Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 16:07, лекция

Описание работы

Постиндустриалдық типтегі экономика құрылымын, мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштерін, экономиканы қайта құрылымдау кезіндегі мемлекеттік іс-шараларын, белсенді өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың қажеттілігін, ұзақ мерзімге арналған өнеркәсіптік саясаттың негізгі міндеттері, мақсаттары, қағидаларын, өнеркәсіптік саясаттың түрлерін, ҚР өнеркәсіпті қолдаудың таңдамалы және жалпы іс-шараларын, құрылымдық және өнеркәсіптік саясаттағы инвестициялық сфераның рөлін, инвестициялаудың субъектілері мен объектілерін, инвестицияның негізгі пайда болу көздерін, инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу нысандарын, инвестициялық сфераға ықпал ету нысандарын ашып қарастыру.

Работа содержит 1 файл

9 тақырып.docx

— 50.64 Кб (Скачать)

   Солай бола тұра, қарыз көздері қаржыландыру  шығыны баламалы жеке қаржы шығындарынан әрдайым төмен бола бермейді. Атап айтқанда, басқа шартары тең деп  алғанда, кәсіпорын капиталында  қарыз қаржысы қаншалықты көп  болса, соншалықты бір акцияға түсетін  пайда жоғарылай түседі. Қарызды  қаржыландыру квотасын жоғарылату меншікті капитал табыстылығының өсуіне және кәсіпорын мүлкінің нрақтық құны артуына алып келеді. Бірақ, екінші жағынан, сырттан қаржыландыру үлесі  артуы осы кәсіпорынды басқарумен байланысты  қауіпзқатердің артуына  себеп болады,  демек меншікті капиталды пайдалану төлемақысын  жоғарылатуды талап ететді. Қарызды  қаржыландыру көздерін артыр убелгілі бір шекке жеткенге дейін кәсіпорын  капиталын пайдалану шығындарының орташа пайызына оң ықпал етеді, ал ол шегерадан өткен соң шығындар айтарлықтай қарқынмен өсе береді. Бұдан шығатын қртыынды – меншікті жәнеқырыздық капитал арасында қаржыландырудың  ең аз орташа шығынына сәйкес еклетін  оңтайлы қатынас бар. Бұл оңтайлы  құрылым салалық еркешеліктерге, кәсіпорын ішіндегі ерекше жағдайлар  мен капитал нарығындағы жағдайларға  тәуелді. Еңжалпылама кеңес –  қарыз капиталы  кәсіпорынның меншікті қаржысынан асып түспеуі тиіс. Оңтайлы  құрылымға қол жеткізілгенде, оның құрылымын бұзбай, қарыз капиталының  қосымша көздерін пайдалану үшін сол мөлшерде меншікті капиталды  да арттырып, оытру қажет.

   Қысқа мерзімдік қарыздық капиталға келетін  болсақ, негізінен мұнадй қаржыландыру нұсқаларын пайдалануда кәсіпорын  күрделі қаржы жұмсаудан түскен табыс есебінен осы қарыздарды өтеуге мүмкіндік туғанда ғана қолдануға  тырысады. Бұл қаржыландыру негізінен  меншікті қорлар мен ұзақ мерзімді қарыз капиталы  есебінен жүзеге асырылуы тиіс дегенді білдіреді. Кері жағдайда, несиелер бойынша төлемді  кәсіпорын күрделі салымынан  алынуға тиісті табысқа дейін  төлеуге тиісті болады. Бірақ мегшікті капитадың аздығы мен ұзақ мерзімді инвестициялар нарығының дамымауына байланысты, нарықтық қатынастарға көшу жағдайында отандық кәсіпорындар бұл  қағиданы әрдайым жүзеге асыра алмауы мүмкін. Сол себепті, тиімді болмаса  да, инвестициялық мақсаттарда қысқа  меозімді қаржыландыру көздері де пайдаланылуда.  

11. Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу нысандары: инвестициялық бағдарлама, мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару.

   Әзірленген  инвестициялық бағдарлама туралы айтсақ, онда инвестор тек мұнай-газ және тау-металлургиялын ғана емес, сонымен бірге экономиканың басқа да саласына шын көңілмен қолайлы жағдай жасауға бағытталған салым салуды бастайды.

   Мемлекеттік инвестициялық қолдау өзара байланысты және өзара тәуелді өндіріс топтарына керсетілетін болады.

   Кластер ағылшын тілінен аударғанда -«ұйысқан» деген , мағынаны білдіреді. Кластерлер — бұл аз аумағының шағындығына қарамастан, халықаралық еңбек бөлінісінде алдыңғы жайғасымда орналасқанын және экономикалық маманданғанын көрсете отырып, өзінің жақын орналасуын пайдасына шешетін, бәсекелестікке қабілетті компаниялардың және жеке салалар шеңберіндеші кәсіпорындардың өзара байланысты топтары.

   Қазакстанға  кластерлік  өндірістік жүйені қалыптастыру мақсатында экономика құрылымын  талдау мәселесі тұр. Мемлекет экономиканың бәсекелестік қабілетінің өсуінің  катализаторы ретінде көрінеді және өндірістің, осы міндетке сәйкестігін  құруды ұсына отырып, маңызды рөл атқаруы тиісті.

   Бір ел экономиканың барлық аясында мамандана  алмайды, және оны бастау үшін әлем рыногынде көрсете алатын сол  брендтерді анықтауы қажет. 2004 жылдың шілдесінде «Қазақстан экономикасын экономиканың мұнай-газ шығаратын саласындағы кластерді дамыту арқылы әртараптандыру» жобасының басталуына негіз жасалынды. Жобаның тапсырысшысы – республиканың үкіметі болса, осындай стратегияны жүзеге асыруда тәжірибесі бар, «JE Austin» және «Econmic Competitiveness Qroup» (ЕСQ) американдық консалтингтік компаниясы орындаушы болды. Жобаның басты мақсаты - өндірісті өсіру мен қосымша құнның үлкен үлесімен өнімдерді экспорттауға басымдылықты кен шығарушы саладан кен шығармайтын саланы ығыстыруы және соңғы саланың өнімділігін арттыру.

   Сарапшылар  қазақстандық экономиканың жүзден астам  секторындағы рынокты, сұранысты, ұсынысты және даму болжамын тартымды көзқарас тұрғысынан талдады. Қорытындысында, жеті басымды бағыт таңдалды: туризм, мұнай-ғаз машина құрылысы; тамақ  өнеркәсібі, жеңілөнеркәсіп, көлік, металлургия, құрылыс материалдарын шығару. Бұл  рыноктың сараланымы «шикізаттық салада елдің экономикасының ұзак мерзімді мамандануын анықтайды.

   Мемлекет  тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру, осы іс - әрекетті ұйымдастырудың логикалық  моделін алдын – ала дайындауда талап етеді.

   Мемлекеттің инвестициялық қызметін реттеуде шетел  инвестицияларын тарту мен тиімді пайдалану маңызды рол атқарады. Кестедегі көрсеткіштерге жүгінсек, олардың үлесі 1995 жылғы 1,5 пайыздын 2000 жылы 38,6 пайызға дейін өскен.

   Шетел инвестицияларында  жетекші орындарды  Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея  т.б. алып отыр. Айта кететін бір жайт, инвестициялық белсенділікті  жоғарылатуға ұйымдастырушылық – құқықтық және салық жүйелеріндегі жиі өзгерістер, халық шаруашылығының  салалық  және аумақтық басқару жүйесінде  айқынсыздық  т.б. кедергі болуда. Отандық және шетелдік инвесторлар  үшін инвестициялық қызметітің, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі қағадаларының тұрақты  болуы өте маңызды. Шетелдік инвесторлардың қызметімен тартылған инвестициялық  қорлары, тиімді пайдалануға ұйымдық  – құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, ішкі саяси, институционалдық  т.б. жағдайлар  жасағанда ғана, мемлекет жоғарыда айтылған мәселелерді дұрыс шеше алады. Әзірге, осы жағдайлардың жетіспеушілігіне, құқтық негіздердің жиі өзгертілуіне, инвестициялық қорларды пайдалану  үрдісінің жариялы болмауына, экономикалық басқару органдарының тізімі мен  құзырының жиі өзгертілуіне, билік  құрылымдарының сыбайлас жемқорлығына т.б. байланысты шетелдік инвесторлар  сақтық танытуға немесе бекітілген келісім  – шарттардан біржақты пайда көздеуге мәжбүр.

   Мемлекеттің инвестициялық қызметінің негізгі  бағыттары төмендегідей болғаны  жөн:

  • шетел инвесторларына кепілдік беретін құқықтық, қаржылық, сақтандырушылық т.б. механизмдерді жетілдіру;
  • олардың инветсициялық келісімдерде  көрсетілген міндеттемлерін толық орындауын бақылау;
  • басыңқы салалар мен аймақтарды артықшылықпен дамыту үшін инвестицияларды тартудың әр түрлі әдістері мен жолдарын кеңінен қолдану;
  • отандық және шетелдік инвесторлардың импортты ауыстыратын өнімді дайындаушы өндірістерге, экспорттық әлуетті жоғарылатуға қаржы жұмсауын ынтыландыратын механизмдерді әзірлеу және іс жүзінде қолдану;
  • басыңқы салалардың, әлеуметтік және экономикалық жағынан  артта қалған аудандардың (қалалардың) дамуына қаржы жұмсайтын инвесторларға жеңілдетілген салық тәртібін орнату, несие беру;
  • экономиканың аграрлық және инфрақұрылымдық салаларына қаржы жұмсайтын заңды және жеке тұлғаларға материалдық – техникалық, қаржы – бюджеттік, салықтық, несиелік, т.б. қолдау жасау.

   Жоғарыда  айтылған мемлекеттің инвестициялық  қызметінің бағыттары тек негізгі  болып саналады, олардың нақты  құрамы экономика дамуының тиісті кезеңіне сәйкес  жүргізілетін мемлекеттің  экономикалық саясатына байланысты анықталған. 

   12.Инвестициялық  сфераға ықпал  ету нысандары:  салық жүйесі, қаржылық  көмек, несие және  амортизациялық саясат.

   Негізгі капитал амортизациясы – бұл оның физикалық және моральдық тозу, көнеру процесі. Амортизация негізгі капиталдың тозған және көнерген заттай элементтерін жаңасына алмастыруды білдіреді.

   Салықтар  арқылы жүзеге асырылатын ЭМР құралдарының арасында негізгі капиталды жеделдетілген  амортизациялық есептен шығару және онымен байланысты қаржы министрлігі  шешімі аясында жүзеге асырылатын жасырын  резервтерді қалыптастыру мен жүргізу  ерекше орынға ие. Жеделдетілген деп  амортизациялық қорға құралдарды оларды пайдалану кезеңінен гөрі қысқа  мерзімде есептен шығару аталады.

   Нарықтық  экономикалы елдерде қазіргі  таңда амортизациялық есептен шығарудың келесідей  түрлері пайдаланылады:

   - сызықтық немесе ропорционалды;

   - қосымша (амортизациялық аударымдар  сомасы есептен шығарылатын объектінің  бастапқы құнынан асып кеткенде);

   - ерекше (шаруашылық қызметті бүтіндей  немесе селективті жандандыру  мақсатында бұрын белгіленген  жеңілдіктер үстіне амортизациялық  аударымдар нормасын уақытша  көбейткенде);

   - алдын ала (амортизациялық есептен  шығару машнаның немесе ғимараттың  жұмыс істеуді бастағанға дейін  жүзеге асырылғанда);

   - Дегрессивті (кемімелі) (аударым  негізгі капиталдың заттай тасушысының  бастапқы емес, баланстық құнынан  жүзеге асырылғанда).  

   Қорытынды. Экономика құрылымы деп енбекті жалпы бөлуді сипаттайтын, сондай-ақ, өнімдердің айналымын сипаттайтын, олардың өзара байланысы, өндірістік ресурстары және ұдайы өндіріс үдерісін көрсететін, оның түрлі салаларының қатынастары түсініледі. Экономика құрылымы – ЖІӨ -дегі (ВВП) (салалық тәсіл) кейбір салаларының үлесі. Егер нарық экономикасының әр түрлі кесіндісін қарасақ, онда аумақтық, атқарымдық, әлеуметтік құрылымын бөліп көрсетуге болады. Экономикағы құрымдылық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдірге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат – макроэкономикалық, салық және аймақтық деңгейлерде құрымдылық саясатты қалыптастыру негізгі болып табылады. 2003 жылы Қазақстанда өнеркәсіптік саясат жүйесі қабылданған және қолданылады. Бүгінде өнеркәсіптік саясаттың жүзеге асу мәнін құрайтын, бес басты факторлар мен бес құралдарды қарастырамыз: 1. Өнеркәсіптік өндірістің  макроқұрылымын   соңғы   өнім шығаратын, ішкі тауар рыногында бәсекелестікке қабілетті және халықаралықта келешегі зор салалар пайдасына шұғыл өзгерту; импорт орнын толтыратын өнімдерді шығаруды көбейту. 2. Шетелден өндірістік сала   аппаратын   жаңарту,   еңбек тиімділігін  арттыру  мақсатында  бәрінен  бұрын технологиялық инвестиция тарту. 3. Ғылымды   қажетсінетін   өнеркәсіп   саласын   -   машина құрастыру  саласын,  әсіресе  ауыл  шаруашылығы  және тау-кен металлургиясын дамыту. 4. Еңбектің халықаралық бөлінісін нақты анықтау және еңбек бөлінісінде халықаралық үдеріске лайықты түрде бірігу қажет. 5. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік өңдеу саласын тікелей ауылдық жерде дамыту. Мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың түрлі жіктелінуі. А) экономикалық өсім сипаты бойнша өнеркәсіптік саясаттың балансталған және балансталмаған типтері; Б) өнеркәсіптік кешенге әсер ету тәсілі бойынша өнеркәсіптік саясаттың активті және пассивті типтері;  В) бағыттлығы бойынша өнеркәсіптік саясаттың жалпы жүйелік және селективті типтері; Г) мазмұны бойынша экспортқа бағдарланған, импорт алмастырушы  және инновациялық типтер; Д) масштабы бойынша жалпы ұлттық және аймақтық өнеркәсіптік саясат. Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі: мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы; ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы; шетелдік инвестицилар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы. Инвестициялар экономикалық категория ретінде кез-келген үкіметтің экономикасының дамуына керекті бірқатар қызметтер атқарады.  

Информация о работе Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері