Мемлекеттік салықтық реттеуді жетілдіру механизмі және перспективалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 14:16, курсовая работа

Описание работы

Өзектілігі. Салық – мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көзі ретінде мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасын орындауда маңызы зор. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Мемлекеттің экономикаға араласу формасы ретінде салықтық реттеу – салықтардың ұдайы өндіріс процесіндегі капиталға, яғни меншік қатынастарын қызмет еткенін көрсетеді. Салықтық тәсілдер арқылы салық ставкаларының, салық түсімдерінің өзгеруі, салық жеңілдіктері, экономиканың дағдарысты жағдайдан шығаруға және экономикалық жүйенің тұрақтылығына ықпал ететін өнеркәсіптің прогрессивті салаларының дамуына әсер ету мақсатымен, бюджеттің кірісін және шығыс бөлімдерін реттейді.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................
3
1 МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ........................................................................................................

6
1.1 Салықтың мәні, мазмұны және экономикадағы рөлі...................................
6
1.2 Салықтық реттеудің түсінігі мен ерекшелігі.................................................
20
1.3 Қазақстанда мемлекеттік салықтық реттеу бойынша шетел тәжіріибесі..............................................................................................................

30
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ (АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША)...........................................................................................................

36
2.1 Қазақстан Республикасының салықтық реттеуде мемлекеттік бюджет параметрлерінің болжамы.....................................................................................

36
2.2 Алматы облысы бойынша Салық Департаментінің 2008-2012 жылдар аралығында бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге экономикалық талдау........................................................................

44
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ..................................................

60
3.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік салықтық реттеу ерекшеліктері мен даму тенденциялары..............................................................

60
3.2 Мемлекеттік салықтық реттеуді жетілдіру механизмі және перспективалары....................................................................................................

66
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
76
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................

Работа содержит 1 файл

дипломка 321 Исабаева Асель Нургазиновна.doc

— 1.22 Мб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................

79

КІРІСПЕ

Өзектілігі. Салық – мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көзі ретінде мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасын орындауда маңызы зор. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Мемлекеттің экономикаға араласу формасы ретінде салықтық реттеу – салықтардың ұдайы өндіріс процесіндегі капиталға, яғни меншік қатынастарын қызмет еткенін көрсетеді. Салықтық тәсілдер арқылы салық ставкаларының, салық түсімдерінің өзгеруі, салық жеңілдіктері, экономиканың дағдарысты жағдайдан шығаруға және экономикалық жүйенің тұрақтылығына ықпал ететін өнеркәсіптің прогрессивті салаларының дамуына әсер ету мақсатымен, бюджеттің кірісін және шығыс бөлімдерін реттейді.

Салық салуды ұйымдастыру мемлекеттің  өз функцияларын орындау мүмкіндігін  қамтамасыз етеді және ол экономиканы  салықтық реттеудің қажеттілігі мен міндеттілігін айқындайды. Осыған байланысты, рационалды түрде құрылған салық салу жүйесі әлеуметтік экономикалық құрылымдардың қоршаған ортаның қолайсыз үрдістерінен тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді. Мәселенің былай қойылуы салық салуды бірінші кезеңдегі мәселелер қатарына қояды және қайта бөлу қатынастарын жүргізіп отырған реформалардың теориялық және әдістемелік негізделуінде болып жатқан процестерге сәйкес өзгеруін білдіреді. Бұл мәселе салық базасын қалыптастыру мен салықтарды есептеу, сонымен бірге салық салу механизмінің құқықтық аспектілерін қамтиды. Біздің ойымызша, бұл мәселе жалпы ұлттық қажеттіліктерге сәйкес, салық салудың ұйымдастыру экономикалық механизмі арқылы салық салу жүйесінің құрылымын реттеу негізінде шешілуі тиіс.

Нарықтық қатынастардың қалыптасу  кезеңі толығымен өтпеген және бұрын  өзінің жеке салық салу жүйесі болмаған мемлекет ретінде, Қазақстанның экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуімен  байланысты салық салу мәселесі актуалды болып отыр. Салық салу мәселесін зерттеу, оның мемлекеттің қалыптасуымен бірге әлеуметтік, қоғамдық және жеке мемлекеттік және корпоративтік қызығушылықтарды қоса ескере, олардың өзара қатынасын фискалдық және реттеу функциялары арқылы пайда болатынын көрсетті.

Ғылыми әдебиеттерде салық салу мәселелеріне көп көңіл бөлінуде, себебі салықтар және салық салу арқылы ұлттық табыстың бір бөлігін мемлекеттендіру жүреді және ол бюджет құрылымы арқылы іске асырылатын, мемлекет пен салық төлеушілердің қызығушылықтарының өзара қарым- қатынасын көрсетеді. Бірақ, осы уақытқа дейін салық салудың теориялық - әдістемелік жақтарының дискуссиялық сипаты, оның салық салу жүйесін қалыптастырудың қиындығын және оны құрудағы әртүрлі көзқарастардың бар болуы, яғни салық салу ұғымы, мәні туралы бірыңғай көзқарастың жоқ екендігін білдіреді.

Салық салу – салықтарды алу процессі, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс  және экономикалық категория ретінде  де, зерттеу процессінде автордың қандай мақсат қойғанына байланысты қарастырылады. Салық және салық салудың түсініктерінің біржақты емес көрінісі, салық саласындағы мемлекеттік саясаттың тікелей және жанама салық салудың ара қатынасы оның құрамы, баға белгілеумен өзара байланысы және тағы басқа байланыстар бойынша пікірталасқа алып келеді.

Мемлекет тараптарынан экономикалық процесстерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырамас элементі болып табылады. Экономиканы мемлекеттік реттеу тәсілдерінің ішінде – салық саясаты ерекше орын алады. Практикада салық саясатындағы байланыстарды өзгерте отырып, тек қана экономикадағы коньюктуралық ауытқуларды жұмсатып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық шаруашылықты ұзақ мерзімді тұрақтандыруға ықпал еткенін көрсетіп отыр.

Дұрыс салық саясатын қолдана отырып, мемлекет елдегі экономиканың жағдайын реттей алады және реттейді. Бірақ, бюджетке  салықтық түсімдерді көбейту, салық салу аясын кеңейту, салық ауыртпашылығын азайту есебінен жүргізу қажет. Салықтық зерттеулер, жиынтық ауыртпалық негізгі үш салықтың әсерінен: корпоративтік табыс салығы, қосымша құн салығы және акциздердің және жалақыдан алынатын аударымдарды қоса алғанда, бүгінгі таңда 40-45 %-ды құрап отыр.

Осының нәтижесінде, салық  төлеушілердің көпшілігі салық  төлеуден қашады, әсіресе егер салықтар саласы шекті нормадан асып кетсе  халықаралық тәжірибеде көрсетіп отырғандай, салық жүктемесінің оптималды шегі салық саясатын табыстың 35% ауысуы керек.

Қазақстан Республикасындағы  салықтар – бұл өте күрделі  мәселе. Мемлекеттілікті күшейту  жағынан алғанда, салық заңдары  Азаматтық Кодекстен кейінгі орында. Өкінішке орай, салық саясаты көбінесе, бұл процесстің негізгі қатысушысы – салық төлеушіге қатысты жүргізілмейді.

Бүгінгі таңда енгізілген салық жүйесінің, яғни төлеушінің қызығушылықтарын әлеуметтік қорғау мен заңды құқықтарын қамтамасыз ететін салық жүйесінің әрекеті туралы айту әлі ерте.

Қазақстанның стратегиялық жоспарларының шеңберінде, қазіргі  салық жүйесі әлі де салық заңдарының негізгі қалаушы негізгі принциптерді ары қарай жетілдіру мен оның тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап  етуде. Ол өз кезегінде, жеке кәсіпкерліктің іскерлік белсенділік деңгейін көтеруге мүмкіндік жасайды және мемлекеттің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді, халықтың өмірінің жеткілікті деңгейін қалыптастыруға көмектеседі.

Қазіргі жағдайда мемлекеттің және жалпы қоғамның өмір сүруіне мықты қаржылық негіз құру, салық салу аясындағы реформаларды сәтті іске асыру, бюджеттің барлық деңгейлерін уақытылы және толық қалыптастыру шаруашылық субьектілері мен жеке тұлға құқықтарын мүлтіксіз орындағандағы мемлекеттің қаржылық мүддесін қамтамасыз етуге арналған тиімді салықтық реттеу жүйесінсіз мүмкін емес. Сондықтан біздің республикада және шетелде салықтық реттеуді ұйымдастыруды зерделеумен, сонымен қатар салықтық реттеуді жетілдіру жолдарын анықтауға байланысты сұрақтар өте өзекті болып отыр. 

Дипломдық жұмыстың мақсаты – экономикадағы салықтық реттеудің ерекшеліктерін талдау және оны жетілдіру жолдарын көрсету.

Қойылған мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді қоямыз:

  • мемлекеттік салықтық реттеудің түсінігі мен ерекшелігі;
  • салықтардың экономикалық мәні мен Қазақстан Республикасының салық

жүйесін ұйымдастыру;

  • Алматы облысы бойынша Салық Департаментінің бюджетке төленетін

салықтар мен басқа  да міндетті төлемдерге экономикалық талдаулар жүргізу;

  • Қазақстан Республикасындағы салықтық реттеудің ерекшеліктері мен

даму бағыттарын анықтау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі – Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік салықтық реттеу ерекшеліктері.

Зерттеу пәні – мемлекет экономиканы дамыту жолында салықтық реттеу процесі арқылы экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандыру жолын, салық жеңілдіктерін, салық ставкаларын зерттейді.

Зерттеу әдістері - экономикалық процестерді танып білудің бірнеше әдістері қолданылды. . Олар: ғылыми абстракциялау, талдау және жинақтау, статистикалық талдау, сараптамалық бағалау, салыстыру, талдап қорыту әдістері.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

Бірінші бөлімінде қазіргі  кезеңдегі мемлекеттік салықтық реттеудің теориялық негіздеріне мән берілген.

Екінші бөлімінде Алматы облысы бойынша Салық Департаментінің 2008-2012 жылдар аралығында бюджетке төленетін  салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге экономикалық талдаулар жүргізілген.

Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік салықтық реттеу мәселелері қарастырылып, даму тенденциялары көрсетілген.

Дипломдық жұмыстың теориялық - әдістемелік базасы болып  «Салықтық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық Кодексі, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы, отандық және шетелдік әдебиеттер, мерзімді басылымдар және жұмыс ішінде талдау жасалынатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің ақпараттары, Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің статистикалық мәліметтері қолданылды және Алматы облысы бойынша Салық Департаментінің мәліметтері, жылдық есептері қолданылды.

1 МЕМЛЕКЕТТІК  САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ

    1. Салықтың мәні, мазмұны және экономикадағы рөлі

Біздің еліміздегі мәселелерді  шешуде кешендік көзқарас қажет және мұнда маңызды рөл салық салу жүйесіне жүктелген. Біз білетініміздей, салықтар және саясаты – күшті  факторлар, яғни мемлекеттің қолындағы  экономикаға тікелей әсер етуші құрал, сонымен бірге, мемлекеттің шаруашылық субьектілерімен кері байланыс механизмі. Міне, сондықтан нақты жағдайға байланысты, оның ішінде экономиканың даму мен ерекшелігіне, елдегі мемлекеттік жағдайы билік тұрақтылығына қарай, бұл фактор- оның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуші құрал болуы, немесе оның тәуекелге бару көзі болып табылады [1,3-4 бб.].

Мемлекет табыстарының негізгі көзі – салық болып  табылады. Салықтағы кез келген өзгерістер саяси күрестің, ақпарат құралдарындағы сынның обьектісі болады.

Салыққа назар аудару соңғы екі мың жылдықта толық  ақталған болып қалады, өйткені салықтыр – бұл:

  • салық төлеушілердің табысынан шегерім;
  • қазіргі заманғы мемлекеттің табыстарының негізгі көздері;
  • рыноктық экономиканы реттеудің тиімді құралдары.

Осындай жағдайда келесі анықтама шығады:

Салық – бұл алдын  ала белгіленген заңды тәртіпте шаруашылық субьектісінің табысының  бір бөлігін мемлекет пайдасына  алу.

Тарихи салықтар мемлекеттің  пайда болуымен бірге туындайды. Салықтар қанша ғасырдан бері бар болса, экономикалық теория салық салудың оңтайлы қағидасын А.Смит қалыптастырды. Оның көзқарастары негізінде салық салудың екі ірі тұжырымдамасы қалыптасты.

Біріншісі – салық  төлеуші оған мемлекет көрсеткен  қызметтен алатын пайдаға салық  үйлесімді болуы қажет деген идеяға негізделген. А.Смит мысалы: жолды кім пайдаланса, жөнделуін сол төлеуі тиіс.

Екінші тұжырым алынған  табыс мөлшеріне салықтың байланысты болуын қарастырады.

Қазіргі заманғы салық жүйелері қағидалардың бірнеше түрін

пайдаланады:

  • жалпылығы, яғни барлық экономикалық субьектілерді қамту;
  • тұрақтылық, яғни салықтардың барлық түрінің және мезгілді салық

мөлшерінің бірқалыптылығы;

  • жүктемені тең бөлу, яғни барлық салық төлеушілер үшін сол мөлшерлеме

бойынша сәйкесті салық  төлеу;

  • міндеттілік;
  • мәжбүр ету, яғни төлемнің сәйкесті болмай қалмайтыны, салықты есептеу

мен төлеуде субьектінің  тәуелсіздігі [2,105-106 бб.].

Сонымен салықтардың  мазмұны мынадай:

  • материалдық категория жағынан – бұл белгілі бір ақша сомасы болса;
  • экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;
  • заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме

болып табылады.

Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:

  • салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.

Информация о работе Мемлекеттік салықтық реттеуді жетілдіру механизмі және перспективалары