Макроэкономиканын мани, багыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 09:45, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық мамандықтар бағдарламасы бойынша макроэкономиканың толық курсы. Экономикалық ережелер мен мәселелердің баяндауы атақты шетел экономистері мен отандық ғалымдардың көзқарастары мен пікірлерін есептей отыра жүргізіледі. Құрал макроэкономикадағы қазіргі замаңғы жетістіктер жөнінде толық мағлұмат береді, сондықтан ЖОО экономикалық факультетінің студентеріне, мемлекеттік басқару аясының мамандарына және кәсіпкерлерге пайдасын тигізеді.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ. ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ
1.1 Макроэкономика пәні
1.2 Макроэкономикалық талдаудың әдістері мен қағидалары
1.3 Макроэкономикалық модельдер (үлгілер), олардың түрлері мен көрсеткіштері
1.4 ІЖӨ, ЖҰӨ және ... басқа көрсеткіштері
1.5 Өнімнің, шығындар мен табыстардың айналымы (айналымдылығы)
Сұрақтар мен тапсырмалар
2 ТАРАУ. ИГІЛІКТЕР НАРЫҒЫ
2.1 Жабық экономикадағы жиынтық сұраныс және оны құрастырушылары
2.2 Мемлекеттік шығындар. Кейнс мультипликаторы
2.3 Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Бюджеттік – салық саясаты және жиынтық сұранысқа оның әсері. IS моделі (үлгісі)
Сұрақтар мен тапсырмалар
3 ТАРАУ. АҚША НАРЫҒЫ
3.1 Ақша функциялары. Ақша агрегаттары
3.2 Ақшаға деген сұраныс. Ақшаның классикалық сандық теориясы
3.3 Ақшаға деген сұраныстың кейсиандық теориясы. Сұраныс функциясы
3.4 Баумоль – Тобин моделі (үлгісі)
3.5 Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LM моделі (үлгісі)
3.6 Ақша сұранысы мен ақша саясатының құралдары. Ақша мультипликаторы
Сұрақтар мен тапсырмалар

Работа содержит 1 файл

Макроэкономиканын мани, багыттары.doc

— 231.50 Кб (Скачать)

3) үшіншіден, мемлекеттік бюджеттің жағдайына қарай мемлекет қаржы нарығында не қарыз беруші, не қарыз алушы болады. Егер мемлекеттің шығындары (мемлекеттік сатып алулары) (мемлекеттік сатып алулары + трансферттер) мемлекет табыстарынан асса (салықтар), бұл мемлекет бюджетінің тапшылық жағдайына сәйкес келеді, онда мемлекет өз шығындарын төлеу (өтеу) үшін қарыз алушы ретінде қаржы нарығынан ақшаны қарыз алуға тиісті. Ол үшін мемлекет облигацияларды шығарады (ішкі зайымды, қарызды іске асырады) да оларды бағалы қағаздар нарығында үй шаруашылықтарына сатады. Үй шаруашылықтары жинақтарының жартысын мемлекеттік облигацияларын сатып алуға жұмсайды, сонымен шығындарының жартысын мемлекетке төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, яғни мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырады. Сонымен бірге, мемлекет өз облигациялар бойынша пайыз төлейді, оларды тартымды қылу үшін. Мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздарды төлеу үй шаруашылықтардың табыстарын көбейтеді, бірақ олар мемлекеттік бюджеттің шығындары болып келеді де «мемлекеттік қарыз қызметі бойынша шығындар» деп аталады. Егер мемлекеттің табыстары шығындардан асып түссе (мемлекеттік бюджеттің артығы (профицит) орын алса, мемлекет жеке фирмалардың бағалы қағаздарын алып, қаржы нарығында несие беруші болып келеді. Экономиканың үш секторлы үлгісі үшін екі секторлы үлгіге жасалға қорытындылар келеді, яғни ұлттық өнім ұлттық табысқа тең, жиынтық шығындар жиынтық табысқа тең, құйылулар алуларға тең. Бірақ жиынтық шығындар енді 3 бөліктен тұрады: тұтынудан (С), инвестициялардан (І), мемлекеттік сатып алулардан (G):

E = C+I+G,

Ал жиынтық табыс  тұтынуға (С), жинақтарға (S) және салықтарға (Т) бөлінеді, үлестіріледі:

Y = C+S+T

Мұнда салық дегеніміз  – салықтар (Тх) мен трансферттер (Тr) араларындағы айырма болып табылатын таза салықтар.

Т = Tx – Tr

(Айналым үлгісін талдағанда  мемлекеттік қарыз бойынша пайыздар  төлемі арнайы көрсетілмейді,  трансферттер мөлшерінде есептеледі, өйткені, трансферттер сияқты тауар немесе қызмет үшін айырбас ретінде емес төленеді).

Тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуы құйылулар  болып табылады, ал (таза) салықтар –  шығындар мен табыстар ағынынан алулар, сондықтан құйылулар мен алулар теңдігінің формуласының түрі келесідей:

I+G = S+T

(Трансферттер мен  мемлекеттік облигациялар бойынша  пайыздарды төлеу құйылу болып  саналады, себебі табыстар және  шығындар ағындарын көбейтеді). Экономиканың 3 секторлы (бөлікті) үлгісінің талдауы  (жабық экономика үлгісі) көрсеткендей, факторлық табыстар сомасы болатын ұлттық табыстың (Y) үй шаруашылықтары өз еркімен жұмсай алатын табыстардан айырмашылығы бар. Айналым сызбасына сәйкес қолдағы бар табыс ұлттық табыстан үй шаруашылықтары мемлекетке төлейтін салықтар мөлшерімен және мемлекет үй шаруашылықтарына төлейтін трансферттер мөлшерімен өзгешеленеді, сондықтан, қолдағы бар табыстың мөлшерін табу үшін ұлттық табыстан салықтарды (Тх) алып тастап, трансферттерді (Тr) қосу керек (және егер болса, мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздар төлемін), яғни таза салықтарды алу (алып тастау)

T = Tx – Tr

Жалпы түрде осылай жазуға болады:

Yd = Y – Tx+Tr

немесе

Yd = Y – T

Қолдағы бар табыстарды үй шаруашылықтары тұтынуға (тұтыну шығындары) және жинақтарға пайдаланады:

Yd = C+S

Айналым сызбасына шетелдік секторын (бөлігін) қосу экономиканың төрт секторлы (4 бөлікті) үлгісін (ашық экономика үлгісін) береді де, ұлттық экономиканың басқа елдер экономикасымен өзара қатынастарын есепке алу қажеттілігін білдіреді, олар тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы арқылы (тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты) көрінеді. айналым сызбасында тек қана ақша ағындары көрсетілгендіктен (1,4), экспорт (Ех) дегеніміз – экспорттан (шетел секторынан көрсеткіш) түскен түсім (табыстар), ал импорт (Im) – импорт бойынша шығындар (шетел секторына көрсеткіш).

Экспорт пен импорттың  ара қатынастары сауда балансында көрсетілген. Егер импорт бойынша шығындар экспорттың табыстарынан асып түссе (Im>Ex), бұл сауда балансының тапшылық жағдайына сәйкес келеді. Сауда балансы тапшылығын қаржыландыру (импорт бойынша шығындар мен экспорттан түскен табыстар араларындағы айырым) жүзеге асырылады:

а) басқа елдерден немесе халықаралық қаржы ұйымдардан (халықаралық  валюталық қор, Дүниежүзілік банк және т.б.) шетел (сыртқы) қарыздар есебінде.

Сыртқы қарызды, сонымен  бірге, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыруға да пайдалануға болады.

б) шетел азаматтарына қаржы активтерін сату (жеке және мемлекеттік бағалы қағаздарды) содан елге ақша қаражаттарының түсу және оларды төлеу есебінен. Осы 2 жағдайда да елге (қаржы нарығына) шетел секторынан (бөлігінен) ақша қаражаттары түседі, бұны капитал түсімі деп атайды.

Бұл сауда баланс тапшылығын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Егер экспорт табыстары импорт бойынша шығындардан асса (Ех > Im), бұл сауда балансының артығын (профицит) білдіріп, елден капиталдық қайтуы орын алады, бұл жағдайда шетел азаматтары осы елге өз қаржы активтерін сатады да экспортты төлеу үшін қажет қаражаттарын алады.

Төрт секторлы (бөлікті) үлгіде (ашық экономика үлгісінде) табыстар мен шығындар теңдігі қағидасы сақталады. «Таза экспорт» (Хn) деп аталатын және экспорт пен импорт араларындағы айырым болып келетін шетел секторының шығындарын есептей отыра.

Жиынтық шығындардың  формуласын жазуға болады. Олар барлық макроэкономикалық агенттердің (үй шаруашылықтардың, фирмалардың, мемлекеттің, шетел секторының) шығындар сомасына тең:

Жиынтық табыстың формуласы:

(Бұл табыстың тұтынуға, жинақтарға және салықтарды төлеуге пайдаланатынын білдіреді). Тепе-теңдік жағдайда E=Y болғандықтан:

Бұл теңдікті макроэкономикалық бірлестік, ұқсастық деп атайды. Мұнда жиынтық шығындар мөлшері жиынтық (валдық) ішкі өнімнің құнына тең (ЖІӨ):

Макроэкономикалық ұқсастықтан құйылулар мен алулар теңдігінің формуласын шығару үшін таза экспорттың көрсеткішінде құйылулар да (яғни, осы елдің өніміне шетел секторының шығындары сұранысын көрсететін экспорт және соған орай, шығындар мен табыстар ағынын көбейтетін жиынтық шығындардың бөлігі) және алу (яғни елдің шетел секторына «кететін» жиынтық табысының бөлігі, демек ішкі шығындар мен табыстарды қысқартатын, сондықтан құйылу мен алулар теңдігінің формуласы былай жазылу керек:

Айналым сызбасы экономикадағы  өзара байланыстар мен өзара  тәуелділіктердің барлық түрлерін көрсетеді. Енді макроэкономика пәнін дәлірек  анықтауға болады. Макроэкономика макроэкономикалық нарықтарда макроэкономикалық агенттер мінез-құлықтарының заңдылықтарын зерделейді.

 

Сұрақтар мен  тапсырмалар

 

  1. Макроэкономика мен микроэкономика араларындағы айырмашылық неде?
  2. Макроэкономика зерттейтін өзекті мәселелерді атап айтыңыз.
  3. Макроэкономикада қолданатын экономикалық үлгілерін атаңыз.
  4. Ағындар мен қорлар араларындағы айырмашылық неде?
  5. Мемлекеттік және жеке секторлар деген не? Араларында өзара байланыс бар ма?
  6. ЖІӨ қандай тәсілдермен өлшенеді?
  7. ЧПН не кіреді?
  8. Тұтыну бағалар индексі мен ЖІӨ дефляторы араларындағы айырмашылық қандай?
  9. Экономикадағы шығындар айналымының сызбасын көрсетіңіз?
  10. Жиынтық шығындарға инвестициялар қандай ықпал жасайды?
  11. Негізгі макроэкономикалық ұқсастық неде тұрады?
  12. 3 тауармен қарапайым экономиканы көрейік. Бұл тауарлардың нарық бағалары тең: Р1 = 5, Р2 = 10, Р3 = 15. 2000 жылы әр тауардың өндіру (тұтыну да) көлемі: Q1 = 20, Q2 = 25, Q3 = 10. Бұл жағдайда:

а) нақтылы ЖІӨ мөлшері  қандай?

б) жиынтық тұтынудағы әр тауардың үлесін таразы ретінде  пайдалана отырып, тұтыну бағалардың индексін салыңыз (жасаңыз):

в) 2001 жылы бағалар Р1 = 6, Р2 = 12, Р3 = 17, ал өндіріс (тұтыну) көлемдері Q = 21, Q = 27, Q = 11 өсті дейік. Базалық (негізгі) ретінде 2001 жылы алып, нақтылы және шынайы ЖІӨ көлемдерін есептеңіз. ЖІӨ дефляторымен өлшенген инфляция деңгейі қандай? Экономикалық өсудің нақты қарқындары қандай?

13. 2005 жылы нақтылы  ЖІӨ 600 млрд долл. құрады. Бір жылдан  кейін ЖІӨ дефляторы 1,2 көбейді,  ал шынайы, нақты ЖІӨ 10% өсті. 2006 жылдың нақтылы ЖІӨ анықтаңыз (2005 ж – базалық, негізгі).

14. Х елінде тауардың  тек қана 2 түрін (алма мен банан) өндіреді. Өндіріс көлемдері мен тауарлар бағалары келесі кестеде келтірілген 2-ші жылғы ЖІӨ дефляторын анықтаңыз, егер 1 жыл – базистік.

 

Өндірісі

Бағасы

Алма 

(мың тг)

Банан (мың тг)

Алма 

(1т мың тг)

Банан

(1т мың тг)

1 жыл 

500

250

12

6

2 жыл 

450

300

16

7


 

15. Дұрыс жауапты таңдап  алыңыз. Макроэкономикалық талдауының  негізін қалаушысы кім болады?

1) М. Фридмен

2) В. Хоутри

3) И. Шумнетер

4) Дж. М. Кейнс

5) К. Маркс

16. Жетпейтін маңызды  өзара байланыстарын қалпына  келтіріңіз:

1) Абсолюттік көрсеткіштер  өлшенеді...

(адам санымен өлшенетін  жұмыспен қамтылған және жұмыссыздар  сандарының көрсеткіштерін санамағанда)


Информация о работе Макроэкономиканын мани, багыттары