Меншік – экономикалық категория ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 19:31, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы –меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері.
Курстық жұмысымның мақсаты: меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін, саяси-әлеуметтік дамуын Қазақстан Республикасының заңын қарастыру.
Курстық жұмыс мақсатына сәйкес, оның алдына мынадай тапсырмалар қойылады:
-меншік экономикалық категория ретінде.
- меншік түрлері, олардың қызметі.
- меншік формалары мен заңдылықтары.

Содержание

Жоспар:
Кіріспе......................................................................................................................3
І бөлім. Меншік – экономикалық категория ретінде
1.1 Меншік-экономикалық категория....................................................................6
1.2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері.....................9
1.3 Меншіктің экономикалық мазмұны..............................................................12
ІІ бөлім. Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтық экономиканың негізі, формалары және әдістері
2.1 Нарықтық экономикадағы меншік формаларының түрлері......................15
2.2 Мемлекет иелігінен алудың мәні..................................................................22
2.3 Жекешелендіру мәні, қызметі.......................................................................23
Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................31

Работа содержит 1 файл

меншик турлери.docx

— 52.17 Кб (Скачать)

        Жоспар: 

Кіріспе......................................................................................................................3

І бөлім. Меншік – экономикалық категория ретінде

1.1 Меншік-экономикалық  категория....................................................................6

1.2 Меншіктің  түрлері және олардың экономикалық  қызметтері.....................9

1.3 Меншіктің  экономикалық мазмұны..............................................................12

ІІ  бөлім. Меншік  формаларының  әр алуандығы –  нарықтық  экономиканың негізі, формалары  және әдістері

2.1 Нарықтық  экономикадағы  меншік  формаларының  түрлері......................15

2.2 Мемлекет  иелігінен алудың  мәні..................................................................22

2.3 Жекешелендіру   мәні, қызметі.......................................................................23

Қорытынды..........................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................31 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

        Менің  курстық  жұмысымның  тақырыбы –меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық  негізі, формалары және әдістері.

        Курстық жұмысымның мақсаты: меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін, саяси-әлеуметтік дамуын Қазақстан  Республикасының заңын  қарастыру.  
              Курстық жұмыс мақсатына сәйкес, оның алдына мынадай тапсырмалар  қойылады:  
              -меншік  экономикалық  категория  ретінде. 
              -  меншік  түрлері,  олардың  қызметі.  
              -  меншік  формалары  мен  заңдылықтары. 
              Меншік - күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады. 
             Меншікті қарастырудың екі тәсілдемесін ажырату керек: 
Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар. 
Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы  сипаттайды. 
             Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері — Рональд Коуз (1915 ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осы ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, ресурс өзінен-өзі меншік бола алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық — міне осы меншіктің  мазмұнын  құрайды. 
              Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші  болып  табылады. 
            Меншік үлгілері сан-алуан түрлі болады: олар алғашқы қауымдастық, сенімділік, мемлекеттік ұжым, халықаралық, жеке меншік. Осындай иемденушілік: феодалдық, буржуазиялық, социалистік, мемлекеттік, акционерлік болады. Олардың қатарында: кооперативтік біріккен, жеке акционерлік, мемлекеттік, шаруашылық біріккен түрлері болады. Нарық экономика жүйесінде, жеке және басқа меншікте қоғамдық жиынтық өнім қалыптасады. Осы қосынды өнім ең басты, біртіндеп, белгілі бір мерзім кезеңінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы және жеке капиталдардың өзара уласқан және байланысты сомасы. Онымен қатар, қоғамда белгілі бір уақыт мерзімде еңбекпен жасалған жаңа құн.

        Бұл курстық жұмысымның  өзектілігі: меншік - экономикалық категориясы ретінде; меншіктің түрлері және олардың экономикалық  қызметтері; меншіктің экономикалық мазмұны;  нарықтық  экономикадағы  меншік формаларының  түрлері; мемлекет иелігінен алудың  мәні; жекешелендіру  мәні, қызметі.

        Тұтастай мемлекеттік  меншіктің тиімсіздігі Қазақстанның нарық экономикасына  көшу кезеңінде  анық көріне бастады.  Нарық экономикасының  қалыптасуы Қазақстанда  меншік қатынастарын  қайта құру қажеттігін көрсетті. Ол мемлекет  қарамағынан алу және жекешелендіру жолымен жүргізіледі.

        «Мемлекет қарамағынан  алу» түсінігі  меншік қатынасымен  шектелмейді. Ол «жекешелендіру» түсінігінен  әлдеқайда  кең. Экономиканы  мемлекет қарамағынан  алу  өндірісті  басым  мемлекеттік-директивтік  реттеуден  нарықтық  тетіктер негізінде  реттеуге  көшуді  білдіреді.

        Меншік – бұл  адамдардың  белгілі бір  материалдық  игіліктерге ие болудағы  қатынастары. Меншіктің  экономикалық мәні  өндіріс,  айырбас,  бөлу және  тұтыну  қатынастарын  өзіне қосатын, өндіріс  қатынастарының  жиынтығы  арқылы көрінеді.

        Меншіктің басты  мәнін анықтаушы  иемдену болып  табылады. Иемдену  экономикалықпен  қатар,  күштеу немесе  заңды  әдістермен меншіктегі  объектіні  субъектімен  басқа  субъектіден  иесіздендіру  болып табылады.  Иемдену  санатын  зерттей отырып,  еңбек  жолымен, өндіріс  кезінде жүзеге  асатын акт ретінде және сұрау ретінде  көрсетуге  болады.

         Меншіктің субъектісі  - меншік  объектісіне  ие болу  құқығы бар   және мүмкіндігі  бар, меншік қатынастарының  белсенді  жағы.

         Меншік объектісі  – табиғат заттары,  заттықтар,  энергия,  мүліктер, ақпараттар және  т.б. түріндегі  меншік  қатынастарының  енжарлық  жағы.  Субъектісі мен  объектісі  арасындағы  байланыс  бір уақытта  заңдық, құқықтық  және  экономикалық  санаттарды  көрсететін, ие болу,  пайдалану,  нұсқау  беру  және жауаптылық  қатынастарын ұсынады. 

        Меншік формасы  – ол меншік  субъектісі  белгісі  бойынша  сипатталатын, яғни  меншік объектісінің  әр түрлілігі субъект  табиғатымен  бірігуі  критерий (өлшемдері). Бұл курстық жұмыстың негізгі  бөлімде меншік формаларына  жеке –дара тоқталып  қарастырамын.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І бөлім. Меншік – экономикалық категория ретінде

1.1 Меншік-экономикалық  категория

     Қоғам өмірінде  меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. «Меншік» белгілі бір  затты жеке мүлік  ретінде  адамның иеленуінен шыққан.  Ол қоғамдық  негізгі бастауларға жатады. Сондықтан кез келген  үкімет меншік туралы заңдар шығарады.

     Меншік  құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесіне заңмен алдын-ала  белгіленген мүлік тән.

     Экономикалық  мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып,  пайдалы игіліктер  мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.

     Меншік  – бұл зат емес,  заттарға байланысты туындайтын  қатынас. Меншік ретінде  тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты  құқығы көрінеді. Тұлға  ретінде  мемлекет, ұжым, жеке тұлға  болуы мүмкін. Негізгі  нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани – мәдениет заттары және т.б. жатады.

     Басқаша айтсақ,  меншік - бұл адамдар арасындағы  өндіріс факторлары мен нәтижелерін  иемденуге байланысты объективті  қатынастар жүйесі. Иемдену – әрбір  қоғамдық  өндіріс әдісінің  негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену»  түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік -  анағұрлым абстрактілі, ал иемдену нақты ұғым.

     Иемдену - бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.

     Қоғамның  дамуының  әр түрлі кезеңдерінде  затты иелену, яғни  иемдену  әдістері өзгеріп отырған.  Өзінің ең қарапайым  формасында  иемдену адамдар материалдық  игіліктерді  өндіруді  үйренбестен  бұрын пайда болды.  Осылайша,  адамзат қоғамының  әу басында  адамдар табиғат  өнімдерін оларды  өндірместен  иеленді.  Әрі қарай, өндірістің пайда  болуы мен  дамуына  орай иемдену объектісіне тек  табиғат  өнімдері емес,  сондай-ақ адамдар өндірген өнімдер жатады.

     Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның  мүддесіне қарай жүзеге асады. Егер,  өндіріс жеке  тұлғалардың  мүддесіне  орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын  көрінеді. Егер, өндіріс топ  мүддесіне  қарай жүргізілсе,  онда мәселе  иеленуде. Егер өндіріс қоғам мүддесін көздесе, онда,  қоғамдық иелену орын алады.

     Меншік  пен иемденудің ішкі заңдары бар. Олар екеу. Біріншісі – өз еңбегінің  өнімін иемдену, меншіктеу заңы, оған сәйкес  иемдену заңы: еңбек-бастапқы иемдену әдісі. Бұл заңдар жай  тауарлы өндіріске дейінгі  кезеңдерге тән.

     Еңбектің  жеке меншіктің капиталистік болып  өзгеруі бірінші меншік заңының  екіншісіне - бөтен біреудің еңбегінің  өнімін меншіктеу заңына ауысуының  негізінде жүреді. Оған енді, басқаның еңбегін иемдену заңы сәйкес келеді.

     Айналыс –бастапқы иелену түрі мен әдіс бірлігі. Осы заңдардың  негізінде  капиталистік  тауарлы өндіріс  әрекет етеді.

     Осылайша, бірінші меншік заңы мен бірінші  иемдену заңы жеке еңбекпен өндірілген өнімді жекелей иеленуге  байланысты. Екінші меншік заңы мен екінші иемдену  заңы  бөтеннің еңбегін және  осы  еңбектің  нәтижесін айырбас  арқылы, яғни айналыс сферасы арқылы иемденумен байланысты.

     Меншік  қатынастарында шешуші рольді өндіріс  құралдарына  меншік атқарады. Ол жұмыс  күшінің  өндіріс құралдарымен  бірігу сипатын, формасын анықтайды. Осы  бірігудің  әдісі мен сипатына қарай экономикалық кезеңдер бөлінеді.

     Меншік  қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Айталық, өндіріс құралдарына  меншік иесінің  өзі өндіру қызметімен  айналыспайтын  болсын.  Ол басқа  адамдардың  өзінің заттарын иеленуіне  белгілі  бір жағдайларда  мүмкіндік берсін.  Сонда меншік иесі  мен кәсіпкер арасында  мүлікті пайдалану  қатынастары туындайды.  Кәсіпкер басқа  біреудің  меншігін иелену , пайдалану мен керегіне  жарату заңды  құқығына ие болады. Мұндай қатынастарға  мысал ретінде  жалға беру - меншік иесі мүлкін  уақытша  пайдаланулары үшін  басқа адамдарға  белгілі бір ақыға беру шартын  келтіруге болады.  

     Жеке  меншіктің екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән. Өндіріс  құралдарының негізгі бөлігі аз ғана адамдар қолында   болған кезде , бұл қоғамның қалған бөлігінің бұл  игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде мүліктік теңсіздік пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі туады.

     Иемденудің  үшінші түрі аралас меншік кезінде  мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарналарының есебінен құралады.

        «Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады.

         Меншік - бұл өндіріс құрал - жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі. Айталық тіл бір ғана адамның өнімі болып табылады. Себебі, ондай жағдайда адам ешкіммен сөйлесе алмайды. Меншікте дәл солай: ешкіммен қатынаспайтын адамның меншігі - экономикалық категория ретінде мазмұнын жояды. Меншіктің кешенді құқығы төмендегідей он бір бөлімнен құралады:

         1.Иелену құқығы, яғни иеліктерге  міндеттелген денелік (күш қуаттылық)  бақылау құқығы.

         2.Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы  қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

         3.Басқару құқығы, яғни  игіліктерді қолдануды және қашан қамтамасыз етуді шешу құқығы.

         4. Табысқа деген құқық, яғни  игіліктерді қолдану нәтижесіне  ие болу құқығы.

         5.Егеменділік құқығы, яғни бейтараптандыру, тұтыну, игілікті жою немесе өзгерту құқығы.

         6.Қауіпсіздік құқығы, яғни игілікті  қанаудан және сыртқы ортаның  зияндылығынан қорғау құқығы.

         7.Игілікті мұрагерге беру құқығы.

         8.Игілікті иеленудегі мерзімсіздік  құқығы.

         9.Сыртқы ортаға зиян келтіретін  әдістерді қолдануға қарсылық  жасау құқығы.

         10.Жауапкершілікке жазалау  түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктерімен жазалау мүмкіндігі.

         11.Қалдықты сипат құқығы, яғни  бұзылған  құқық шараларын қалпына  келтіруді қамтамасыз ету институтының  өмір сүру құқығы.

          Меншіктің экономикалық мазмұнына  жүргізілген қысқаша талдау мынаны  байқатады: меншік - бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар. 

        1.2 Меншіктің түрлері  және олардың экономикалық  қызметтері 

  Меншік  қатынастары мынандай қызметтерді  қамтиды:

         а) иелену ( затты иеленуді жүзеге  асыру, қожалық ету);

         ә)пайдалану ( заттан өзіне пайдалы  қасиеттерді табу);

         б) бөлу ( заттың құқықтық тағдырын  анықтау - сату, айырбастау,сыйға тарту т.б.)

         Меншіктің  экономикалық өткерілуі,  оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд  алып келу арқылы жүзеге асады.

         Адамзат қоғамның даму тарихында  меншіктің тайпалық немесе қауымдастық  түрлері белгілі. Ерте дүниенің өзінде–ақ ұжымдық                     (қоғамдық), жеке еңбектік және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрлері көбірек дами түсті. Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік - әміршілдік экономикалық жүйеге  асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрлымында-88,6% құрады. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5%-дан 30 %- ға  дейін ауытқиды.

Информация о работе Меншік – экономикалық категория ретінде