Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 12:11, научная работа
Диссертациялық зерттеудің мақсаты және міндеттері. Диссертациялық зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі салық салудың әлеуметтік салдарларын анықтау және салық жүйесін әлеуметтік тұрғыдан оңтайландыру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Аталған мақсат келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
салық салудың теориясы мен практикасына талдау, салықтық қатынастардың әлеуметтік процесстердегі атқаратын рөлін зерттеу;
әлеуметтік процесстерге әсер етуі жағынан салық жүйесінің функционалды мүмкіндігін қарастыру;
индустриалды дамыған елдердің салық жүйесінің қоғамдық процесстерге, оның ішінде әлеуметтік салаға қаншалықты ықпал ететіндігін сипаттау;
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру, олардың әлеуметтік міндеттер және экономикалық мақсаттармен сәйкестілік деңгейін межелеу;
салық салудың әлеуметтік салдарларын білдіретін критерийлерді анықтау;
ӘОЖ 336.221:316.4:338.242
ИСАЕВА АКЖОЛТАЙ ТУРДАХУНОВНА
Нарықтық қатынастардың тереңдеуі жағдайында салық
салудың әлеуметтік салдары
08.00.10 – «Қаржы, ақша айналысы және несие»
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
Жұмыс Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде орындалған
Ғылыми жетекшісі: |
экономика ғылымдарының
кандидаты |
Ресми оппоненттер: |
экономика ғылымдарының докторы Әуелбаев С.Ш. |
Смагулова Р.У. | |
Жетекші ұйым: |
Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық
Техникалық Университеті
|
Қорғау 2007 жылдың 14 қыркүйек күні сағат 16.00 Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне іздену бойынша Д 14.02.01 диссертациялық кеңесінің отырысында өткізіледі, мекен - жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 б.
Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің кітапханасында танысуға болады
Автореферат «____» _______________2007ж. жіберілді
Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы, профессор
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Шаруашылық жүргізудің нарықтық типіне өту елімізде он жылдан астам уақыттан бері жүргізіліп келеді. Ресурстардың тиімді түрде бөлінуін қамтамасыз ету және экономикалық қызметтерді мәжбүрлеусіз реттеу сияқты кейбір жетістіктерімен қатар, нарықтық экономиканың өзіндік кемшіліктері де жоқ емес. Еркін нарықтық экономикадағы бәсекелестік ешкімді кедей немесе ауқатты деп бөлмейтін, бейтарап механизм болып табылатындықтан, оның негізінде бөлінген табыстар қоғам үшін қажетсіз теңсіздіктің туындауына әкеледі. Аталған мәселенің алдын алуда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік шараларға қарамастан халықтың әл - ауқаты, өмір сүру деңгейі турасындағы мәселе әлі де болса көкейтесті экономикалық және әлеуметтік мәселе болып келе жатыр.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының егемендігі, оның әлеуметтік бағдарлы нарықтық қатынастарға бағытталған даму жолына көшуі, мемлекет және қоғам мүддесіне қажетті қаражаттардың мемлекет құзырында орталықтандырылуы, сондай-ақ, өтпелі кезеңдегі экономиканы реттеу барысында пайдаланылатын салық саясатының экономика мен әлеуметтік аяларда өзіне тиеселі орын алуының басты себебіне айналып отыр.
Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасында қоғамдағы қандай болмасын процесстерге мемлекеттік әкімшілік жүргізу арқылы тікелей ықпал ету мүмкіндігінің тарыла бастағаны бүгін баршаға аян. Бұл орайда халықаралық өркениетті стандарттар мен нарық талаптарына сай келетін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге қол жеткізуге жол ашатын әлеуметтік – экономикалық жанама ықпал етудің елеулі құралы салық жүйесі.
Экономикалық және әлеуметтік
тұрақтылықты қолдау мақсатында мемлекет
табыстардың теңсіздігін
Тақырыптың ғылыми тұрғыда зерттелу дәрежесі. Салық жүйесінің әлеуметтік – экономикалық мәні мен мағынасы А.Смит, Д.Рикардо, Ж.С. Сисмонди, У.Петти, Ф.Кенэ, Дж. Кейнс, А.Лаффер, М.Фридман және өзге де көптеген ойшылдардың еңбектеріне арқау болды. Олар, өз еңбектерінде сол кездегі өздері ұстанып отырған экономикалық концепцияларға сүйене отырып, салықтардың мәні мен мазмұнын, атқаратын қызметтерін ашып көрсеткен болатын.
Салық жүйесінің нарықтық процесстерге деген кері әсерінің деңгейін төмендету мәселесі бойынша оны жетілдіру бағыттары Дж. Бьюкенена, А.Оукен, У.Хеллераның еңбектерінде қарастырылады. Салық жүйесі экономикалық басқару құралы ретінде көптеген жылдар бойы қолданылмай келгені баршаға аян. Сондықтан, кейбір авторлар дамыған капиталистік мемлекеттердің тәжірибесін қарастырумен айналысып келді. Осыған байланысты мынандай ресейлік ғалымдардың мақалалары мен монографияларын атап өту қажет: В.Т.Князев, В.Я. Савченко, В.Т. Пансков, В.М.Пушкарева, Д.Г.Черник, Т.Ф.Юткина, А.И.Худяков және т.б.
Экономикалық дамуға салық салудың тигізетін кері әсерлерін төмендетуге ат салысып және сол бойынша Қазақстандағы салық жүйесін реформалауға үлкен үлес қосқан әдебиеттер мен ғылыми еңбектерді де атап өтуге болады. Аталған зерттеулерге С.Ш.Әуелбаев, У.Б.Баймуратов, А.Б.Зейнелгабдин, С.Ж. Интыкбаева, Ж.О.Ихданов, Г.Карагусова, Н.К.Кучукова, С.Қ.Құлпыбаев, В.Д.Ли, Н.К.Мамыров, В.Д.Мельников, А.А.Нурумов, М.Т.Оспанов, К.С.Сағадиев, Х.Н.Сансызбаева, Р.У.Смагулова, Э.Қ.Ыдырысова және т.б. авторлардың еңбектерін жатқызуға болады. Дегенмен, аталған әдебиеттерде салық жүйесінің мәселелері көбінесе фискалдық сипаты жағынан, оны көтеру және оның жекелеген экономикалық субъектілерге тигізетін әсері туралы жеткілікті түрде қарастырылып, тереңірек зерттелген болса, ал әлеуметтік проблемалардың басым бөлігін тегістей алатын салық жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қызмет ететіндігіне аса назар аударылмаған.
Тақырыптың өзектілігі салық салудың елдегі әлеуметтік процесстерге әсер ету деңгейі мен сипаты туралы қозғалған мәселенің аздығына байланысты олардың қоғамдық қатынастардағы алатын орнына негізделген.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты және міндеттері. Диссертациялық зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі салық салудың әлеуметтік салдарларын анықтау және салық жүйесін әлеуметтік тұрғыдан оңтайландыру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Аталған мақсат келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
Зерттеу объектісі салық жүйесінің қызмет ету процессінде пайда болатын әлеуметтік-экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады.
Зерттеу пәні – қазіргі кездегі Қазақстан Республикасында қызмет ететін салық жүйесінен туындайтын әлеуметтік салдарлар.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі қазіргі кездегі салық саясатындағы әлеуметтік- экономикалық ілімнің жетістіктерінен құралды. Нарықтық қатынастарды салықтық реттеуге байланысты жазылған алыс – жақын шет елдердің және отандық ғалымдардың іргелі ғылыми еңбектері пайдаланылды, сонымен бірге, салық жүйесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңдары, Мемлекеттік бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Халыққа жолдауы, ҚР Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені және ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің ресми мәліметтері қолданылды.
Диссертациялық жұмыстың зерттеу пәнін жүйелі түрде қарастыру мынандай жалпыға бірдей ғылыми әдістер: ғылыми абстракция, моделдеу, салыстыру, сараптау және статистикалық талдау арқылы жүзеге асырылды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалықтары. Диссертациялық зерттеу жүргізу барысында ғылыми жаңалық сипаты бар келесі нәтижелер алынды:
Қорғауға шығарылатын негізгі ұсыныстар. Тақырыпты зерттеу барысында жаңа көзқарастар, ұсыныстар мен тұжырымдар жасалған, оның ішінде, маңызды дегендері төмендегілер:
Зерттеу нәтижелерінің практикалық мәнділігі мынада:
Зерттеу нәтижелерінің сыналуы. Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалған: «Казахстан в эпоху глобализации: экономика, образование, право» (Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, 29.04.2004ж.), «Ұлттық экономика жаһандану жағдайында» (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. 21.09.2005ж.), «Инновациялар мен оқу- білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» (Алматы экономика және статистика академиясы. 17-18 қазан 2006ж.), «Развитие экономической мысли в Казахстане» (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ.19-20 қазан 2006 ж.)
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымдары. Зерттеу тақырыбы бойынша 3,8 баспа беттен тұратын 7 мақала жарық көрді. Ол еңбектер жұмыстың мазмұнын тегіс қамтиды. Оның ішінде үш мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласында қадағалау мен аттестаттау комитетінің нұсқауындағы экономикалық әдебиеттерде жарияланған.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы зерттеудің мақсатымен және міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімі үш тараудан, тұжырымдардан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан және 23 сурет, 21 кестеден тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Салықтар баршаға
белгілі көптеген ғасырлар бойы қоғамның
экономикалық базалық құрамы және мемлекеттің
кірісін қалыптастырудың
Қоғамның даму процессінде әлеуметтік-экономикалық жүйедегі салықтардың атқаратын рөлі күн өткен сайын жаңа нысанға айнала отырып, артып келеді. Бұл әсіресе нарықтық қатынастардың қалыптасып дамуы жағдайындағы экономикадағы өрлеу кезеңдеріне тән нәрсе, өйткені салық салу жекелеген тұлғалардан бастап мемлекетке жеткенге дейін оның барлық деңгейіндегі әлеуметтік процесстерге әсер ете алатын бірден бір макроэкономикалық құрал болып табылады. Бұдан да басқа, халықаралық экономикалық қарым қатынастардың ұлғаюуына байланысты салық жүйесі белгілі бір жекелеген елдердің ішкі жұмысы болудан қалды. Осылайша, салық салудың бір жағынан шаруашылық байланыстарға терең бойлауы, екінші жағынан оның жалпылығы қазіргі кезде салықтардың атқаратын рөлінің жан-жақты қанат жаюына жағдай жасап отыр.
Информация о работе Нарықтық қатынастардың тереңдеуі жағдайында салық салудың әлеуметтік салдары