Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 13:37, реферат
1.1 Лизинг мәні мен мазмұны
Лизингтік операциялар ежелден белгілі. Тарих көрсеткендей, олардың дамуы б.д.д. 2 мың жыл бұрын Вавилонда бастау алған. Біздің заманымызда лизинг ХХ ғасырдың 60-жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швейцария және т.б. дамыған индустриалды елдерде пайда болып , кейін Шығыс Еуропаның көптеген елдерінде өз дамуын жалғастырды.
Басында АҚШ-та лизингтің кең тараған объектісі қоршаған ортаны қорғауға арналған мамандандырылған құрал-жабдық болды. Лизингтік қатынастардың ерекшелігі құрал-жабдықты жалға алу және мерзімі ұзартылып сатып арасында нақты шектеудің жоқтығы , оны пайдаланудағы төмен проценттік төлемдер, сонымен қоса оны алдын ала белгіленген бағамен
Лизингтік қатынастарды
әр түрлі келісім шарттық
ҚР-да лизингтік
қатынастарды құру қағидаларын толық
қалыптастыруға жауап беретін құқықтық
реттеу тетіктерін жасау және оларды нақты
қолданысқа енгізу керек . Бұл жерде ең
алдымен , « қаржылық лизинг » түсінігінен
белгілі бір ерекшеліктері бар « оперативті
лизинг » деп аталатын жаңа тетікті қолдануға
өту үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастыру
керектігі айта кеткен жөн. Себебі , шетелдік
тәжірибе көрсетіп оырғандай кейбір объектілерді
әсіресе , құрылысты жүргізуге қажетті
құрылғыларды оперативті лизинг негізінде
пайдалану қаржылық лизинг қарағанда
неғұрлым тиімді болып келеді.Сондықтан
да қазіргі кезде лизингтік қатынастарды
оперативті лизинг арқылы дамытуға көп
көңіл бөліну керек.Осы мақсат үшін оперативті
лизинг тетіктерін пайдалану қағидалары
мен тәртіптерін түсіндіретін және реттейтін
заңнамалық актілер қабылдау қажет.
Соңғы кездері
еліміздегі лизингтік нарықтағы өзекті
мәселелердің бірі бұрын пайдаланылуда
болған мүліктерді лизингке беру тәжірибесін
дамыту болып отыр.Жалпы бұл норма «қаржылық
лизинг туралы» ҚР-ның Заңында қарастырылғанына
қарамастан,қазіргі кезде бұл нарық жұмыс
істемей отыр.Содықтан да,бүгінгі күні
мемлекет тарапынан осы сектордың жұмысын
ынталандыру және белсендіру үшін қосымша
жеңілдік шарттар құру қажет.Себебі,елімізде
қайталама лизингтік нарықтың дамуы,менің
ойымша өтімділігі неғұрлым жоғары лизинг
объектілерінің көптеген түрлерінің пайда
болуына әсерін тигізді.
Лизингке беруші
субъектілердің қызметтеріне бақылау
жасауды күшейту мақсатында,
Сурет-4 Лизингтік
қызметтерді ұсынушы
4-суреттен көріп
отырғанымыздай , лизингке беруші тұлғалар
өз қызметтеріне әсер ететін барлық субъектілердің
қызметтеріндегі ерекшеліктерді толық
ескере отырып , өз бизнестерін құру қажет.
Менің ойымша , лизингке берушілер тұрғысынан
лизингтік қатынастарды тиімді етіп басқаруды
қамтамасыз ету үшін келесідей тетіктерді
жетілдіруге көңіл бөлу керек:
Лизинг объектілерін
таңдау лизингтік қатынастарды іске
асыру кезіндегі болашақтағы
қаржылық ағымдарды қалыптастыруды
және лизингке алушылардың мүдделерін
ескеру негізінде іске асырылуы қажет.
Лизингке беруші ең алдымен , лизинг объектісін
жеткізушімен келісімдер жасау арқылы
, лизингке алушымен қатынастарын реттеуі
керек.
Лизингтік қатынастар
сызбасы лизинг объектілерінің бағасын
және лизингтік келісімдерді бекіту
кезіндегі пайда болатын тәуелділіктерді
төмендетуге әсер ететін субъектілердің
санын ескере отырып қалыптасуы қажет.
Лизингтік қатынастарды
іске асыру нәтижесін ең соңғы
тұтынушы лизингке алушы болып табылады.
Олар лизингтік қатынастарды тиімді
түрде басқаруға қатыса отырып , қосымша
экономикалық тиімділіктерді алуды көздейді.
Бүгінгі күні ҚР-да лизингтік қатынастарды
іске асыру кезінде лизингке алушылар
белсенділіктері өте төмен тұлғалар ретінде
, яғни лизингке беруші субъектілердің
ұсынған қызметтерін тек « тұтынушылар
» ретінде ғана көрінеді. Менің ойымша
лизингтік қатынастарды басқаруға қатысу
кезінде лизингке алушылардың іс-әрекеттері
келесідей тетіктерге бағытталуы қажет:
Өз иелігіне
пайдалануға алынатын мүлік құнының
оптималды мөлшерін қамтамасыз ету
үшін лизингтік қатынастарды құруға белсенді
түрде қатысу;
Лизинг алушылар
өз өндірістерінің мүмкіндіктеріне
сәйкес , өздерінің есептік саясаттарын
дұрыс жасау арқылы лизинг объектісін
пайдалану есебінен өндірілген өнімдер
мен көрсетілген қызметтердің негізделінген
бағасын қалыптастыруды қамтамасыз етуге
мүмкіндіктер ала алады.
3.2 Қазақстандағы
лизингтік қатынастарды
Сонымен , лизингтік
қатынастарды басқару деңгейлерін
кешенді түрде пайдалану
Сурет-5. Лизингтік
қатынастардағы тәуекелділіктерді басқарудың
блок-сызбасы.
Курстық жұмыста
ұсынылған тәуекелділік түрлерін жіктеудің
бір ерекшелігі лизингтік қатынастардың
лизингтік келісімге қатысушы субъектілер
арасындағы серіктестік қатынастар
ретіндегі экономикалық мәнін ашуға
мүмкіндіктер беретін серіктестік тәуекелділігімен
толықтырудың енгізілуі болып табылады.
Лизингтік қатынастар кезінде пайда болатын
тәуекелділіктерді басқару үшін менің
ойымша , лизингтік келісімге қатысушы
әрбір субъектілердің ұйымдастырушылық
құрылымында тек тәуекелділіктерді басқару
мәселелерімен айналысатын арнайы бөлім
құрылуы керек. Сонымен , лизингтік келісімдердегі
тәуекелділіктерді ескере отырып , лизингтік
қатынасты басқару жүйесін қалыптастыру
кезінде келесідей факторлар ескерілуі
керек:
Бір лизингтік келісімге
қатысушы тұлғалар санының неғұрлымкөп
болуы ,( лизингтік компания , лизингке
алушы , жеткізуші , сақтандыру компаниясы
, кредитор және лизингтік келісімге т.б.
жанама қатысушылар);
Лизингтік операцияны
іске асыру мерзімінің ұзақтылығы (
3 жылдан жоғары );
Лизингтік қатынастардың
сипатының көп болуы.
Осы айтылғандарға
сүйене отырып , лизингтік қатынастарды
іске асыру кезінде
Еліміздегі лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдірудің бір жолы ретінде лизингтік компаниялардың өосымша қызметтерін дамыту стратегиясы ұсынылған. Осы стратегияға сәйкес лизингтік келісімді бекіту лизингтік компаниядан басталу керектігі ұсынылған. Ол үшін лизингтік компания инвестициялық жобаларды таңдау және бағалау үдерістеріне неғұрлым белсенді түрде қатысуы қажет деп ойлаймын. Яғни , олар лизингке алушылардың тәуекелділіктерінін біраз бөлігін өздеріне алуы немесе мүмкіндіктері болған жағдайларда басқаларға беруі қажет. Осындай қосымша қызметтерді лизингтік компаниялардың өзіне алуы лизингке алушылар тұрғысынан лизингтік қызметтерге деген сұранысты жоғарылату арқылы орны жабылады. Бұл стратегия белгілі – бір түрдегі лизингке алушыларды қаржыландырудың базалық үлгісі болып табылады.
Қорытынды
Әлемдік нарықта
өздерінің техникалық және құндық параметрлері
бойынша ұқсас машиналар мен
құрылғылар түрлерінің номенклатурасының
көбеюі. Осының әсерінен өз тауарларын
өндіру үшін неғүрлым жақсы келетін
, тиімді құрылғыларды таңдау мәселелері
күшейе түсті және сонымен бірге , құрылғыларды
уақытша пайдалану қажеттіліктері арта
бастады.
Лизингтік қатынастардың
пайда болып дамуына әсер еткен
маңызды факторлардың бірі қаржы
нарығындағы капиталдардың
Лизингтік қатынастардың
қалыптасып дамуына әсер еткен себептердің
бірі ретінде лизинг негізінде қаржыландыру
нарықтық экономикасы дамыған елдердегі
қаржыландырудың негізгі қағидасына ,
яғни , қаражаттарды өз атынан емес делдалдар
арқылы орналастыру қағидасына сәйкес
келетіндігін атауға болады. Мұндағы негізгі
мақсат – жауапкершіліктер мен тәуекелділіктерді
бөлу. Сонымен қатар шетелдерде лизингтік
қатынастардың дамуына төлем қабілеттігі
бар сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздіктер
, мемлекеттің әсер ету шаралары сияқты
экономикалық шараларды қоса кеткен жөн.
Сонымен жоғарыда
айтылғандарды қорытындылай келе ,
шетелдерде және отандық нарықта лизингтік
қатынастардың пайда балып , даму шарттарының
бір-бірінен ерекшеленетінін көруге болады.Бұрынғы
Совет Одағы құрамындағы елдерде лизингтік
қатынастардың пайда болуының негізгі
факторы ретінде қаржылық қатынастармен
бірге материалдық қатынастардың да жетіспеушілігін
айтуға болады.Сондықтан да , біз үшін
әлемдік және отандық экономикалық нарықта
лизингтік қатынастардың қалыптасу және
даму тәжірибесін зерттеудің маңыздылығы
өте зор.
Сонымен жоғарыда
айтылғандарға сүйене отырып , қазіргі
уақытта лизингтік қызметтер нарығы әлемнің
шамамен барлық аймақтарында дамуда деп
айтуға болады. Әлемнің көптегенн елдеріндегі
инвестицияның жалпы көлеміндегі лизингтің
алатын үлесіне байланысты лизингті инвестициялаудың
болашағы бар бір формасы деп толық санауға
болады.
Қолданылған әдебиеттер
Каренов Р. «
Лизингтік қызметтер » Егемен
Қазақстан – 2004 , 24 сәуір, 2б.
Туменбаев С. «
Лизинг және еліміздегі лизингтік қатынастардың
пайда болуы » Заң газеті –
2002 , 8 мамыр , 5бет.
Алтынғазин. «
Лизингтік жүйенің артықшылығы » Жас
қазақ – 2005 , 22.04-28.04 , 4 бет .
Аль- пари №4 – 2004
, 32-34 бет. « Қазақстан Республикасындағы
лизингтің дамуы »
Аль-пари №4 – 2004
, 35-42 бет. « Лизингтік қатынастарды
басқару мәселелері »
Экономика сериясы
– 2004 №1 47-51 бет. « Шикізаттық емес секторды
дамытудағы лизингтік қатынастардың рөлі
»
С.Б.Мақыш 204-209 бет.
« Коммерциялық банктер операциялары»
кітабы.
« Жас Ғалым
» сериясы – 2005 №1 12-23 бет.
Қаржы қаражат
– 2004 , №2 , 91-96 бет.
Банки казахстана – 2004 , №6 , 44-46 бет. « Лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастырудың ерекшеліктері».