Макроэкономиканын мани, багыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 09:45, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық мамандықтар бағдарламасы бойынша макроэкономиканың толық курсы. Экономикалық ережелер мен мәселелердің баяндауы атақты шетел экономистері мен отандық ғалымдардың көзқарастары мен пікірлерін есептей отыра жүргізіледі. Құрал макроэкономикадағы қазіргі замаңғы жетістіктер жөнінде толық мағлұмат береді, сондықтан ЖОО экономикалық факультетінің студентеріне, мемлекеттік басқару аясының мамандарына және кәсіпкерлерге пайдасын тигізеді.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ. ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ
1.1 Макроэкономика пәні
1.2 Макроэкономикалық талдаудың әдістері мен қағидалары
1.3 Макроэкономикалық модельдер (үлгілер), олардың түрлері мен көрсеткіштері
1.4 ІЖӨ, ЖҰӨ және ... басқа көрсеткіштері
1.5 Өнімнің, шығындар мен табыстардың айналымы (айналымдылығы)
Сұрақтар мен тапсырмалар
2 ТАРАУ. ИГІЛІКТЕР НАРЫҒЫ
2.1 Жабық экономикадағы жиынтық сұраныс және оны құрастырушылары
2.2 Мемлекеттік шығындар. Кейнс мультипликаторы
2.3 Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Бюджеттік – салық саясаты және жиынтық сұранысқа оның әсері. IS моделі (үлгісі)
Сұрақтар мен тапсырмалар
3 ТАРАУ. АҚША НАРЫҒЫ
3.1 Ақша функциялары. Ақша агрегаттары
3.2 Ақшаға деген сұраныс. Ақшаның классикалық сандық теориясы
3.3 Ақшаға деген сұраныстың кейсиандық теориясы. Сұраныс функциясы
3.4 Баумоль – Тобин моделі (үлгісі)
3.5 Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LM моделі (үлгісі)
3.6 Ақша сұранысы мен ақша саясатының құралдары. Ақша мультипликаторы
Сұрақтар мен тапсырмалар

Работа содержит 1 файл

Макроэкономиканын мани, багыттары.doc

— 231.50 Кб (Скачать)

- экономикалық өсуді  қамтамасыз ететін құрылымдық 

- экономиканың мерзімдік  құбылуларын (тұрақсыздануын) басуға, ресурстардың жұмыспен толық  қамтылуына, бағалардың тұрақты  деңгейін және сыртқы экономикалық  тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған конъюктуралық (тұрақтандыру) саясатына.

Тұрақтандыру саясатының негізгі түрлері:

а) Фискалдық (немесе бюджеттік-салықтық) саясат

б) монстарлық (немесе ақша-несиелік) саясат

в) сыртқы экономикалық саясат

г) табыстар саясаты

 


 

 

4) Шетелдік сектор (бөлік)  – дүниежүзінің барлық басқа  елдерін біріктіріп, жеке оңтайлы  әрекеттегі (қызмет жасайтын) макроэкономикалық  агент. Ол осы елмен келесілер  арқылы өзара әрекеттестікті  іске асырады:

а) халықаралық сауда  арқылы (тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты);

б) капиталдардың ауысуымен (капиталдың экспорты мен импорты, яғни қаржы активтердің).

Талдауға шетел секторының (бөлігінің) қосылуы ашық экономиканы алуға мүмкіндік береді. Нарықтардың агрегаттауы әрқайсысының қызмет атқару заңдылықтарын табу, атап айтқанда – нарықтың әр қайсысына сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу ерекшеліктерін, олардың тепе-теңдік жағдайларын зерттеу, сұраныс пен ұсыныс ара қатынастарының негізінде тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемді анықтау, әр нарықтағы тепе-теңдіктің өзгеру салдарын талдау мақсатымен өткізіледі.

Нарықтардың агреттауы 4 макроэкономикалық нарықты айыруға  мүмкіндік береді:

  1. тауарлар мен қызметтер нарығы (шынайы нарық)
  2. қаржы нарығы (қаржы активтер нарығы)
  3. экономикалық ресурстар (қорлар) нарығы
  4. валюталық нарық

 

1.3 Макроэкономикалық  үлгілер, олардың түрлері мен  көрсеткіштері

 

Модельдеу мен дерексіздендіру (абстракциялау), ойша жіктеу макроэкономикалық  талдаудың негізгі әдісі болып  табылады. барлық макроэкономикалық  үдерістер модельдерді (үлгілерді) салу негізінде зерделенеді. Макроэкономикалық модельдер араларындағы негізгі өзара қатынастарды табу мақсатымен экономикалық үдерістер мен құбылыстардың графикалық немесе алгебралық баяндалуы. Модельді салу үшін әр зерттелетін құбылыстың ең маңызды сипаттарын айырып, мәні, маңызы аз құбылыстар мен факторлардан дерексіздену қажет. Сонымен, модель (үлгі) дүниенің, шындықтың қарапайым көрінісі, ол экономикалық үдерістер дамуының негізгі заңдылықтарын тауып, экономикалық өсу, инфляция, жұмыссыздық сияқты күрделі макроэкономикалық мәселелердің шешу нұсқаларын әзірлеуге мүмкіндік беретін жеңіл түріндегі көрініс болып келеді. Макроэкономикалық модельдердің түрлері көп: функциялар, графиктер, сызбалар мен кестелер, олар макроэкономикалық шамалар араларындағы, экономикалық құбылыстар араларындағы, экономикалық құбылыстар араларындағы себеп – салдар байланыстарын түсінуге мүмкіндік береді. Макроэкономикада функциялардың әр түрлерін айырады.

а) іс-қимылдық олар экономикалық агенттердің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын сипаттайды (мысалы, тұтыну функциясы): ,

мұнда  a – табыс деңгейінен тәуелсіз жеке тұтыну;

(V - T) – қолдағы табыс;

b – іс-қимылдық коэффициент, ол тұтынуға шекті бейімділік деп аталады да қолдағы табыс шамасының бірлікке өзгеруіндегі тұтыну шамасының өзгеруін көрсетеді.

б) технологиялық, олар өндіріс  технологиясын баяндайды (мысалы, өндірістік функция): ,

мұнда Y- жиынтық шығарудың шамасы, ол капитал қоры (К) және еңбек қорымен (L) анықталады, яғни негізгі экономикалық ресурстардың (қорлардың) санымен.

в) институционалдық, олар институционалдық факторлардың (мемлекеттік басқару параметрлерінің) макроэкономикалық шамаларға жасайтын ықпалын көрсетеді, мысалы, салықтар функциясы: ,

мұнда Т – салық  түсімдерінің шамасы,

- табыс деңгейінен тәуелсіз  ерікті салықтар,

t – салық мөлшері,

Y- жиынтық табыс деңгейі (шығару);

г) дефинициондық, олар кез келген макроэкономикалық шаманың анықтауын көрсетеді (мысалы, жиынтық сұраныс функциясы, анықтау бойынша, ол барлық макроэкономикалық агенттер сұранысының сомасы):

мұнда   С – үй шаруашылықтардың сұранысы (тұтыну шығындары),

I – фирмалар сұранысы (инвестициялық шығындар),

G – мемлекет сұранысы (тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары) мен

Xn – шетел секторының сұранысы (таза экспорт).

Барлық функцияларды графиктер мен кестелер түрінде  көрсетуге болады. Модельдерге (үлгілерге) көрсеткіштердің 2 түрі кіреді: экзогенді және эндогенді.

Экзогенді шамалар – ол сырттан берілетін, үлгіден тыс қалыптасатын көрсеткіштер. Экзогенді шамалар тәуелсіз болып келеді. Эндогенді шамалар – үлгінің ішінде қалыптасатын көрсеткіштер.

Экзогенді эндогенді


ауыспалы ауыспалы

Сурет 1.1

 

Үлгі экзогенді шамалардың (сыртқы күш, қозғалу) өзгеруі эндогенді шамалардың өзгеруіне әсер етуін көрсетуге мүмкіндік береді (Сурет 1.1). мысалы егер тұтыну функциясының түрі С=C (Yd,W) болса,

мұнда С-жиынтық тұтыну шығындардың  шамасы,

Yd-қолдағы табыс және

 W-байлық

онда Yd және W – экзогенді шамалар, ал С – эндогенді болып табылады. Бұл үлгі қолдағы табыстың немесе байлықтың өзгеруі тұтыну шығындар шамасын қалай өзгертетінін талдауға мүмкіндік береді. Сонымен, тұтыну тәуелді шама ретінде (функция), ал қолдағы табыс пен байлық шамасы – тәуелсіз шамалар (функцияның негізі) ретінде саналады. Әр түрлі үлгілерде бір шаманың эндогенді де, экзогенді де болуы мүмкін. Солай, тұтыну үлгісіндегі тұтыну шығындары (С) эндогенді (тәуелді) шама ретінде, ал жиынтық сұраныс үлгісінде тұтыну шығындары (С) экзогенді (тәуелсіз) шама, яғни ауыспалы болып келеді, ол жиынтық шығару мен жиынтық табыстың шамасын анықтайды. Бұған мемлекеттік басқарудың ауыспалылары жатпайды, олар, әдетте, экзогенді болып келеді. Мысалы: тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары, аккордты салықтар, салық мөлшерлері, трансферттердің шамасы, пайыздың есептеу мөлшері, міндетті резервтер (қорлар) нормалары, ақша базасы. Ауыспалылардан басқа, үлгілерге параметрлер мен константалар кіреді. Олар тұтынуға деген шекті бейімділік, сақтауға шекті бейімділік, депозит ретінде енгізу нормасы, артылып қалған резервтер (қорлар) нормасы және икемділік көрсеткіштері, мысалы, инвестициялардың (қаржы салымының) пайыз мөлшерінің өзгеруіне икемділігі, табыстың өзгеруіне ақшаға деген сұраныс икемділігі, капитал ұтқырлығының дәрежесі және т.б.

Макроэкономикалық ауыспалылардың маңызды  ерекшелігі – олардың 2 топқа бөлінуі: ағындар көрсеткіштері мен қорлар көрсеткіштері. Ағын – ол белгіленген мерзім ішіндегі сан. Макроэкономикада уақыт бірлігі ретінде жыл саналады. Ағындар көрсеткіштеріне жатады: жиынтық шығару, жиынтық табыс, тұтыну, инвестициялар, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, жұмыссыздардың саны, экспорт, импорт және басқалар, олар жыл сайын есептеседі. Қор – уақыттың белгіленген сәтіне келетін сан, яғни белгіленген уақытқа (мысалы, 2000 жылдың 1 қаңтарына). Қорлардың көрсеткіштеріне жатады; ұлттық байлық, жеке байлық, капитал қоры, жұмыссыздардың саны, өндірістік әлеует, мүмкіндік, мемлекеттік қарыз және т.б. Макроэкономикалық көрсеткіштер абсолюттік және салыстырмалы деп бөлінеді. Абсолюттік көрсеткіштер ақша (құндық) түрінде (бұған адам санымен өлшенетін жұмыссыздар санының көрсеткіштері енбейді), ал салыстырмалы – пайыздарда немесе салыстырмалы шамаларда өлшенеді. Салыстырмалы көрсеткіштерге жұмыссыздық деңгейі, дефлятор (бағалардың жалпы деңгейі), инфляция қарқыны, экономикалық өсу қарқыны, пайыз мөлшері, салық мөлшері және т.б. кіреді.

Тұрақты тепе-теңдік   тұрақсыз тепе-теңдік бейтарап

Сурет 1.2 Тепе-теңдіктердің түрлері

Макроэкономикада тепе-теңдік жағдайларды  зерделеудің зор маңызы бар. Тепе-теңдіктің 3 түрін айырады: тұрақты, тұрақсыз және бейтарап (сурет 1.2). Жүйедегі тепе-теңдік тұрақты деп саналады, егер тепе-теңдік жағдайдан шығарылып, жүйе өз бетімен оған қайтакелсе, тұрақсыз – орнына қайтпаса және бейтарап – жүйе алғашқы жағдайына келе ме, жоқ па – анық айтуға болмаса. Макроэкономикалық үлгілерде уақыт факторының маңызы зор. Талдауда осы фактор қалай есептелуіне байланысты макроэкономикалық үлгілердің 3 түрін айырады: статикалық, салыстырмалы статиканың және динамикалық. Статикалық модельдер уақыттың белгіленген сәтіндегі экономикалық ахуалды сипаттайды. Салыстырмалы статика модельдері экономикалық жүйенің бір тепе-теңдік жағдайдан екінші жағдайға көшу нәтижесін көрсетеді, бірақ, бұл көшудің қалай болатындығын зерттемейді. Бұл процестің (үдерістің) механизмі динамикалық үлгілерде зерделенеді. Динамикалық үлгілерде дисконттау қағидасы маңызды рөл атқарады, яғни болашақ табыстардың құнын қазіргі мерзімге келтіру (PV). Дисконттау әдісі инвестициялық жобалардың қаржыландыруына қаржыларды салу нәтижелілігін анықтауында, құнды қағаздарды сатып алғанда, тұтынудың уақытаралық таңдауында пайдаланады. Дисконтталған құн мына формула бойынша есептеледі:

мұнда х1, х2...хn – әр болашақ кезеңдерінде экономикалық агент ұйғаратын (болжайтын) табыстар (біріншіден n - дейін),

r – дисконт нормасы, макроэкономикалық үлгілерде ол пайыз мөлшеріне тең. Пайыз мөлшерінің макроэкономикалық мәні: ақшаны басқаша пайдаланудың баламалы шығалары (шығындары).

 

1.4 ЖІӨ, ЖҰО  және ҰШЖ басқа көрсеткіштері

 

Қазіргі замаңғы экономиканың санаты – жаһандану. Халықаралық экономикалық бірлестіктердің пайда болуы  және дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы экономикалық терминологияны, экономикалық қызметі мен экономикалық көрсеткіштерді есепке алу ережелерін жаңартуға себеп болды. осыған байланысты ХХ ғасырдың ортасында халықаралық ұйымдар ұлттық есептер Жүйесі (ҰЕЖ) құрылды.

ҰЕЖ – ұлттық және халықаралық деңгейде пайдаланатын бірыңғай экономикалық терминдер, жүйелер және есепке алу ережелерінің жиыны.

ҰЕЖ келесі міндеттерді  атқарады:

  • макроэкономикалық есептілік үшін, ағымдағы макроэкономикалық ахуалды талдау үшін және болжауларды, негіздеу үшін дерекқор мәліметтерін жинақтайды;
  • әр елде экономиканың жағдайын және қызмет нәтижелерін салыстырып, аналитикалық ақпарат береді;
  • елдердің, аймақтардың және халықаралық экономикалық бірлестіктердің ағымдағы экономикалық саясатын, белгіленген экономикалық стратегияны (түбегейлі жоспарды) іске асыру үшін мәліметтер көзі болып табылады.

Экономикалық қызмет нәтижелерін бағалайтын негізгі  макроэкономикалық көрсеткіштер: жалпы  ішкі өнім (ЖІӨ) және жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). Жалпы ішкі өнім уақыттың белгіленген  мерзімінде сол елдің резиденттері өндірген соңғы өнім құнын өлшейді (есептейді). Соңғы тауарлар мен қызметтер ретінде тек қана тікелей тұтынатын (ары қарай қайта сату үшін емес) тауарлар мен қызметтер саналады. Жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) өндіріс процесінде (үдерісінде) шығындалған (отын, шикізат, көлік қызметі және т.б.) аралық (шыққан) тауарлар мен қызметтердің құны кірмейді. ЖІӨ анықтауындағы «жалпы», «валдық» деген термин ЖІӨ есептегенде оның құнынан негізгі капиталдың тұтынуы алынбайтынын білдіреді.

ЖІӨ ішкі өнім болып саналады, себебі осы елдің резиденттерімен өндіріледі. Бір елдің экономикалық аумағында экономикалық мүддесінің орталығы бар, олардың ұлтынан тәуелсіз барлық экономикалық бірліктер (кәсіпорындар, үй шаруашылықтары) резиденттер болып саналады.

ЖІӨ өлшеудің 3 тәсілі бар:

  • қосымша құн бойынша (өндірістік әдіс)
  • шығындар бойынша (соңғы пайдалану әдісі)
  • табыстар бойынша (бөлу, үлестіру әдісі)

ЖІӨ өндірістік әдіспен  есептегенде соңғы өнім өндірісінің  әр сатысында қосылған құн сомаланады (қосылады). Ол шаруашылық қызметтің әр қатысушысының үлесін көрсетеді.

Қосымша құн – ол барлық фирмалар өнімдерінің нарықтық бағасы, өнімнің өндірісіне осы фирмалармен сатып алып шығындалған шикізат пен қосымша материалдың құнын санамағанда. Қосымша құн осы кәсіпорын қызметкерінің еңбегімен атқарылған жұмыстар құнының көрсеткіші болып келеді.

Елдің барлық экономикасымен шығарылған (құрылған) қосымша құндардың  жалпы сомасы – барлық өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Шығындар бойынша ЖІӨ есептегенде  үй шаруашылықтардың, мемлекеттің тауарлары мен қызметтерінің түпкілікті тұтынуына, валдық (жалпы) инвестицияларға, таза экспортқа шығындар жинақталады. Жинақталған шығындарды бірнеше құрамдас бөлікке бөлуге болады:

,

мұнда  С – тауарлар мен қызметтерді сатып алуға елдің тұтыну шығындары, бірақ оларға үй-жай сатып алуға кететін шығындар кірмейді.

І – валдық, жалпы инвестициялар, оларға өндірістік капитал жұмсау немесе негізгі өндірістік қорларға инвестициялар, тұрғын үй құрылысына инвестициялар, қорларға салынған инвестициялар кіреді. Валдық (жалпы) инвестицияларды таза инвестициялар мен амортизациялардың сомасы ретінде көрсетуге болады.

G – тауарлар мен қызметтердің мемлекетік сатып алулары – мысалы, құрылысқа кететін шығындар, мектептерді, жолдарды, армияны, мемлекеттік басқару аппаратын ұстауға кететін шығындар.

Xn – экспорт пен импорттың айырымы ретінде есептелетін шетелге жіберілетін тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.

Табыстар бойынша ЖІӨ  есептелуі факторлы табыстардың  барлық түрлерінің (жалақы, сыйақылар, пайдалар, пайыздар, рента табыстары) және амортизация мен бизнеске таза жанама салықтар жиынтығымен іске асырылады.

ҰШЖ (ұлттық шоттар жүйесі) шығын шығыс бөлігіне табыс бөлігіне тең болуы тиіс: осы жылдың өнім өндірісінен алынған ақша табысы осы жылы өндірілген тауарлар мен қызметтердің сатып алуына жұмсалған шығындар көлеміне тең, немесе:

Бұл теңеу негізгі  макроэкономикалық үйлестік деп  аталады.

Валдық (жалпы) ұлттық өнім (ЖҰӨ) – белгіленген мерзім ішінде осы елдің тұрғындары алған табыстың жиынтық бағалауы, ол ЖІӨ (жалпы, валдық өнімге) жақын. Тауар мен капиталдың сыртқы ағындары жоқ жағдайындағы жабық экономикада ЖІӨ мен ЖҰӨ шамалары тең. Бірақ, нақты алғанда, ел ішінде өндірілген өнімнің белгіленген бөлігі шетел азаматтарының иелігінде, ал шетел өнімдерінің қайсыбір бөлігі осы ел азаматтарының иелігінде. Сондықтан, қазіргі барлық экономикалардың ЖІӨ мен ЖҰӨ айырмашылықтары бар, кейбір елдер үшін бұл айырмашылық аз ғана шаманы құрайды. Кез келген экономикада өндіріс факторларының кей бөлігі шетел азаматтарының иелігінде болғандықтан табыстың белгіленген бөлігі солардың меншігінде. Оны шетел жұмыскерлердің немесе негізгі капиталдың қайсыбір иелерінің мысалында оңай көруге болады. Сонымен бірге осы ел тұрғындары өз табысының жартысын шетелден алуы мүмкін, егер олар шетелде жұмыс істесе немесе шетел компанияларының акцияларына ие болса.

Информация о работе Макроэкономиканын мани, багыттары