отырады. Кәсіпорынның бәсекелік қабілетті деңгейі туралы мәлімет инвесторлар мен әріптестер үшін маңызды. Тұтынушы үшін өндірістің тиімділігі мен шығындық көлемі қызықтырмайды;
– үшіншіден, кәсіпорын бірнеше өнім түрін шығарумен қатар, өндіріске байланыссыз басқа да қызмет түрлерімен айналысуы мүмкін (мәселен, инвестициялық, делдалдық және т.б). Кәсіпорынның бәсекелік қабілеті барлық өнім ассортиментінің бәсекелік қабілетіне және әр бір қызмет түрінің орындалу тиімділігіне байланысты.
– төртіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайды, бірақ толық көлемде емес. Мәселен, өнімнің бәсекелік қабілетін бағаны төмендету арқылы қамтамасыз етуге болады. Алайда, осы өнімді өндіруге кеткен шығын көлемі толық жабылмай, табыс болмауы да мүмкін. Бұл кезде кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері ықпал болып, оның бәсекелік қабілеті төмендеуі де мүмкін.
Сонымен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, өнімнің бәсекелік қабілетіне қарағанда, экономикалық маңызыжағынан кең ұғымды білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде, өнімнің бәсекелік қабілеті келесі факторлармен анықталады:
– өнім сапасының нарықтық және нақты тұтынушылардың талабына сай болуымен;
– сатып алуға, жеткізуге кеткен шығындармен;
Біздіңше, өнімнің бәсекелік қабілеті 1-суретте көрсетілген негізгі кешенді үш факторларға тәуелді:
1. Міндет – өнімнің қандай мақсатқа пайдаланатынының оның функционалдық мүмкіндіктерін, сол арқылы осы өнімді тұтынушылар тобын анықтайды.
2. Жоғары сапа – бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Сондықтан, сапаны өнімнің бәсекелік қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастыруға болады.
3. Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. өнімге деген сұраныс пен ұсыныс тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны төмендетеді, ал керісінше нарықтағы сұраныс артса, онда өнімнің бағасы құнынан әлде қайда жоғары болады. Нарықтық экономика жағдайында баға объективті экономикалық заңдылықтарға, ең алдымен, құн заңына сай қалыптасады. Бағалық бәсеке кезінде төмен баға өнімнің бәсекелік қабілетінің кепілі болады.
1-сурет. Бәсекелік қабілеттің кешенді үш факторы.
Аталған 3 факторды кешенді түрде қарастырған жөн. Көп функционалды міндеті, жоғары сапасы және тиімді бағасы бар өнім бәсекеге қабілетті бола алады. Бұл факторлар үнемі бір-бірін толықтырып отырулары қажет. Автордың пікірінше, өнімнің бәсекелік қабілетін қалыптастыруда кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру, ең алдымен, Халықаралық сапа стандарттарының талаптарына негізделуі тиіс. Тамақ өнімнің сапасы адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Сондықтан да, өндірілетін өнімнің стандартқа сай болуын қадағалау маңызды жағдай.
Жалпы экономикалық қауіпсіздік ұғымын басты назарда ұстау қажет – яғни, мұнда экономикалық тез қарқынмен ұзақ мерзімді тұрақты дамуы қалыптасады. Бұл жағдай өндіріске қажет ресурстың толықтығын, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнімді тиімді әдіспен, жан басына шаққандажеткілікті көлемде өндіру, оны тоқтаусыз өткізуді қамтамасыз етеді. Бәсекелік қабілеті арттыру механизмі – бұл кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттерді арқылы сипатталады. Дұрыс таңдала білген механизм осы кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестерімен ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз болады. Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмі нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат, мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика, экология талаптарына, сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сай болуы тиіс. Тамақ өнімдері өзінің тұтыну қасиеттеріне сай басқа сала өнімдерімен ерекшеленеді. Ең алдымен, ол қасиеттерге: адам ағзасына тигізетін әсері, құрамындағы белок, май және органикалық қосындылардың үлесі, сақталу мерзімі, иісі, түсі, дәмі жатады. Осы қасиеттер бұл сала өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру жағдайына өзіндік ықпалын тигізеді.
Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру мерзімі іс-әрекеттің жиынтық көрінісі ретінде оларды жүзеге асыратын бірнеше тетіктерге тәуелді. Бұл тетіктерді өзіндік сипаттары бойынша, 4 топқа бөлінеді:
1 топ – өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;
2 топ – өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;
3 топ – өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;
4 топ – өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау.
Бұл тетіктердің әрбірі белгілі бір дәрежеде нарықтағы тұтынушылардың сұранысы мен талап-тілектеріне, тауардың өмірлік кезеңіне байланысты ықпал етуі мүмкін. Қандайда бір бәсекелік тетікті қалыптастыру немесе оны іске асыру әр кәсіпорынның өнім шығару сипаты мен ол өнімді өткізу ерекшеліктеріне байланысты ұсынылған топтағы тетіктерді іске асырудың көптеген бағыт-бағдары және жолдары бар (2 сурет).
Бәсекелік қабілетті қалыптастыру тетіктері
Өнім сапасын арттыру - Халықаралық сапа стандарттарын енгізу; - Өнімнің орган олептикалық қасиеттерін жақсарту; - Ғылыми техникалық және инновациалық жетістіктерді енгізу; - Өндірісті диверсификациялау; - Өнімді дифференциациялау; - Еңбек күшінің ықпалы. | Баға саясатын реттеу - Нарықта баға стратегиясын айқындау; - Өнімнің өзіндік құнын төмендету мүмкіндіктерін іздестіру; - Бағаны қалыптастыру әдістерін анықтау; - Нарықтық бәсеке жағдайына байланысты өнімнің бағасын белгілеу. | Өнімнің тартымдылығын арттыру - Өнімнің сапалық және бағалық тиімділіктерін жарнамалау; - Кәсіпорынның сауда белгісін нығайту және танымалдылығын кеңейту; - Өнімнің сыртқы келбеті мен жағымдылық қасиеттерін арттыру; - Маркетингтік жүйенің стратегиясы мен тактикаларын дайындау. | Өндірісті мемлекеттік қолдау - БСҰ кіру қарсаңында өндірушілерді заңдылық тұрғыдан қорғау; - Инвестиция- лық саясат ұстану; -Экономикалық қолдау шараларын енгізу; - Өзара байланысты салаларды кешенді дамыту; - Бәсекелік ортаны дамыту. |
2 сурет. Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру жолдары.
Ендігі кезекте, өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизміндегі ұсынылған негізгі тетіктердің құрамалары мен олардың маңыздылығын сипаттап өтейік.
Әлемдік нарықтың қатаң талаптары мен бәсекелік шарты отандық шұжық өндіруші кәсіпорынның сол талаптар мен шарттарды ұстануын қалайды. Өйтпеген жағдайда, әлемдік нарықта осы өнім түрлері бойынша негізгі өндірістер саналатын мемлекеттер, өздерінің бәсекелік ықпалымен, еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің нарықтарын "игеріп алуы" қиын емес.
Әсіресе, бұл мәселе елдердің Халықаралық Сауда ұйымына кіру барысында өткір күйінде қалып отыр. Ішкі нарықтың сыртқы өндірушілерге кедергісіз ашылуы отандық өнімнің оларға тосқауыл боларлық бәсекелік қабілетіне сүйенеді.
Қазіргі кезде әлемнің 130 жуық мемлекеті әлемдік сапа жүйесін бақылайтын Халықаралық стандарттау ұйымына мүшелікке өткен. Бұл ұйымның дацындаған, 7 қағидадан тұратын сапаны басқару стандарттарына отандық шұжық шығару кәсіпорындары өнімдерін сәйкестендіру - әлемдік нарықта бәсекелесудің алғы шарты. Ол қағидалар кәсіпорынды мыналарға міндеттейді:
– үрдістерді айқындауға;
– олардың реттілігі мен өзара байланыстарын белгілеуге;
– оларды тиімді пайдалану мен бақылаудың әдістерін анықтауға;
– осыған қажетті ресурстармен және ақпараттармен қамтамасыз етуге;
– үрдістерді бақылауға, өлшеуге және талдауға;
– жоспарланған нәтижелерді алуға және осы үрдістерді әрдайым жетілдіруге қажетті шараларды іске асыруға;
– ИСО 9001:2000 талаптарына сай осы үрдістерді басқаруға.
Сондықтан да, ішкі нарықтағы шұжық өнімдерінің бәсекелік қабілеті, ең алдымен, олардың сапасына байланысты. Жалпы мағынада, өнімнің сапасы – "бұл оның белгіленген мақсатына сай нақты қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын қасиеттердің жиынтығы". Өнімнің бәсекелік қабілетін қалыптастыруда кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру, ең алдымен, Халықаралық сапа стандартының талаптарына негізделуі тиіс. Тамақ өнімдерінің сапасы адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Сондықтан да, өндірілетін өнімнің стандартқа сай болуын қадағалау маңызды жағдай. Стандарттағы талаптар тамақ өнімдерінің адам ағзасына тигізер әсерін, өнімнің химиялық, биологиялық құрамын анықтап, олардың шекті мөлшерін белгілейді, олар адам ағзасына қажетті заттармен толық болуы тиіс (белоктар, майлар, көміртегілер, минералдық элементтер, витаминдер, т.б). Бұл стандарттар әлемдік нарыққа шығудың тұтынушылардың өзгермелі сұранысын қанағаттандырудың, өндірістік жүйенің тиімділіктерін бақылаудың дұрыс шешімі болмақ.
Информация о работе Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін