Макроэкономиканын мани, багыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 09:45, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық мамандықтар бағдарламасы бойынша макроэкономиканың толық курсы. Экономикалық ережелер мен мәселелердің баяндауы атақты шетел экономистері мен отандық ғалымдардың көзқарастары мен пікірлерін есептей отыра жүргізіледі. Құрал макроэкономикадағы қазіргі замаңғы жетістіктер жөнінде толық мағлұмат береді, сондықтан ЖОО экономикалық факультетінің студентеріне, мемлекеттік басқару аясының мамандарына және кәсіпкерлерге пайдасын тигізеді.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ. ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ
1.1 Макроэкономика пәні
1.2 Макроэкономикалық талдаудың әдістері мен қағидалары
1.3 Макроэкономикалық модельдер (үлгілер), олардың түрлері мен көрсеткіштері
1.4 ІЖӨ, ЖҰӨ және ... басқа көрсеткіштері
1.5 Өнімнің, шығындар мен табыстардың айналымы (айналымдылығы)
Сұрақтар мен тапсырмалар
2 ТАРАУ. ИГІЛІКТЕР НАРЫҒЫ
2.1 Жабық экономикадағы жиынтық сұраныс және оны құрастырушылары
2.2 Мемлекеттік шығындар. Кейнс мультипликаторы
2.3 Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Бюджеттік – салық саясаты және жиынтық сұранысқа оның әсері. IS моделі (үлгісі)
Сұрақтар мен тапсырмалар
3 ТАРАУ. АҚША НАРЫҒЫ
3.1 Ақша функциялары. Ақша агрегаттары
3.2 Ақшаға деген сұраныс. Ақшаның классикалық сандық теориясы
3.3 Ақшаға деген сұраныстың кейсиандық теориясы. Сұраныс функциясы
3.4 Баумоль – Тобин моделі (үлгісі)
3.5 Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LM моделі (үлгісі)
3.6 Ақша сұранысы мен ақша саясатының құралдары. Ақша мультипликаторы
Сұрақтар мен тапсырмалар

Работа содержит 1 файл

Макроэкономиканын мани, багыттары.doc

— 231.50 Кб (Скачать)

Осы табыстарды нақты  кім тапқанына байланыссыз ЖІӨ  ұлттық шекара шеңберінде өндіріс факторларымен  тапқан табыстардың көлемін көрсетеді. ЖҰӨ – ол қай экономикада (ұлттық немесе шетел) алынғанына байланыссыз осы ел тұрғындарының табыстары.

Келесі көрсеткіш –  ол таза ұлттық өнім (ТҰӨ).

ТҰӨ = ЖІӨ - амортизациялық ақша аударулар

ТҰӨ халықтың тұтынуына  және жеке инвестицияларға кететін  ЖІӨ құнын шамасын көрсетеді. ТҰӨ жанама салықтар кіреді, оның ішінде акциздер мен кеден баждары. Егер ТҰӨ жалпы көлемінен жанама салықтарды алып тастасақ, алынған сома ұлттық табыстың (ҰТ) шамасы болады.

ҰТ= ТҰӨ - жанама салықтар

ҰТ өндіріс факторлар  иелері табыс түрінде алатын ЖІӨ құнының бөлігін көрсетеді:

жер иелері – рента  түрінде 

капитал иелері – фирмалардың  табысы түрінде

жұмыс күші иелері – жалақы түрінде

Өндіріс факторларының  иелері тапқан қаражаттарының бәрін  де жеке тұтыну мен жинақтарға кетіре алмайды. Жеке табысты (ЖТ) анықтау үшін ҰТ алу қажет:

  • азаматтардың әлеуметтік сақтандыруына жарналарды
  • мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке фирмалардың табысына салықтарды
  • олардың шоттарында қалған кәсіпорындар мен фирмалардың пайдалары.

Және қосу:

  • дивиденттерді
  • трансферт төлемдерін
  • алынған пайыздарды

Егер ЖТ азаматтар  төлейтін жеке салықтарды алып тастасақ, тұтыну мен жинақтарға ұсталатын  жеке табысты аламыз.

Тұтыну (С) – бұл ЖІӨ маңызды құрастырушысы. Ұзақ мерзімді келешекте ЖІӨ және тұтыну шығындарының өзгеруі бірдей, алайда қысқа мерзімді кезеңде тұтыну шығындары ЖІӨ қарағанда, аз дәрежеде құбылады, себебі олар негізінде қолдағы табыстан тәуелді. Ал қолдағы табыс ЖІӨ сәйкес келмейді. Мысалы салықтар мен трансферттер (қолдағы табысқа кіретін) құлдырау және даму кезеңдерінде автоматты стабилизатор (тұрақтандырушы) ретінде әрекет жасайды: салықтар құлдырау кезінде төмендейді де, трансферттер өседі, сондықтан қолдағы табыс ЖІӨ сияқты тез азаймайды.

Жинақтар (S) – тұтынуды шығарғаннан кейінгі табыс ретінде анықталады.

Көрсетілген (нақтылы) және шынайы көрсеткіштер. ЖІӨ көрсеткішіне бағалар деңгейінің өзгеруі маңызды ықпал жасайды. ЖІӨ көрсетілген (нақтылы) және шынайы болады. Көрсетілген (нақтылы) ЖІӨ осы ағымдағы жылғы бағаларды өндірілген тауарлар мен қызмет көрсетулердің көлемін көрсетеді. Көрсетілген (нақтылы) ЖІӨ шамасына 2 үдеріс ықпал жасайды (әсер етеді): - өндірістің көлемінің өсуі; - бағалар деңгейінің өсуі.

Шынайы ЖІӨ - ол бағалардың өзгеруін есептей отыра түзетілген нақты ЖІӨ немесе базалық жылдың бағаларында көрсетілген. Базалық деп өлшеу басталатын немесе ЖІӨ салыстырылатын жылды айтады.

Өнімнің миллиондаған әртүрлі  және бағалардың әртүрлігі ЖҰӨ дамуын бағалардың немесе көлемдердің өзгеруі  анықтайды деген сауалға жауап  беруді қиындатады. Осы мәселені шешу үшін бағалар мен өнімдердің адам айтқысыз сандарын жай, қарапайым индекстерге агрегаттау, яғни бірегей көрсеткішке біріктіру қажет. Енді экономикадағы тұтыну шығындардың жиынтық шамасын қарайық. Жиынтық нарық тұтыну шығындары тұтыну тауарлар түрлерінің нарық құндар сомасына тең. Экономикада тұтыну тауарлардың N түрлері бар дейік. Олардың әр қайсысы үшін баға деңгейі Рi және тұтыну көлемі Сi белгіленген. Сонымен, РсС деп белгіленген тұтынудың көрсетілген (нақты) құны тең:

   

Сонан соң, Рс деп белгіленген тұтыну тауарларға бағалардың барлық түрлерінің орташа шамасын білдіретін бағалар индексін жасап, тұтыну тауарлардың орташа бағасын шығарамыз. Әдетте t жылы үшін Рct индексі мына формуламен шығарылады:

Бұл жағдайда W1, W2, W3…WN салмақтары жеке бағалар маңыздылығының әр деңгейін көрсетеді. Үлкен салмақты бағалардың жиынтық бағалар индексіне әсері зор. W1 салма сомасы 1 тең. Р10, Р20, Р30 және т.б. бағалар нөмірі 0 деп алынған базалық жылдағы тауарлардың бағаларын көрсетеді. Осылай құрылған бағалар индексін кейде тұтыну бағалардың индексі немесе дефляторы деп атайды.

Көрсетілген (нақтылы) және шынайы ЖІӨ өзара байланыстары келесі формуламен білінеді:

ЖІӨ индексі (дефляторы) = көрсетілген ЖІӨ/шынайы ЖІӨ

ИПЦ мен ЖІӨ дефляторы араларындағы айырмашылық келесіде:

  • ЖІӨ дефляторы өзгерілетін тауарлар жинағына есептеліп, Пааше индексі болып келеді, ал ИПЦ тауарлардың өзгермейтін жинағына есептеліп, Ласнейрес индексі деп аталады.
  • ЖІӨ дефляторы экономикада өткізілетін өнімдер және қызмет көрсетудің барлық атаулар тізімі бойынша бағалардың өзгеруін, ал ИПЦ тек қана тұтыну тауарларына бағалардың өсуін, көрсетеді.
  • ЖІӨ дефляторы ұлттық факторлары өндірген өнімдерге бағалардың өзгеруін, ал ИПЦ шетел тауарларға бағалардың өзгеруін көрсетеді.

 

1.5 Өнімнің,  шығындар мен табыстардың айналымы

 

Экономикалық агенттер мінез-құлықтарының (жүріс-тұрыстарының) ең таралған сипаттарын табу (агенттерді агрегаттау), бірыңғай көрсеткішке  біріктіру және экономикалық нарықтар қызметінің ең маңызды заңдылықтарын табу (нарықтарды агрегаттау, бірыңғай көрсеткішке біріктіру) макроэкономикалық өзара қатынастарды агрегаттауға (бірыңғай көрсеткішке біріктіруге) мүмкіндік береді, яғни макроэкономикалық нарықтарда макроэкономикалық агенттердің мінез-құлық заңдылықтарын зерттеуге. Бұл өнімнің, шығындар мен табыстар айналым сызбасын салудың көмегімен жасалады. Алдымен экономиканың 2 секторлы үлгісін қарайық. Ол 2 макроэкономикалық агенттерден – үй шаруашылықтары мен фирмалардан және 2 нарықтан – тауарлар мен қызмет көрсету нарығы мен экономикалық ресурстар (қорлар) нарығынан тұрады. (13 сурет).

Фирмалар өндіретін  тауарлар мен қызмет көрсетулерді (ұсынысты қамтамасыз етеді) үй шаруашылықтары сатып  алады да (сұранысты қамтамасыз етеді) тауарлар мен қызметтер нарығына апарады. Тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін фирмалар экономикалық ресурстарды (қорларды) – еңбекті, жерді, капиталды және кәсіпкерлік қабілеттіліктерді сатып алады (сұраныс ұсынады), яғни экономикалық ресурстарына (қорларына) сұраныс ұсынады, ол экономикалық ресурстарының иелері – үй шаруашылықтары (экономикалық ресурстардың (қорлардың) ұсынысын қамтамасыз етеді). Тауарлар мен қызметтерді сатып алғанда үй шаруашылықтары олар үшін ақша төлейді. Бұл шығындарды тұтыну шығындары деп атайды. Фирмалар өз өнімдерін үй шаруашылықтарына сатып, одан түсім алады. Сол түсімнен фирма үй шаруашылықтарына экономикалық ресурстары үшін төлем жасайды, фирма үшін ол – шығындар, ал үй шаруашылықтары үшін – факторлық табыстар – жалақы (еңбек факторы үшін), пайыз (капитал факторы үшін) төлейді және пайда (кәсіпкерлік қабілеттілік үшін), олардың сомасы ұлттық табысты құрайды. Тапқан (алынған) табыстарды үй шаруашылықтары тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсайды (тұтыну шығындары). Табыстар мен шығындар шеңбер бойынша айналады. Әр экономикалық агенттің табысы екінші экономикалық агенттің табысын құра отырып, шығындалады. Жаңағы табыс, өз кезегінде, оның шығындарының негізі болып келеді. Шығындардың көбеюі табыстың өсуіне әкеледі, ал табыстың өсуі шығындардың ары қарай көбеюінің алғышарты. Сондықтан сызбаны айналым үлгісі немесе шеңберлі ағындар үлгісі деп аталады. Материалдық ағындар сағат тіліне қарсы жылжиды, ал ақша ағындары – сағат тілі бойынша. Сұраныс сағат тілі бойынша, ал ұсыныс – сағат тіліне қарсы жылжиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұтыну шығындары Сатулардан түсім


    Тауарлар мен     Тауарлар мен

қызметтер    қызметтер

   

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикалық  Экономикалық

ресурстар  ресурстар

 

табыстар  шығындар

 

 

Сурет 1.3 Экономикадағы  ағындар айналымының диаграммасы 

 

Сызбада көрсетілгендей: 1) әр материалдық ағынның құны ақша ағынның құнына тең; 2) ұлттық өнім ұлттық табысқа тең; 3) жиынтық сұраныс жиынтық ұсынысқа тең; 4) жиынтық табыстар жиынтық шығындарға тең.

Айналымның толық сызбасын талдағанда (сурет 1.4) біз тек қана ақша ағындарын зерттейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Экспорт (Eх)         сатудан түскен түсім


 

                 Импорт (Im)

 

               Тұтыну                                            инвестициялық

              шығындары (С) шығындар (I)

             

          мемлекеттік

сатып алулар (G)

 

                 салықтар (Тх)                                салықтар (Тх)

                                                                        жәрдемақы-

лар (Тr)

                              трансферт        қарыз (егер бюд

 тер (Тr)              жеттің тапшылы

                                                         ғы болса)

жинақтар (S)                               инвестициялық

                                                                              қаражаттар

 

 

 

          капитал құйылуы

          (егер Im>Ex)

 

 

    Табыс                                                                шығындар

 

 

 

 

Сурет 1.4 Айналымның толық  сызбасы.

Үй шаруашылықтары тиімді болғандықтан, тұтынуға олар табысының  бәрін ұстамайды. Табыстың жартысын олар сақтап қояды және де жинақтар табыс әкелуге тиісті. Фирмалар өндірісін  қамтамасыз етіп кеңейту үшін қосымша қаражаттарға мұқтаж (несие қаражаттарына). Бұл қаржы нарығының пайда болу қажеттілігін тудырады, онда үй шаруашылықтардың жинақтары фирмалардың инвестициялардың инвестициялық ресурстарына айналады. Бұл 2 жолман іске асырылады: 1) несие үй шаруашылықтары өз жинақтарын қаржы делдарына береді (ең алдымен фирмалар несие алған банктерге); 2) несие үй шаруашылықтары өз жинақтарын фирмалар шығаратын бағалы қағаздарға жұмсайды, сонымен оларды инвестициялық ресурстармен (қорлармен) қамтамасыз етеді.

Бірінші жағдайда үй шаруашылықтары мен фирмалар араларындағы байланыс жаңама түрде – ақша нарығы арқылы, екінші жағдайда – бағалы қағаздар арқылы жүзеге асырылады. Қаржы нарығында  алынған қаражаттарды фирмалар инвестициялық  тауарларды сатып алуға ұстайды, бірінші кезекте – жабдықтарды. Үй шаруашылықтардың тұтыну шығындары (С) фирмалардың инвестициялық шығындарымен (І) толықтырылады. Мұнда ұлттық табыс рен ұлттық өнімнің тепе-теңдігі сақталады, сондықтан ұлттық табыс пен ұлттық өнім бір әріпнен – Y белгіленеді. Бұл жағдайда ұлттық өнімнің шамасы тепе-теңдік жағдайда жиынтық шығындардың сомасына тең:

Y=E

Экономиканың 2 секторлы үлгісінде жиынтық шығындар (ұлттық өнім) үй шаруашылықтардың тұтыну шығындары (С) мен фирмалардың инвестициялық  шығындарынан (І) тұрады:

E=C+I,

Ал ұлттық табыс –  тұтынудан (С) және жинақтардан (S):

Y=C+S

Осыдан: C+I = C+S,

Бұл жиынтық шығындар жиынтық табысқа тең екендігін  білдіреді, ал I =S,

Яғни инвестициялар  жинақтарға тең. Инвестициялар экономика  құйылу, ал жинақтар экономикадан алуды білдіреді. Құйылу дегенге шығындар ағынын, демек, табыстар ағынын да көбейтетіндердің бәрі жатады (тұтыну шығындарын санамағанда, олар не құйылуға, не алуға (алып тастауға) жатпайды). Алу (алып тастау) – ол шығындардың, демек, табыстардың да ағынын қысқартатындардың бәрі жатады. Инвестициялардың көбеюі жиынтық шығындарды көбейтеді (жиынтық сұраныс), тұтынушылардың қосымша табыстарын қамтамасыз етіп, ұлттық өнімнің көбеюіне (шығаруына) жағдай жасайды. Жинақтардың өсуі жиынтық шығындарды азайтып, өндірістің қысқаруына себеп болады. Тепе-теңдік экономикада құйылулар алу (алып тастауларға тең).

Мемлекеттің пайда болуы  макроэкономикалық өзара байланыстардың пайда болуына және 2 секторлы экономика  үлгісінің 3 секторлыға айналуына әкеледі.

1) біріншіден, мемлекет тауарлар мен қызметтердің сатып алуын (G) жасайды, бұл экономиканың мемлекеттік секторын (бөлігін) ұстау қажеттілігімен, қоғамдық игіліктердің өндірісін қамтамасыз етумен, елді басқару және экономиканы реттеу бойынша міндеттерді орындаумен байланысты. мұнда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы ресурстық нарықтағы экономикалық ресурс үшін төлем сияқты емес, тауарлар мен қызметтер нарығындағы қызметтер төлемі ретінде қаралады, өйткені бұл төлем мемлекеттік бюджет қаражаттарынан жасалатын (алынып) табыстардың қайта үлестіруінің нәтижесі болып табылады. тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуы ұлттық өнімге жиынтық сұранысты жоғарылатады, яғни жиынтық шығындарды.

2) екіншіден, мемлекет бәрін салықтарды төлеуге міндеттейді (Тх). Олар мемлекеттік бюджет табыстарының негізгі көзі болып келеді. Алайда, ұлттық табыстың қайта үлестірушісі болып, мемлекет салық жинағанымен бірге, трансферттерді төлейді (Tr). Трансферттер – ол үй шаруашылықтары мен фирмалар ақысыз (тауар мен қызметтерге айырбастамай) мемлекеттен алатын төлемдер. Үй шаруашылықтарына мемлекеттің трансферт төлемдері - әр түрлі әлеуметтік төлемдер: зейнетақылар, стипендиялар, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар, жұмысқа жарамсыздық бойынша жәрдемақылар, кедейлік бойынша жәрдемақылар және т.б. Мемлекеттің фирмаларға беретін трансферт төлемдері жәрдемақы деп аталады.

Информация о работе Макроэкономиканын мани, багыттары