Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 16:07, лекция

Описание работы

Постиндустриалдық типтегі экономика құрылымын, мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштерін, экономиканы қайта құрылымдау кезіндегі мемлекеттік іс-шараларын, белсенді өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың қажеттілігін, ұзақ мерзімге арналған өнеркәсіптік саясаттың негізгі міндеттері, мақсаттары, қағидаларын, өнеркәсіптік саясаттың түрлерін, ҚР өнеркәсіпті қолдаудың таңдамалы және жалпы іс-шараларын, құрылымдық және өнеркәсіптік саясаттағы инвестициялық сфераның рөлін, инвестициялаудың субъектілері мен объектілерін, инвестицияның негізгі пайда болу көздерін, инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу нысандарын, инвестициялық сфераға ықпал ету нысандарын ашып қарастыру.

Работа содержит 1 файл

9 тақырып.docx

— 50.64 Кб (Скачать)

   9 тақырып. Мемлекеттің  құрылымдық, өнеркәсіптік  және инвестициялық  саясаттарын қалыптастыру  мен жүзеге асыру  механизмдері. 

   Дәріс мақсаты: Постиндустриалдық типтегі экономика құрылымын, мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштерін, экономиканы қайта құрылымдау кезіндегі мемлекеттік іс-шараларын, белсенді өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың қажеттілігін, ұзақ мерзімге арналған өнеркәсіптік саясаттың негізгі міндеттері, мақсаттары, қағидаларын, өнеркәсіптік саясаттың түрлерін, ҚР өнеркәсіпті қолдаудың таңдамалы және жалпы іс-шараларын, құрылымдық және өнеркәсіптік саясаттағы  инвестициялық сфераның рөлін, инвестициялаудың субъектілері мен объектілерін, инвестицияның негізгі пайда болу көздерін, инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу нысандарын, инвестициялық сфераға ықпал ету нысандарын ашып қарастыру.  

   Дәріс  жоспары:

    1. Постиндустриалдық типтегі экономика құрылымы.
    2. Мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштері: ұдайы өндірісті реттеу, «мотор-салаларды» анықтау.
    3. Экономиканы қайта құрылымдау кезіндегі мемлекеттік іс-шаралары.
    4. Белсенді өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың қажеттілігі.
    5. Ұзақ мерзімге арналған өнеркәсіптік саясаттың негізгі міндеттері, мақсаттары, қағидалары.
    6. Өнеркәсіптік саясаттың түрлері.
    7. ҚР өнеркәсіпті қолдаудың таңдамалы және жалпы іс-шаралары.
    8. Құрылымдық және өнеркәсіптік саясаттағы  инвестициялық сфераның рөлі.
    9. Инвестициялаудың субъектілері мен объектілері.
    10. Инвестицияның негізгі пайда болу көздері.
    11. Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу нысандары: инвестициялық бағдарлама, мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару.
    12. Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары: салық жүйесі, қаржылық көмек, несие және амортизациялық саясат.
 
   
          1. Постиндустриалдық типтегі экономика  құрылымы.

   Экономика құрылымы деп енбекті жалпы бөлуді сипаттайтын, сондай-ақ, өнімдердің айналымын сипаттайтын, олардың өзара байланысы, өндірістік ресурстары және ұдайы өндіріс үдерісін көрсететін, оның түрлі салаларының қатынастары түсініледі.

   Экономика құрылымы – ЖІӨ -дегі (ВВП) (салалық  тәсіл) кейбір салаларының үлесі.

   Егер  нарық экономикасының әр түрлі кесіндісін қарасақ, онда аумақтық, атқарымдық, әлеуметтік құрылымын бөліп көрсетуге болады.

   Атқарымдық құрылым әр түрлі қажеттіліктегі ЖІӨ - ді   (жеке тұтыну, мемлекеттік тұтыну), өндіріс факторының кесіндісінде бөлуді сипаттайды.

   Әлеуметтік құрылым әлеуметтік секторға - жеке, корпоративтк, мемлекеттік, үй шаруашылығы секторына бөлшектеуді  көрсетеді.

   Салалық құрылым үш денгейден тұрады - макроэкономикалық, салааралық және өндірістік.

   Қазақстан экономикасы белгілі болғандай, бұрынғы КСРО шаруашылық байланыстарының  нақтылы сипаттарымен және бай табиғи ресурстарының болуы есебінен, шикізаттық бағыт басымдық жағдайда дамыды. Кешегі күнге дейін мұндай саясат дамудың  ілгерілеу сипатын қамтамасыз етті. Алайда, өсу көрсеткіші кандай да болмасын айтарлықтай болғанымен, тек шикізаттық факторды пайдалана отырып, республика экономикада тұрақты онды нәтижелерге  жете алмайды.

   Қалыптасқан құрылымды жете түсіну үшін, оны  пирамида нысанында көрсету қажет (сурет). Оның негізін республикадағы барлық өндірістің 50 пайыз үлесіне  келетін, базалық, кен өндіруші сала құрайды.

          

       Экономиканың қалыптасқан құрылымы

                                  Ғылымды қажет ететін салалар
        Машина  жасау, ХТТ өндірісі     
        Мұнай-химия өнеркәсібі     
                            Табиғи    шикізатты бастапқы өңдеу    салалары          
               Кен өндіруші    салалар, ауыл және орман    шаруашылығы.       
 

   Әрі қарай табиғи шикізатты, құрылыс  және басқа да материал дарды (25 пайызға жуық) бастапқы қайта өндеу енеді. Ақыр соңында жаппай өнім өндіретін машина құрылысы салалары (5 пайызға төңірегінде). Ең биікке жақын болған сайын, елдің экономикасында үлесі өте аз, көбірек технологиялық тұйықталған және ғылымды қажетсінетін өндіріс көп болады.

   Мұндай  жағдай неге қалыптасқанын түсіну үшін, жоспарлы шаруашылықтан мұра болып  қалған экономика құрылымын қарастырған  жөн.

   Оның  алты сипаттамасын белгілейміз:

   1. Өндірістік құрылымның «қиғаштығы»  өндіріс құралдары өндірісінің  пайдасына.

   2.  Көптеген салалардың техникалық  және технологиялық мешеулігі.

   3. Өндірістік қорлардың тозуының  жоғарылығы.

   4. Ғаламдық балансталмау.

   5. ӘӨК –ге (ВПК) жұмсалатын (кем  емес елдің экономикалық әлеуетінің  жыл сайын 2/3-нен) үлкен шығындар. Оны ұстауға жыл сайын ҰТ-тың  18-20 пайызы жұмсалды, нәтижесінде  көліктік, энергетикалық, акпараттық, коммуналдық және әлеуметтік  құрылымдардың жағдайы кері кетті.

   6. АӨК (АПК) құрылымының терең деформациялануы (бүгінде оның көптеген салалары дағдарысқа ұшыраған).

   Одан  басқа, объективті факторлардың ықпалы субъективті факторлардың әрекетімен күшейді (басқарудың барлық деңгейінде кәсіптік шеберліктің және құзыреттіліктің төмендігінен), нәтижесінде жаңартпашылдыққа, бәсекелестік күреске және тұты-нушылық сұранысты қанағаттандыруға қабілетсіз, шектен тыс ауыртпашылықты құрылым қалыптасты.

   Экономиканың  қалыптасқан құрылымы көп жағдайда, қаржылық ресурстардың, бағытталуына «міндетті». Мысалы, 2002 жылғы 9 айдың  ішінде республиканың экономикасына  шетел инвестициясының ағымы 3,5 млрд долларды құрады. Сонымен бірге, шетел  инвесторларының үлесіне 31,4 пайыз, отандық - 60,3   пайыздан  келді.  Инвестициялар  негізінен  кен  өндірушісалаларға (1,7 млрд долл), жылжымайтын  мүлік операцияларына (0,5 млрд долл), көлік және байланыс (0,4 млрд до  лл) және өңдеуші салаға (90,3 млрд долл) бағытталды.

   Мұның барлығы - елдегі салалық және аймақтық құрылымдарды өзгерту мен қалыптастыру бойынша үйлесімділікке ықпал етуде, салалық өнімнің әр түрлі өндіру арасындағы қатынастарға ықпал етудегі  мемлекет іс-әрекетінде құрылымдық-инвестициялық  қайта құру қажеттілігі туындатты.

   Сонымен бірге, экономиканың құрылымын, оның бәсекелестік қабілетін дамытуға және қазіргі  заманғы технологияны қажетсінетін өндірісті жетілдіру бойынша  міндеттер тұрды.

   Әртараптандыру  ғылымды қажетсінетін, жоғары технолоғиялық  және бәсекелестікке қабілетті өнімдердің пайдасына, қызмет үлестерін көтеруге және соңында құны болатын, тауар  өндіруге, ЖІӨ құрылымының өзгерістеріне  бағытталуы тиісті.

   Индустриалдық саясатты әзірлегенде негізгі назар  шикізат ресурстарын қайта өндеуге  байланысты салаларды дамытуға, яғни мұнай-химиядағы, металлургиядағы, машина құрылысындағы; тұтыну тауарларын және құрылыс материалдарын өндірудегі төртінші  және бесінші технологиялық қайта жасауды құруға аударылатын болады.

   Сонымен бірге экспорт және импорт орнын  толтыратын, шикізаттық емес бағыттарды құру басты мақсат болып табылады. 

   
      1. Мемлекеттің құрылымдық саясаты  және негізгі көрсеткіштері: ұдайы өндірісті  реттеу, «мотор-салаларды» анықтау.

     Ең алдымен аса маңызды екі  мәселеге ерекше көбіне көңіл  бөлу керек: біріншіден, халық  шаруашылығының құрылымдық өзгестіріне   нарықтық механизм әсер ете  алмайды, сондықтан бұл өзгерістерді  мемлекеттік тарапынан реттеу  керек, екіншіден, өзгерістерді  инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізүші субъектілердің инвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрымдылық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес.

   Экономикағы құрымдылық өзгерістерді сипаттайтын  көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі  көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы  кезеңдірге белгіленген мақсаттарға  қол жеткізу жөніндегі нақтылы  макроэкономикалық шараларға байланыс ты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат – макроэкономикалық, салық және аймақтық деңгейлерде құрымдылық саясатты қалыптастыру негізгі болып табылады. Шетелдік технологиялық инвестицияларға толықтай бағытталу, біріншіден отандық машина жасау және өндіріс процесін механизацияландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін салалардың мүддесіне шек келтіруі мүмкін; екіншіден, елде техникалық процестін негізгі бағыттары бойынша күрделі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге қажеттілік төмендеуі мүмкін. Материалдық өндірістің аса маңызды салаларында аймақтық ерекшеліктерді ескерместен әкімшілік әдістермен жекемелендіру шараларын жүзеге асыру түптеп келгенде жұмыссыздықтың өсуіне, халықтың ауылдын қалаға көшуін күшейтіп, экономиканың аграрлық секторының материалдық – техникалық және  ғылыми – интеллектуалдық базасының құлдырауына алып келеді. 

   3. Экономиканы қайта құрылымдау кезіндегі мемлекеттік іс-шаралары.

   Дағдарыс  жағдайында үйлесім құрылымына мемлекеттік ықпал етудің барлық әдістері пайдалануы тиіс. Шартты түрде оларды жанама және тікелей деп атауға болады.

   Қаржылық  және ақшалық реттеудің жанама әдістері өзіне салықтық және кредиттік саясатты қосады.Салықтық саясат басты назарды салықты жинауға, өтелім сая-сатына (өтелім мөлшерін белгілеу, өтелім аударымын индекстеу, тездетілген өтелім) бағыттайды. Кредит саясаты - мөлшер есебін, кредитті шектеу немесе өктемдік беру, мемлекет кепілдігін реттеуге бағытталады. Одан басқа кеден саясаты, бағаны реттеу маңызды рөл аткарады.                         

   Тікелей мемлекеттік қаржылық реттеу бюджеттік инвестицияны, қаражаттандыруды, субвенцияны (жәрдем қаржы) және аумақтың дотациясын (демеу қаржы), сондай-ақ тікелей ықпалды басқа шараларды бөлуде көрінеді.

   Мемлекеттік құрылымдық саясатты жүргізу келесі тұжырымдық негізде (көзкараста) болуы тиісті.

   1. ЖІӨ құрылымы, секто рлық құрылым, макроүйлесім мемлекетпен реттелуі, ал, мезо және микроүйлесім таңдаумен реттелуі тиіс.

   Тұрақтылық, алдын ала болжау және өндіріс  өсуін ынталандыруды құру.

   2. Сұраныстың көбеюін  шетелдік  экспорттаушылар  емес, отандық  өндірушілер пайдалануы үшін, іріктеу  қолдампаздығы жүйесі қызмет  істеуі тиіс.

   3. 5-10 жылға даму болжауы мен жоспарын  әзірлеу мақсатына сәйкес, басқа  макро көрсеткіштермен бірге  құрылымдық та маңызды орын  алар еді

   4. Құрылымдық қайта құру түрлерін  таңдау: бірінші түрі машина құрылысы мен құрылыстағы инвестициялық кешеннің басымды салалары санатында қарастырылады; екінші түрі бойынша мұнай-газ өндіру басымдылық алады, ал басымды колдануды - кен өндіру саласындағы ресурс сақтайтын технология алады.

   Сөйтіп, экономикалық құрылымды өзгерту  бойынша мемлекеттік саясат ғылымды  қажетсінетін салаларды қамтамасыз етуге (оның ішінде қорғаныс кешені шеңберінде), сондай-ақ, қазақстандық экономикадағы  оның құрылымындағы тұтыну секторындағы үлесін елеулі көбейтуге көмектесетін, салалардың дамуына бағытталады. 

4. Белсенді өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың қажеттілігі.

   Материалдық өндіріс – оның материалдық-заттық нысанындағы өнімнің  қайта пайда  болуы немесе жасалуымен байланысты қызмет түрі. Материалдық өндіріс  кезінде жаңа құн жасалады ( өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, құрылыста) немесе бұрын шығарылған өнімнің  (саудада, көлікте) құны өседі.

Информация о работе Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері