Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 13:07, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың бірінші бөлімінде Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, түсінігі мен бағалау әдістері, басқарудың тиімділгін арттырудағы есепке алынатын факторлар; ал курстық жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытудағы тиімді басқару жүйесінің ерекшеліктері, мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформасы қарастырылған.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3

I МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ТҮСІНІГІ..................................................................................................................5
1.1 Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, түсінігі мен бағалау әдістері................................................................................................5
1.2 Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда есепке алынатын факторлар...............................................................................................................10

ІІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ТИІМДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.......................................15
2.1 Қазақстан Респуликасындағы Мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы демократияландырудың ролі.........................................................15
2.2 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытудағы тиімді басқару жүйесінің ерекшеліктері.........................................................................17
2.3 ҚР Үкіметінің мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформасы............................................................................................21

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................27

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі.doc

— 243.00 Кб (Скачать)

Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі

 

ЖОСПАР

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

 

I  МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ТҮСІНІГІ..................................................................................................................5                 

1.1 Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, түсінігі мен бағалау әдістері................................................................................................5

1.2 Мемлекеттік басқарудың  тиімділігін арттыруда есепке  алынатын факторлар...............................................................................................................10

 

ІІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ТИІМДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.......................................15

2.1 Қазақстан Респуликасындағы Мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы демократияландырудың ролі.........................................................15

2.2 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық  жағдайын дамытудағы тиімді басқару  жүйесінің ерекшеліктері.........................................................................17

2.3 ҚР Үкіметінің  мемлекеттік басқару жүйесін  жаңартуға бағытталған әкімшілік реформасы............................................................................................21

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26

 

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

      Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформалардың басымдылықты бағыттары мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.

    Осыған байланысты Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында еліміздің даму басымдықтарының бірі ретінде кәсіби үкімет пен мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтің тиімді жүйесін құруды анықтады.[1;282б]

     Қазақстан Республикасы егемендік алған кездің алғашқы жылдарында-ақ мемлекеттік қызметті дамыту мәселесі қолға алынған болатын. Бірақ оның заңнамалық негізі әлі де болса жетілдірілмеген еді. 1999 жылы қабылданып, 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастан күшіне енген “Мемлекеттік қызмет туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қызметтің осы түрінің кеңінен дамуына жол ашып берді. Содан бері қарай мемлекеттік қызмет саласында көптеген нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданып, іске асырылды.

    Қазақстан кең көлемді территорияны иеленеді, осыған байланысты еліміздің аймақтары табиғи байлықтарының қалыптасуына, климаттық жағдайларына және т.б негізделген әртүрлі экономикалық әлеуетке ие. Сонымен қатар аймақтар демографиялық, этникалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Осыларға байланысты мемлекеттік қызметті дамытуда да басқа елдермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері болады. Осыған орай мемлекеттік қызметтің даму барысын зерделей отырып, оны болашақта дамыту мәселелерін қарастыруға деген қажеттілік туындайды.

    Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құруға қойылып отырған жаңа талаптар мемлекеттік қызметтің жағдайын зерттеу, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің мәртебесіне қатысты мәселелерді зерделеу қажеттігін негіздейді. Осылардың барлығы да курстық жұмыстың өзектілігін негіздейді.

     Елбасымыз “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мелекеттік саясаттың ең басты мақсаты” деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткеніндей: “Үкімет әкімшілік реформада көзделген Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс”.

Курстық жұмыстың мақсаты  – Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің теориялық негіздерін қарастыру негізінде қазіргі таңдағы мемлекеттік басқару жүйесінінің тиімділігін арттырудағы мәселелерді талдау.  

Курстық жұмыстың обектісі – Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік басқару жүйесі. Зерттеу пәні – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырудағы іс-шаралар жиынтығы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  Осы тақырыпқа  байланысты жұмыс жасаған мынадай  авторларды атап кетсем: Кубаев К.Е., Әбікен Тоқтыбеков, Төлемісов Орынбасар, Мусатаева А.А., Кенжегузин М.Б., Гапоненко А.Л.

 Жұмыстың бірінші бөлімінде Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, түсінігі мен бағалау әдістері, басқарудың тиімділгін арттырудағы есепке алынатын факторлар; ал  курстық жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытудағы тиімді басқару жүйесінің ерекшеліктері, мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформасы қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І МЕМЛЕКЕТТІК  БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ТҮСІНІГІ

 

1.1 Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, түсінігі мен бағалау әдістері

 

Мемлекеттік басқарудың тиімділік мәселесі қазіргі кездегі ғылым мен тәжірибенің басты назарындағы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе шетел және ресей ғалымдары да өздерінің ғылыми еңбектерін арнағаны белгілі.

«Қызмет тиімділігі»  түсінігі кез келген қызмет түріне, оның ішінде басқарушылық қызметте де қолданылады. Экономикалық ғылымда экономикалық тиімділік категориясы және оны бағалаудың тиісті өлшемдері енгізілген. Нарықтық бәсекелестік жағдайында фирманы басқару процесінде қатысты қазіргі заманғы менеджментте де осы категория пайдаланылады. Оларды бірқатар өзгертулер енгізе отырып, мемлекеттік басқарудың тиімділігі түсінігін анықтау барысында қолдануға болады.

«Қызмет тиімділігі»  түсінігі мемлекеттік басқару теориясында  жеткілікті деңгейде қаралмаған және іс жүзінде толыққанды ұғымдардың біріне жатады. Ал жалпы қоғамның, әрбір басқарушының, басқарылатындардың басқаруға және оның шешімдерін жүзеге асыруға жұмсалған шығындардың қандай нәтиже бергенін білу қажет. Сондықтан басқару тиімділігі жайлы толық ақпаратқа ие болмай және оны өлшеуге ұмтылыс жасамай басқаруды бақылау мен оны жетілдіру жолдарын анықтау мүмкін емес. Көптеген деректер осындай жағдайдың жетілмеген, жүзеге аспаған мемлекеттік басқарудың басты себебі болып табылады. Саясаткерлер барлық игіліктерге қол жеткіземіз десе де, көбіне мақсаттар мен жоспарлар орындалмай қалады, күш-жігер орынсыз жұмсалып, маңызды қоғамдық және жеке құндылықтарға қол жетпей жатады. Сондықтан басқару тиімділігінің мәселесі аса маңызды, мемлекеттік басқарудың объективтілігімен тікелей байланысты.

Жалпы тиімділік екі  жағдайда: біріншіден, қол жеткен нәтиже мен шыққан шығындар арасындағы айырмашылық «оң» сольдоны, яғни адам еңбегінің әкелген пайдасын көрсеткенде, екіншіден, осы айырмашылық қоғамның, адамдардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті болған кезде көрініс табады. Кез келген қызметтің нәтижесінде рухани және материалдық өнімнің өсуі болмаса, әлеуметтік жағдай жақсармаса, онда ол қызмет түрі тиімді деп саналмайды. Сонымен бірге өнімнің өсуіне қол жеткізілген, бірақ ол адамдардың мұқтаждықтарына, олардың мәселелерін шешуге қолданылмаған жағдайда да тиімділік жоқ деп есептелінеді.

Әр түрлі мемлекеттік  органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары көптеген  объект түрлерін басқарады және олардың әрқайсысының басқару тиімділігі де әр қилы болады. Мысалы, қандай да басқарылатын объект белгілі бір өнім өндірген немесе әлеуметтік қызмет көрсеткен кезде туындайтын өндірістік тиімділік. Басқарылатын объектілердің қызметінің нәтижесінде көрініс табатын басқарудың мұндай тиімділігі өндірілген өнім мен оны өндіруге кеткен шығындар арасындағы  арақатынасты білідіреді. Ол басқарылатын объект шеңберінде еңбекті ұйыдастырумен байланысты, технологиялық сипатқа ие нормативтік-құндық шығын көрсеткіштері бойынша өлшенеді.

Орталықтандырылған жоспарлы экономикада өндірістік тиімділікке  қатты көңіл аударылды. Кәсіпорындар (ұйымдар) берілген номенклатуралық-натуралдық көрсеткіштерге міндеті түрде қол жеткізуі керек еді. Өндірілген өнімнің қоғам мүшелерінің талаптарын қанағаттандыруы өндірушілер мен оларды басқаратын мемлекеттік органға да аса қажет болмады. Өндірістік тиімділікке бағытталу нәтижесінде қоғамда – инфляция, сапалы тауар тапшылығы, жартылай бос нарық орын алып, ал өндіріс саласында – ешкімге керегі жоқ өнім өндіретін кәсіпорындардың өзінде жоғары көрсеткіштер мен жақсы табысқа қол жеткізіледі.

Нарықтық қатынастарға өту аталған жағдайды өзгертеді, бірақ басқарылатын объектілердің барлығы үшін емес. Олардың бірқатары - өндіріс кезеңінде де, әлеуметік қызмет көрсету саласында да өндірістік тиімділікке бағыт-бағдар жасайды. Сондықтан оған салыстырмалы экономикалық және әлеуметтік сипат беретін белгілер мен көрсеткіштерді үнемі жетілдіріп отырған жөн.

Нарықтық экономикасы  дамыған елдерде өнімді өндіру жеткіліксіз, оны айналым кезеңіне бөліп (бөлу және айырбастау) өткізіп, сатып алушыларға бөлу қажет. Көптеген өндірушілер үшін ұдайы өндірістік кезең сауда–саттық әрекетін жасаумен аяқталады. Осы кезде өнім тұтынушыға жетіп, басқару тиімділігінің екінші түрі – экономикалық тиімділік туындайды. Экономикалық тиімділіктің өндірістік тиімділікке қарағанда көпқырлы және терең мағынасы бар. Ең бастысы ол қоғамдағы қандай да бір өнімге деген қажеттілікті білдіреді, сұраныс пен ұсыныс арақатынасын сипаттайды, өндірушіге ұдайы өндірістік процестің барлық кезеңдерін анықтап белгілейді. Өндіруші өндірілген өнім үшін нақты ақысын алады, ал бұл жаңа және ұлғаймалы өндірісті бастауға мүмкіндік беретін шығындалған ресурстарды қайтаруға және табыс табуға жағдай жасайды. Осындай тура және кері байланыс салдарынан экономика өзіне қажетті серпінділікке және өзін-өзі басқаруға ие болады. Нарықтық экономикадағы барлық өндірушілердің негізгі мақсаты экономикалық тиімділікке қол жеткізу және басқару субъектілерінің, оның ішінде мемлекеттік басқару субъектілерінің де күш-қайраты осыған бағытталған. Экономикалық тиімділіктің басқарылатын объектілердегі және басқарушы кіші жүйелердегі басқару тиімділігін талдау мен бағалау үшін маңызы зор. Оның шындыққа жанасуы өндіруші-монополистер, бағаны жасанды түрде көтеру, нақты экономикалық процестерге тән тағы басқа құбылыстар орын алатын нарықтық экономиканың оңтайлылығымен байланысты. Сондықтан мемлекет экономикалық іс-әрекеттің ұтымды ережелерін жасап қоймай, басқарудың экономикалық тиімдігін анықтау арқылы олардың орындалуын бақылап отыру қажет.

Қоғам үшін өндіріс, бөлу және айырбас кезеңдерімен қатар экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштері бар тұтыну кезеңінің де маңызы зор. Өнімді алу жеткілксіз, оны тиісті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану керек. Өнім кейде сапасыз болуы, істен тез шығуы, үлкен шығындарды қажет етуі мүмкін. Кейде қымбат өнімнің өзі өзіне барабар қажеттілікті қанағаттандыра алмайды. Нәтижелі тұтыну ұғымы өндіріс құралдарын пайдалану деңгейін сипаттайды. Өсім беретін, еңбек өнімділігн арттыратын, ұлттық табысты құрайтын осы нәтижелі тұтыну. Сондықтан тұтыну кезеңінде өнімнің қоғамға, адамдарға қандай пайда әкелетін білген жөн. Оны біз басқару тиімділігінің үшінші түрі - әлеуметтік тиімділікті қарастыру барысында анықтай аламыз.

Әлеуметтік тиімділік – бұл қоғамның қандай да бір өнімді қолдану немесе нақты жұмыс түрін атқару барысында сонымен қатар тиісті материалдық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды пайдалануға жалпы оң нәтижелерге қол жеткізуі. Егер оны «өндіріс-айырбас-тұтыну» жүйесіне қолданатын болсақ, ол тек өндіріс кезінде ғана емес, басқа да кезеңдерде  орын алып, жүйе үшін ортақ болып, жалпы оның жағдайын сипаттайды.

Әлеуметтік тиімділік  кез келген еңбектің маңыздылығын, ұтымдылығын және тиімділігін көрсетеді. Егер өнімге кеткен шикізаттық, энергетикалық  және басқа да материалдық шығындарды «шегеріп тастасақ», онда адамдардың еңбегі және таланты, білімі мен тәжірибесі, біліктілігі мен ар-ұяты толығымен әлемдік тиімділікте көрініс табады. Әлеуметтік тиімділіктің көлемі қоғамдық құрылымдар мен реттеуіштердің ұтымдылығын сипаттайды. Егер экономикалық немесе өндірістік тиімділікке табиғатқа және қоғамдық өмірдің басқа жағдайлары мен факторларына (әлеуметтік ифрақұрылымға, адамдардың денсаулығына және т.б.) зиян келтіру есебінен қол жеткізілсе, онда мұндай жағдайларды әлеуметтік тиімділік деп айта алмаймыз. Сонымен қатар табыстарға сай келмейтін қорларды қолдану арқылы уақытша, қысқа мерзіміді қол жеткізген жетістіктер әлеуметік тиімділікті білдірмейді.

Әлеуметтік тиімділік  жоғары сапа мен қазіргі заманғы  технико-технолгиялық көрсеткіштерге негізделген. Онда ғылыми-техникалық революцияның жетістіктері толық көрініс табады. Ол тек басқару субъектілерін, ең алдымен мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарын ұтымды ұйымдастыру, басқарылатын объектілердің оңтайлы қызмет жасауы, олардың белсенділігінің қоғам заңдылықтарымен және мүдделерімен сәйкес үйлесуінің нәтижесінде пайда болды. Әлеуметтік тиімділіктің мәні оның тұрақты, өндіруші, прогрессивті болуында, жүзеге асқан қызметтің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар болашақта дамудың қайнар көзі мен құралына айналып, қоғамдық өмірдің ұдайы өндірісіне берік және тұрақты буыны ретінде көрініс табуында.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі