Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:18, реферат
Мемлекеттiк басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту жəне мемлекеттiк органдардың халыққа
есептiлiгiн күшейту жолымен мемлекеттiк басқару негiздерiн демократияландыру.
• Беделді ауыл ақсақалдарынан, әлеуметтік мекемелердің басшыларынан, ауылшаруашылығы нысандарының жетекшілерінен қоғамдық негіздегі ауыл әкімінің алқасы құрылып, ауыл проблемаларын осы алқада шешу;
• Ауылдағы әлеуметтік мекеме басшыларын тағайындау және қызметінен босату ісінде ауыл әкімінің келісімін алу, пікірі мен ұсыныстарын орынқтыру. Жалпы ауылдағы әлеуметтік саясаттың дұрыс жүргізілу жауапкершілігін ауыл әкіміне міндеттеу және осы арқылы оның беделі мен билігін күшейту ;
• Жер,су,орман кодекстері аясында ауылда орасан зор міндеттер шешілетінін, ауылдың әлеуметтік-экономикалық қуатының күшейетінінен хабардар ету.
Міне, осындай құрылымдық өзгерістерге ұшыраған ауыл әкімі - ауылдың шын мәніндегі билік иесі, егер ол материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілген болса.
Жергілікті
билікті заң екі институт функциясымен
қамтамасыз етті, олар : мәслихат
және әкім. Нәтижесінде облыс
және аудан әкімшіліктеріне
өкілеттіктерінің бөлінісі қандай
екендігі анық емес. Болмаса,
барлығында, бірдей өкілеттілік
пе? Осы және көптеген мәселелерге
емес жауап беру мақсатында
бүгінгі күні мемлекеттің
алдына қойып отырған
Мәслихат – ол белгілі бір аумақ халқымен сайланатын орган.
Мәслихатты сайлау және оның пайда болуы халықаралық стандарт талаптарына жауап береді. 2001 жылдың 23 қаңтарында қабылданып , 2006 жылдың 10 қаңтарында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңына сәйкес мәслихат өкілетті орган ретінде төмендегі функцияларды орындайды:
• Аумақтың жоспарын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті, оның атқарылуы туралы есепті бекіту;
• Қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаларды бекіту;
• әкім ұсынған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сызбасын бекіту;
• әкімнің ұсынысы бойынша әкімияттың жеке құрамын мәслихат сессиясының шешімімен келісу;
• атқарушы органдар жетекшілерінің есептерін қарау, мәслихат шешімін орындамаған ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту бойынша тиісті органдарға ұсыныс беру;
• ҚР заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету өкілеттіктерін іске асыру;
• ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес тәртіпті бекіту;
• Жергілікті бюджеттің, жоспардың, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының орындалуына бақылау;
• Мәслихаттың тұрақты комиссиясын және басқа да органдарын құру, олардың қызметтерінің есептерін бекіту
• Хлықты еңбекпен қамту және кедейшілікпен күресу бағдарламасын бекіту;
• Ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімият жанынан консультациялық кеңестің жеке құрамын әкімнің ұсынысымен бекіту;
• ҚР Жер заңдары бойынша жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
• ҚР Конституциялық нормаларын, заңдарын, Президенттің актілерін, ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін орындауға қатысу.
Мәслихат
өзінің өкілетін сессияда ( сессия
жылына 4 рет өткізіледі) , өзінің
тұрақты комиссиясы, мәслихат
сессиясының төрағасы, депутаттар,
мәслихат хатшысы арқылы
Мәслихат сессиясы
ашық түрде жүреді. Сессия төрағасы
жергілікті атқарушы органдардың
жетекшілерін шақыруға құқылы. Мәслихат
өзінің мерзімінде тұрақты
комиссияны құрады, онда жеті
депутаттан артық болмайды. Тұрақты
комиссия жылына бір рет
есеп беріп тұрады. Мәслихат қызметінде
резизиялық комиссияның
Мәслихат
құрылымында хатшының атқаратын
рөлі зор, ол мәслихаттың
ағымдағы барлық жұмыстарын
орындайды. Бұл лауазымды
Сонымен қатар, мәслихатқа берілген өкілеттіктерде шешімін таппаған тұстары да бар . Біріншіден, облыстық және аудандық деңгейлер арасында бөлінген функциялардың нақты, түпкілікті жоқ. Екіншіден, өкілеттер тізіміне анық емес. Басты өкілет - әлеуметтік – экономикалық даму жоспарларын бекіту. Әрбір жергілікті деңгейдегі атқарушы және өкілетті органдардың арасында функцияларды бөлуде терең ойлануды талап етеді. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімін республика Президенті сайлайды, оның өкілеттілігі Конституцияның 29- бабымен , ал аудан әкімдерінің өкілеттіктері 33-баппен реттеледі. Бұл деңгейлерде мынадай мәселелер қарастырылады. Облыстық деңгейде:
• Кепілдендірілген медициналық қызмет көрсету;
• Ақысыз білім беру;
• Экологиялық сараптама;
• Аудан әкімдерінің жұмысын үйлестіру;
• Алыс-беріс бойынша шешім қабылдау туралы әр Мәслихат ұсыныстарын қарауға енгізу;
• Мемлекеттік стандартты сақтауды қамтамасыз ету;
• Мемлекеттік мекемелер мен олардың штаттарын құру.
Осы аталғандардың ішінде мемлекеттік билікті орталықсыздандыру, билік арасында өкілеттіктерді бөлуде көптеген қиындық туындататын тұстары да бар, мысалы, экологиялық сараптаманы облыстарға беруге қарсылар бар, олардың пайымдауынша , мұндай жағдайда әр облыстан бір-бір зертхана ашуға тура келеді, оның үстіне кадр мен қаржы ресурстары тапшы. Яғни экологиялық сараптама республика деңгейінде болуы тиіс.
Ал аудан деңгейінде:
• Жауынгерлікке жазылу, әскери қызметін өтеуге шақыру, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша шараларды ұйымдастыру; тұрғын үй қорын бөлу;
• Қоғамдық орындарды көркейту мәселелерін шешу;
• Ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық кеңес беру органын құру жөнінде міндеттер бар, олардың қатары жұмыссыздықпен күрес және атаулы әлеуметтік көмек беру мәселесімен толығуы мүмкін. Бірақ бұл да екі ұшты мәселе, себебі, ауылда жұмыссыздарды қайта даярлайтын мектеп жоқ, оны ұйымдастыруға ауыл халқының ақшасы да жоқ. Сондықтан жұмыссыздықпен күрес жоғары деңгейде қалу керек деген пікірлер де бар. Солай болғанына қарамастан, бірқатар мамандар жергілікті өзін-өзі басқару институтын енгізсек, аталмыш проблемалар оңай шешіледі деп те ұйғарады.
Берілген талдау көрсетіп отырғаныңдай, қазіргі уақытта жергілікті басқарудың негізге біржақты қалыптастыру – күрделі іс.
Коммуналды
шаруашылық, тұрғын үй қоры, жергілікті
жолдар, аумақты көркейту
және санитарлық жағдайлар мәселелерін
басқару бойынша жергілікті
басқару органдарының өкілеттіктері
бар. Жергілікті басқару
органдарының заң бойынша
екі топқа қарастырылатындығы
шетелдердің тәжірибесінен
көруге болады. Біреуі сайлау
нәтижесінде, ал екіншісі өкілеттіктерді
табыстау арқылы биліктің ұйғарымымен
қалыптасады. Жергілікті құрылымның
басшысының заңды мәртебесін, оның
басқа органдармен қарым-
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару типтік құрылымы Үкіметтің 2004 жылғы 4 қазанындағы №1022 Қаулысымен бекітіліп, 2006 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Оның құрылымы төмендегідей:
Облыстық әкімият:
1.1. Облыс әкімінің аппараты
1.2. Сәулет және құрылысы департаменті (басқарма)
1.3. Ішкі саясат департаменті (басқарма)
1.4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті (басқарма)
1.5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (басқарма)
1.6. Денсаулық сақтау департаменті (басқарма)
1.7. Еңбекпен қамту реттеу және әлеуметтік бағдарламалары департаменті (басқарма)
1.8. Мәдениет департаменті (басқарма)
1.9. Азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмыстарына дайындық, авариялық және табиғи апаттарды алдын ала ескерту департаменті (басқарма)
1.10. Білім беру департаменті (басқарма)
1.11. Жүргіншілер көлігі және автокөлік жолдары департаменті (басқарма)
1.12. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті (басқарма)
1.13. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті (басқарма)
1.14. Ауыл шаруашылығы департаменті (басқарма).Құрылыс департаменті (басқарма)
1.15. Қаржы департаменті (басқарма)
1.16. Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті (басқарма)
1.17. Архив және құжаттау басқармасы (бөлім)
1.18. Жер қатынастары басқармасы
1.19. Тілді дамыту басқармасы
1.20. Дене шынықтыру
және спорт басқармасы (бөлім). Тариф
бойынша басқарма (бөлім).
2.Республикалық маңызы бар қала, астана әкімияты
2.1.Республикалық маңызы бар қала, астана қалаларының әкімі аппараты
2.2. «Астана –
жаңа қала» еркін экономикалық
зонасын әкімшілігі
2.3. Сәулет және құрылыс департаменті (басқарма)
2.4. Ішкі саясат департаменті (басқарма)
2.5.Мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау департаменті (басқарма)
2.6. Мемлекеттік-санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті (басқарма)
2.7. Тұрғын үй департаменті (басқарма)
2.8. Еңбекпен қамтуды реттеу және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (басқарма)
2.9.Денсаулық сақтау департаменті (басқарма)
2.10.Мәдениет департаменті (басқарма)
2.11. Азаматтық қорғаныс,
жұмылдыру жұмыстарына
2.12. Білім беру департаменті (басқарма)
2.13.Жүргіншілер көлігі және автокөлік жолдары департаменті (басқарма)
2.14.Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті (басқарма)
2.15.Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау департаменті (басқарма).Құрылыс департаменті (басқарма)
2.16.Қаржы департаменті (басқарма)
Информация о работе Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыр