Меншік – экономикалық категория ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 19:31, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы –меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері.
Курстық жұмысымның мақсаты: меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін, саяси-әлеуметтік дамуын Қазақстан Республикасының заңын қарастыру.
Курстық жұмыс мақсатына сәйкес, оның алдына мынадай тапсырмалар қойылады:
-меншік экономикалық категория ретінде.
- меншік түрлері, олардың қызметі.
- меншік формалары мен заңдылықтары.

Содержание

Жоспар:
Кіріспе......................................................................................................................3
І бөлім. Меншік – экономикалық категория ретінде
1.1 Меншік-экономикалық категория....................................................................6
1.2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері.....................9
1.3 Меншіктің экономикалық мазмұны..............................................................12
ІІ бөлім. Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтық экономиканың негізі, формалары және әдістері
2.1 Нарықтық экономикадағы меншік формаларының түрлері......................15
2.2 Мемлекет иелігінен алудың мәні..................................................................22
2.3 Жекешелендіру мәні, қызметі.......................................................................23
Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................31

Работа содержит 1 файл

меншик турлери.docx

— 52.17 Кб (Скачать)

         Үшінші  кезең   мемлекеттік  меншіктің  тек   ақшалай  қаражатқа  жекешелендірілуін   қарастырды  және мыналарды   өткізуді  көздейді:

  • Мүліктік кешен  ретінде мемлекеттік кәсіпорын;
  • Жекешелендірілуі  тұйық технологиялық циклді  бұзбайтын мүліктік  кешен  ретіндегі  кәсіпорынның  өндірістік және өндірістік емес  бөлімшелері мен  құрылымдық  бірліктерін;
  • Кәсіпорын мүлкін,  мемлекеттік кәсіпорынды  жойған жағдайда,  тек аукционда ғана;
  • Шаруашылық  серіктестіктердің  жарғылық  қорларындағы  мемлекеттің  акциялары мен үлестерін.

        Сондай-ақ  мемлекеттің  акциялар  пакеті мен  үлестерін  сенімдік  басқаруға  беруді:

  • Электроэнергетикалық кешендегі;
  • Мұнай-газ және  мұнай-химия  кешеніндегі;
  • Металлургиялық  және тау-кешен  кешеніндегі;
  • Көлік-коммуникация кешеніндегі;
  • Агроөнеркәсіп кешеніндегі;
  • Әлеуметтік  саладағы  секторлық  бағдарламаларды.

        IV кезең  1999-2000  жылдар аралығын  қамтыды және  Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  1999 жылғы 1  маусымындағы №  683 қаулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға  арналған жекешелендіру және  мемлекеттік мүлікті  басқарудың  тиімділігін  арттыру Бағдарламасына» сәйкес  жүзеге  асырылды.

        IV кезең Бағдарламасының   басты мақсаты – жекешелендіру   мен мемлекеттік  мүлікті басқарудың  құқықтық  негіздерін  жетілдіру;  есепке  алуды  жақсарту, басқарудың  тиімділігін  жоғарылату және  мемлекеттік  мүлікті  конкурстық  және транспаренттік негізде   жекешелендіруді  қамтамасыз  ету еді.

        Бағдарламаға сәйкес:

  • мемлекеттік акцияларды  иемдену және пайдалану  құқықтары  салалық министрліктер  мен  ведомстволарға  өткізіп берілді;
  • «көгілдір фишка» ретінде  анықталып,  мемлекет  оларда  үлес  қосушы ретінде қалдырылды;
  • Мемлекеттік мүлікті  республикалық  және коммуналдық  деп бөлу жүргізілді;  бұл жергілікті  бюджеттер  табыстарын  жоғарылатуды  және аймақтардың  міндеттерінен  шыға отырып,  жергілікті  жерлерде  инвестициялық  саясат жүргізуді  көздейді.
    1. жылдары Мемлекеттік мүлік комитеті  мен оның облыстық бөлімшелері 34,5 мыңнан  астам мемлекеттік меншік  объектілерін, соның ішінде  1991-1992 жылдары 6,2 мың объектіні купондарға және Ресей рубльдеріне жекешелендірді; 28 мыңдай объект  1993-2000 жылдары ұлттық валюта  енгізілгеннен кейін жекешелендірілді.

        Алғашқы кезеңде  жекешелендіруден 4144 млн.рубль алынған. 1993-2000 жылдары республикада жекешелендіруден 215,4  млрд. теңге, соның ішінде акционерлік, қоғамдар акцияларын сатудан - 90% -тен  астамы  түсті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Қорытынды 

        Сонымен,  мен өз курстық жұмысымды аяқтай  келе, мынадай қорытынды тұжырымдарға келдім:

        Меншік- бұл  өндіріс  құрал- жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі. Меншік – белгілі  бір  материалдық  игілікті   иелігіне  алу үшін  адамдар  арасындағы қатынас. Меншіктің  экономикалық мазмұны  өндірістік  қатынастар  жиынтығы,  яғни өндіру,  бөлу, айырбастау  және тұтыну арқылы  көрсетіледі. Меншіктің құқықтық  мазмұны  меншік иесінің  табыс пен  қауіпсіздікті  иелену, пайдалану, басқару құқығы.

        Меншік формасы  – ол меншік  субъектісі  белгісі  бойынша  сипатталатын,  яғни  меншік объектісінің  әр түрлілігі  субъект  табиғатымен бірігуі  критерий (өлшемдері). Меншік формаларының  мынадай  түрлері  бар:

  • Жалпыхалықтық;
  • Мемлекеттік;
  • Коллективтік (ұжымдық);
  • Үлесті біріккен;
  • Жеке және  т.б.

        Бұл меншік түрлерінің  барлығын топтап екі типке  бөлуге  болады: мемлекеттік және жеке. Мемлекеттік  меншік -  меншік  типі,  мемлекеттік  секторда  орналасқан  кәсіпорын,  ұйым,  орталық және  жергілікті  басқару  органдары арқылы  мемлекет меншігін басқару. Мемлекеттік  меншік  екі формада болады. 1. Мемлекеттік. 2. Муниципалдық.

        Жеке  меншік –  ол экономикалық  тұлға басқа  тұлғалардың тәуелсіз меншігіне  билік ету  және иеленуіндегі  меншік  қатынастары. Жеке меншікке үй шаруашылығын,  жариялылықты және жариялы емес  жеке кәсіпорындар,  жеке мүлікті немесе жеке  қаржы  сақталымын  пайдаланудың  кез  келген  түрін  жатқызуға болады.

        Жекешелендіру  әдістері:

    1.Мемлекеттік және муниципалды  кәсіпорындардың  акционерлік  қоғамдарға айналуы.

    2. Кәсіпорындарды  аукциондарда  сату.

    3. Конкурс бойынша мемлекеттен кәсіпорындарды  сатып алу.  

        Мемлекет иелігінен  алу – мемлекеттік  меншікті  өзгертуге байланысты  мемлекеттік  экономикадағы   шектен  тыс  ролін  жоюға   бағытталған   шаралар  жиынтығы.

         Мемлекет мелігінен   алу  монополизмді  жеңіге,  бәсекелестік   пен  кәсіпкерлікті   дамытуға   бағытталған. 

        Ол  мына бағыттар  бойынша  жүреді:

    1)Иемдену  процесін  мемлекет қарамағынан  алу;

    2) Шаруашылық  жүргізудің  сан түрлі нысандарын  жасау;

    3) Жаңа  ұйымдық құрылымдарды  қалыптастыру. 

        Мемлекет   иелігінен  алу мен  жекешелендіру  тығыз  байланысты.

        «Мемлекет қарамағынан  алу» түсінігі  меншік қатынасымен  шектелмейді. Ол «жекешелендіру» түсінігінен  әлдеқайда  кең. Экономиканы  мемлекет қарамағынан  алу  өндірісті  басым  мемлекеттік-директивтік  реттеуден  нарықтық  тетіктер негізінде  реттеуге  көшуді  білдіреді.

        Жекешелендіру –  меншікті  мемлекет иелігінен  алудың  бағыттарының  бірі,  оның мәні –  меншікті  жеке  және  заңды  тұлғалардың  жеке меншігіне  беруде.  Мемлекеттік және  муниципалдық кәсіпорындарды  жекешелендіру:

  • Азаматтар мен  акционерлік  қоғамдардың  мемлекеттен және жергілікті  билік органдарынан;
  • Кәсіпорындарды  және олардың  кәсіпорындар  ретінде  бөліп  шығарылатын бөлімшелерін;
  • Кәсіпорындардың  материалдық және  материалдық емес активтерін;
  • Акционерлік  қоғамдардың  (серіктестіктердің) капиталындағы  мемлекет пен  жергілікті билік  органдарының  үлестерін (пай, акциялар);
  • Жекешелендірілетін  кәсіпорындардың   басқа  кәсіпорындар капиталындағы  үлестерін  (пай,  акциялар) меншікке  алуын білдіреді.

        Жекешелендіру- бұл  мемлекеттен  заңды және жеке тұлғалардың  мемлекеттік меншіктегі объектіні  сатып алуы.

        Мемлекет иелігінен  алу мен  жекешелендірудің  негізгі  бағыттары:

  • Ірі  және  сирек мүлікті  кешендерді  жеке жоба бойынша жекешелендіру;
  • Орташа  кәсіпорындарды  жаппай жекешелендіру;
  • Аукциондар  мен конкурстар арқылы жүзеге  асатын кіші жекешедендіру, сауданың  шағын кәсіпорындары, коммуналдық шаруашылықтар,  тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері.

        Сонымен, нарық экономикасының  қалыптасуы Қазақстанда  меншік қатынастарын  қайта құру қажеттігін көрсетті. Ол мемлекет  қарамағынан алу және жекешелендіру жолымен жүргізіледі.

        Мен үшін бұл курстық  жұмысты еңбектеніп жазудың көп  тәжірибелік маңызы зор  болды. Себебі, мен   осы тақырыбыма сай  көптеген оқулықтарды,  экономика саласындағы  көптеген журналдарды қарастырдым, өзімнің  білімімді толықтырдым. 
 
 
 
 
 
 
 

        Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ашимбаев Т.А. «Экономика Казахстана на пути  к рынку».- Алматы, 2005 г.
  2. Борисов Е.Ф.,Волков Ф.М. «Основы экономической теории».-М.,2003
  3. Введение в рыночную экономику / Под ред. А.Я.Лившица-М., 2004 г.
  4. Гайнулин Ф.Р. «Введение в экономическую теорию».-Алматы, 2006 г.
  5. Ким П.Г., Капекова Г.А. «Экономическая теория: Учебное пособие».-Алматы,2001 г.
  6. Тонкопий М.С. «Экология и экономика природопользования: Учебник».-Алматы: ЭкономикС, 2003 г.-592 с.
  7. «Жаңа кезең-экономикалық теориясы».Оқулық Сахариев С.С.,Сахариева А.С.,Алматы , 2004 ж.
  8. Общая экономическая теория (политэкономия): Учебник /Под ред.В.И.Видяпина, Г.П.Журавлевой.-М.,1995 , гл.27
  9. Экономика: Учебник/Под ред. А.С. Булатова-М.,1995, гл.12
  10. Аубакиров Я.А. , Нарибаев Н.К., Шеденов У.К., «Экономикалық ілімдер тарихы». Оқу құралы.-Алматы, 2003
  11. Аукен В., Жуламанов Р. Специальный курс лекций по макроэкономике. Алматы, ИРК-АОУ, 1996 ж.
  12. Байжомартов У.С. и др. Основы экономической теории. Учебно-методические рекомендации.Актюбинск, 1995
  13. Блауч М. Экономическая мысль в ретроспективе. М.,2002
  14. Войтов А.Г. Экномика. Общий курс-М.:Маркетинг, 2001
  15. Долан Э.Дж.,Линдсей Д.Э. Рынок: микроэкономическая модель СПб.,2002
  16. Закон РК «О государственной поддержке малого предпринимательства»/Вечерний Алматы от 27.06.1997
  17. Кабдиев Д.К. Развитие экономической мысли вКазахстане-Алматы : Казахстан 1978
  18. Кажамкулов Т.Саяси экономия негіздері (оқулық) Алматы: Қайнар, 2001
  19. Курс экономической теории /Под ред.М.Н. Чепурина , Киров, 2000
  20. Леонтьев В.Экономическое эссе. М.:2003
  21. Оэкономика. Учебник под ред. Е.Б.Яковлевой М:2002
  22. Общая экономическая теория. Политэкономия /Под ред. В.И.Видяпина, Г.М.Журавлевой М., 2000
  23. Осипова Г.М.  Инвестиции в человеческий капитал: Алматы: Гуманитарный университет им. Д.А.Кунаева , 2003
  24. Фишер С., Дорнбуш Р, Шмалензи Р. Экономика .М.,2004
  25. Экономическая теория на пороге ХХІ века.М.,2004
  26. Экономика и статистика, №3-4,1999
  27. Хейне П. Экономический образ мышления М., 2002

Информация о работе Меншік – экономикалық категория ретінде