Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 13:07, курсовая работа
Жұмыстың бірінші бөлімінде Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, түсінігі мен бағалау әдістері, басқарудың тиімділгін арттырудағы есепке алынатын факторлар; ал курстық жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытудағы тиімді басқару жүйесінің ерекшеліктері, мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформасы қарастырылған.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ТҮСІНІГІ..................................................................................................................5
1.1 Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, түсінігі мен бағалау әдістері................................................................................................5
1.2 Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда есепке алынатын факторлар...............................................................................................................10
ІІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ТИІМДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.......................................15
2.1 Қазақстан Респуликасындағы Мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы демократияландырудың ролі.........................................................15
2.2 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытудағы тиімді басқару жүйесінің ерекшеліктері.........................................................................17
2.3 ҚР Үкіметінің мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформасы............................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................27
Аталған бағыттардың әр қайсысы да аймақтың саяси және әлеуметтік-экономикалық статусын жоғарылатуға бағытталатын мемлекеттік саясаттың көптеген кешенді іс – шараларынан тұрады.
Экономист ғалымдардың
тұжырымдамасында экономиканы басқару
тиімділігін бағалауда
Облыстық экономикасын басқару мемлекетімізде жүзеге асырылып
отырған орталықтандырылған-
Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) – облыстың және жалпы еліміздің экономикалық қызметінің нәтижелерін сипаттайтын, маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі.
2008 жылы облыстың жалпы
өңірлік өнімі 654,8 млрд. теңгені
құраған. Облыстың 2000-2008 жылдардағы
жалпы өңірлік өнімнің өзгеруі
төмендегі мәліметтермен
1-сурет
Жалпы өңірлік өнім, млрд. теңге*
*- 2000-2005 жылдары ЖӨӨ есебіне келесі көрсеткіштер қосылмаған: мемлекеттік басқару, қаржылық қызмет, қаржылық делдалдықтың жанама өлшенетін қызметтері, азық-түлік пен импортқа салынатын салық және жеңілдіктер. 2006 жылдан бастап барлық көрсеткіштер өңірлер бойынша бөлінеді және жалпы өңірлік өнім жалпы ішкі өнімге тең.
2000-2008 жылдары Алматы
облысының жалпы өңірлік
Облыстың Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өніміндегі үлесі 2008 жылы 4,1 пайызды құраған.
2000-2008 жылдары облыстың
жалпы өңірлік өнімінің
Бір жанға шаққандағы ЖӨӨ мөлшері бір адамға арналған кірістер мен шығыстардың орташа есебін сипаттайды және халықтың әл-аухатын өлшеу құралы болып табылады. 2008 жылы облыста бір жанға 395,6 мың теңге есебінен жүргізілген, ал Республика бойынша орташа есеппен – 1016,7 мың теңге немесе 2,5 есе көп. Бір жанға шаққандағы ЖӨӨ көлемі Алматы облысынан тек Оңтүстік-Қазақстан (320,2 мың теңге) және Жамбыл (308,0 мың теңге) облыстарында ғана төмен болған.
Алматы облысы экономикасының өсу қарқынына салалардың қосқан үлесін бағалау нәтижесі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда салаларының көшбасшы екенін көрсетеді.
ЖӨӨ өсіміне экономика секторларының қосқан үлесі айтарлықтай өзгерген.
1- кесте
ЖӨӨ өсіміне салалардың қосқан үлестері,%
Салалар |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
Ауыл шаруашылығы |
28,9 |
25,6 |
28,0 |
26,9 |
27,8 |
19,9 |
18,1 |
17,6 |
18,1 |
Өнеркәсіп |
30,8 |
30,2 |
31,2 |
31,8 |
35,9 |
32,5 |
23,9 |
19,8 |
22,1 |
Құрылыс |
2,7 |
5,3 |
4,5 |
5,3 |
8,1 |
12,7 |
10,8 |
8,5 |
9,4 |
Сауда |
8,3 |
9,5 |
7,9 |
7,8 |
7,4 |
7,6 |
9,0 |
9,3 |
7,9 |
Көлік және байланыс |
13,8 |
14,6 |
15,4 |
15,5 |
13,8 |
13,2 |
12,9 |
11,0 |
8,3 |
Басқа салалар |
15,4 |
14,8 |
12,9 |
12,7 |
13,0 |
14,1 |
25,3 |
33,8 |
34,2 |
Жиынтығы |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
Республикада жүргізілген экономикалық реформалар облыс экономикасының нақты секторын үдемелі дамытуға септігін тигізді.
2008 жылы жалпы өңірлік ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 187,3 млрд. теңгеге жетіп, 2000 жылдың деңгейіне қарағанда (53,5 млрд. теңге) 3,5 есе өскен.
Ауылдарды қолдау жылдарында аграрлық секторда түбегейлі қайта құрулар жүргізіліп, ауыл шаруашылық өндірісінде құрылымдық реформалар жүзеге асырылған.
Қазіргі уақытта 886 ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен 47,3 мыңнан астам шаруа қожалықтары жұмыс жасайды, ауыл шаруашылық өндірісімен 330 мыңнан астам үй шаруашылықтары айналысады. Бұл салада облыс экономикасының барлық салаларында қызмет атқаратындардың жалпы санынан 47,1 пайыз адам жұмыс жасайды.
Облыста республикадағы ауыл шаруашылығы өнімінің 14,2 пайызы өндіріледі және жүгері, қант қызылшасы, майбұршақ, темекі, картоп, көкөніс, ет, жұмыртқа және жүн өндірісінің басты шикізат аймағы болып табылады.
Үстіміздегі жылы тапсырма бойынша 550 гектарға қарағанда 1072,8 гектар бақ және жоспар бойынша 150 гектарға қарағанда 120,6 гектар жүзімдік отырғызылды.
Барлық мал және құс түрлері санының, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі байқалуда. МІҚМ басының саны 2008 жылы 2000 жылға қарағанда 54,4 пайыз өсіммен 788,8 мың басты құраған, сәйкесінше қой мен ешкі саны – 2944,4 мың басты (131,9%), шошқа - 140,9 мың басты (114,6%), жылқы – 219,7 мың басты (138,3%), құс – 8384,3 мың басты (196,1%) құраған.
Облыс өзі өнідіретін ет, сүт және жұмыртқа өнімдерімен өзін толықтай қамтамасыз етеді. 9 асыл тұқымды зауыттар, 117 асыл тұқымды шаруашылықтар, 1 асыл тұқымды және 2 дистрибьюторлық орталықтар жұмыс жасайды. 2008 жылы Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру жөніндегі салалық жоба әзірленіп, қазіргі уақытта жүзеге асырылуда, аталған жоба бойынша заманға сай жемдеу және сүт кешендерін, жоғары технологиялық өңдеу кәсіпорындарын құруды, жылыжай кешендерінің, жеміс-көкөніс сақтау қоймаларының құрылысын, жеміс бақтары мен жүзімдіктерді отырғызуды көзделген.
2000 жылдан 2008 жылдары аралығында облыста өнеркәсіп өндірісінің өсімі байқалады.
Соңғы тоғыз жыл ішінде өнеркәсіптегі орташа жылдық өсім қарқыны 27,2 пайызды құраған. Бүгінгі таңда, ЖӨӨ құрылымындағы өнеркәсіптің үлесі - 22 пайыздан астам. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 4,3 есе (2000 жылғы 69,9 млрд. теңгеден 2008 жылы 301,7 млрд. теңгеге дейін) өскен.
Осы сала облыстың салық базасының 32,5 пайызын қалыптастырады, оның 30 пайызы өңдеу саласына тиесілі.
2008 жылы 2000 жылға қарағанда
жалпы өнеркәсіп өндірісінің
көлеміндегі өңдеу
Облыс республика бойынша ауыл шаруашылығы, электротехникалық өнімдер мен құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін шығару жөнінде алға басуда.
2.2 ҚР Үкіметінің
мемлекеттік басқару жүйесін
жаңартуға бағытталған
Үкіметтің экономикалық
саясатының барлық бағытының арасында
әкімшілік реформа мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға
бағытталғандығымен ерекшеленеді. Осы
орайда, мемлекеттік органдар жұмысының
тиімділігін арттыруға басты көңіл бөлінеді.
Былайша айтқанда, үкімет қызмет сапасын
жақсаруға мол қаржы бөлуге тиісті.
Үкімет әкімшілік реформаны іске асырудың
бастапқы кезеңін жүзеге асыруда.
Реформа аясындағы жұмыстар
алты блок бойынша жүргізіледі.
Бірінші. Мемлекеттік қызметті реформалау.
Бұл блок бойынша мемлекеттік қызметті
құқықтық-ұйымдастыруды қамтамасыз етуге
байланысты барлық мәселелер енеді: атап
айтқанда, еңбекақы, мамандар даярлау,
лауазымдық регламент, мемлекеттік қызметшіні
ынталандыру, олардың біліктілігін арттыру,
міндеттердің қайталануын болдырмау,
т. б.
Президенттің
Жарлығына сәйкес, мемлекеттік органдардың
басшыларына қызметкерлердің санын қысқару
және үнемделген қаражатты мамандардың
еңбекақысын арттыруға пайдалану туралы
дербес шешім қабылдауға құқық берілген.
Мысалы, Премьер-Министр Кеңсесінде аппаратты
оңтайландыру жүргізілген, енді үнемделген
қаржыны қызметкерлерді ынталандыруға
пайдаланатын болады. Еңбекақыны арттыру
мемлекеттік қызметшілердің өз жұмысында
нақты нәтижеге қол жеткізуіне қосымша
серпін береді. Мемлекеттік қызметшілердің
еңбекақысының жаңа жүйесі жалпы алғанда,
мемлекеттік органдардың және әрбір қызметкердің
жұмысын шынайы бағалауды енгізуге негіз
бола алады. Кезең-кезең бойынша мемлекеттік
органдардың қызметі рейтингілік бағалау
қорытындысы бойынша саяси қызметшілерге
сыйақы беруде бонустық жүйе енгізілетін
болады. Басшылардың алдына нақты міндеттер
қою және ол міндеттердің орындалуын тұрақты
түрде бағалау әрқайсысының жауапкершілігін
арттырып, қоғам алдында есепті болуын
арттыра түседі.
Мемлекеттік
қызметті реформалау аясында, сондай-ақ
саяси және әкімшілік функцияларды бөлу
бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік
басқару жүйесіне жаңа әкімшілік қызмет
– Жауапты хатшы лауазымы енгізіледі.
Бұл әр салада стратегиялық мәселелерде
шешім қабылдауда мемлекеттік органдардың
саяси басшылық жұмыстарын жүргізуге
мүмкіндік береді.
Жауапты хатшы саяси басшылық шешімін
қабылдауды, сондай-ақ ұйымдастырушы-басқарушылық
және әкімшілік-шаруашылық міндеттерді
жүзеге асырады. Жауапты хатшы жоғары
әкімшілік қызметіндегі лауазым иесі
ретінде бірінші басшы ауысқан жағдайда
мемлекеттік органдар аппаратының тұрақтылығын
және сабақтастықты қамтамасыз етеді.
Үкімет
тарапынан мемлекеттік қызметке функциялық
талдау жасау жөнінде тұрақты жұмыстар
ұйымдастырылуда. Мемлекеттік міндетке
жатпайтын функция бәсекелестік ортаға
беріледі. Мемлекеттік органдар әзірше
бәсекелестікті шектеу және кәсіпкерлерді
жосықсыз бәсекелестіктен қорғау фактілерімен
күресуге қауқарсыз болып отыр. Осыған
байланысты салалық реттеуіш функциясын
орындайтын алқалық органдар құру пайдалы
болар еді. Мемлекет басшысының тапсырмасы
бойынша биылғы жылы телекоммуникация
мен байланыс саласында салалық реттеуіш,
сондай-ақ бәсекелестікті дамыту саласында
тәуелсіз реттеуіш құрылатын болады. Мемлекеттік
қызмет жүйесі ашық болуы тиіс, яғни атқарушы
билік қызметі туралы ақпарат пен қызмет
көрсету қоғам үшін қол жетімді болады.
Халықтың және бизнес-қоғамдастықтың
арасында «әлсіз жақты» және жұмыс сапасын
одан әрі жақсарту үшін социологиялық
сауалнама жүргізілетін болады. Екінші.
Мемлекеттік жоспарлауды жетілдіру. Биылғы
жылғы қаңтардағы Парламент палаталарының
бірлескен отырысында еліміздің Президенті
мемлекеттік жоспарлауды жетілдірудің
міндеттерін айқындап берді. Әңгіме Үкімет
деңгейінде бекітілген программалар санын
қысқарту туралы ғана емес, жалпы алғанда,
басқару және жоспарлауда көзқарасты
өзгерту туралы болып отыр. Корпоративтік
басқарудың осы заманғы жүйесі жеке сектор
тәрізді, мемлекеттік органдарда да, стратегиялық
мақсаттар мен міндеттерге көбіне-көп
бағытталады. Біз нақ осындай тетікті
енгізетін боламыз.
Бәрінен бұрын,
әрбір министрлік, агенттік және әкімдіктер
өз қызметінің 5 жылдық стратегиялық мақсатын
анықтауы тиіс, содан кейін барып оны Үкімет
бекітеді. Нәтижеге қол жеткізу деңгейін
бағалау үшін тиісті тиімділік пен нәтижеліліктің
мақсатты көрсеткіштері әзірленетін болады.
Нақты мақсатты
индикаторға қол жеткізу Үкімет пен мемлекеттік
органдардың басшылары қол қоятын меморандум-келісімде
көрсетіледі.
Осылайша Үкімет деңгейінде бекітілетін
орталық және жергілікті мемлекеттік
органдардың көптеген бағдарламалық құжаттарынан
бас тартып, бәрінен бұрын, мақсатты көрсеткіштерде
қолданылатын стратегиялық жоспарларды
талқылауға көшетін болады. Басқарудың
мұндай жүйесіне көшу мемлекеттік органдардың
басшыларының дербес шешім қабылдауына
жол ашып, бір мезгілде олардың Парламент
пен қоғам алдындағы жауапкершілігін
арттырады. Мемлекеттік органдарда стратегиялық
жоспарлау жүйесін енгізу елімізде стратегиялық
мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға
қол жеткізуге, мемлекеттік басқару сапасын
арттыруға мүмкіндік туғызады. Үшінші.
Бюджеттеу, нәтижені бағдарлау. Бюджеттеу
жүйесін реформалау мемлекеттік ресурстар
шығысының тиімділігіне бақылауды күшейту
қажеттілігіне байланысты жүргізіледі.
Сонымен бірге, мемлекеттік органдарға
бюджеттік қаражатты бөлу және пайдалануда
үлкен дербестік береді. Бір мезгілде
мемлекеттік органдар басшыларының нақты
нәтижеге қол жеткізуін жақсартуы жүзеге
асырылады. Бұл үшін бюджеттік классификацияға
өзгерістер енгізіледі, есеп және мемлекеттік
басқару органдарының қаржылық есептілігі
стандарттары бекітілді. Төртінші. Мемлекеттік
қызмет көрсету сапасын арттыру
Мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданыстағы
жүйенің негізгі кемшілігіне тоқталсақ,
ол жүйе қызмет көрсетуші мүддесіне бағытталған,
яғни шенеунікке арналған, тұтынушыға
емес. Мұндай кемшілікті болдырмау мақсатында,
Үкімет тарапынан мамырдың аяғына дейін
орталық және жергілікті атқарушы органдарға
тиесілі мемлекеттік қызмет регистрі,
сондай-ақ оларды енгізу стандарты мен
әзірлеу жоспары бекітілетін болады. Қазіргі
уақытта мемлекеттік қызмет көрсету сапасы
мен қол жетімділік көрсеткіштеріне, олардың
нормативтік және мақсатты мәніне қатысты
нормативтік-құқықтық актілер әзірленуде.
Осыдан кейін барып, мемлекеттік қызмет
көрсетудің барлық саласында халықты
ақпараттандыру жүйесі жөнге келеді.
Мемлекеттік
қызмет көрсету сапасын арттырудың принциптері
мынадай:
- әрбір
мемлекеттік мекемеде қызмет көрсететін
тұтынушы шеңберін айқындау:
- маңызды
сұранысты табу және көрсетілетін қызметті
қанағаттандыру деңгейі үшін тұтынушылар
арасында сауалнама жүргізу; - көрсетілетін
қызметтегі кемшіліктерді табу мақсатында
халықпен тікелей байланыс жасайтын қызметкерлер
арасында сауалнама жүргізу;
- қызмет
реестрі мен сапа стандарты туралы халықты
ақпараттандыруды қамтамасыз ету; - қызмет
түрлері мен оны ұсыну жолдарың таңдауды
анықтайтын клиенттерді қамтамасыз ету; -
қызмет көрсету және шағымданушы процесінде
тиісті ақпаратқа халықтың толық қол жетімділігіне
қол жеткізу; - халықтың шағымын шешудің
тиімді тәсілдерін қамтамасыз ету.
Осы блок аясында, сондай-ақ «Электронды
Үкіметті» құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Электронды Үкімет және әкімдіктер инфрақұрылымын
құру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың
күрделігіне қарамастан, айтарлықтай
нәтижелер бар. Электронды құжат айналымы
енгізілді, көптеген мемлекеттік органдарда
веб-сайттар ашылып, жұмыс істеуде. Бұл
жұмыстың маңыздылығына келсек – мемлекеттік
қызмет көрсету сапасына тәуелсіз бағалау
бұрындары жүргізілмеген. Мұндай бағалау
ісіне социологиялық сауалнама жүргізумен
шұғылданатын мамандандырылған компания
тартылатын болады. Бесінші. Оңтайландыру
және экономиканың мемлекеттік секторын
басқару тиімділігі. Осы блок аясында
мемлекеттік сектордағы барлық кәсіпорында
корпоративтік басқару принциптері енгізілетін
болады. Бұл – корпоративтік басқару Кодексін
қабылдау; компаниялар қызметінің ашықтығын
арттыру; даму стратегиясын әзірлеу; кәсіпорын
жұмысын стратегиялық мақсаттарға қол
жеткізуге бағыттау. Мемлекеттің экономикалық
қызметке қатысуын оңтайландыру жөнінде
жұмыстар жалғасын
табуда. «Самұрық-Қазына» мемлекеттік
холдингілерде корпоративтік басқаруды
енгізу жөніндегі жұмыстарды бастады.
Бұл тәжірибе барлық мемлекеттік холдинктерге,
ӘКК (СПК) мен жалпы алғанда экономиканың
мемлекеттік секторында қолданылады.
Алтыншы.
Мониторинг және экономиканың мемлекеттік
секторы мен мемлекеттік органдар қызметінің
нәтижелерін бағалау. Әкімшілік реформа
нәтижесіне талдау жүргізу үшін және мемлекеттік
қызметшілермен экономиканың мемлекеттік
секторы жұмысшылары үшін мониторинг
жүйесі және олардың қызметін бағалау
енгізіледі. Мұндай тетік айқындалған
көрсеткіштер жүйесіне негізделеді, яғни
басқару сапасы мен мемлекеттік қызметті
бағалауға, сондай-ақ тиісті бағдарламалардың
іске асу тиімділігін бағалауға мүмкіндік
береді. Бағалау нәтижесі мемлекеттік
қызметшілдердің қызметін ынталандырудың
құралы бола алады. Мұндай тетікті енгізу
стратегиялық, экономикалық және бюджеттік
жоспарлауды кіріктіруді, сондай-ақ мемлекеттік
органдардың қызметін кешенді бағалауды
қамтамасыз етеді. Бюджеттік ақша нақты
стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу
үшін ғана бөлінетін болады. Бағалау мынадай
талаптар бойынша жүргізіледі:
мемлекеттік
органдар қызметінің стратегиялық мақсаттар
мен міндеттеріне тиісті анализ жасау;
мемлекеттік, салалық, өңірлік және бюджеттік
бағдарламаны іске асыру тиімділігі;
мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігі
мен сапасы;
мемлекеттік
активтерді басқару тиімділігі; бюджеттік
қаржыландыру тиімділігі; ұйымдастыру
құрылымының тиімділігі; кадрды басқару
және технологиялық ресурстарды қоса
алғанда, ішкі операциялық процестердің
тиімділігі; тәуелсіз аудит нәтижесіне
анализ; Осылайша бағалаудың мұндай жүйесін
енгізу ашықтықты және қаржылық ресурстарды
игеру мен бөлу процесінде мемлекеттік
басқару органдарының жауапкершілігінің
тиімділігін арттыруға жол ашады.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
бекітіліп, жарияланғанда, халық пен кәсіпкерлерге
тұрақты әлеуметтік сауалнама ұйымдастырылғанда,
мемлекеттік органдардың есептілік тетігі
құрылғанда, олардың қызметінің нақты
нәтижелеріне байланысты мемлекеттік
қызметшілердің қозғамдама жүйесі енгізілгенде,
осының қорытындысында халықтың өмір
сүру сапасы жақсарып, елімізде бизнесті
дамыту жақсаратын болады.
Әкімшілік реформа іс-шаралары жүйелі
жүргізілетін болады. Ең басты күрделі
элементтер: стратегиялық және экономикалық
басқарудың жаңа әдістерін әзірлеу мен
енгізу; бағдарламалық құжаттардың тиімділігін
бағалау; нақты нәтижелерге бағытталған
бюджеттік жоспарлауды енгізудің тиісті
нәтижелері; алғашында бірқатар министрліктер
мен әкімдіктерде пилоттық жоба ретінде
енгізіледі. Бұлар – Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі, Денсаулық сақтау
министрлігі, Қаржы министрлігі, Білім
және ғылым министрлігі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекеттік тиімділігін
қамтамсыз ету қай кезде де,
қай елде де жұртшылық назарын
ұдайы аударып келген мәселе. Тәуелсіздік
алып, мемлекеттік егемендігін
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі нәтижелер мен қол жеткізген қоғамдық мақсаттардың және пайдаланылған мемлекеттік ресурстардың арақатынасын білдіретін ұғым. Мемлекеттік басқару – қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыру барысында оң нәтиже жеткізетін қызмет түрі. Тиімділік басқарушы субъектінің және қоғамның алдыға қойған мәселелерді шешу үшін жұмсаған күш жігерінің қаншалықты әлеуметтік маңызы зор нәтижелерде іске асқаны (көрініс тапқанын) білдіретін көрсетіш.
Қазіргі дағдарыстан шығуда мемлекеттің тимді басқаруының мәні зор. Жаңа мыңжылдықта жаппай ақпараттандыру, адам мен азаматтың жаратылыстық құқықтарының етенелігін халықаралық тану, демократия принциптерін орнықтыру дәуірінде – мемлекеттік басқару жүйесі елдің азаматтары жөнінде қызметтік міндетін жүзеге асыруға, атап атқанда олардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге тиіс.
Алдағы жаһадану жағдайында мемлекеттік басқару міндеті мен ролі күрделілене, арта түседі, бірақ жетілдірудің басты өлшемдері әрқашан да оның тиімділігі мен нәтижелілігі болып қала бермек.
Мемлекеттік басқару тиімділігінің түсінігіне оның мақсатты бағытталған және мақсатқа сай қызмет ретінде өзіндік мәні көрініс табатын анықтамасы тән.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі