Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 13:07, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың бірінші бөлімінде Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, түсінігі мен бағалау әдістері, басқарудың тиімділгін арттырудағы есепке алынатын факторлар; ал курстық жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытудағы тиімді басқару жүйесінің ерекшеліктері, мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформасы қарастырылған.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3

I МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ТҮСІНІГІ..................................................................................................................5
1.1 Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, түсінігі мен бағалау әдістері................................................................................................5
1.2 Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда есепке алынатын факторлар...............................................................................................................10

ІІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ТИІМДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.......................................15
2.1 Қазақстан Респуликасындағы Мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы демократияландырудың ролі.........................................................15
2.2 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытудағы тиімді басқару жүйесінің ерекшеліктері.........................................................................17
2.3 ҚР Үкіметінің мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформасы............................................................................................21

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................27

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі.doc

— 243.00 Кб (Скачать)

Заңда мемлекеттік қызметкерлердің  санаты көрсетілген, мемлекеттік қызметті атқару мен оған кіру тәртібі, конкурстарды өткізу қажеттілігі, мемлекеттік қызмекерлерді  аттестациялау тәртібі, оладың құқықтары  мен міндеттері белгіленген.

Дегенмен де мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен кадр мәселесі әлі де болса өз шешімін толықтай таппай отыр және қайта қарауды талап етеді. Бүгінгі таңда орын алып отырған жағдайлар мемлекеттік қызметкерлерді тиімді қызмет атқаруға ынталандырмайды, сапасыз атқарған жұмыстар үшін жауапқа тарту шараларын қолдану мәселелерін шешпеді. Осының бәрі билік пен басқару органдарының қызметін қиындатады, көбінесе заңға қарама-қайшы әрекет етуге алып келеді, олардың қызметіне қоғам тарапынан бақылау орнатуды қамтамасыз етпейді.[6]

1- сурет. Мемлекеттік  билік тиімділігінің факторлары

 

Сондықтан мемлекеттік  қызмет тиімділігін арттыру үшін бірқатар міндеттерді шешу қажет: бюджеттік  шығыстарды көбейтпей-ақ жанама шығындардың үлесін азайту арқылы ақшалай төлемдерді ұлғайту бағытында мемлекеттік аппаратты қаржыландыру жүйесін қайта қарау; мемлекеттік аппарат санының өсуін шектеу;

      • республикалық және аймақтық деңгейлер үшін мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық өсуінің бірыңғай ережесінің, оның ішінде бірыңғай мемлекеттік қызмет жүйесінде кадр резервін тиімді қолдану механизмін әзірлеу;
      • мемлекеттік қызметкерлерді әзірлеу, білімін жетілдіру және еңбегін бағалаудың қазіргі инфраструктурасы мен нормативтік негізін жасау;
      • мемлекеттік қызметкерлерді тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту тәртібі мен себептерін белгілеу.

Қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрақтылығы  мемлекеттік басқарудың тиімділігін  анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі жүйенің қызметінің барлық деңгейінде көрініс табады: жеке ұйымнан бастап жергілікті қоғамға дейін, жергілікті деңгейден аймақтық, аймақтық қауымдастықтан әлеуметтік жүйе мен оның саяси ұйымы – мемлекетке дейін. Тиімділік әрбір деңгейде мақсаттар мен нәтижелердің ара салмағын, мақсаттарда көрініс табатын басқарушылар мен басқарылатындардың мүдделеріне нәтижелердің сәйкес келуін сипаттайтын өзіндік критерийлермен өлшенеді. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі жоғары критерийіне оның функцияларынының  толыққанды жүзеге асуы жатады. Бұл жалпы түрде қоғам мен саяси жүйенің тұрақтылығын, тұтастығын, бірлігін, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сонымен қатар халықтың барлық топтарының мүдделерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды білдіреді.

Мемлекеттің біртұтастығы мен қоғамның бірлігі – мемлекеттік басқару тиімділігінің нәтижесі, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізі және халықтың әл-ауқатын арттыру шарты. Ал бұдан билік пен басқаруды ұйымдастырудың жалпыжүйелік нысанынан туындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ЖАҒДАЙДЫ ДАМЫТУДАҒЫ  ТИІМДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2.1 Қазақстан Респуликасындағы Мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы демократияландырудың ролі

 

Мемлекеттік басқару  тиімділігін арттыруды қамтамасыз етудің өзекті бір тәсілі ретінде  оны демократияландыру мәселесі алға тартылады. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың басты әдісі ретіндегі демократияландыру үрдісінің әлем тарихындағы тәжірибесі жетіп жатыр. Алайда, оны біздің елде іс жүзінде асыру мемлекеттік басқарудың бірқатар ерекшеліктерін ескере отыруды керек етеді. Ең алдымен, басқаруды демократияландыру үрдісі оның теориялық негіздерін дәлдей түсуді қажет етеді. Қазіргі әлемдік қоғамдастықпен кіріге түсуді көздеген Қазақстан қоғамында мемлекет пен мемлекеттік басқарудың міндеттері туралы түсініктердің өзін бір арнаға салу қажет. Бұл ретте 1948 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы  «Адам құқығының жалпыға ортақ деклорациясы», «Азаматтық және және саяси құқықтар туралы» сол ассамблея 1966 жылы қабылданған халықаралық фактіні негізге алу керек. Аталмыш құжатта адам мен азамат қоғамның бастапқы тұлғасы, ал мемлекет пен оның басқа да институттары осыдан арна тартатын екінші тұлғалар деп мойындаған-ды.

      Қазіргі әлемде мемлекет үрейлі машина емес, азаматтарға қызмет көрсететін ұйым деп саналады. Ол енді бұрынғыдай қоғамға қарсы тұрған тап өкілдерінің наразылығын басып-жанышатын қару емес. Осыған орай әлемдік осы заманғы демократиялық қоғамда мемлекеттік егемендік пен халықтық егемендік қатар жүруге тиіс деп топшылайды. Атап айтқанда, елдің ішіндегі халықтық егемендіктің мемлекеттіктен басым рөл атқаруы керектігі Қазақстан Республикасы Конституциясының үшінші бабында өз көрінісін тапқан. Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық деп атап көрсетілуі сондықтан.

Әлемдік жария басқару  ғылымының жетістіктері арнасында  қазіргі кезде мемлекеттік билік  туралы түсініктің өзі өзгерді. Мемлекеттік органдардың атқарушылық-нұсқаушылық қызметін жүзеге асырудың бір түрі ретіндегі мемлекеттік басқару жөніндегі тұжырым кең өріске шығып, басқаша пайымдалатын болды. Бүгінде мемлекеттік басқарудың міндеті мен мазмұны - оның қарауындғы институттардың барлығы қоғамға ұйымдастырушылық тұрғыдан жаңаша ықпал етуге дегенге саяды. Мұның өзі билікті ретке келтіріп, жетілдіре отырып, барлық азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етпек. Сондай-ақ, бүгінгі таңда қазіргі демократиялық қоғамды жария басқару жүйесіндегі азаматтық институттардың жетекші басқару тұлғасы болып табылады.

Мемлкеттік басқаруды  демократияландру үрдісі мемлекеттік  басқару билігінің мазмұны туралы түсніктерді тың қағидалар тұрғысынан да дәлелдеуді қажет етеді. Қазіргі  қоғамдағы мемлекеттік басқару  билігі басшылық тұлғаларының нақтылы  құқықтық әлеуетінен құралады. Атап айтқанда, бұл мемлекеттің басқару тұлғаларының міндетіне, мемлекеттік ескі институттарды қайта құрып, жаңасын ұйымдастыру, оларды толыққанды құқықпен қамтамасыз етіп, басшыларын тағайындау, қажетті ақпараттық, қаржылық, материалдық, техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, олардың басшылық міндеттерін айқындау, оны жүзеге асыруларын бақылап, қорытындылырын шығару, сол секілді атқарушылардың жұмысына баға беру жатады.

Тағы да бір айтып  кететін жай – мемлекеттік басқаруды демократияладыру, ең алдымен, билік тізгінін бір-ақ қолда ұстау үрдісін жойып, соны әдістерді қарастыру керектігі. Мемлекттік басқарудың өзіндік тәсілі ретінде мынадай негізгі үрдістерді қарастырған абзал:

- мемлекеттік басқару  міндеттерін орталықсыздандыру;  бұл тәсілге көшкендегі жоғарыдағы мемлекеттік басқару органдарының билік міндеттері басшылықтың төменгі буындарына беріп, олар мемлекеттік  басқару нысандарына жақындай түседі.

-   мемлекеттік басқару  өкілдерін шоғырландыру. Бұл арада  жоғары басқару органдарынан  төменгі билік буындарына тиісті мүмкіндіктерді жүзеге асыруға қажет кейбір нақтылы міндеттер беріледі.

-  шешімдер қабылдау  барысында басқаруды демократияландыру  тәсілі ретінде  ұжымдық бастаулар  ұлғаяды. Мұндай жағдайда басқару  жүйесіндегі биліктің бір адамның  қолына шоғырландрылуы  кеміп, ұжымдық институттардың алқа мәжілістері мен өкілдер кеңестерінің рөлі артады.

- мемлекеттік басқару  органдарының қызметіндегі демократияландырудың  бір тәсілі ретінде жариялық  пен ашықтық өріс жаяды. Сөйтіп  барша азаматтар мен бұқаралық  ақпараттар құралдары үшін дерек көздеріне қол жеткізудің жолдары ашылады. Олар іс жүзінде күллі мемлекеттік басқару ісінің жаңалықтарынан хабардар болып, басқару органдары қызметін ұйымдастыруға атсалысады.

- мемлекеттік басқару  органдарының азаматтық институттар алдындағы сайлануы, есеп беріп бақылауында болуы – қазіргі қоғамдағы басқаруды демократияландырудың басты тәсілі болып табылады.

- мемлекеттік басқару  органдарының барлық деңгейіндегі  қызметінің бағдарламасы мен  міндеттерін азаматтық институттар  бекітіп, айқындап отыруы басқарудың бір маңызды тәсілі саналады.

Қазіргі кезде мемлекеттік  басқару туралы қолда бар заңдарға сәйкес демократияландыру үрдісі жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Қазақстан Респуликасының жергілікті мемлекеттік  басқару туралы» заңның қабылдауына орай әкімдер аппаратында басқарудың алқа сияқты ұйымдастыру түрі іске кірсіп, түрлі конституциялық ақылдасу органдары құрылды. Бүгінде барлық деңгейдегі атқару органдарының дағдысында іс жүзінде азаматтарды қабылдау жолға қойылып, олардың ой-пікірін, арыз-шағымын ұдайы тыңдап отыру үрдісіне айналып келеді. Басшылардың баспасөз маслихаты дәстүрге еніп, «сенім телефондары» ашылды. Мемлекеттік басқару органдарының қызметіне бақылаудың жаңа қоғамдық түрлері пайда болды.

Алайда, көптеген басқару органдары демократиялық тәсілдерді әлі де жүзеге нашар асырып келеді. Мәселен, «Қазақстан  Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының он үшінші бабында жергілікті органдардың жұмысы жөнінде тыңдау сияқты демократиялық жаңа тәсіл белгіленген еді. Ал бұл әдіс шетелдерде кеңінен пайдаланылады. Біздің мемлекеттің және жергілікті басқару институтының зерттеулеріне қарағанда, жергілікті органдар жария тыңдауды іс жүзінде жүргізбейтіні анықталды. Мұның басты себебі, ондай тыңдауларды әзірлеп өткізудің  жасақталған бағдарламасы да, әдістемесі  де жоқ.

Атап айтатын болсақ, жергілікті жерде жария тыңдаудың  тақырыбы да, нысандары да жетіп  жатыр. Мәселен, аудандық, қалалық және облыстық бюджеттердің жобасын неге талқыламасқа, әкімшілік- аумақтық жерлерді реттеп, құрылыс жүргізу, коммуналдық қызметтің тарифтерін бекіту, азаматтардың тұрған жеріндегі қоғамдық тәртіпті жолға қою,аумақтарды көгалдандырып, тұрғын  коммуналдық шаруашылықты дамыту, сол аумақта тұратын қарттар мен мүгедектерге жағдай жасау, мектептердің, ауруханалар мен емханалардың, пошта және телефон байланысы қызметінің жұмысын жетілдіру, қалдықтарды жинап, жойып отыру, экологиялық тазалықты қамтамасыз ету сияқты мәселелер, жария тыңдауды жолға қойса, тегіс қамтылар еді.

Мемлекеттік басқаруды демократияландыру үрдісі сатылап  өрістейтін шаруа. Соған қарамастан қазіргі жағдайда халықты хабардар етіп отыру, адам құқығының халықаралық абыройын мемлекет алдында мойындата білу шарт. Бұл жұмыс мемлекеттік аппарат кадрларын ғана емес, күллі халықты тәрбиелеп оқытуға байланысты. Сайып келгенде, басқаруды демократияландыру бүгінгі жағдайда мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттырудың  басты тәсілі.[8]

 2.2 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытудағы тиімді басқару жүйесінің ерекшеліктері.

 

Аймақ белгілі бір  территорияда қалыптасып, нарықта өндіруші,  тұтынушы және қайта өндіріс үрдісін  ұйымдастырушы болып табылатын, сонымен қатар  халық шаруашылығы  жүйесінде дамитын — әлеуметтік-экономикалық құрылым болып табылады. Аймақтың даму жағдайы – бұл әр түрлі әлеуметтік және экономикалық үрдістердің жиынтығы, даму тұрғысында анықталатын көп өлшемді және күрделі аспектілі үрдіс.

Егер тек аймақтың экономикалық даму жағдайын қарастырғанның өзінде, оның өзі қоғамның әлеуметтік жағдайының дамуымен байланысты бағаланады.  Теориялық және тәжірибелік тұрғыда  әлеуметтік – экономикалық дамудың негізгі бағыттарына келесілер жатады:

-      өндіріс  пен табыстардың өсімі;

- қоғамның әлеуметтік, институционалдық және әкімшілдік                                                құрылымындағы өзгерістердің болуы;  

-       қоғамдық  танымдағы өзгерістері;

-       дәстүр  мен дағдыдағы өзгерістер

Бүгінгі таңда әлемнің  көптеген елдеріндегі және оның аймақтарындағы экономикалық дамудың негізгі мақсатына  халықтың өмір сүру деңгейі және сапасын арттыру болып табылады.  Сонымен қатар аймақтың әлеуметтік –экономикалық жағдайын дамытудың негізгі мақсаттарына  халықтың ақшалай табыстарын арттыру, білім сапасын жақсарту, азық – түлікпен қамтамасыз ету, денсаулық саласы, кедейшілікпен күрес жүргізу, айналадағы табиғи ортаны жақсарту, халықтардың тең мүмкіндіктерін қалыптастыру және  аймақ экономикасын тиімді басқару жүйесін  жүзеге асыру  жатады. 

Аталған мақсаттардың ішіндегі - аймақтық экономиканы тиімді басқару жүйесі бүгінгі таңда аса көңіл бөлетін бағыттардың бірі.  Елімізде аймақтық экономиканы тиімді  басқару  сол аймақтың территориялық,  климаттық,  экономикалық және әлеуметтік  ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, арнайы мемлекеттік билік органдары (мемлекеттік орталықтандырылған және жергілікті билік) арқылы реттеліп, жүзеге асырылады.   Қазіргі  уақытта  аймақтардың экономикасын басқарудың  түрлері  өте көп, бірақ олардың ішінде негізгі үшеуін: жалпы саяси, құқықтық және экономикалық басқару түрін  бөліп көрсетуге болады. Мемлекеттің аймақтық және ұлттық саясатының жалпы қағидаларына негізделген басқарудың жалпы саяси түрінің негізгі бағыттарына келесілер жатады:

  • аймақтардың жеке шекараларын айқындау;
  • аймақ пен мемлекет арасында өзара іс-әрекет аясын қалыптастыру мен дамыту;
  • республиканың билік органдарының аймақ экономикасын дамытуға қатысты  жауапкершіліктері мен құзыреттерін  бекіту;
  • ҚР-дағы  әкімшілдік-аймақтық  құрылымдардың құқықтары мен міндеттерін анықтау және т.б.

Аймақтың экономикасын басқарудың экономикалық-құқықтық түрі келесі бағыттардан тұрады: 

  • аймақтық табиғи ресурстарды бөлістіруде жалпы қағидалардың орындалуын қадағалау;
  • мемлекеттік қаржылардың аймақ аралық бөлістіру көздерін анықтау;
  • жергілікті қаржылардың  бөлістірілу қағидаларын тиімді жүзеге асыру;
  • мемлекеттік және жергілікті билік органдарының өз міндеттемелерін дұрыс орындауын қадағалау және реттеу;
  • аймақ экономикасының мамандандырылған салаларының әлсіз және басым бағыттарын анықтау және т.б.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі