Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыр

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:18, реферат

Описание работы

Мемлекеттiк басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту жəне мемлекеттiк органдардың халыққа

есептiлiгiн күшейту жолымен мемлекеттiк басқару негiздерiн демократияландыру.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 78.63 Кб (Скачать)

   Өзiн-өзi басқарудың жаңа принциптерiн жекелеген  ауылдық округтерде, қалаларда, аудандарда, бiр

   жыл iшiнде алдын ала байқап көрген жөн жəне сонан соң ғана оларды заңнамалық актiлерде бекiткен жөн.

   Мұндай  тактика сынақ кезеңi iшiнде жаңа жағдайдағы жұмыс тəжiрибесiн жинақтауға, заңнамалық

   нормаларды  мұқият пысықтауға жəне бүкiл ел ауқымында iрi қателiктер мен кемшiлiктер жiбермеуге

   мүмкiндiк  бередi.

   Реформалаудың оң жəне терiс нəтижелерiн зерделеу мен талдау оны келесi деңгейлерде  одан əрi тарату

   үшiн  бағдар болады.

   Орталықсыздандырудың  бiрiншi кезеңiнде ауыл мен шағын  қалалардағы, яғни қазiргi кезде билiктiң

   белгiлi бiр жетiмсiздiгi орын алып, мұның өзi үлкен келеңсiздiктерге əкелiп отырған  жерлерде

   проблемаларды шешу айрықша маңызды болып табылады.

   Ауылдық округтер, қала тұрпаттас поселкелер жəне аудандық маңызы бар қалалар  деңгейiнде əкiмдер

   сайлау  жүргiзiлетiн болады.

   Екiншi кезеңде төмен деңгейдегi əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк деңгейiнде, яғни ауылдық округтер, қала

   тұрпаттас поселкелер мен аудандық маңызы бар  қалалар деңгейiнде басқарудың толыққанды органдарын

   құру  мүмкiндiктерiн қарастыру керек.

   Орталықсыздандырудың  бұл кезеңiнде аудандық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк басқару реформасы

   талап етiледi. Халыққа есептiлiгi мен бақылаулылығын күшейту мақсатында тиiстi өкiлдi органдармен -

   аудандық (қалалық) мəслихаттармен келiсе отырып белгiлi бiр мерзiмге аудандардың (облыстық маңызы

   бар қалалардың) əкiмдерiн қызметке тағайындау жəне орнынан алу тəртiбiн енгiзу қажет. Аудан (облыстық

   маңызы  бар қала) əкiмiн аудандық (қалалық) мəслихат депутаттарының қатарынан  облыстық əкiмнiң

   тағайындау  нұсқасы да болуы мүмкiн.

   Yшiншi кезеңде облыстық маңызы бар  аудандар мен қалалар деңгейiнде  орталықсыздандыру

   принциптерiн  енгiзу қажет. 

     Анарбаев  Жанболат Абибуллаевич, М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк  университетi, Экономика  және қаржы  институты, «Менеджмент» кафедрасы, Қазақстан 

     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚСЫЗДАНДЫРУ  ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

     Қазіргі таңда еліміз үшін мемлекеттік  құрылысты  жетілдіру, оның ішінде биліктің әр деңгейге бөлінуі, яғни мемлекеттік биліктің маңызды элементі болып табылатын  жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін  енгізу өте маңызды мәселелер  болып табылады. Мемлекетті экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан  одан әрі  демократияландыруда, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіруде  әкімшілік-экономикалық механизмдердің  алатын орны ерекше. Мемлекеттің негізгі  қызметі ұлттық егемендікті, меншік құқығын, заңды және қоғамдық тәртіпті сақтау, ақша айналысын және сыртқы сауданы реттеу т.с.с. болып келсе, жергілікті өзін-өзі басқару аясына жергілікті бюджетті бекіту, жергілікті түсімдерді белгілеу, халыққа білім  беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, ауылды көгалдандыру, өз аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізу  сияқты қызметтер кіреді.

     Қазақстанның  қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік  билікті толық жүзеге асыруды  жетілдіруді, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді: оны  билік те, қоғам да мойындайды. Оған дәлел келтірер болсақ, 2003 жылдың 3 сәуірінде  өткен Ұлттық кеңестің кезекті отырысы  толықтай осы проблемаға арналды. Үкімет осы кеңесте қаралу үшін “Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасын” әзірледі. Кеңесте елбасы       Н.Назарбаев осы мәселе жөнінде: “Бәрін бір қолға тастай қысып, айырылмайтын әдет біздің дамуымызды тежеп отыр”,- деді.  Президенттің бұл пікірі өте  маңызды, өйткені ол өзінің халыққа  жолдауында “орталықсыздандыру проблемасы саяси міндеттердің бастысы және ең маңыздысы болып табылады”,- деп  атап көрсетті [1].  

     Мемлекеттік орталықсыздандыру процесіне әртүрлі  ерекшеліктер, оның ішінде тұрғылықты халықтың менталитеті, әдеп-ғұрпы, саяси  және құқықтық  мәдениеті, демократиялық  дәстүрдің орнығуы және де сол  сияқты көптеген мәселелер әсер етеді. Биліктің өкілеттілігін тек жергілікті жерлерге механикалық жүзінде көшіру мүмкін емес, ол қоғамда орын алып отырған  нақты жағдайларға сүйенуі тиіс.

     Орталықсыздандырудың  қазіргі кезде көптеген анықтамалары бар.  Олардың ішінен біз мойындайтын  жақын анықтамаға тоқталғанды жөн  көрдік. Орталықсыздандыру – орталықтандыруға қарама-қарсы басқару жүйесі, нақтырақ, жергілікті атқарушы органдар мен өзін-өзі  басқару  органдарының билігі мен  құзіреті шеңберінің кеңейтілуі [2]. Яғни, мемлекеттік функцияның бір бөлігі жергілікті атқарушы және өзін-өзі басқару органдарына тапсырылады. Олар өз кезегінде осы орталықсыздандырылған құзырлар шеңберінде, жоғарғы билікке жүгінбей-ақ, өз атынан өкілеттіктерді жүзеге асырады. Осындай жолмен жергілікті және өзін-өзі басқару қамтамасыз етіледі.

     Орталықсыздандыру негізгі үш талаптың орындалуын қажет  етеді:

     біріншіден, жергілікті басқару органдары, нақты  белгіленген өкілеттіліктерге ие болуы  шарт;

     екіншіден, олар құзырларына кіретін мәселелерді  шешуге арналған тетіктер мен құралдарға ие болуы керек;

     үшіншіден, олардың іс-әрекетіне мемлекеттік  әкімшілік органдар тарапынан бақылау  барынша шектелуі тиіс.

     Қазақстанда жергілікті өзі-өзі басқару мәселесіне әлі күнге дейін қажетті көңіл  бөлінбей келеді. Біздің еліміздің 1995 жылғы Конституциясының 89 бабында  көрсетілгендей Қазақстан  Республикасында  жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Бірақ Конституция баптарына  сәйкес заң әлі күнге дейін  қабылданбағаны баршаға аян, яғни осы  фактінің өзі заңға қайшы - заң  бұзушылық болып табылады. Өйткені  бұл заңның қатардағы заңдардан  айрықша саяси салдары бар, сондықтан  ол заңды мейлінше тезірек қабылдаған жөн. Бұл заңда бір нәрсені  ескеру керек, яғни жергілікті органдар  белгілі билік өкілеттіктерін іске асыру құқығымен қоса, мойнына  үлкен жауапкершілікті де қоса алады, сондықтан билікті бөлуге жіті көңіл  аудару керек. Жалпы орталықсыздандыру  қағидасы әрі саясаты үшін жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету басты көрсеткіш болып  табылады [3].

     Әлемдік тәжірибеде орталықсыздандырудың екі  түрі бар. Олар: шоғырландырудан алшақтау (деконцентрация) және деволюция. Шоғырландырудан  алшақтау құзіреттердің  мемлекеттік  билік жүйесінің иерархиясы бойынша  төменгі органдарына берілуі  деп түсінеміз. Орталық органдарға қарағанда жергілікті басқару органдары  өз деңгейіндегі мәселелермен, жағдайлармен тікелей таныс, сондықтан оларды шешу үшін  тиісті өкілеттіктерді қолына алады. Осы шоғырландырудан алшақтау үрдісі жергілікті проблемаларды  шешуге көп  мүмкіндік береді, сол себептен де аталмыш үрдісті “әкімшіліктік  орталықсыздандыру” деп те атайды [4].

     Тым қатты орталықсыздандыру, яғни әкімшілік-аумақтық басшыларын сайлау, олардың саяси  дербестігін, заң шығару құқығын  кеңейту -  негізінен  субъектілерден тұратын федеративті құрылымды  мемлекеттерге тән, ал Қазақстан  Республикасы  унитарлы - біртұтас мемлекет. Унитарлы мемлекеттер керісінше  өздерінің тұтастығын сақтап, елдің  саяси ыдырауына жол бермеуге тырысады.

     Қазіргі кезде әлем елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының екі  түрі бар: бірінші, жергілікті  тұрғындармен сайланатын, аса маңызды мәселелер  бойынша шешім қабылдайтын өкілетті орган. Екіншісі, - әдетте оперативтік  басқаруды жүргізетін атқару органы. Халықаралық тәжірибеде жергілікті өзін-өзі басқарудың екі  моделін  қарастырады: англосаксондық (ағылшындық) және континентальдық (француздық). Бұл  екі модельдердің айырмашылығы жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, орталық  мемлекеттік билік органдарының арақатынасынан байқалады. Англо-американдық  жүйе бойынша жергілікті өзін-өзі  басқару жоғарғы мемлекеттік  биліктен бастап, жергілікті жерлерге дейін орын алады. Бұл ретте мемлекеттік  жоғарғы билік шектеліп, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына  тиісті мәселелерді шешуге құқықтар беріледі. Мысалға, қала, округтер деңгейінде. Екінші, континентальды жүйе бойынша, жергілікті жерлерде тікелей жоғарғы мемлекеттік басқару органымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органы үйлесіп жүре береді. Осы екі жүйеден бөлек тағы бір жергілікті өзін-өзі басқарудың “аралас” түрі де бар. Бұндай жүйе Жапония, Германия  сыңды мемлекеттерде  қалыптасқан [5].

     Көріп отырғанымыздай, бұл үрдіс әр елде әртүрлі өтеді, ол мемлекеттің қандай модельді таңдап алғанына байланысты. Бірақ, біздің ойымызша бір модельдің  аясында шектеліп қалу мүмкін емес, аталған басқару жүйесі нақты  қоғам ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Мысалға, бірінші модель көбіне федеративті  құрылымды мемлекеттерде қолданылады, ал континентальды - көбінесе унитарлы мемлекеттерде қолданылады.

     Жергілікті  өзін - өзі басқару органдары қызмет етуі үшін құзіреттермен қоса олар белгілі ресурстарға ие болуы  қажет. Негізінен жергілікті және өзін-өзі  басқару органдарының қаржысы мемлекеттік  бюджеттен және өздерінің жеке табыстарын құралады. Бұндай жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару кейбір мәселелерде  өз тәуелсіздігін білдіреді, екінші жағынан мемлекеттік басқару  жүйесіне кіретінінде білдіреді. Бірақ, қай жағынан қарағанда да, жергілікті өзін-өзі басқару, халықтың сенімінен  шығатын, жергілікті халықтың мүддесін қорғайтын, жоғын жоқтайтын, жоғарғы  билікке ықпал ететін институт болуы  тиіс. Ал егер олар өз жауапкершілігін  атқара алмаса ше? Онда, бұл арада  Жапония мемлекетіндегі секілді  үрдісті қолдану керек. Онда өзін-өзі  басқару органына немесе басшыларына  халық сенімсіздік білдіретін болса, халық белгілі мөлшерде қол жинап  басшыны кері шақырып ала алады. Бұның өзі демократияның бір  көрінісі емес пе? Енді біздегі жергілікті өзін-өзі басқару мен жергілікті мемлекеттік биліктің айырмашылығы сол, белгілі  жергілікті өзін-өзі  басқару органдарын сайланса, жергілікті мемлекеттік билік органдарын басшысын орталық тағайындайды. Бірақ сайланған  басшыда билік болмаса онда оның тағайындалған басшыдан артықшылығы  шамалы [6].

     Қазіргі таңда еліміздегі жергілікті өзін-өзін басқару жүйесін жетілдіруді  бірнеше кезеңге бөлу қажет, яғни бір кезеңнен екінші кезеңге өту  сол органның нәтижесі және азаматтық  қоғамның даму дәрежесін білдіреді. Бірінші кезең. Қазіргі кезде  жергілікті өзін-өзін басқару органы атқарушы биліктің өкілі - әкімді тежейтін орган болуы керек. Яғни оны “кеңес”  деп атауға да болады. Бұл кеңестің құрамы жергілікті халықтың өкілдерінен 2-3 жылға сайлануы тиіс. Олар халықтың мұң-мұқтажын жергілікті әкімнің алдында  көтеріп, шешуді талап етеді. Екінші кезең. Халықтың демократия-лық, саяси  мәдениеті қалыптасып, оның экономикалық ахуалы жақсарумен бірге,  жергілікті өзін-өзін басқару жүйесі де белгілі  дәрежеде дамуы керек. Дәлірек айтсақ аталған орган белгілі мәселелерді  шешуге құқық алуы қажет. Ол үшін жергілікті өзін-өзі басқару органына заң  жүзінде нақты құзырлар берілуі  тиіс. Әсіресе оның ішінде қаржы  және шаруашылық мәселелерін шешу құзіреттері  берілуі керек. Оларды жүзеге асыру  үшін жергілікті өзін-өзі басқару  органдарына заңды тұлға мәртебесін беру міндетті.

     Сонымен, билікті орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзін басқару жүйесі Қазақстан жағдайында, біріншіден, азаматтық қоғам дамуының тірегі болса, екіншіден, ол сол азаматтық  қоғамның жетілу дәрежесі [7]. Орталықсыздандыру  уақыт талабы. Өркениетті елдер қатарынан  орын аламыз десек, билікке халықты  да қатыстыру қажет.  

     Әдебиет 

     1. Егемен  Қазақстан. 2003. 4 сәуір.

     2. Политология:  энциклопедический словарь. М., 1995.

     3. ҚР  Конституциясы  Алматы, 2004.

     4. Нүкенов  А. Жергілікті басқаруды жетілдіру  мәселелері //Саясат. 2003. № 7. 27 - 28 б.

     5. Кемел  М. Местное государственное управление  и самоуправление (курс лекций). Астана, 2004.

     6. Танкиев  А. Жергілікті басқаруда экономикалық  механизмдерді қолдану жолдары  // Қаржы-қаражат. 2004. №3. 63-64 б.

7. Алтынбасарова  М. Қазақстанда мемлекеттік басқаруды     орталықсыздан-дыру және жергілікті  өзін - өзі басқарудың дамуы // Ізденіс. 2004. № 2.16 б. 
 

Кіріспе 

      Қай  елде болмасын басқарудың екі  деңгейі бар. Ол мемлекеттік  басқару және жергілікті басқару  болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның  қалыптасуы мен демократияның  жетілуі билік құзіретін кеңейтумен  тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік  басқаруға азаматтардың қатысуын  кеңейту және мемлекеттік органдардың  халық алдындағы жауапкершілігін  арттыру бүгінгі күннің маңызды  мәселесі. Қазақстанның қазіргі  кездегі дамуы мемлекеттік билікті  орталықсыздандыруды, яғни орталықтан  жергілікті деңгейді қолдауды  қажет етеді.

      “Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару туралы” Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  қабылдануымен әрбір билік деңгейі  үшін мемлекеттік функцияларды  жүзеге асыру, сондай-ақ оларды  ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер  мен жауапкершіліктерді бекіту  мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда,  мемлекеттік басқару жүйесінің  базалық негіздерін жасау аяқталды.

       Қабылданған Заңға сәйкес жергілікті  мемлекеттік басқару – заңнамалық  актілерінде белгіленген құзырет  шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар)  және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты  жүргізеді және тиісті аумақтағы  істің жай-күйіне жауапты болып  табылады. Әкiм - Қазақстан Республикасының  Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған  жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың  жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы  орталық мемлекеттiк органдардың  барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң  үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен  қаржыландырылатын атқарушы органдарға  басшылықты қамтамасыз ететiн,  Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi  берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық  дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi.

Информация о работе Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыр