Лизинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 13:37, реферат

Описание работы

1.1 Лизинг мәні мен мазмұны
Лизингтік операциялар ежелден белгілі. Тарих көрсеткендей, олардың дамуы б.д.д. 2 мың жыл бұрын Вавилонда бастау алған. Біздің заманымызда лизинг ХХ ғасырдың 60-жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швейцария және т.б. дамыған индустриалды елдерде пайда болып , кейін Шығыс Еуропаның көптеген елдерінде өз дамуын жалғастырды.
Басында АҚШ-та лизингтің кең тараған объектісі қоршаған ортаны қорғауға арналған мамандандырылған құрал-жабдық болды. Лизингтік қатынастардың ерекшелігі құрал-жабдықты жалға алу және мерзімі ұзартылып сатып арасында нақты шектеудің жоқтығы , оны пайдаланудағы төмен проценттік төлемдер, сонымен қоса оны алдын ала белгіленген бағамен

Работа содержит 1 файл

лизинг.doc

— 169.00 Кб (Скачать)

Лизинг инвестициялық  қызметтің бір түрі болғандықтан, «Инвестициялар туралы » заң мен Салық кодексінің 138 – 140- баптарына сәйкес лизинг алушының корпоративті салығы және мүлікке салық бойынша инвестициялық салықтық преференциялар алу мүмкіндігі сақталады.

Осылайша , республикада 2004 жылдың қаңтарынан лизинг бойынша заңдылық нақты әрекет ете бастады. Қазіргі кезде лизингтің негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі 0,68 пайыз ғана болғандықтан , бұл заңдылықтың өзі Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер ашады. Ресейде бұл көрсеткіш 4-5 пайыздан жоғары.

Егер республикада лизинг жалпы инвестициялар көлемінде 4 пайыз деңгейіне жетсе , лизингтік  нарық көлемі 320 млн АҚШ долларын құрайды. Егер Еуропалық даму және қайта  құру банкі болжамдарына жүгінсек , бұл көрсеткіш 10 пайыз құраса , лизинг саланы 1,4 млрд. АҚШ доллары көлемімен дамытады.

Елдегі лизинг дамуы үшін жағымды заңды базаны құру барлық өндіріс сектор дамуына  серпін болады , ал қосымша жұмыс  орындарын ашу мен бюджетке салықтың түсімдерінің жоғарылауы Қазақстан  экономикасының шикізаттық экспортқа тәуелділігін төмендетуге жағдай жасайды.

1.3 Әлемдік лизингтік  нарықтың қалыптасу  кезеңдері.

Бүгінгі күні әлемдік  экономикалық қауымдастықта « лизинг » түсінігі өте кең түрде пайдаланылады.

Әлемдік лизингтік  нарықтың дамуын лизингтік қатынастардың сипатының сапалық өзгеруіне және лизингтік келісімдердің санының өсуіне байланысты шартты түрде 5 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Енді осы кезеңдердің  әрқайсысына толығырақ талдау жасап  кетейін.

Лизингтік қатынастар эволюциясының 1- кезеңі үшін « лизинг » түсінігін мүлікті жалдау операцияларының барлық түрлеріне араластырып жатқызу тән болды. Осыған байланысты , әсіресе , ағылшын тілді елдер үшін « lease » термині феодалдық қауымдастық құрылыс кезеңінің соңында жерді жалдау , мүлікті жалдау туралы келісім шарт түрінде пайдаланылды. Содан кейін бірте-бірте лизингті кез келген мүліктерді , яғни , үйлерді , көліктік құралдар мен механизмдерді және т.б. жалдау ретінде түсіне бастады. Американдық континентте « leasing » сөзі , негізінен өнеркәсіпте , көлік , байланыс қызметінде және әртүрлі қызмет көрсету салаларындағы мүліктерді жалдау операцияларын көрсету үшін қолданылады.

Осы уақыттан шамамен 300-400 жыл бұрын АҚШ-да мүлікті  жалдау операциялары , техникалар мен  құрылғылардың әртүрлі түрлерін жалдау операцияларын қаржыландыру белсенді түрде қолданылған. Мысалы , мүлікті жалдау туралы алғашқы келісім – шарт Солтүстік Америкада ХVIII ғасырдың басында тіркелген. Көптеген зерттеушілер лизингті ХХ ғасырдың 40 – жылдарының басында американдық кәсіпкерлер мұхит арқылы Еуропаға әкелінген американдық өнертабыс деп есептейді. Ал , кейбір ағылшын авторлары бұл пікірге қарама- қайшы пікірлер айтады: яғни олар лизинг алғаш Англияда пайда болған және содан кейін ХХ ғасырдың 2-ші жартысында кейбір өзгерістермен тағы да Еуропаға келген деген көзқарасты қолдайды. Шынында да , мүліктердің әртурлі түрлерін лизингке беру операциялары орта ғасырларда Еуропада кеңінен пайдаланылған. Лизинг туралы алғашқы Заңдардың бірі ретінде 1284 жылғы Уэльс Заңын айтуға болады. Сол уақытта лизингтік операциялардың нысаны ретінде негізінен фермерлік құрылғылар мен аттар болған. Бірақ , лизингке ұқсас операциялардың орта ғасырларда Англияда жүргізілгендігіне қарамастан , көптеген зерттеушілер қазіргі түсініктегі лизингтің отаны ретінде АҚШ – ын санайды. Менде осы пікірге толығымен қосыламын. Осы зерттеушілердің пікірі бойынша « лизинг » түсінігінің қазіргі мәні ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде , яғни , 1877 жылы Бэлл телефон компаниясы өзінің шығарған телефон аппараттарын сатпай , оларды уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдауымен байланысты пайдалануға енген. Осыған байланысты лизингтің көмегімен ХІХ ғасырдың соңынан бастап сату көлемін кеңейту және « ноу – хау » қорғау сұрақтары өз шешімін таба бастады. Сонымен , әлемдік лизингтік нарықтың дамуының 1- кезеңінде лизинг әлі де болса өзіндік сала ретінде бөлініп қарастырылмағанын атап өткен жөн. Лизинг тек айналыста артық тауарлар болған уақытта ғана тұтынушыларды тарту және кейбір маңызды міндеттерді шешу үшін пайдаланылған.

1950 жылдың басында АҚШ - да лизингтік қатынастардың нағыз төңкерісі басталды. Сондықтанда осы кезеңді – американдық кезең және әлемдік лизингтік нарықтың дамуының ІІ-кезеңі деп атауға болады.

1950-жылдары АҚШ-та  технологиялық құрылғылар , машиналар  , механизмдер ,ұшақтар және т.б. өндіріс көлемдері көп көлемде жаппай лизингке беріле бастады. Осы жағдайда АҚШ-тың өкіметі өте жоғары деңгейде бағалады , яғни АҚШ-да лизингті ынталандыру бойынша мемлекеттік бағдарламалар жасалынып , олар өте тез қарқынмен іске асырыла бастады.  

Лизинг мерзімінің ұзақтығы 30 жылдан төмен болу қажет; 

Лизинг мүлікті  сатып алу мүмкіндігін нарықтық бағадан төменгі деңгейде қарастырмау  қажет; 

Лизинг төлем  графигін алғашқы жылдарда жоғары , содан кейін төмен сомада қарастырмау  керек. Бұл талап лизингті салықтан жалтару құралы ретінде пайдалануды куәландырмау үшін негізілген; 

Лизинг лизинг берушіге қалыпты нарықтық деңегйде пайда алуды қамтамасыз етуі қажет; 

Мерзім соңында  лизинг объектісінің қалдық құны оның алғашқы құнының 20% - нен аз болмауы  керек; 

Лизинг мерзімін ұзарту мүмкіндігі құрылғының нарықтық құнын ескеруі керек;  

Осындай жеңілдіктерге  байланысты 60-жылдары лизинг АҚШ-да өте жылдам қарқынмен дамыды. 

1970-жылдар мен  1980 мамандандырылған лизингтік компаниялар  мен лизингтік ассоцияциялар  пайда бола бастады.  

Лизингтік қатынастардың  дамуының осы IV-кезеңінің тағы бір  сипаттық белгісі – лизингтік  қызметтің диверсификациялануы  болып табылады , яғни , лизингтік  операциялардың жаңа түрлері мен  формалары көптеп пайда бола бастады. ( мысалы, левередж-лизинг , вендер-лизинг , лизинг-бэк , бөлінетін лизинг және т.б. ) .  

Сонымен , әлемдік  лизинктік қатынастардың дамуының IV-кезеңінің маңыздылығы – ол лизингтік байланыстардың интернациализациялануы болып табылады , яғни көптеген лизингтік  фирмалар шет елдерде сол елдердің жергілікті фирмаларымен бірлесе отырып өздерінің филиалдарын аша бастады. Олар бірлесе отырып лизингтік қаржыландыру бойынша әртүрлі келісімдерге қатысып отырды. Осы кезеңнің тағы бір ерекше сипаты – ұлттық лизингтік ассоцияциялардың , яғни 1971 жылы Ұлыбританияда « Эквипмент лизинг ассосиэйшэн » , 1971 жылы Германияда « Неміс лизингтік одағы » , 1972 жылы Жапонияда « Джапан лизинг ассосиэйшэн » және « Халықаралық лизингтік клубтар » деп аталған лизингтік ассоцияциялардың құрылуы болып табылады. Сонымен бірге , осы кезеңдегі маңызды оқиғалардың бірі ретінде 1972 жылы мамыр айында « Евролиз » лизингтік компаниялар ассоцияциясының Еуропалық Федерациясының Кеңесінің құрылуын атауға болады. Осы лизингтік ассоцияция әлемдегі неғұрлым ірі ассоцияциялардың бірі болып табылады және еворпалық лизингтік нарықтың 90% көбі осында жинақталған. 

1980 жылдан бастап  әлемдік лизингтік нарықтың дамуының  жаңа кезеңі V-кезеңі басталды  және ол бүгінгі күнге дейін  жалғасуда. Бұл кезең өзіне  ғана тән ерекше белгілермен ерекшеленеді. Ең алдымен , лизингтік операциялар өте жақсы дамыған көптеген мемлекеттерде оның даму қарақынының бірден төмендеуі байқалды. Оның негізгі себептеріне мыналар жатады: 

Лизингтік келісімдерге деген сұраныстардың көбеюі лизингтік  фирмалардың қызметтерін диверсификациялауға әкеледі; 

Лизинг тәжірибесінде  неғұрлым ірі объектілердің көбеюі; 

Жергілікті лизингтік  компаниялар капиталының шетелдік филиалдарға аударылуы; 

Лизингтік компаниялардың халықаралық қызметтерінің ұлғаюы. 

Сонымен бірге , лизингтік келісімдерге көптеген салықтық және амортизациялық жеңілдіктер беріп келген елдерде лизингтік операцияларға салық салуға байланысты жаңа заңды актілердің қабылдануы лизингтік қатынастардың даму қарқынын төмендетті. 

Әлемдік инвестициялық  процестегі лизингтік қатынастардың ролін бағалай отырып , көптеген зерттеуішілер 2000 жылы лизингтің көмегімен әлемде 400 млрд. АҚШ долларынан көп сомада жаңа құрылғылар мен машиналарды қаржыландыру келісімдері жасалынған және бұл сома тікелей шетелдік инвестиция көлеміне тең келетінін айтады. 

Қазіргі уақытта  экономикасы дамыған елдердегі  негізгі капиталға жұмсалған  инвестициядағы лизингтің үлесі 25-30 , болса ал , дамушы елдер экономикасындағы оның үлесі 10-20 құрайды 
 

2 Қазақстандағы  лизингтік нарықтың қалыптасу және даму ерекшеліктері 

Отандық лизингтің  қалыптасу кезеңдері мен Қазақстандағы  лизингтік жүйенің ерекшеліктері  мен маңыздылығы, екінші бөлімде  дұрыс орын алады деп ойладым. “Крамдс-Лизинг”, “Казтехлизинг”, “ТуранЛизинг”, “Алма Ата Лизинг” сияқты лизингтік компаниялар, отандық лизингтік компаниялардың алғашқылары болып саналды. Осы бөлімде оларға да тоқталып кеттім. 

2.1 Отандық лизингтің  қалыптасу кезеңдері

Енді отандық  лизингтік қатынастардың қалыптасуы мен даму кезеңдеріне сипаттама  берейін. 2003 жылдың желтоқсан айында "Қазақстандағы лизинг: тәжірибе, мәселелер және даму болашағы" деген тақырыпта болып өткен халықаралық "дөңгелек столда" болған пікір алмастырулар нәтижесінде еліміздегі лизинггік бизнестің қалыптасу және дамуының 14 жылдық тарихының кезендері ІІІартты түрде анықталған. Осы 

кезендерді төмендегідей кесте түрінде көрсетуге болады. 

Кесте 1. Казақстандағы  лизингтік катынастардың даму кезеңдері.

Кезеңдер  

Аталуы I  

Сипаттама  

1.1989- 

1992жж.  

Лизингтік; 

қатынастар- 

дың пайда  

болу кезеңі  

Алғашқы лизингтік  компаниялар 

құрылымы және кейбір коммерциялық 

банктер лизинггік  операцияларды аз көлемде іске асыра  бастады.  

II. 1992 -1994 

жж.  

Лизингтік : 

қатынастар- 

дың баяулау  • 

кезеңі !  

Қазақстанның  ішкі нарығындағы 

экономикалық дағдарыстардын әсерінен лизинггік; бизнестің қарқыны баяулай басады.  

III. 1995- 

2000жж.  

Лизингтік : 

қатынастар- 

дың жандану, 

қайта даму 

кезеңі :  

Лизингтік катынастарды мемлекеттік 

қолдау және ынталандыру дами бастады, сондықтан  бұл кезеңді мемлекеттік кезеңі деп те атауға болады.  

ІҮ.2000- 

2003жж.  

"банктік • 

лизинг' ; 

кезеңі :  

Банктік лизингтік  компаниялардың құрылымен байланысты лизингтік қатынастар коммерциялық секторда 

өте тез қалыптасып, дами бастады.  
 

1989 жылдардың  басында елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуымен байланысты экономикалық тәжірибеге жаңа қаржылық құралдар ене бастады. Сол қаржылық құралдардың бірі лизинг 1989 жыллан бастап Қазақстанда экономикалық келісімдердің бір формасы ретінде пайдаланыла бастағаны белгілі. 1990 жылы Қазак КСР-нің Үкіметі елімізм прокат және лизинг қатынастарын дамыту мақсатында "Прокат және лпзинг—95" деп аталатын 6 жылдық бағдарлама жасады, екінішке орай бұл бағдарлама өз деңгейінде іске асырылмады. Бірақ осы бағдарлама қабылданнан кейін "Крамдс-Лизинг", "Казтехлизинг", "ТуранЛизинг, "Алма-Ата Техлизинг", "Агролизинг" және т.б. алғашқы отандық лизингтік компаниялар құрала бастады. 1992 жылғы мәліметтер бойынша ҚР-ның экономикасының мемлекеттік емес секторында 20 лизингтік компания жұмыс істеген.  

1992 жылдан басталған  еліміздің ішкі нарығындағы қолайсыз  экономикалық жағдайлар мен дағдарыстардын  нәтижесінде лизингтік бизнестің  арқыны баяулай бастады. 

1995 жылдан бастап  лизингтік бизнесті мемлекеттік  қолдау, яғни лизингтік келісімдерді толығымен немесе жартылай мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың үлесі жоғарылай бастады. 1996-2000 жылдар аралығында мемлекет лизингтік операцияларды жүзеге асыруға Үкіметтің жеке қызулылары бойынша 4,5 млрд. Теңгеден көп ақша қаражаттарын жұмсаған. 1999 жылы Қазақстанда 11 лизингтік компания жұмыс істесе, соның жартысынан көбі мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып отырған. Сонымен бірге, осы ІІІ-кезенді лизинггік қатынастардың дамуы үшін нормативті-әдістемелік және заңдылықты базаны жасаудың негізі қаланған кезең деп те сипаттауға болады. Оған дәлел ретінде 2000 жылдың шілде айында қабылданған "Қаржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңын айтуға болады. 

2000 жылдың екінші  жартысынан бастап "Қаржылық лизинг  туралы" ҚР-нің Заңы өз күшіне  енгеннен кейін еліміздің коммерциялық секторында лизингтік қатынастар қалыптаса бастады. Заңға "банктік лизинг" деген түсініктің енгізілуіне байланысты еліміздің коммерциялык, банктері құрған лизингтік компаниялардың саны көбейе бастады. 2000 жылдың тамыз айы мен 2003 жыддың мамыр айлары аралығында 9 банктік лизингтік компания құрылған. Сонымен "Каржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңы елімізде лизингтік қызметтер нарығының белсенді түрде дамуына үлкен ықпал жасады. 

Бүгінгі күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы лизингтік  операциялар нарығьш тәуелсіз сараптамашылар лизингтік қатынастарға қатысушы барлық тұлғаларға көп мөлшерде табыс және әлеуметтік-экономикалық тиімділіктер әкелуге қабілетті нарық ретінде  бағалауда. ТМД елдеріндегі күрделі каржылардың тапшылығы, осы мақсат үшін инвестициялаудың баска түрлерінің жетіспеушілігі лизингтің әр түрлі түрлерін тәжірибеде пайдаланудың экономикалық маңыздылығын көрсетеді. 

2.2 Қазақстандағы  лизингтік жүйенің ерекшеліктері 

мен маңыздылығы.

Курстық жұимыста Қазақстандық лизингтік қызметтер  нарығының негізгі операторларын, олардың қызметтерін ұйымдастыру  ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік  лизингтік компания, коммерциялық банктердің еншілес лизингтік компаниялары, құрылғылардың белгілі бір түріне маманданған лизингтік компаниялар және аймақтық лизингтік компаниялар деп бөліп қарастырылған. Зерттеу барысында «ҚазАгроКаржы» АҚ мемлекеттік лизингтік компания ретінде жеке топ ретінде бөлініп көрсетілген. Себебі, бұл компания республикалық бюджет есебінен 1989 жылдардың басында елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуымен байланысты экономикалық тәжірибеге жаңа қаржылық құралдар ене бастады. Сол қаржылық құралдардың бірі лизинг 1989 жыллан бастап Қазақстанда экономикалық келісімдердің бір формасы ретінде пайдаланыла бастағаны белгілі. 1990 жылы Қазак КСР-нің Үкіметі елімізм прокат және лизинг қатынастарын дамыту мақсатында "Прокат және лпзинг—95" деп аталатын 6 жылдық бағдарлама жасады, екінішке орай бұл бағдарлама өз деңгейінде іске асырылмады. Бірақ осы бағдарлама қабылданнан кейін "Крамдс-Лпзинг", "Казтехлизинг", "ТуранЛизинг, "Алма-Ата Техлизинг", "Агролизинг" жәис т.б. алғашқы отандық лизингтік компаниялар құрала бастады. 1992 жылғы мәліметтер бойынша Кр-нің экономикасының мемлекеттік емес секторында 20 лизингтік компания жұмыс істеген.  

Информация о работе Лизинг