Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 16:07, лекция

Описание работы

Постиндустриалдық типтегі экономика құрылымын, мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштерін, экономиканы қайта құрылымдау кезіндегі мемлекеттік іс-шараларын, белсенді өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың қажеттілігін, ұзақ мерзімге арналған өнеркәсіптік саясаттың негізгі міндеттері, мақсаттары, қағидаларын, өнеркәсіптік саясаттың түрлерін, ҚР өнеркәсіпті қолдаудың таңдамалы және жалпы іс-шараларын, құрылымдық және өнеркәсіптік саясаттағы инвестициялық сфераның рөлін, инвестициялаудың субъектілері мен объектілерін, инвестицияның негізгі пайда болу көздерін, инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу нысандарын, инвестициялық сфераға ықпал ету нысандарын ашып қарастыру.

Работа содержит 1 файл

9 тақырып.docx

— 50.64 Кб (Скачать)

   Материалдық өндірістің құрамы он төрт саладан  тұрады: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман  шаруашылығы, жүк көлігі, өндіріске  қызмет ететін байланыс, құрылыс, сауда  және қоғамдық тамақтандыру, материалдық-техникалық қызмет және өткізу, жыл-жымайтын мүлік  пен операциялар, маркетинг (рыноктың қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша жалпы коммерциялық қызмет), геология, жер қойнауын бақылау, дайындау, ақпараттық қызмет ету. Ірі салалардың құрамында салалық бөлімдерге бөлінеді. Осындай өнеркәсіп екі ондаған салалық бөлімдерді ұстайды: электроэнер-гетиканы, машина құрылысын, жеңіл, тамақ химиясы, мұнай хи-миясы және т.б.

   Материалдық өндіріс, сондай-ақ мына салааралық кешендерден  тұрады: жанармай-энергетикалық кешені, агроөнеркәсіп кешені, мемлекеттік  машина құрастыру кешені, машина құрастыру, әскери-өнеркәсіптік кешен, химия-орман, көлік және т.б.

   ЖІӨ -дегі өнеркәсіптің үлесі 20 пайызға  жуық. Өнеркәсіп саласында 40 пайыздан артық ЖҰӨ шығарылады. Қазақстанда  барлық ЖІӨ-нің үштен бір бөлігін, республиканың еңбекке жарамды  тұрғынының әрбір төртіншісі жұмыс  істейтін өнеркәсіп өнімдері құрайды. Соңғы уақытта тоқырау-туралау  дәрменсіздік салдарын жеңіп, тұрақты  өсу сатысына шыққан, кәсіпорындардың  саны тұрақты өсуде.

   Республика  өнеркәсібі дамуының жалпы жағдайын сипаттай-мыз. Қазақстанда 2000-жылдан бастап, экономиканың тұрақты өсуі байқалады: ЖІӨ және өнеркәсіп өнімдерін  шығару көбеюде, инфляция жеткілікті төмен деңгейде сақталуда, негізгі капиталға инвестиция өсуде.

   Жаңа  индустриалдық саясаттың бағдарламасы мен тұжырымдамасын әзірлеу үшін индустрияның даму серпініне әсер ететін, көптеген факторлар мен қағидаларды  қарастыру қажет: ресурстық қамтамасыз етілу, ғаламдық коммуникация, іскерлік бағалау, бәсекелестік қабілеттің, жағдайы, жаңа технологиялар, экологиялық тәуелділіктер, басқару әдістері, қоғамдық тұтынушылық, инвестициялық климат, әлеуметтік-экономикалық стратификациялау (жіктеу), ұлттық экономикалық менталитет.

   Минералдық-шикізаттық кешеннен жоғары технологиялы өнеркәсіптік өндіріске табыстарды салу жолымен  өндірісті әртараптандыруға және экспортқа  жетуге бағытты өзгерту, яғни жаңа мақсаттар  қою қажет.

   Тұжырым үш факторға негізделген:

   1. Бәсекелестікке қабілеттілік.

   2. Адам факторы.

   3.  Минералдық-шикізаттық кешен (МШК). Индустриалдық саясат деп бәсекелестікке қабілетті кәсіпкерлікті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін мемлекет қолайлы жағдай тудыратын және қолдау көрсететін кешенді шаралар түсініледі.

   Мемлекеттік өнеркәсіптік саясат оның құрылымын  қайта құру мен жұмыс істеуге  қабілетті тұрғындардың көбірек  толық жұмыспен қамтамасыз етілуі мүмкіндігі негізіндегі экономикалық өсуге көмектесуді қосқанда, өнеркәсіптің қалыпты жұмыс істеуіне бағытталған. 

5. Ұзақ мерзімге арналған өнеркәсіптік саясаттың негізгі міндеттері, мақсаттары, қағидалары.

   2003 жылы Қазақстанда өнеркәсіптік  саясат жүйесі қабылданған және  қолданылады.

   Бүгінде өнеркәсіптік саясаттың жүзеге асу  мәнін құрайтын, бес басты факторлар  мен бес құралдарды қарастырамыз:

   1. Өнеркәсіптік өндірістің  макроқұрылымын   соңғы   өнім шығаратын, ішкі  тауар рыногында бәсекелестікке  қабілетті және халықаралықта  келешегі зор салалар пайдасына  шұғыл өзгерту; импорт орнын  толтыратын өнімдерді шығаруды  көбейту. Республикада шығаруға  болатын, импорт тауарларын қысқарту  үшін, импорт орнын толтыратын  бағдарлама жасалған.

   2. Шетелден өндірістік сала   аппаратын   жаңарту,   еңбек  тиімділігін  арттыру  мақсатында  бәрінен  бұрын технологиялық  инвестиция тарту.

   3. Ғылымды   қажетсінетін   өнеркәсіп   саласын   -   машина құрастыру   саласын,  әсіресе  ауыл  шаруашылығы   және тау-кен металлургиясын дамыту. Ол үшін материалдық-шикізаттық және еңбек ресурстарының белгілі бір үлесін шоғырландыру қажет.

   4. Еңбектің халықаралық бөлінісін  нақты анықтау және еңбек бөлінісінде халықаралық үдеріске лайықты түрде бірігу қажет.

   5. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік  өңдеу саласын тікелей ауылдық  жерде дамыту.

   Бұл мыналарды қамтамасыз етеді:

   а) өндірістің соңғы кезеңін жоғарылатады;

   э) ауылдық жерде жұмыссыздықтың өткір  проблемасын азайтады.

   Қазақстан қаржыгерлерінің II Конгресінде республика Президенті өнеркәсіптік, қаржы-кредит және ақша саясатының өзара байланысты проблемаларын қозғады. Әңгіме өнеркәсіптік өндіріс жағына қаржылық секторды бұру қажеттігі туралы болды. «Тиісінше, ақша-несие саясаты нақты сектордың проблемаларына неғұрлым баламалы саясат болуға тиіс. Мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыруда және халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын өнеркәсіпті несиелендіру небәрі 32 миллиард теңгені құрайды (бағамдағы айырманы есептемегенде жылғыдан аз), яки барлық несиенің төрттен бірінен төмен. Әлбетте, несиелендірудің қазіргі тетігі шеңберінде таяудағы уақытта нақты секторды қаржыландыру айтарлықтай өседі деу қиын.

   Банкілердің депозиттік базасында қысқа мерзімді депозиттердің басым болуы себепті  оларға негізінен қысқа мерзімді несиелер берілуі мүмкін.

   Алайда  экономиканың нақты секторының өрлеуі негізгі құрал-жабдыққа ұзак мерзімді инвестициялар салуды талап етуді  экономиканың әбден ескірген негізгі  қорларды жаңғыртып, қайта жарақтандыруды көп қажетсінуінен туындап отыр.

   Сондықтан, әзірге пайдалы жобалардың, бірінші  сыныпты қарызгерлердің және ұзак мерзімді несиелендіру проблемасы болып отырғанда  Қазақстанның қаржы институттарын  қайта құру жөніндегі батыл да шұғыл шаралар талап етілуде. Банктерді өндірісті кредиттеуге  заңмен мәжбүрлеу қажет. Бұл жағдайды орындамағандарды лицензиядан айыру керек».

   Шаруашылыққа  ұзак мерзімді кредиттердің үлесі 2001 жылғы  банк активтерінің жалпы сомасында 1 пайыз деңгейінде ауытқыды.

   Қазіргі уақытта қаржылық ресурстарды тарту  құралы Қазақстан банк жүйесінің  қаржылық-өнеркәсіптік холдингі болды. Қаржылық капитал өнеркәсіптік компанияның қызметін басқару мен бақылауда, инвестицияда, басқару шешімдерін қабылдауда, кәсіпорынның экономикалық қызметінде, кәсіпорынды қайта құруда, жұмыспен қамтамасыз етуді сақтауда қатысады.

   Көп салалы өндірісті  құру өнеркәсіп өндірісі қызметін жандандыруда басқа құралдар болып саналады.

   Қазіргі заманғы әлемдік тәжірибеде ҚҚТ  тәрізді экономика салаларын  қарастыруға негізделген, даму стратегиясын талдаумен әзірлеу әдісі дайындалған және кеңінен қолданылады. Бұл әдістің мәні әр саланы соңғы өнімнің құнына жүйелі қосылатын өндіріс тізбегі ретінде қарастыруға болады.

   Қосымша құн тізбегі (ҚҚТ) арқылы салаларды  талдау әдісі, онда (ҚҚТ) қозғалтатын  немесе басым болатын негізгі  екі түрлі күшке байланысты болады. Соған байланысты ҚҚТ құрылымдық жоспарда сатылас және деңгейлес  болып бөледі.

   Экономикалық  белсенділік ҚҚТ-нің сатылас құрылымында, ережедегідей, бір компанияның шеңберінде шоғырланады. Мысалы, бір және сол компания шикізат шығарады, оны өңдейді, өз бетімен қосымша бөлшектер шығарады және өнімдерді жинауды жүргізеді.

   ҚҚТ-нің деңгейлес құрылымында белсенділік көптеген шаруашылық жүргізуші  субъектілермен тең жағдайда бөлінеді: бір компания өнім дизайнімен айналысады, басқасы жинақтау жүргізеді, үшіншісі жинайды. 

   6. Өнеркәсіптік саясаттың  түрлері.

   Өнеркәсіптік  саясат объектісі ретінде елдің бүтіндей өнеркәсіптік кешені анықталады, оған барлық салалардың жиынтығы, олардың салалық құрылымы және өнеркәсіп салаларының ғылыми-техникалық дегейіне әсер ететін барлық құрылымдық құрамдар кіреді. Сондықтан, өнеркәсіптік саясат  туралы сөз болғанда салалық, құрылымдық, ғылыми-техникалық және инновациялық саясат қарастырылады, себебі олардың барлығы бір кешен шеңберінде және бір мақсатты көздейді.

   Өнеркәсіптік  саясат суъектілер ретінде барлық деңгейдегі өзінің басқару органдары атынан мемлекеттен басқа, ірі корпорациялар, қаржылық-өнеркәсіптік топтар, акционерлік  қоғамдар және басқа күшті құрылымдар сияқты көптеген басқа шаруашылық субъектілер  болады.

   Өнеркәсіптік  саясатты қалыптастыруда өте маңызды  рөлді осы саясаттың дұрыс  таңдалған мақсатты құрылғылар атқарады. Олардан өнеркәсіптік саясаттың  нақты типтері, басымдықтар жүйесі және оның нақты мазмұны, пайдаланылатын құралдар арсеналы тәуелді.

   Экономикалық  әдебиеттерде мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың түрлі жіктелінуін  кездестіруге болады:

   А) экономикалық өсім сипаты бойнша өнеркәсіптік саясаттың балансталған және балансталмаған типтері ажыратылады;

   Б) өнеркәсіптік кешенге әсер ету тәсілі бойынша өнеркәсіптік саясаттың  активті және пассивті типтері болады;

   В) бағыттлығы бойынша өнеркәсіптік саясаттың  жалпы жүйелік және селективті типтерге бөлінеді;

   Г) мазмұны бойынша экспортқа бағдарланған, импорт алмастырушы  және инновациялық типтер;

   Д масштабы бойынша жалпы ұлттық және аймақтық өнеркәсіптік саясат.

   Оларды  тәжірибеде қолдану ұлттық экономиканың нақты жағдайынан және ерекшелігінен, оның өнеркәсіптік кешенінің қалыптасқан  даму деңгейінен және қабылданатын стратегиялық мақсатты құрылғылардан тәуелді. Нақты  шаруашылық тәжірибеде өнеркәсіптік саясаттың  түрлі типтері белгілі бір  жиынтықта және үйлесімділікте пайдаланылуы мүмкін. 

   7. ҚР өнеркәсіпті қолдаудың таңдамалы және жалпы іс-шаралары.

   Индустриалдық секторды мемлекеттік реттеудің  нақты бағыттарын қарастырайық.

   Мемлекет  ұлттық; экономиканы импорттық тауарлармен  бәсекелестік жағдайына бейімдеу үшін Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін және отандық тауарлар шығарушыларды қорғау мақсатында белгіленген, қорғау шараларын қолданудан туындайтын қатынастарды реттейді.

   Отандық өндірушіні қорғау бойынша мемлекеттік  реттеудің бағыттарының бірі - импорттық  орналастыру бағдарламасы болып  табылады. 1998 жылы ҚР «Импорт тауарлары  кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Заң қабылданды. Заңда  АӨК (АПК) кәсіпорындары бәрінен  бұрын ресейлік және өзбек тауар  өндірушілерінің  сауда экспансиясынан зиян шегіп отырғаны туралы әңгіме болады.

   Ресейлік  тауарлық экспансия азық-түлік тауарларының бағасының жалпы деңгейінің төмендеуінде көп рөл атқарды. Өзбек тауарларының тізімі анықталды, оларға Қазақстан  аумағынан өткізілген кезде арнаулы  кедендік баж салығы қолданылды. Бұл  шара әкелінетін тауарлардың базалық  мөлшерінен жоғары 200 пайыз мөлшердегі кедендік баж салығын мыналарға - жарма, күріш, маргарин, жеміс шырындары, алкогольді және алкоголсіз ішімдіктер, темекі және темекіні өнеркәсіптік ауыстырушылар, сондай-ақ цементке (шлактық, топырақта  болатын алюминий тотығы, суперфосфатты, гидравликалық, дайын немесе кірпіш нысанындағы) белгілеуге қатысты болады.

   Бұл бағдарлама шеңберінде мемлекет тарапынан  қолдампаздықтың, пайда болуы - импортқа баж салығы мен үлесті белгілеу болып  табылады. Қорғау шаралары осы немесе басқа нысанда әр түрлі мерзімге белгіленеді, бірақ жиынтығында  оның қызмет мерзімі 8 жылдан аспауы тиіс. Сонымен бірге, ұзақ мерзімде экономикалық өсуге жету үшін біздің экономика  экспортқа бағытталуы тиіс. Тек импорттың  орнын толтыратын бағыт стратегиясын таңдау қате болған болар еді.

   «Алыпсатарлық»  бизнеспен тауарларды әкелуге белгіленген  шектеулер, сол сияқты тыйым салу сипатындағы шараларға жатады.

   Реттеудің келесі бағыты – отандық өндірушілерді қорғау болып табылады. 1999 жылы отандық тауар өндірушілер бағдарламасы бойынша жобаны қаржыландырған, «Шағын кәсіпкерліктің даму қоры» ЖАҚ құрылды.

   Реттеудің басқа құралдары индустриалдық, сектордың сала-ларының мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу болып табылады.

   Бағдарлама  мақсаты – экономиканың нақты  секторын дамудың жаңа сатысына шығару, өнеркәсіп және аграрлық секторды қажетті  машиналармен, жабдықтармен, қосымша  бөлшектермен камтамасыз ету; салалар  бір немесе үш кәсіпорынға бөлінгенде, өнеркәсіптің дамуының басым бағытын  анықтау және қаржылық-кредиттік  кешен мен салықтың шаралардың есебінен олардың өндірісі ынталандырылады.  

Информация о работе Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері