Мемлекеттік салықтық реттеуді жетілдіру механизмі және перспективалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 14:16, курсовая работа

Описание работы

Өзектілігі. Салық – мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көзі ретінде мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасын орындауда маңызы зор. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Мемлекеттің экономикаға араласу формасы ретінде салықтық реттеу – салықтардың ұдайы өндіріс процесіндегі капиталға, яғни меншік қатынастарын қызмет еткенін көрсетеді. Салықтық тәсілдер арқылы салық ставкаларының, салық түсімдерінің өзгеруі, салық жеңілдіктері, экономиканың дағдарысты жағдайдан шығаруға және экономикалық жүйенің тұрақтылығына ықпал ететін өнеркәсіптің прогрессивті салаларының дамуына әсер ету мақсатымен, бюджеттің кірісін және шығыс бөлімдерін реттейді.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................
3
1 МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ........................................................................................................

6
1.1 Салықтың мәні, мазмұны және экономикадағы рөлі...................................
6
1.2 Салықтық реттеудің түсінігі мен ерекшелігі.................................................
20
1.3 Қазақстанда мемлекеттік салықтық реттеу бойынша шетел тәжіріибесі..............................................................................................................

30
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ (АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША)...........................................................................................................


36
2.1 Қазақстан Республикасының салықтық реттеуде мемлекеттік бюджет параметрлерінің болжамы.....................................................................................

36
2.2 Алматы облысы бойынша Салық Департаментінің 2008-2012 жылдар аралығында бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге экономикалық талдау........................................................................


44
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ..................................................

60
3.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік салықтық реттеу ерекшеліктері мен даму тенденциялары..............................................................

60
3.2 Мемлекеттік салықтық реттеуді жетілдіру механизмі және перспективалары....................................................................................................

66
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
76
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................

Работа содержит 1 файл

дипломка 321 Исабаева Асель Нургазиновна.doc

— 1.22 Мб (Скачать)

Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті сомманы өндіріп, алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.

  • салық – ақшалай нысанда төленеді, натуралдық нысанда төленуіде

мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы  саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.

Салық Кодексінде салық  ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.

  • салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады. Салықты төлеген кезде

ақша тек бір бағытта  ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады. Мұның қайтарымды төлемдерден айырмашылығы: біріншіден, ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай қозғалады. Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады. Ал, қайтарымсыздық дегеніміз – ақшаны мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол соманың қашан қайтатыны белгісіз.

  • салық – баламасыз сипатта болады. Салық құнның ақшалай нысанда бір

бағытта қозғалысын айқындайды, төлеген салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандайда бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді. Сондықтан салық – баламасыз төлем болып табылады.

  • салық – салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.

Салықты төлеген кезде  меншік нысандары ақша қаражаттарына,  немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді. Анығын айтқанда, салық салу мелекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады, ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.

  • салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады. Салық

қатынастарының тұрақтылығы  салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге алып бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу  жеке төлемдік сипатта болады мысалы, мүлік салығын жеке азаматтар жылына бір рет төлейді немесе кейде кеенеттен салық төлеу сипаты пайда болады мәселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады.

Азаматтардың мүлік  салығын төлеген кезде, оның салық  қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде, құқынан айырылғанға дейін жалғасын таба береді.

Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:

  • салықты – мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган

белгілейді;

  • салық – құқықтық нысанда жүзеге асады;
  • салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
  • салықты – белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;
  • салық – мәжбүрлеме сипатта болады;
  • салық төлеу арқылы ақшаны алу құқытық сипатта жүзеге асырылады.

Салықтардың мәнін толық  түсіну үшін олардың экономикалық маңызын  түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салықтардың мынандай қызметтері бар:

  1. Фискалдық
  2. Реттеушілік
  3. Бақылаушылық

Салықтардың бірінші  қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызмет.

Салықтың фискалдық  қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің  кіріс бөлігі құралып, салықтың қоғамдық міндеті артады. Ол барлық мемлекеттерге тән негізгі қызмет болып табылады. Бұл қызмет түрі мемлекеттің бюджетін толықтыру үшін, кәсіпорындар мен азаматтардың ақшалай табысының бір бөлігін баламасыз, мәжбүрлеп алу негізінде толықтыру. Салықтардың осы қызметі арқасында мемлекеттің ақшалай қоры пайда болады және қалыптасады. Себебі, салық төлеушілерге нормативтік құқықтық актілер негізінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді, салықтық ставкалар мен төлеу мерзімін белгілейді. Фискалдық қызмет мемлекеттің экономиканы реттеудегі рөлін арттыру үшін, обьективті алғы шарттарын құрастырады.

Мемлекеттік бюджеттің  кірісінің негізгі көзі – салықтар. 2009- 2013 жылдарға арналған мемлекеттік  бюджет кірістері жаңа Салық Кодексінің экономиканың шикізат секторына салық жүктемесін төмендетуді мына бірінші кестеде берілген мәліметтерден көруге болады.

Кесте 1

Қазақстан Республикасының 2009 - 2013 жылдарындағы мемлекеттік бюджеттің орындалуы, ЖІӨ % - бен

 

Көрсеткіштер атауы

 

2009

 

2010

 

2011

болжам

2012

2013

Кірістер

13,4

12,0

11,5

11,2

10,9

Салықтық түсімдер

12,7

11,3

10,9

10,6

10,3

1-ші кестенің жалғасы

Салықтық емес түсімдер

0,4

0,4

0,3

0,3

0,3


Қайнар көзі: Исаева А. Мемлекеттің әлеуметтік дамуына әсер ету тұрғысындағы Қазақстанның қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері // Егемен Қазақстан.- 2010.- №6.- 7 б.

 

Кестеде көрсетілген  мәліметтерді қарастыра келе, қазіргі  кезде еліміздің бюджетінің кірісі көзінің 90 пайыздан аса салықтардан тұратынын көруге болады. 2009- 2013 жылдарға арналған Ұлттық қорға бағытталатын бюджетке түсетін түсімдер көлемінің болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдаған өлшемдері негізінде құралды: мұнай өндіру, мұнайдың әлемдік бағасы, АҚШ долларына теңге бағамы, сонымен қатар өткен жылдарға түсімдер серпіні, ағымдағы жағдайды талдау.

Сурет 1. Қазақстан Республикасының 2009- 2013 жылдарындағы мемлекеттік бюджеттің  динамикасы

Қайнар көзі: Исаева А. Мемлекеттің әлеуметтік дамуына әсер ету тұрғысындағы Қазақстанның қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері // Егемен Қазақстан.- 2010.- №6.- 7 б.

 

2009 жылы Ұлттық қорға тікелей  салықтар түсімі ЖІӨ-ге 7,1 %, 2010 жылы- ЖІӨ-ге 7,1%, 2011 жылы – 6,7%, 2012 жылы  – 6,1 %, 2013 жылы - 5,6 % деңгейінде болжамдалады [3, 7б.].

Ел экономикасы дамып, мемлекеттік бюджеттің кіріс  көзі ұлғайған сайын, салықтық түсімдердің  де өсіп отырғаны байқалады. Себебі салықтың экономикалық табиғаты өнідіріске байланысты. Өндіріс бар жерде табыс бар, онда алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндірістің дамуына барынша өз ықпалын тигізіп, өндірушілердің ынтасын арттыруға жағдай жасауы қажет.

ХХ ғасырдың бірінші  жартысында дүние жүзілік қаржы  ғылымында экономикалық саясаттың  ең қуатты құралы ретінде, салық салудың  реттеу қызметін пайдалану қажеттілігі пайда болды. Реттеушілік қызметі мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болды. Бұл көз қарастар А.И. Буковецк, П.П. Гензе, И.М. Кулишер, В.Н. Твердохлебовтың «Шетел мемлекеттерінің салық салу жүктемесі» 1928 жылғы, А.А. Тривустың «Салық – экономикалық саясаттың құралы ретінде» 1925 жылғы,                   В.В. Дитманның «Салық аудару» 1930 жылғы атты еңбектерінде толық сипатталған.

Авторлардың пікірінше, салық қызметі – бұл оның қасиетін көрсететін тәсілі, яғни осы экономикалық категорияның қоғамдық міндеттемесін қалай жүзеге асыратынын бейнелейтін, салық мәнінің көрінісі. Барлық салық қызметінің мақсаты бір – ол, мемлекеттің салық жүйесінің және олардың бюджет саясатының тиімділігін анықтауы. Салықтың реттеуші қызметі, олардың ұдайы өндіріс процесінің серпініне және көлеміне ықпал етуімен ерекшеленеді. Салықтың өзгеруі тура жұмыс, қызмет ұсынысы мен сұранысының, сондай – ақ инвестиция мен жинақты арттаруына немесе қысқартуына әкеліп соғады. Сонымен қатар салықтың еңбек белсенділігін, ресурстар жинағын, инновацияны, қоршаған ортаны қорғау үшін экономикалық жағдайлар туғызады немесе керісінше жояды. Сондықтан да салық салу – мемлекеттің нарықтық шаруашылыққа араласуының анағұрлым белсенді құралы. Ол экономикалық өсуді, әлеуметтік қайта құрылымды жылдамдатуға немесе баяулатуға қабілетті.

Реттеушілік қызметі салық механизімі арқылы іске асырылады. Мемлекет экономиканы  дамыту жолында салықтық реттеу процессі арқылы экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандырады және қажет жағдайда тежеп отырады, салық жеңілдіктері жасалады, салық ставкаларын төмендетеді. Бюджетке түскен салық түсімдерін реттейді және бақылап отырады. Кез келген қызмет түріне бақылау жасау қажет. Ол халық шаруашылығының дамуына байланысты қабылданған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Оның ішіндегі негізгі тетіктер салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланысты болуы керек.

Салықтардың келесі негізгі  қызметі ол – бақылаушылық қызметі, яғни салықтық бақылау. Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы салық механизмінің қызмет түрінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау ісі жүргізіледі, салық жүйесі мен бюджет саясатын жетілдіру жолдары қарастырылады. Салықтық бақылауды тиімді жүргізу арқылы салықтық тәртіпті қатаң сақтау, салық төлеушілердің заңға сәйкес төлейтін салықтар мен алымдарын толық және уақтылы бюджетке төлеп отыруы қамтамасыз етіледі.

Салықтар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:

  1. Өндіріп алу тәсілі немесе салық салу обьектісі бойынша:
  • Тікелей салық – тікелей табыс немесе меншік иеленушілерден алынады.

Оған жататындар: корпорациялық  табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың  салықтары, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік салығы.

Мәселен, жеке тұлғалар бүгін салық төлеуші болмаса да, ол ертеңгі күні

міндетті түрде салық  төлеуші болып табылады. Себебі, ол белгілі бір жұмыс атқарады, табыс табады, мүлік алады.

  • Жанама салық – тауар бағасына қосылады және тауар сатқанда

тұтынушылардан өндіріп алынады. Мәселен, қосылған құн салығы, акциз салығы.

Жанама салықтардың ауыртпалығы  тауарларды соңғы тұтынушы – азаматтарға  түседі. Жанама салықтарда төлеу көзін  мемлекеттің өзі тауар бағасына диретивті тәртіппен үстеме бекіту жолымен қалыптастырады. Жанама салықтар – тауарлар мен қызметтердің бағасы арқылы алынады. Олар тауар бағасын арттырады, өйткені тауар бағасына немесе қызметке, тарифке үстеме түрінде қосылады және сатып алушы төлейді.

  1. Тікелей салықтар нақты және дербес салықтар болып бөлінеді.

Нақты салықтар – мүлікке  салынатын салықты айтамыз. Нақты  салықтарда мүмкіндіктер сыртқы белгілеріне  қарап алынады, яғни салық салуда салық обьектісі назарға алынады.

Нақты салықтарға қатыстылар:

  • мүлік салығы;
  • көлік салығы;
  • жер салығы;

Дербес салықтар – салық төлеушілердің табыстарына салынатын

салықтарды атауға болады.

Дербес салықтарда –  тек табысы ғана емес, сонымен қатар  салық төлеушілердің қаржылық жағдайы  да ескеріледі.

Қазақстан Республикасында  дербес салықтарға жататындар:

  • корпорациялық табыс салығы;
  • жеке табыс салығы;
  • жер қойнауын пайдаланушылардағы үстеме пайда салығы;
  • әлеуметтік салық.

Дербес салықтардың  нақты салықтардан айырмаышлығы салық

төлеушілердің нақты  төлем қабілеттілігін көрсетеді, яғни салықты төлеудің көзі болып олардың  алған ақша қаражаттары саналады.

  1. Обьектінің экономикалық белгілері бойынша былайша бөлуге болады:
  • тұтынуға салынатын салықтар;
  • табысқа салынатын салықтар.

Тұтынуға салынатын  салық – мұнда белгілі бір  тауарларға салық

салынады. Көптеген мемлекеттерде  тұтыну салығы деп аталады.

Табысқа салынатын салық – салық төлеушілердің әр түрлі табыстарынан түскен ақша қаражаттарына салық салынады.

  1. Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша:
  • үйлесімді салық – табыс көлеміне қарамастан салық мөлшері өзгеріссіз

қалады, яғни табыс қаншама  өскенімен салық ставкасы сол  күйінде қалады.

  • үдемелі салық – салық мөлшері табыстың өсуіне  қарай өсіп отырады,

мәселен жеке табыс салығын  алуға болады 5-20 %.

  • кемімелі салық – салық мөлшері табыс өскен сайын кеміп отырады.

Мұндай салық түрі біздің елімізде қолданысқа енгізілген жоқ. Кейбір мемлекеттерде салық  төлеуді ынталандыру мақсатында жиі қолданылады.

  1. Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және

Информация о работе Мемлекеттік салықтық реттеуді жетілдіру механизмі және перспективалары