Макроэкономиканын мани, багыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 09:45, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық мамандықтар бағдарламасы бойынша макроэкономиканың толық курсы. Экономикалық ережелер мен мәселелердің баяндауы атақты шетел экономистері мен отандық ғалымдардың көзқарастары мен пікірлерін есептей отыра жүргізіледі. Құрал макроэкономикадағы қазіргі замаңғы жетістіктер жөнінде толық мағлұмат береді, сондықтан ЖОО экономикалық факультетінің студентеріне, мемлекеттік басқару аясының мамандарына және кәсіпкерлерге пайдасын тигізеді.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ. ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ
1.1 Макроэкономика пәні
1.2 Макроэкономикалық талдаудың әдістері мен қағидалары
1.3 Макроэкономикалық модельдер (үлгілер), олардың түрлері мен көрсеткіштері
1.4 ІЖӨ, ЖҰӨ және ... басқа көрсеткіштері
1.5 Өнімнің, шығындар мен табыстардың айналымы (айналымдылығы)
Сұрақтар мен тапсырмалар
2 ТАРАУ. ИГІЛІКТЕР НАРЫҒЫ
2.1 Жабық экономикадағы жиынтық сұраныс және оны құрастырушылары
2.2 Мемлекеттік шығындар. Кейнс мультипликаторы
2.3 Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Бюджеттік – салық саясаты және жиынтық сұранысқа оның әсері. IS моделі (үлгісі)
Сұрақтар мен тапсырмалар
3 ТАРАУ. АҚША НАРЫҒЫ
3.1 Ақша функциялары. Ақша агрегаттары
3.2 Ақшаға деген сұраныс. Ақшаның классикалық сандық теориясы
3.3 Ақшаға деген сұраныстың кейсиандық теориясы. Сұраныс функциясы
3.4 Баумоль – Тобин моделі (үлгісі)
3.5 Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LM моделі (үлгісі)
3.6 Ақша сұранысы мен ақша саясатының құралдары. Ақша мультипликаторы
Сұрақтар мен тапсырмалар

Работа содержит 1 файл

Макроэкономиканын мани, багыттары.doc

— 231.50 Кб (Скачать)

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАКРОЭКОНОМИКА

 

 

Д.В. Жусупбекова 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2007 ж

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы

 

Д.В. Жусупбекова

 

 

 

 

 

 

МАКРОЭКОНОМИКА

 

Оқу құралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2007 ж

ББК 65.012.2я7

Ж 93

 

Д.В. Жусупбекова 

Макроэкономика. Оқу құралы

Қарағанды 2007 – _____бет

 

ISBN 9965 – 794 – 34 – 0

 

Экономикалық мамандықтар  бағдарламасы бойынша макроэкономиканың толық курсы. Экономикалық ережелер мен мәселелердің баяндауы атақты шетел экономистері мен отандық ғалымдардың көзқарастары мен пікірлерін есептей отыра жүргізіледі. Құрал макроэкономикадағы қазіргі замаңғы жетістіктер жөнінде толық мағлұмат береді, сондықтан ЖОО экономикалық факультетінің студентеріне, мемлекеттік басқару аясының мамандарына және кәсіпкерлерге пайдасын тигізеді.

 

ББК 65.012.2я7

 

Құрастырушы: э.ғ.к., ҚҚЭУ доценті Д.В. Жусупбекова

Пікір білдіргендер: э.ғ.к., ҚарМУ доценті Ж.К. Бопиева

э.ғ.к., ҚҚЭУ профессоры М.К. Жетпісбаева

 

 

    

© Жусупбекова Д.В.

©Қазтұтынуодағы Қарағанды  экономикалық университеті, 2007

 

ISBN 9965 – 794 –  34 – 0

Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу-әдістемелік семинарында талқыланып, мақұлданды: хаттама №7 15.03.2007 ж.

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ТАРАУ. МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ. ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ

1.1 Макроэкономика пәні

1.2 Макроэкономикалық талдаудың әдістері мен қағидалары

1.3 Макроэкономикалық  модельдер (үлгілер), олардың түрлері мен көрсеткіштері

1.4 ІЖӨ, ЖҰӨ және ... басқа көрсеткіштері

1.5 Өнімнің, шығындар  мен табыстардың айналымы (айналымдылығы)

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

2 ТАРАУ.  ИГІЛІКТЕР НАРЫҒЫ

2.1 Жабық экономикадағы  жиынтық сұраныс және оны құрастырушылары

2.2 Мемлекеттік шығындар. Кейнс мультипликаторы

2.3 Игіліктер нарығындағы  макроэкономикалық тепе-теңдік. Бюджеттік  – салық саясаты және жиынтық  сұранысқа оның әсері. IS моделі (үлгісі)

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

3 ТАРАУ. АҚША НАРЫҒЫ

3.1 Ақша функциялары.  Ақша агрегаттары

3.2 Ақшаға деген сұраныс.  Ақшаның классикалық сандық теориясы

3.3 Ақшаға деген сұраныстың  кейсиандық теориясы. Сұраныс функциясы 

3.4 Баумоль – Тобин  моделі (үлгісі)

3.5 Ақша нарығындағы  тепе-теңдік. LM моделі (үлгісі)

3.6 Ақша сұранысы мен  ақша саясатының құралдары. Ақша мультипликаторы

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

 

 

 

4 ТАРАУ. «IS – LM» МОДЕЛІ (ҮЛГІСІ) ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС

4.1 Тауар және ақша нарықтарындағы  тепе-теңдік. «IS – LM» моделі (үлгісі). Жиынтық сұраныс қисық сызығын шығару

4.2 Жабық экономикадағы жиынтық сұранысқа макроэкономикалық саясатының әсері

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

5 ТАРАУ. ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС. АD – AS МОДЕЛІ (ҮЛГІСІ)

5.1 Өндіріс фактолары. Өндірістік  функция

5.2 Еңбек нарығы. Еңбекке сұраныс  және шығару ұсынысының функциясы

5.3 Жабық экономикадағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдер үшін жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

6 ТАРАУ. АШЫҚ ЭКОНОМИКА

6.1 Ашық экономика: түсінігі, түрлері

6.2 Төлем балансы: ағымдағы операциялар  шоты, капитал қозғалысының шоты және ресми қорлар шоты

6.3 Валюталық бағам. Сатып алу  мүмкіншілігінің тепе-теңдігі

6.4 Ашық экономикада жиынтық  сұранысты анықтау 

6.5 IS – LM моделі ашық экономика үшін. Айырбас бағамының IS – LM қисық сызықтардың жағдайына тигізетін әсері.

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

7 ТАРАУ. АЙЫРБАС БАҒАМЫНЫҢ ТӘРТІПТЕРІ ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС

7.1 Кесімді, белгіленген валюталық  бағам және капиталдың ұтқырлық  жағдайында ашық экономикадағы  макроэкономикалық саясат

7.2 Капитал қозғалысын реттеу  жағдайларында ашық экономикадағы макроэкономикалық саясат

7.3 Өзгермелі, құбылмалы валюталық  бағамы бар үлкен ашық экономика.  Ел ішінде және шетелде өткізілетін  макроэкономикалық саясаттың тепе-теңдігіне  ықпалы

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

8 ТАРАУ. ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

8.1 Инфляция және ұсыныс  «талдырулары». Нақты жалақы және  жұмыссыздық деңгейі. Оукен заңы.

8.2 Филлинс қисық сызығы

8.3 Инфляциялық күтулер.  Өзгерген Филлинс қисық сызығы

8.4 Ашық экономикадағы  инфляциямен күрес. Инфляция шығындары.  Сенім кредиті

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

9 ТАРАУ. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ

9.1 Бюджет тапшылығы  және оны қаржыландыру тәсілдері

9.2 Лаффер қисық сызығы

9.3 Кесімді, белгіленген  және өзгермелі, құбылмалы валюталық  бағамдардағы бюджет тапшылығы. Төлем балансының дағдарысы

9.4 Инфляциялық салық және сеньораж. Инфляциялық салық үшін Лаффер қисық сызығы

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

10 ТАРАУ. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

10.1 Қазіргі замаңғы  экономикалық өсудің алғышарттары  мен сипаттары 

10.2 Экономикалық өсудің  негіздері (көздері) өсудің факторлық моделі (үлгісі)

10.3 Экономикалық өсудің  Солоу моделі

10.4 Халықтың өсу қарқыны  экономикалық өсу факторы ретінде.  Солоу моделіне технологиялық  өзгерістердің әсері

10.5 Ашық экономикадағы  экономикалық өсу

10.6 Ашық экономика  және экономикалық конвергенция (жақындасу, бірігу жолымен даму)

Сұрақтар мен тапсырмалар 

 

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі замаңғы жағдайларда  экономикалық ғылымының рөлі маңызды  екені бәріне де мәлім. Экономиканы  өзгерту тәжірибесі, нарық байланыстары мен қатынастарына нәтижелі көшуін іске асыруы, экономиканың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне енуін қамтамсыз етуі осы үдеріс қатысушыларының экономикалық білімдеріне жоғары талап қояды.

Аталмыш оқу құралы макроэкономикалық теорияның көптеген сұрақтарын қарауға бағытталған. Ол макроэкономикадағы қазіргі замаңғы жетістіктер жөнінде толық мәлімет береді, сол себептен колледждер ЖОО, студенттеріне, мемлекеттік басқару аясының мамандарына, кәсіпкерлерге және макроэкономикалық мәселелерге қызығушылық білдіретіндерге пайдалы. Оқу құралы материалды баяндау қисынымен, дәйектілігімен ерекшеленеді. Құрал 10 тараудан тұрады 1 тарауда бірқатар макроэкономикалық түсініктер, солардың ішінде макроэкономикада экономикалық қызметтің нәтижелерін бағалайтын көрсеткіштерді өлшеу қағидалары, тасқындар мен қорлар араларындағы айырмашылықтары, экономикалық модельдер берілген. Бұл түсініктердің теорияны ары қарай зерделеу үшін маңызы зор. 2-5 тараулар жиынтық сұраныс пен ұсыныстың, макроэкономикалық тепе-теңдіктің, игіліктер нарығындағы тепе-теңдіктің, ақша нарығындағы тепе-теңдіктің, IS – LM моделінің (үлгісінің) негізгі көзқарастарына арналған. Ақшаның рөлі және ақша саясатының экономикаға тигізетін әсері (ықпалы) қаралады. Ақша көлемінің өзгерістері инфляцияның пайда болуында басты рөл атқарып, көптеген елдердегі бюджеттік қаржыландыру үшін маңызды. 6-7 тарауларда ашық типті экономикадағы макроэкономикалық саясатқа назар аударылған, себебі дүниежүзінің барлық елдері әр дәрежеде халықаралық сауда үшін ашық. Осындай ашықтықтың экономикалық саясат нәтижелеріне үлкен ықпал бар. 8-9 тарауларда «инфляция-жұмыссыздық» диллемасы, (макроэкономикалық саясаттың ең күрделі мәселесі – инфляция мен жұмыссыздықтың бір уақытта реттеу қажеттілігі бәріне мәлім) және бюджет пен инфляция тапшылығы мәселелері көтеріледі. Мұнда жұмыссыздық пен инфляцияға қарсы саясаты араларындағы байланыстар талданады. Соңғы тарауда қазіргі замаңғы экономикалық өсудің алғышарттары мен сипаттары, өсудің факторлық үлгісі арқылы экономикалық өсу көздері және Солоу өсу моделі (үлгісі). Бұл тарауда ашық экономикадағы экономикалық өсумен байланысты әртүрлі аспектілер көрініс тапты. Оқулықтың шектелген көлемі типтік бағдарламаға енгізілген макроэкономика курсының сұрақтарын тыңғылықты қарастыруға мүмкіндік бермейді. Келтірілген материалды шектес экономикалық пәндердегі макроүдерістерді тереңдетіп зерделеумен және студенттердің өзіндік жұмыстарымен толықтыруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ТАРАУ. МАКРОЭКОНОМИКА  ПӘНІ. ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ

 

1.1 Макроэкономика  пәні

Микроэкономика сияқты, макроэкономика да экономика теориясының  бөлімі. Грек тілінен аударғанда: «макро»  – үлкен, «микро» – кішкентай, кішкене, «экономика» – шаруашылықты жүргізу. Сонымен, макроэкономика – тұтастай экономиканың немесе оның ірі жиынтықтарының (агрегаттарының) тәртібін зерделейтін ғылым.

«Макроэкономика» терминін ең алғашқы болып 1933 жылы белгілі  норвегиялық ғалым – экономист-математик, эконометриканың негізін салушыларының бірі, Нобель сыйлығының лауреаты Рагнар Фриш қолданды. Бірақ қазіргі макроэкономикалық теория атақты ағылшын экономист, Кембридж мектебінің өкілі, лорд Джон Мейнард Кейнстің басты (іргелі) еңбегінен басталады. 1936 жылы оның «Жұмыстылықтың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» деп аталатын кітабы жарық көрді. Онда Кейнс макроэкономикалық талдаудың негізін қалады. Кейнс еңбегінің маңызы өте зор, тіпті экономикалық әдебиетте «Кейнсиандық төңкерісі» деген термин, кейнсиандық макроэкономикалық модель (үлгі) пайда болды. Оның алдындағы – микроэкономикалық талдау (классикалық модель, үлгі) Микроэкономика жеке шаруашылық жүргізетін субъектілердің (тұтынушы немесе өндіруші) жеке нарықтағы экономикалық тәртіптерін (мінез-құлықтарын) зерделейді, ал макроэкономика экономиканы біртұтас ретінде зерделеп, барлық экономика үшін ортақ жалпы мәселелерді зерттейді. Макроэкономика жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық сұраныс, жиынтық тұтыну, инвестициялар, бағалардың жалпы деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, мемлекеттік қарыз деген жиынтық шамаларды қолданады. Макроэкономиканың негізгі мәселелері: экономикалық өсу және оның қарқындары; экономикалық цикл және оның себептері; жұмыстылық деңгейі мен жұмыссыздық мәселесі; бағалардың жалпы деңгейі мен инфляция мәселесі; пайыз мөлшерінің деңгейі мен ақша айналымының мәселелері; мемлекеттік бюджеттің жағдайы; бюджеттік тапшылығын қаржыландыру мәселесі мен мемлекеттік қарыз мәселесі; төлем балансының жағдайы мен валюталық бағам мәселелері; макроэкономикалық саясаттың мәселелері.

Барлық осы мәселелер  макроэкономикалық талдау тұрғыларынан, яғни жеке тұтынушы, жеке фирма, тіпті жеке сала деңгейінде шешілмейді. Осындай бірқатар жалпы – немесе макроэкономикалық мәселелердің болуына байланысты экономика теориясының жеке бөлімі, жеке пәні – макроэкономиканың пайда болу қажеттілігі туды (туындады). Макроэкономиканы зерделеудің маңыздылығы:

  1. ол макроэкономикалық құбылыстар мен үдерістерді жай ғана баяндамай, олардың араларындағы заңдылықтар мен тәуелділіктерді тауып, экономикадағы себеп-салдар байланыстарды зерттейді.
  2. макроэкономикалық тәуелділіктер мен байланыстарды білу арқылы экономикадағы жағдайды бағалап, оны жақсарту үшін не істеу керегін көрсету, ең алдымен саяси қайраткерлердің іс-қимылдары, яғни экономикалық саясатының қағидаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
  3. макроэкономиканы білу арқылы келешекте үдерістердің дамуын болжауға, яғни болашақ экономикалық мәселелерді көріп, болжам жасауға болады.

Макроэкономикалық талдаудың 2 түрін айырады: ex post талдауы және ex ante талдауы. Макроэкономикалық талдау ex post немесе ұлттық есеп жүргізушілік, яғни статистикалық мәліметтер талдауы экономикалық қызметтің нәтижелерін бағалауға, мәселелер мен жағымсыз құбылыстарды тауып шығаруға, оларды шешу мен жеңу бойынша экономикалық саясатты әзірлеуге, әр елдердің экономикалық әлеуетінің салыстырмалы талдауын өткізуге мүмкіндік береді. Макроэкономикалық талдау ex ante, яғни белгіленген теориялық тұжырымдамалардың негізіндегі экономикалық үдерістер мен құбылыстардың болжамдық модельдеуі. Бұл экономикалық үдерістердің даму заңдылықтарын анықтап, экономикалық құбылыстар мен ауыспалылар арасындағы себеп салдар байланыстарын табуға мүмкіндік береді. Осы ғылым ретіндегі макроэкономика.

 

1.2 Макроэкономикалық  талдаудың әдістері мен қағидалары

 

Өз талдауында макроэкономика микроэкономикада пайдаланатын әдістер мен қағидаларды қолданады. Экономикалық талдаудың осындай жалпы әдістері мен қағидаларына жатады: ойша жіктеу (экономикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеп түсіндіру үшін үлгілерді пайдалану); дедукция мен индукцияны үйлестіру; нормативтік және позитивтік талдауды үйлестіру; «басқа да тең жағдайларда» қағидасын пайдалану; экономикалық агенттер мінез-құлқының (іс-әрекеттерінің) оңтайлылығы, тиімділігі жөніндегі болжам және т.б.

Макроэкономикалық талдаудың  ерекшелігі – оның ең маңызды қағидасы ретінде ойша жіктеу болып келеді. Тұтастай экономика деңгейінде экономикалық тәуелділіктер мен заңдылықтардың зерделуі мүмкін, егер жиынтықтарды немесе агрегаттарды қарастырса. Макроэкономикалық талдау агрегаттауды талап етеді. Агрегаттау – ол жеке элементтердің біртұтас, агрегатқа, жиынтыққа бірігуі. Агрегаттау әрқашан ойша жіктеуге негізделеді, яғни экономикалық үдерістер мен құбылыстардың ең маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын көрсетеді. Агрегаттау макроэкономикалық агенттерді, макроэкономикалық нарықтарды, макроэкономикалық өзара қатынастарды, макроэкономикалық көрсеткіштерді атап айтуға мүмкіндік береді. Экономикалық агенттер мінез-құлқының типтік қасиеттерін табуға негізделген агреттау 4 макроэкономикалық агентті атап көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етеді:

  1. үй шаруашылықтары
  2. фирмалар
  3. мемлекет
  4. шетел секторы

1) Үй шаруашылықтары – ол жеке, тиімді, оңтайлы жұмыс жасайтын агент, оның экономикалық қызметінің мақсаты – ең жоғары пайдалыққа жету. Олар: а) экономикалық қорлардың (еңбектің, жердің, капиталдың және кәсіпкерлік қабілеттіліктердің) иесі болып келеді. Экономикалық қорларды сатып, үй шаруашылықтары табыс табады, олардың көбін тұтынуға (тұтыну шығындарға) ұстап, сол себептен олар: б) тауарлар мен қызметтердің негізгі сатушысы болып келеді. Табыстың қалған бөлігін үй шаруашылықтары сақтайды, сондықтан олар: в) негізгі сақтаушы немесе несие беруші (кредитор) болып келеді, яғни экономикада несие қаражаттарының ұсынысын қамтамасыз етеді.

2) Фирмалар – жеке дербес, оңтайлы әрекеттегі макроэкономикалық агент, оның экономикалық қызметінің мақсаты – пайданың өсуі. Фирмалар: а) өндіріс үдерісін қамтамасыз ететін экономикалық қорлардың сатып алушысы ретінде; б) экономикада тауарлар мен қызметтердің негізгі өндірушісі болып келеді. Өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерді сатудан алынған түсімді фирмалар үй шаруашылықтарына факторлық табыстар түрінде төлейді. Өндіріс үдерісін кеңейтіп, капиталдың қорын өсіруге және капиталдың тозуының, ескіруінің орнын толтыруын қамтамасыз ету үшін инвестициялық тауарлар қажет (бірінші кезекте, жабдық), сондықтан фирмалар; в) инвестолар, яғни инвестициялық тауарлар мен қызметтердің сатып алушылары болып табылады. Әдетте фирмалар өз инвестициялық шығындарын қаржыландыру үшін қаржы құралдарын пайдаланады, яғни олар; г) экономикадағы негізгі қарыз алушы болып келеді, өйткені несие құралдарына сұраныс береді.


 

 

3) Мемлекет – экономиканы реттеуге, экономикалық процестер (үдерістер) барысына әсер ету саяси және заң құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жиынтығы. Мемлекет – ол дербес (жеке), оңтайлы әрекеттегі макроэкономикалық агент, оның негізгі міндеті – нарықтың сәтсіздікке ұшырауын болдырмау және қоғамдық  игілігін жоғарлату – сондықтан ол: а) қоғамдық игіліктердің өндірушісі; б) өзінің көптеген міндеттерін атқару үшін және мемлекеттік секторының (бөлігінің) қызметін қамтамасыз ету үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алушысы ретінде табылады; в) ұлттық табыстың (салықтар мен трансферттер жүйесі арқылы) қайта үйлестірушісі; г) мемлекеттік бюджеттің жағдайына байланысты – қаржы нарығында қарыз, несие беруші немесе қарыз алушы.  Бұдан басқа мемлекет; д) нарық экономикасы қызметінің реттеушісі мен ұйымдастырушысы болып табылады. Ол экономика қызметінің институционал негіздерін (заңнамалық базасы, қауіпсіздік жүйесі, салық салу жүйесі, сақтандыру жүйесі және т.б.) құрып, қамтамасыз етеді, яғни «ойын ережелерін» әзірлейді; елде ұсынысын қамтамасыз етіп, бақылайды, себебі ақша эмиссиясына (ақшаның шығарылуы мен айналымына) монополиялық құқығына ие, макроэкономикалық саясатын өткізеді. Макроэкономикалық саясат бөлінеді:

Информация о работе Макроэкономиканын мани, багыттары