Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 17:59, дипломная работа
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу.
Кіріспе
1. Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері
2. "Шваб шұжық" кәсіпорнында ауылшаруашылық шикізатын өңдеудің тиімділігі және оның бәсекеге қабілеттілігі
2.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері
2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі
2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті
3. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын жақсарту
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеуін жақсарту
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Жүргізілген реформалар барысындағы жағымсыз аспектілердің бірі ретінде ауыл шаруашылық өндірушілері сатып алатын материалды – техникалық ресурстарға және өткізілетін ауыл шаруашылық өнімдеріне баға диспоритеті болып табылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді жоғары тиімділікпен дамыту перспективасы көбіне қайта өңдеуді ұйымдастыру көлеміне және ауыл шаруашылық дайын өнімін сақтау және өткізуге байланысты.
Сондықтан да қазіргі кезде өткір проблемалардың бірі болып ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер ынта–жігерін интеграциялау саналады. Қатынастар өзара экономикалық және моральдік қызығушылықтарын қанағаттандыру принципі негізінде құралады.
Сондықтан да нарықтық жағдайда шаруашылық етудің экономикалық тетігінің бір элементі ретінде аграрлық өндірісті бағдарламалау, өндірісті қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу және өткізу болып табылады. Ауыл шаруашылығының маңызды артықшылығы ретінде негізгі өндіріс құралы болып жер, табиғи ресурс және ұлттық байлық ретінде пайдалануы жер өңдеудің ғылыми – негізделген жүйесі есебінде іске асырылуы тиіс.
Кері жағдайда топырақтың құнарлығы төмендеп, оның өнімділігі азайып, соңғы кезекте еңбек өнімділігі, материалдық және қаржылық қорларды негісіз жұмсау болып табылады.
Жоспарлау ауыл шаруашылығында белгілі бір принциптер негізінде жүзеге асырылады. Олар кез – келген әлеуметтік – экономикалық қатынастарда қолданылуы мүмкін, ал басқалары бұл қатынастардың қайта қалыптасуы болып табылатындықтан аграрлық саясаттың өзгеруіне байланысты өз қызметін тоқтатады. Жоспарлау мемлекеттік реттеу әдісі ретінде, нарықтық экономикасы дамыған елдерде кеңінен қолданылады.
Мақсатқа бағытталған жоспарлауға жататын сілтеме ретінде мыналарды атауға болады: оның құрылымындағы көпжақтылықтың қалыптасуы мен жеке меншік формаларының өзара қарым – қатынасы;
АӨК –гі экономикалық қатынастардың қайта қалыптасуы, АӨК –нің өзінің халық шаруашылығының басқа да салаларымен қарым –қатынасы, АӨК және мемлекет арасындағы қарым –қатынастар. Басқаша айтқанда әңгіме негізінен салааралық қатынастар жөнінде болып отыр, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы өзара алмасу эквиваленттілігі және т.с.с.
Жоспарлаудағы басты мәселені салалық аспектіге бұруға тура келеді. Бұл шаруашылық қызметпен тікелей байланысты, жеке өнім түрлерін (астық, сүт, киім, т.с.с.) өндірумен айналысатын өндірісті дамыту, қолдау, ішкі нарықты қорғау, экспортты немесе импортты ынталандыру сияқты экономикалық шаралар жүйесін анықтау. Ауыл шаруашылық өндірісінде, мысалға, жоспарлауға өзіндік тәсіл керек, бұл оның өндірісі балансына негізделген, қолдану (тұтыну), өсудің болжамды мүмкіншіліктерін бағалау, өндіріс көлемін қысқарту қажеттілігі, мақсаттар мен міндеттерге адекватты шаралар жүйесін анықтау.
"Шваб шұжық" өндірісіндегі және оны өткізудегі қалыптасқан жағдайлар оның сыртқы және ішкі нарықтардағы өткізілуін қажет етеді. Мұндай бағалау ауыл шаруашылық өнімдерін сұраныс және ұсыныс нарықтарындағы өзін-өзі реттеуді толықтырып отыратын экономикалық шаралардың дамытылуына қажет етіледі. Нарықтық қатынастар жоспарлаудың нысандары мен әдістеріне, сондай-ақ, оның негізін құраушы принциптеріне әсер етеді.
Шұжық өндірудегі жоспарлауда төрт кезекті этапты ескерген жөн: нарықтағы қызмет бағдарламасының негізділігі; өнімді және шикізатты өндірушілердің мақсаттары мен міндеттерін анықтау; өндірістің дамуын жүзеге асыру; нарықтағы тұтынушылардың төлем қабілетті сұранысын қанағаттандыратын өнімді және шикізатты өндіру есебінен табысты анықтау.
1. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмінің кеңінен енуі, республика экономикасының бәсекеге қабілетті болуының маңызы зор екені белгілі. Сондықтан ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, оны өңдеп бәсекеге қабілетті түпкі өнім алу агроөнеркәсіп жүйесіндегі кәсіпорындардың негізгі мақсаты болып отыр.
2. Ауылшаруашылық шикізатын өңдеп, одан әр түрлі өнімдер алу мақсатында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бірі – Шығыс Қазақстан облысының Ұржар ауданында орналасқан "Шваб шұжық" ЖШС-і, ол 1994 жылы құрылған. Кәсіпорын мал етін өңдеп, одан әр түрлі дайын өнім алу барысында Германияның қондырғылар мен технологияларды пайдаланады. Сонымен қатар Ресейдің, Новосибирск, Омск қалаларында орналасқан сәйкес кәсіпорындардың озық тәжірибелерін игеріп отыр.
3. Соңғы жылдары жаңа технологияларды пайдалану негізінде бір аусымда 5 тоннаға дейін әр түрлі дайын өнім шығарады, оның құрамында тек сосисканың өзін 4 тоннаға жуық шығарады. Жақын арады кәсіпорынның қуатын 7 тоннаға дейін жеткізу көзделген.
4. Шаруашылықта жүргізілген ұймдастыру-экономикалық жұмыстардың негізінде кәсіпорынның өнім өткізуден түскен табысы 2004 жылы 35640 мың теңге болған, яғни 133% өскен, ал жалпы табыс тиісінше: 12235 және 18940 мың теңге болып, 155% өскен. Соның нәтижесіне өндіріс рентабельдігі 13%-тен 19% өскен.
5. Өнім сапасы оның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі екені белгілі. Сондықтан сапалы өнім өндіру үшін кәсіпорында дайын өнімнің шығарылуын 30% өсіруге мүмкіндік беретін құнды физиологиялық, технологиялық қасиеттер беретін Шаллер фирмасының қоспалары мен дәмдеуіштері пайдаланады. Өндірісте жоғары сапалы орамаларды шығаратын Атлантис-Пак фирмасының өнімі де қолданыс тапты.
Соның нәтижесінде қайнатылып сүрленген шұжықтардың 50-ден астам түрлерін, сонымен қатар дәмді ет өнімдерінің 15 түрін шығаруды жолға қойды. Өндірілген өнімді Семей, Өскемен, Қарағанды, Алматы т.б ірі қалаларда сату жүйесі де қалыптасып келеді.
6. "Шваб шұжық" ЖШС негізгі бәсекелестері Риддер қаласының ет комбинаты ( Шем-Азат АҚ) Повладарлық Рубикон ЖШС, Алматының Биккер и К ЖШС т.б. Зертелген кәсіпорынның бәсекелес кәсіпорындармен салыстырғанда ұтымды жағы өнімнің өзіндік құны өзгелерден - 10% төмен және сақталу мерзімі 72 сағат.
7. Кәсіпорын өзінің өнім өндіру қуатын көбейту мақсатында арнаулы бағдарлама жасаған. Осы бағдарлама мен сәйкес шұжық өндірісінің көлемін қәзіргі кездегі 50 тонна орташа айлық мөлшерден 2007 жылы 75 тонннаға жеткізу көзделіп отыр. Бұл жоба бойынша өнім сапасын жоғарлату, еңбек өнімділігін арттыру негізгі бағыт ретінде танылып отыр және сапа менеджмент өндіруге аса зор көңіл бөлуде.
8. Кәсіпорынның жұмысын жақсарту және бәсекеге қабілетті өнім өндіру барысында ішкі және сұранысты ескере отырып маркетингтік жүйені одан әрі жақсарту қажет. Ол үшін кәсіпорынның ішкі мүмкіндіктерін есептей отырып, тұтынушылардың сұранысына байланысты өнім ассортиментін одан әрі кеңейту қажет.
9. Мелекет тарапынан, әсіресе ауылшаруашылық шикізатын өңдейтін кәсіпорындарды қолдау жүйесін одан әрі жақсарту және жаңа технологиялық қондырғыларды ендірген жағдайда салықтық жеңілдіктер беру жағын дамыту қажет сияқты.
Қолданылған әдебиеттер
1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030 Қазақстан халқына жолдауы
2 Егемен Қазақстан 2000 ж. 29-желтоқсан
3 Аграрлық нарық проблемалары 2003ж. № 1,2,3,4,5,6
4 Үкімет Бюллетені 2004ж. №2
5 Астана ақшамы 2001ж 4-желтоқсан
6 КазЭУ хабаршысы 2004ж №5
7 Қаржы-қаражат 1996ж №6
8 Жас алаш 2004ж 30-қыркүйек
9 Егемен Қазақстан 2005ж 19-мамыр
10 Қаржы-қаражат 2003ж №3
11 Савицкая Г.В. "Анализ хозяйственной деятельности предпрития"
12 Куатова Д.Я. "Экономика предприятия"
13 Агро Инфром 2005ж №6
14 Заман Қазақстан 1998ж 7-тамыз
15 Ана тілі 2006ж 9-наурыз
16 Экономика Статистика 2005ж №1
17 Солтүстік Қазақстан 2004 3-қараша
18 Заң 2002 №7
2
Информация о работе Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін