Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 19:31, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы –меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері.
Курстық жұмысымның мақсаты: меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін, саяси-әлеуметтік дамуын Қазақстан Республикасының заңын қарастыру.
Курстық жұмыс мақсатына сәйкес, оның алдына мынадай тапсырмалар қойылады:
-меншік экономикалық категория ретінде.
- меншік түрлері, олардың қызметі.
- меншік формалары мен заңдылықтары.
Жоспар:
Кіріспе......................................................................................................................3
І бөлім. Меншік – экономикалық категория ретінде
1.1 Меншік-экономикалық категория....................................................................6
1.2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері.....................9
1.3 Меншіктің экономикалық мазмұны..............................................................12
ІІ бөлім. Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтық экономиканың негізі, формалары және әдістері
2.1 Нарықтық экономикадағы меншік формаларының түрлері......................15
2.2 Мемлекет иелігінен алудың мәні..................................................................22
2.3 Жекешелендіру мәні, қызметі.......................................................................23
Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................31
Экономикалық және әлеуметтік
құрылысқа байланысты
Экономикада бұл меншік
Ол
экономика үшін аса қауіпті еді:
мемлекеттік өндірушінің
Осыдан
мынадай тұжырым жасауға
Нарыққа
өту және ТМД елдерінде, оның ішінде
Қазақстан Республикасындағы
Жеке
меншіктің дамуы 20- ғасырдың екінші
жартысының ортасына дейін жүзеге асты.
Ғылыми техникалық революцияның әсерінен
ХХ-шы ғасырдың екінші жартысында жедел
түрде акционерлік меншік қалыптаса
бастады. Акционерлік немесе корпоративтік
меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе
ұжымдық меншік. Батыстың экономикалық
теория мектебі «жеке»
термині ретінде кез-келген мемлекеттік
емес мүлік, шарушылық, кәсіпорынды түсінген.
Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген
(еңбектік және еңбектік емес) ғана емес,
сондай- ақ ұжымдық (топтық), акционерлік
және коперативтік түрде- меншік иесі
ұжымдарын біріктіретін болады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында төмендегідей меншіктің экономикалық түрлері қалыптасты:
Меншіктің экономикалық
түрлері
Жеке | Ұжымдық | Мемлекеттік | ||
Еңбектік | Еңбектік емес | Жеке топтық | Республика меншігі | Облыстық, аудандық муниципалдық меншігі |
Еңбек табысы есебінен | Мұрагерге қалдырған мүлік есебінен табыс: сақтандыру, несие мекемелеріне салған қаржылар, акция, облигация және басқа бағалы қағаздардан түсетін табыс көздері | А)жалгерлік
меншік
Ә)Ұжымдық кәсіпорын меншігі (сатып алынған) Б)кооперативтік меншік В) акционерлік меншік: А) қоғамдық ұйымдарының меншігі Ә)діни ұйымдарының меншігі Меншік: А) шаруашылық қоғамы меншігі (серіктестігінікі) Ә) бірлестіктер (ассоциациялар) Меншігі: А)шетел мемлекетінің меншігі (концессия) Ә)біріккен меншік (шетел
мемлекетік кәсіпорыны) |
Республикалық
меншік
(жер қойнауы, сулар, өсімдік әлемі, жануар әлемі,әуе кеңістігі) |
Коммуналдық меншік
(тұрғын
үй коммуналдық шаруашылық |
1.3 Меншіктің экономикалық мазмұны
Әлеуметтік-
Меншік – белгілі бір материалдық игілікті иелігіне алу үшін адамдар арасындағы қатынас. Меншіктің экономикалық мазмұны өндірістік қатынастар жиынтығы, яғни өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну арқылы көрсетіледі. Меншіктің құқықтық мазмұны меншік иесінің табыс пен қауіпсіздікті иелену, пайдалану, басқару құқығы.
Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:
а) екі жұп категорияларының өзара байланысы: (меншіктеу) иемдеу-жатсыну;
ә) жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;
б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
в) табыстарды үлестіру тәсілі;
г) субъектілік-объектілік талдау.
1. Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.
Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді.
2. Оқшауландыру деген
әрбір тауар өндіруші белгілі
бір тауарды өндіруге мамандануын
білдіреді. Еңбек бөлінісі
неғұрлым терең болса, оқшауланған
тауар өндірушілер
Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді.
Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардың бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы – ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.
3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды.
Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.
Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады – өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі. Кейде басқа нұсқалары да болуы мүмкін, бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі субъектілерге бекітіледі; бірінде – өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, бірінде – жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құралдарынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін, өндіріс құралдарын меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату-сатып алу актісінен кейін, яғни тауар-ақша қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталады.
4. Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылады.
5. Меншік субъектілері:
жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік
топ, өндірістік ұжым, халық,
басқару органдары бола алады. Меншік
объектілері: өндіріс құралдары,
мүлік, ақша, құнды қағаздар,
ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып
табылады.
ІІ бөлім. Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтық экономиканың негізі, формалары және әдістері
2.1 Нарықтық экономикадағы меншік формаларының түрлері
Меншік формасы – ол меншік субъектісі белгісі бойынша сипатталатын, яғни меншік объектісінің әр түрлілігі субъект табиғатымен бірігуі критерий (өлшемдері). Меншік формаларының мынадай түрлері бар:
Бұл меншік түрлерінің
барлығын топтап екі типке бөлуге
болады: мемлекеттік және жеке. Мемлекеттік
меншік - меншік типі, мемлекеттік
секторда орналасқан кәсіпорын,
ұйым, орталық және жергілікті
басқару органдары арқылы мемлекет
меншігін басқару. Мемлекеттік меншік
екі формада болады. 1. Мемлекеттік.
2. Муниципалдық. Муниципалды меншік
мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен
салыстырғанда өте ерекше болып табылады.
«Муниципал» - латынның «municipals» немесе
немістің «munizipalitet» сөздерінен шыққан
«қаланы басқару» деген ұғымды білдіреді.
Ал, латынның «municipium» сөзі «қаланы өзін
- өзі басқару құқығын білдіреді. Әдетте
муниципалдық меншікке өкімет ұйымдары
мүлік және әкімшілік–аумақтық құрылымдары
басқару жатады. Қазақстан Республикасында
осындай мүліктер коммуналды меншік деп
аталады.
Әр түрлі эканомикалық жүйе шеңберінде
меншіктің басқа түрінің басым болуы,
оның басқа түрінің мейлі бұрынғы, мейлі
қазіргі түрінің болуын жоққа шығармайды.
Меншіктің барлық түрінің араласуы мен
өзара іс-әрекеті, экономикаға және барлық
қоғамның дамуына оң әсер етеді.
Меншіктің экономикалық мазмұны тұтас шаруашылық процесін қамтиды да, тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарына араласады.
Меншік өндіріс нәтижесін иемденумен байланысты адамдар арасындағы объективті қатынастар жүйесі.
Меншік иемденуге қарағанда абстрактілі түсінік болып табылады. Иемдену затқа иелік етудің қоғамдық нақты тәсілі.
Меншік пен иемденудің өзіндік ішкі заңдары бар, олар екеу: біріншісі өз еңбегінің өніміне иелік ету (қарапайым тауар өндірісіне тән), екіншісі бөтен адамның еңбегінің өніміне иелік ету (капиталистік тауар өндірісіне тән).
Тарихи негізгі меншіктің түрлері жалпы және жеке. Бастапқыда жалпы меншік орын алып, ортақ еңбек ету, нәтижесін ортақ иеменуге мүмкіндік берген. Кейінннен жеке меншік пайда болды да, екіге бөлінді: еңбектік және еңбектік емес. Еңбектік жеке меншік иелері қолөнершілер, шаруалар, т.б. өз еңбегімен өмір сүретіндер (фермерлер, жеке еңбекпен қамтылғандар).
Жеке меншіктің екінші түріне бөгде адам еңбегі есебінен баю тән. Мүліктік теңсіздікке әкеліп қоғам поляризациясы туындауы мүмкін.
Үшінші бір иемдену түрі болады, ол аралас меншік; онда қатысушылардың ақшалай жарнасы немесе басқадай үлесі негізінде құрылған.
Мемлекеттік меншік дегеніміз, меншік объектісін басқаруды және пайдалану шешімдерін мемлекеттік билік органдары қабылдайтын қатынастар жүйесі. Мемлекеттік меншік - бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, аймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.
Коллективтік меншік дегеніміз, өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелеріне иелік ететін коллектив болатын жағдай. Ұжымдық меншік - бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ иемденіп, пайдаланып және іске жарататын экономикалық қатынастар жүйесі. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және т.б. меншіктер формалары жатады.
Иеленуге байланысты экономикалық қатынастар қозғалмалы. Бұл меншік формаларының бірінен-біріне өте алуын білдіреді. Бұл процесс әр түрлі әдістермен жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең маңыздыларын қарастырайық.
Ұлттандыру – жеке меншіктегі шаруашылық объектілерінің (жер, өнеркәсіп, транспорт т.с.с.) мемлекет иелігіне өту процесі. Ұлттандыру - бұл шаруашылықтың негізгі нысандарына жеке меншіктің мемлекет меншігіне көшірілуі. Ұлттандыру кімнің мүддесін көздеп және қандай тарихи кезеңде жүргізілуіне байланысты әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәнге ие болады. Ұлттандыруға қарама-қарсы процесс жекешелендіру болып табылады.
Жекешелендіру – мемлекеттік немесе муниципалды меншік объектілерін тегін немесе ақылы жеке меншікке айналдыру. Жекешелендіру мемлекетсіздендіру деп аталатын кең мағыналы процестің бір бөлігі.