Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 13:07, курсовая работа
Жұмыстың бірінші бөлімінде Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, түсінігі мен бағалау әдістері, басқарудың тиімділгін арттырудағы есепке алынатын факторлар; ал курстық жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытудағы тиімді басқару жүйесінің ерекшеліктері, мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформасы қарастырылған.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ТҮСІНІГІ..................................................................................................................5
1.1 Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, түсінігі мен бағалау әдістері................................................................................................5
1.2 Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда есепке алынатын факторлар...............................................................................................................10
ІІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ТИІМДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.......................................15
2.1 Қазақстан Респуликасындағы Мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы демократияландырудың ролі.........................................................15
2.2 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытудағы тиімді басқару жүйесінің ерекшеліктері.........................................................................17
2.3 ҚР Үкіметінің мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформасы............................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................27
Мемлекеттік басқару жайлы жоғарыда аталғандар онымен атқарылатын іс-әрекеттің барлығы басқарудың әлеуметтік тиімділігімен өлшеніп, бағалануы керек деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мемлекетке қоғамның нысаны ретінде барлық қоғам үшін, онда болып жатқан құбылыстар, қарым-қатынастар мен процестер жүйесі үшін жауапкершілік жүктеледі. Ол адамдардың құқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде анықтап және қолдай отырып, сонымен бірге олардың ұтымдылық пен тиімділік тұрғысынан пайдалануын қадағалайды. Адамдардың тек ұятына, адал ниетіне, адамгершілік қылықтарына ғана сенім білдіру жекіліксіз. Тек қана заңға, мінез-құлық пен іс-әрекет нормаларының орындалу міндеттілігіне ғана сенім артуға болады. Ал олардың нақты орындалу деңгейі қоғамға, адамдарға белгілі пайда әкелетін, оларды материалдық және рухани аспектіде дамытатын әлеуметтік тиімділікпен анықталуы қажет.
Мемлекеттік басқару қызмет түрі ретінде басқа басқару түрлерінен ең алдымен, мемлекеттік билік және мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылатындығымен, әлеуметтік топтар мен азаматтың қоғамдық мүддесін білдіретін саяси басшылықтың, саясаттың басым ролге ие болатындығымен ерекшеленеді. Сондықтан «мемлекеттік басқарудың тиімділігі» түсінігінің және оның мөлшерінің мазмұнды анықтамасы «шығындар - өнім шығару» моделі бойынша технологиялық операцияларды емес бірқатар саяси аспектіден тұратын саяси субъектінің басқару қызметінің элементі болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі қабылданған шешімдердің іске асырылуын «шығындар - өнім шығару» немесе «шығындар – нәтиже» іспетті оъективті көрсеткіштермен емес, саяси жүйенің стратегиялық мақсаттарына жету және жалпы мемлекеттік мүдделерді жүзеге асырудың нәтижелері мен қолданылған әр түрлі ресустардың арақатынасы арқылы анықталады. Шығындар мен нәтижелердің арақатынасының өлшемі жеке, нақты шешімдердің тиімділігінің шартты көрсеткіші ретінде қолданылады, бірақ экономикалық талдауларға қарағанда аталған терминдердің мағынасы кең ауқымда қолданылды. Қызмет (минималды шығындар тұрғысынан алғанда) тиімді-үнемді болуы мүмкін, тіпті тиімді болмауы мүмкін. Тиімді қызмет әлеуметтік аспектіде нәтижелі болғанымен де үнемді әсіресе ұтымды бола бермейді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, мемлекеттік басқару тиімділігінің түсінігіне оның мақсатты бағытталған және мақсатқа сай қызмет ретінде өзіндік мәні көрініс табатын анықтамасы тән.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі нәтижелер мен қол жеткізген қоғамдық мақсаттардың және пайдаланылған мемлекеттік ресурстардың арақатынасын білдіретін ұғым. Мемлекеттік басқару – қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыру барысында оң нәтиже жеткізетін қызмет түрі. Тиімділік басқарушы субъектінің және қоғамның алдыға қойған мәселелерді шешу үшін жұмсаған күш жігерінің қаншалықты әлеуметтік маңызы зор нәтижелерде іске асқанын (көрініс тапқанын) білдіретін көрсеткіш.
Сонымен «мемлекеттік басқарудың тиімдігінің» категориясы келесідей түсініктер арқылы анықталады: «қоғамдық мақсаттар», «нәтижелер», «қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделер». Олардың әрқайсысы мемлекеттік басқарудың саяси астарымен бірге өзіндік белгілерін анықтайды. «қоғамдық мақсаттар» - түптеп келгенде – бұл саяси мәнді мақсаттар; «нәтижелер» - (саясатта көрініс тапқан) қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандырумен байланысты болатын объектілер, қызметтер үрдістер; «мемлекеттік ресурстар» - қағамның мақсаттарға сай болу тұрғысынан да, құқықтық негізделу жағынан да мемлекетпен белгіленетін экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеологиялық, ақпараттық капиталдар.
«Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің» түсінігін анықтағаннан кейін тиімділік өлшемдерін қарастырған жөн. Тиімділік өлшемдері басқарудың көрініс табуының белгілерін, қырларын, әр түрлі жақтарын білдіреді. Оларды талдау арқылы басқару деңгейі және сапасы, оның қоғамның қажеттіліктері мүдделеріне сәйкес келуі анықталады.
Жүйенің, яғни мемлекеттік басқарудың субъектілері мен басқарушы объектілерінің жиынтығының, атқарған қызметінің нәтижесін көрсететін мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігінің өлшемдері (критерийлері) құрайды. Мұндай өлшемдер бір жағынан, қоғамдық дамудың (жалпыұлттық, аймақтық) қажеттіліктерімен, мүдделерімен және мақсаттарымен объективті түрде байланысты, ал екінші жағынан, толғағы жеткен қажеттіліктердің, мүдделер және мақсаттардың мемлекеттік басқару арқылы қанағаттандырылатын шамасын көруге және бағалауға мүмкіндік береді. Олардың негізінде мемлекеттік басқарудың қоғамның серпінділігі мен үйлесімділігін қамтамасыз етуге қаншалықты дайын екендігін анықтауға болады.
Мемлекеттік басқару қоғамдық, ұжымдық және жеке қажеттіліктердің, мүдделер мен мақсаттардың дамуын үнемі және объективті түрде зерттелуі, бағалауы және талдауы, сонымен бірге оларды жүзеге асырудың ұтымды формаларын, ресурстары мен құралдарын табуы қажет. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ұтымдылығы тұрғысынан алғанда қажеттіліктер мен олардың негізінде туындайтын мәселелердің қоғамдық ресурстарды ұтымды қолдану арқылы, тұрақты және сенімді түрде дер кезінде және толығымен қанағаттандрылуы және шешілуі өте маңызды.
Басқарудың жалпы әлеуметтік өлшемдеріне (критерийлеріне) келесілерді жатқызуға болады:
а) өзінің сәйкес түрлері бойынша әлемдік параметрлермен салыстырылатын еңбек өнімділігінің деңгейі;
ә) БҰҰ-ң әдістемесі бойынша есептелетін ұлттық байлықтың қарқыны мен ауқымы;
б) жан басына шаққандағы және әр түрлі категориялардың табыстарына бөлгендегі, сонымен бірге дамыған елдердің стандарттарымен салыстырғандағы адамдардың өмір сүру деңгейі;
в) қоғамдық қатыныстардың тәртіптілігі, қауіпсіздігі және сенімділігі, олардың оң нәтижелерге қол жеткізе отырып, одан әрі дамуы.
Аталған мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігінің өлшемдері қоғамдық өмірдің салалары бойынша бөлінеді. Егер қарқынды дамушы елдердің экономикасындағы процестерге көңіл аударатын болсақ, мұнда ең бастысы – еңбек өнімділігінің өсуіне, шығарылатын өнімнің сапасының, түрлерінің артуына алып келетін жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерге негізделген қоғамдық өндірісті ұлғайту екендігін аңғартуға болады. Әлеуметтік салада әр елде әр түрлі болып келетін қоғамдық қатынастардың заңдылықтары мен нысандарын ескере отырып, әлеуметтік әділеттілік қағидасын жүзеге асыруға ұмтылыс жасалуда. Рухани сферада, зиялы қауым арасында әрбір адам адамгершілік деңгейі, ішкі-сыртқы мәдениеті жоғары болып, еркін, демократиялық қоғамның тұлғасы ретінде қалыптасуы керек деген түсінік орын алуда. Мемлекеттік басқару үшін саяси сферадан туындайтын жалпы әлеуметтік тиімділік өлшемдерінің маңызы зор. Ол басқару нәтижелерін талдау үшін қажет өлшемдер емес, керісінше, қоғамның әлеуметтік, рухани, экономикалық сфераларының тиімді даму көрсеткіштеріне басқарудың қандай нысандарын, әдістерін, тәсілдерін қолдану арқылы қол жеткізуге болатынын көрсететін өлшем құралдары. Себебі саяси құралдар да басқарудың нәтижелері үшін қажет. [ 5 ]
1.2 Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда есепке алынатын факторлар.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың біріне жатады. Ғалымдар арасында бұл мәселені зерттеу барысында әртүрлі көзқарастар қалыптасқан және оны шешу жолдары туралы ортақ пікір мәселесі жоқ. Аталған мәселені тиімділіктің жалпы жүйелік фактарларын талдау негізінде қарастыру мемлекеттік саяси-идеялық және стратегиялық факторларды ескеруді ұйғарады. Басқару тиімділігін талдауда энономикалық, әлеуметтік саяси, құқықтық және республика субъетілерінің кіші жүйелері деңгейінде жалпы мемлекеттік факторлар негізгі фактор ретінде қарастырылады. Кіші жүйелер мен деңгейлерде билік пен басқаруды ұйымдастыру мақсаттарының және стратегияларының, құрылымдық нысандарының өзіндік ерекшеліктерімен байланысты факторлар тікелей талдау объектісі болып табылады. Ұйымдардың басқарудың тиімділігін талдау барысында басқарушылық қызметтің нақты тәсілдерінің, әдістері мен құралдарының тиімділікке тигізетін әсері түсіндіріледі. Жалпыжүйелік және аймақтық факторлардың рөлі корпоративтік масштабтағы басқару жағдайлары мен механизмдерін талдау арқылы айқындалады.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің жалпыжүйелік факторлары келесі факторлар тобын айқындайды:
мемлекеттік стратегиялық мақсаттары, негізгі құндылықтары, қоғамдық жүйенің даму моделдері мен легитимдік тұжырымдамалары; саяси бағыт;
мемлекеттік билік пен басқару жүйесін ұйымдастыру және оның біртұтас организм ретінде қызмет мемлекеттің жинақталған мақсаттары.етуі; біртұтас саяси және құқықтық кеңістік;
мемлекеттік аппараттың жағдайы, оның басымды нысандары, халықтың билікке сенім арту және мемлекетті басқаруға қатысу деңгейі;
Қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтылығы.
Әрбір саяси жүйеге өзінің құндылықтар жүйесі тән екені белгілі. Құндылықтар – бұл мемлекеттің жинақталған мақсаттары: олар жалпымемлекеттік мүдделер мен саяси стратегияның рухани негізін құрайды, мемлекеттік басқару жүйесінің идеологиясы мен тұжырымдамасында көрініс табады. Бұл – мақсатты құндылықтар. Негізгі құндылықтарға қоғамның қолдауына ие болған, мақсаттарға жету құралдарын білдіретін қолданбалы құндылықтар да жатады. Негізгі құндылықтардың белгілі болуы және олардың нормативтік-құқықтық механизмдермен қатар қызмет пен тәртіптің негізгі реттеушілері ретінде қоғамның мойындауы – билік пен басқару институттарының тиімді қызмет атқаруының негізгі шарты болып табылады. Кеңестік мемлекет пен қоғамға белгілі бір кезеңге дейінгі халықтың мүддесін білдіретін саяси-идеялық және адамгершілік құндылықтар тән болады. Олар тарихтың қиын (елді индустриализациялау, Ұлы Отан соғысы, және т.б) кезеңдерінде қоғамның өз өміршеңдігі үшін күресі жағдайында қоғамдық-саяси құрылыстың салыстырмалы тиімділігін қамтамасыз етті. Басқарушы партиямен ресми белгіленетін социалистік құндылықтардың дискредитациялануына қарай кеңестік режимнің рухани негізі әлсірей бастады. Бұл оның құлдырауын алдын ала анықтаған еді.
Кеңестік құндылықтарды артқа тастап, жаңа саяси режим батыс еуропалық үлгідегі либералдық-демократиялық құндылықтарды мойындайтынын жария етті. Қазақстан Респуликасының Конституциясында қоғамның түпкі нормаларын (демократиялық құндылықтар мен бостандықтар және т.б) білдіретін негізгі мемлекеттік құндылықтар заңдастырылған.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің келесі негізгі факторы: билік пен басқару жүйесін ұйымдастыру және оның біртұтас организм ретінде қызмет етуі. Бұл фактор кез келген дамыған мемлекетте анықтаушы рөл атқарады. Мемлекеттік құрылым мен саяси режимнің ұлттық нысандарына қарамастан басқару тиімділігі, біріншіден, мемлекетік басқару жүйесінің нақты біртұтастығымен және оған қатысушы басқарушы субъектілердің қызмет ету ережелерінің бірыңғайлығымен, екіншіден, құқықтық тұрақтылықпен және жоғарғы құқықтық мәдениетпен; үшіншіден, барлық деңгейдегі мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс-әрекеттік қабілеттілігімен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік аппараттың жағдайы, оның қызмет сапасы, халықтың билік органдарына сенім білдіру деңгейі – мемлекеттік басқарудың тиімділігі мәселесінің шешілуіне тікелей әсер ететін факторлардың маңызды кешенін құрайды. Мемлекеттік аппарат – атқарушы және басқарушы органдардың жиынтығы, ол басқа мемлекеттік органдармен басқару функциясын жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін мемлекеттік механизімінің бір бөлігі. Мемлекеттік аппарат - өз өкілеттіліктері шеңберінде белгілі функциялар мен міндеттер атқару үшін билік құзіретімен және қажетті құралдармен қамтамасыз етілген, мемлекеттік қызметкерлерден тұратын ұтымды ұйым.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі жоғары кәсіби біліктілігі, инновациялық ойлау қабілеті бар, басқарушылық қызметтің демократиялық стилін мойындайтын және мемлекеттік мүддені басшылыққа алатын қазіргі кездегі бюракратияның болуымен байланысты.
Қазіргі заманғы радикалды
бюракратия мемлекеттік басқарудың
тиімділігінің факторы ретінде
мемлекеттік билік органдары
мен қоғамдық институттардың төменгі
буындарының бақылауында
Мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін демократиялық (тиімділік) сипатта ұйымдастыру барысында қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін. Бұл аппараттың ашықтығы, мемлекеттік қызмет үшін кәсіби дайындалған әрбір адамның сол аппарат құрамына кіруі мен халықтың басқа топтарына қатысты заңдастырылған мәртебелік басымдылығын жүзеге асыру шартты ретінде корпоративтік жабықтылыққа беталыс арасындағы қарама-қайшылық. Мемлекеттік қызметкерлердің мәртебелі артықшылығы соңғы жылдардағы ғылыми әдебиеттерде алған «әкімшілік-саяси элита» деген түсінікпен анықталды. Әлеуметтік және мемлекеттік басқару бойынша шетелдік әдебиеттерде «элита» түсінігі өте сирек кездеседі.
Атқарушы билік органдарының
қызметіне қоғам тарапынан
Мемлекеттік билік пен басқару аппаратының қызметі ұйымдастыру және олардың кадрларын қалыптастыру үшін 1999 жылғы 23 шілдеде қабылданған және 2001 жылы 4 маусымда толықтырылған Қазақстан Респуликасның «Мемлекетік қызмет туралы» заңының маңызы зор. Ол елдің мемлекеттік қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің құқықтық жағдайын белгілейді.
Информация о работе Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі