Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 13:37, реферат
1.1 Лизинг мәні мен мазмұны
Лизингтік операциялар ежелден белгілі. Тарих көрсеткендей, олардың дамуы б.д.д. 2 мың жыл бұрын Вавилонда бастау алған. Біздің заманымызда лизинг ХХ ғасырдың 60-жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швейцария және т.б. дамыған индустриалды елдерде пайда болып , кейін Шығыс Еуропаның көптеген елдерінде өз дамуын жалғастырды.
Басында АҚШ-та лизингтің кең тараған объектісі қоршаған ортаны қорғауға арналған мамандандырылған құрал-жабдық болды. Лизингтік қатынастардың ерекшелігі құрал-жабдықты жалға алу және мерзімі ұзартылып сатып арасында нақты шектеудің жоқтығы , оны пайдаланудағы төмен проценттік төлемдер, сонымен қоса оны алдын ала белгіленген бағамен
1.1 Лизинг мәні мен мазмұны
Лизингтік операциялар ежелден белгілі. Тарих көрсеткендей, олардың дамуы б.д.д. 2 мың жыл бұрын Вавилонда бастау алған. Біздің заманымызда лизинг ХХ ғасырдың 60-жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швейцария және т.б. дамыған индустриалды елдерде пайда болып , кейін Шығыс Еуропаның көптеген елдерінде өз дамуын жалғастырды.
Басында АҚШ-та
лизингтің кең тараған
Құрал-жабдыққа жұмсалатын қаражаттардың 20 пайызы лизинг есебінен өтеледі.
ХХ ғасырдың 60-жылдары ұзақ мерзімді жалдың лизингтік мәмілелері әлемнің көптеген индустриалды дамыған, ең алдымен Батыс Еуропа елдерінде кеңінен дами бастады. Алғашында бұл елдерде өнеркәсіптік кәсіпорындардың лизинг көмегімен құрал-жабдықты сатып алудағы қаржыландыру үлесі АҚШ – пен салыстырғанда төмен болды. Бірақ қазірге кезде Ұлыбританияда өндірістік құрал-жабдықтарды жалға беру салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қамтамасыз етудің негізгі формасы болып табылады. Өнеркәсіпте қолданылатын құрал-жабдықтың жалпы көлеміндегі жалға алынатын құрал-жабдықтың үлесі 60 %-ға жетті. Францияда соңғы жылдары лизингтің экспансиясы байқалуда. Батыс Еуропа елдеріндегі лизингтік операциялардың өсуі оның өндіріс пен өнімнің бәсеке қабілеттігін арттыру, салықтарды төлеудегі жеңілдік мүмкіндіктерімен байланысты. Сонымен қатар лизинг құрал-жабдықты жалға беруші фирмалар үшін де, жалға алушы фирмалар үшін де, әсіресе ол өндірістің техникалық дамуының жалғыз мүмкіндігі болып табылатын орташа және шағын кәсіпорындар үшін аса тиімді болып табылады. Лизинг уақыты қолданылатын құралдарының қызмет атқару мерзімінің 40-90 пайызын құрайды және иемдену сипатында болмайды. Жапонияда жыл сайынғы лизингтік операциялардың өсу көлемі 30 пайызды құрайды.
Лизинг ағылшын тілінен аударғанда « жалға беру» деген мағынаға ие. Экономикалық категория ретінде лизинг машиналарды , құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын , өндірістік сипаттағы құрылғылардың ұзақ мерзімге жалға берілу негізіндегі қатынастарды білдіреді. Лизинг қажетті құрал-жабдықты көп ақшалай қаражат шығындарынсыз-ақ белгілі бір мерзімге жалға алуға мүмкіндік береді. Машиналарды, құрал-жабдықтарды, ЭЕМ-ді жалға алу өндіріс құралдарының моральдық тозуымен байланысты жоғалтуларды болдырмайды.
Лизингтік компания құрал-жабдықты сатып алып , жалға алушы фирмаға 5-8 жыл мерзімге жалға береді. Ал ол өз кезегінде мүлікті қолдана отырып біртіндеп қарызын өтейді.
Лизингтік қызметтер стратегиялық маңызды салалардың тез дамуына жағдай жасай отырып , экономиканың өндірістік секторын нығайтады. Сонымен қатар, лизинг несиелендірудің баламалы формасы ретінде банктер мен лизингтік компаниялар арасындағы бәсекені күшейтеді, несие процентінің төмендеуіне әсер етеді, ал бұлардың өзі өндірістік салаға капитал ағымын ынталандырады.
Дәстүрлі жалға алумен салыстырғанда лизингтік операциялардың ерекшеліктері қандай? Біріншіден, мәміле нысанын лизинг беруші емес, өз есебінен құрал-жабдықты иеленетін лизинг алушы таңдайды. Екіншіден, лизинг мерзімі құрал-жабдықтың физикалық тозу мерзімінен 1-20 жыл аз және салықтық амортизация мерзіміне 3-7 жыл жақын. Үшіншіден, келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін клиент жеңілдетілген ставкамен жал мерзімін ұзарта немесе қалдық құнымен сатып ала алады. Төртіншіден, әдетте лизинг беруші қаржылық мекеме-лизингтік компания болып табылады.
Жалдық төлемдер ай сайын, әр тоқсан немесе жарты жыл сайын жүзеге асырылады. Жал төлемінің ставкасы әдеттегі коммерциялық қызметтер жағдайындағы сатып алу бағасынан жоғары және құрал-жабдықтың сипаты мен келісім-шарт мерзіміне байланысты белгіленеді
Қазақстанда лизингтің дамуының өзектілігі сол, еліміз әзірше шикізат ресурстарының әлемдік бағаларына тәуелді және бұл тәуелділік көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта мерзімді болашақта сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылды, сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылды.
« Біздің іс жүзінде
барынша тиімділік беретін
Қазақстан экономикасын шикізат ресурстарының бағалары тұрақсыздығынан қорғаудың тағы да бір тетігі отандық өндірістің дамуы болып табылады. Бұл жағдайда елдегі құрал-жабдықтардың 80 пайызы тозғанын, алдағы бірнеше жылда оларды алмастыру қажеттігін ескерген жөн. Осы мәселені шешудің бір жолы жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар сыртқы - экономикалық , несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.
1.2 Лизингтің негізгі түрлері.
Жалпы, лизингтік
саланың дамуы экономикалық дамуға
бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді.
Ол шағын және орта кәсіпорындарға
өз өндірісін құру мен жетілдіруге
мүмкіндік бере отырып , шағын және
орта бизнестің әрі қарай дамуына
көмектеседі. Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың
қосымша формасы болып табылатындықтан
күрделі салымдар көлемін ұлғайтады ,
сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын
тарта отырып , негізгі құралдардың жаңартылуын
тездетеді. Лизинг қаржылық қызметтер
нарығында қосымша бәсекелестік туғызады.
Лизинг пайда болысымен қаржыландыру
құны төмендеп , қаржылық қызметтер нарығы
кеңейеді. Ол кәсіпорындардың банкке қарыздарының
жоғарылауына жол бермей , негізгі құралдарды
иемденуде банктік несиеге балама болып
табылады.
Сонымен қоса , макродеңгейде
кең көлемді шетел
Лизинг сөзі « to lease » ағылшын тілінен аударғанда « жалға беру » дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы - жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса , ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші , лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал – жабдықтарды , машиналарды , ЭЕМ , ұйымдастыру техникаларды , өндіріске , сауда – саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу тартымын , белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциясымен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтік несиеден бір айырмашылығын келісім шартта көрсетілген төлемдер төленіп , метзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизингтік мәмілелердің
бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік
операциялар екі түрге
Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда , оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
Қаржы лизинг – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг – бұл оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг – экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизнг алушы болса , импорттық лизнгте шетел лизинг беруші болып табылады.
Лизинг алушы
мен лизинг беруші арасындағы қатынастарды
ұйымдастыру ерекшеліктеріне
Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг оъектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да , лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды;
Лизинг 100% - ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай – ақ , жаңа құрал-жабдықты пайдала отырып , өнеркәсіп өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан , лизинг бойынша алған қолайлы , себебі , бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады;
Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты , өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып , мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп , лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.
Несие берушінің көзқарасымен қарағанда , несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар :
Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ( әсіресе инфляциядан ) ештеңе ұтпайды;
Ұйымдастырудың күрделілігі;
Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары , бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет , сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.
Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында ; 3) лизинг алушы мен банк арасында .
Әдетте , мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингтте , ең маңыздысы , бұл келісімшарт соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан ( өрттен , ұрлықтан және т.б. ) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырған көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік келісімшарт мынадай элементтерді қамтуға тиіс :
Объектісі.
Жабдықтау мерзімі.
Лизинг алу мерзімі.
Лизингке берушінің меншіктік құқы.
Тәуекелдер , жаупкершілік , техникалық кепіл хат.
Құрал-жабдықты пайдалану.
Күту , жөндеу , жаңарту.
Зиян , қолайсыз жағдайлар.
Сақтандыру.
Лизингтік төлемдер , комиссиялар.
Төлемді кешіктірген үшін төлемақы өсімі.
Сатып алу мүмкіндігі.
Келісімшартты бұзу шарты.
Құрал-жабдықты қайтару.
Салықтар , баждар.
Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.
Тараптардың қосымша құқықтары.
Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.
Кешіктіру шарты.
Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі ( мысалы , баланс ).
Тараптардың қолдары.
Тараптардың орналасқан жері.
Қоысмша ( материалдардың және т.б. сипаты ).
Қалдық құнын кепілдеу.
Банктердің кепілдемесі.
Дегенмен , Қазақстандағы
лизингтік сектордың дамуы