Әлемдік қаржылық дағдарыстың пайда болу себептері мен зардаптары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2012 в 11:49, курсовая работа

Описание работы

Әлемдік экономикадағы дағдарыс көріністерінің салдарынан бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың бір бөлігі кредиттерді және облигациялық қарыздарды өтеуде және оларға қызмет көрсетуге байланысты қиындықтарға ұшырап отыр, бұл банкроттық, кредит берушілер, инвесторлар мен контрагенттер алдында міндеттемелерді орындамау, салықтық міндеттемелерді орындамау қаупін туындатып, банктердің несие қоржынына теріс әсер етеді.
Өз кезегінде банк активтері сапасының нашарлауы құрылатын провизиялар көлемінің, шығындардың, капиталға қысымның өсуіне және соның салдарынан нақты секторға кредит беру мүмкіндігінің қысқаруына әкеп соқтырады, бұл нәтижесінде экономиканың өсімін тежейді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1. Әлемдік қаржылық дағдарыстың пайда болу себептері мен зардаптары
1.1 Экономикалық дағдарыстың пайда болу себептері.................................... 6
1.2 Дағдарыстың экономикаға тигізген зардабы................................................7
2. Қазақстан Республикасының экономикасындағы дағдарыстың салдары және оны талдау
2.1 Әлемдік дағдарыстың әлемдік экономикаға тигізген ................................11
2.2 Әлемдік дағдарыстың Қазақстанның экономикасына тигізген әсері........16
3. Дағдарысқа қарсы мемлекет тарапынан қолданылған шаралар
3.1 Дағдарысқа қарсы шараларды орындауға бөлінген мемлекет қаражатын пайдаланудың тиімділігі........................................................................................ 20
Қортынды.................................................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................44

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс.docx

— 88.73 Кб (Скачать)

     Жалпы, барлық инвестициялық бағыттар бойынша 153,6 млрд.теңге (1 жылға арналған жалпы  соманың 91 пайызы) игерілді.

     “Жол  картасы” бойынша жұмыстар 2010 жылы жалғаса түспек, оны іске асыруға  республикалық бюджеттен 2010 жылы 100 млрд. теңге көлемінде қаржы қарастырылды.

     2009 жылы әлемдік экономикадағы дағдарыстық  құбылыстардың пессимистік даму  сценарийіне қарамастан, жыл басынан  бері жалпы әлемдік экономика  жүйесінде қалпына келу бағыты  байқалуда. Жыл басынан бергі  жаһандық тауар нарықтарындағы  бағалар жоғарылау үрдісін көрсетіп  отыр. Бұл экономикадағы бағаның  нарықтық қалыптасу тетіктерінің  ретке келуі және оңалту белгісі  болып отыр.

     Әлемдегі  оң серпін Қазақстан экономикасындағы белсенділіктің артуына ықпал етеді, қазірдің өзінде оң үрдістер байқалып отыр деуге болады. 2009 жылдың 9 айы  бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің  статистикасы экономикалық дамудың  жандануын көрсетіп отыр. 2 тоқсанның  басынан бері ЖІӨ төмендеу қарқынының баяулауы байқалуда. Егер жыл соңына дейін экономикадағы байқалып отырған  оң көрсет­кіштер тұрақталып, сенімге  ие болса, онда жұмсалған өндірістік қуаттардың қалпына келуі экономикалық белсенділіктің одан әрі өсуіне себеп  болады және даму фазасына өтуге мүмкіндік  береді. Бүгінде жеке тауар айналымы, құрылыс жұмыстары, жүк тасымалдау көлемінің біртіндеп өскені байқалады. Негізгі капиталға инвестициялар  көлемі өсуде, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі ұлғаюда.

     Дағдарысқа  қарсы жоспар аясындағы іс-шаралар, тұрақтандыру процесіне айтарлықтай  әсер етті. Дағдарысқа қарсы жоспар банк, құрылыс және агроөнеркәсіп  секторларына қаржылай қолдау көрсетуді, және инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтиды. Және де бұл іс-шаралар  әлемдік дағдарыстың экономикаға  кері әсерін едәуір азайтты.

     Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша ағымдағы жылғы  қаңтар-қыркүйек айларында жалпы  ішкі өнімнің төмендеуі, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 2,2 пайызға дейін баяулады. Экономиканың өнеркәсіп, көлік, электр энергиясын өндіру сияқты бірқатар салаларында өндірістік көрсеткіштердің құлдырауы төмендей бастағаны байқалады.

     Негізі  капиталға инвестициялардың көлемі 2009 жылдың қаңтар-қазанында бұған  дейінгі жоюдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,7 %-ға өсті.

     Инфляция  аясының бәсеңдеуі инфляциялық  процестерді реттеу бойынша қолданылған  шаралармен бірге тұтыну рыногында  бағаның өсуінің баяулауына ықпалын  тигізді. Мысалы, 2009 жылдың қазанында  инфляция деңгейі 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда 5,1 пайызды құрады, бұл  өткен жылдың ұқсас мерзімімен (8,8%) салыстырғанда 3,7 пайыздық тармаққа төмен.

     Инфляцияның бәсеңдеуі аясында халықтың нақты табыстары мен еңбекақыларының өсуі жүріп жатыр. 9 айда халықтың жан басына шаққандағы орташа нақты табысы 3,3 пайызға, еңбекақылары – 2,6 пайызға ұлғайды.

     “Жол  картасын” іске асыру жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеді. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 6,4 пайызды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмен.

     Дағдарыстан шығу мемлекеттердің дағдарысқа қарсы  шараларына және әлемдік экономика  секторларындағы, қаржы жүйесіндегі  жинақталған құрылымдық проблемалардан қаншалықты жылдам арылатынына байланысты болады.

     Қазақстан экономикасындағы белсенділікті арттыру  Қазақстанның негізгі сауда әріптес  елдеріндегі экономиканың жандануына әсер етеді.

     Еуропалық Одақтың Франция, Германия сияқты бірқатар елдері экономиканың рецессиядан шыққанын ресми жариялады.

     2009 жылдың 9 айындағы экономикалық көрсеткіштердің  статистикасы экономиканың даму  белгілерінің бар екенін көрсетіп  отыр. 2009 жылғы 2-тоқсаннан бастап  жалпы ішкі өнімнің төмендеу  қарқынының баяулай бастағаны  байқалды.

     Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі  әлемдік экономикадағы қалыптасқан  жағдай мен оның даму перспективаларына  талдау жасады, ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыстың екінші толқынының болу мүмкіндігіне, оның себептері мен  даму бағытына қатысты сарапшылардың  пікірлерін зерттеп, дағдарыстың екінші толқынының Қазақстан экономикасына  кері әсерін тигізу мүмкіндіктеріне  талдау жүргізді. Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша әлемдік  экономиканың даму динамикасы мен әлемдік  тауар нарықтарындағы бағалардың деңгейіне  қарай әлемдік экономика дамуының екі сценарийі әзірленді. Осының негізінде, Қазақстан Республикасының  орта мерзімді перспективадағы макроэкономикалық  параметрлерінің сценарийлік жобасы жасалды. 

     Яғни, бұл, дамудың екі негізгі сценарийі  туралы айтылып отыр, А және Б  сценарийлері. Әлемдік экономикалық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде  қазақстандық экономиканың даму динамикасы негізінен әлемдік экономика  динамикасына тәуелді болатындықтан, сценарийлерді анықтайтын параметрлері сыртқы факторларға байланысты.

     А сценарийі 2010 жылдан бастап әлемдік  экономиканың қалпына келуін, қазақстандық экспорттың негізгі құрамдас бөліктері  болып табылатын мұнайдың, металдың әлемдік бағалардың бірте-бірте  өсуін болжайды.

     Жалпы, А сценарийі бойынша бастапқы параметрлер халықаралық ұйымдардың әлемдік экономиканың даму перспективалары  бойынша жасаған болжамдарына ұқсас  болып келеді.

     Мұнайды импорттаушы мемлекеттер және экспорттаушы мемлекеттер мұнайдың әлемдік бағасын  әртүрлі болжайды. Егерде импорттаушы  мемлекеттер бюджеттің шекті  шығыстарын есепке алу үшін максималды бағаларды қойса, экспорттаушы мемлекеттер  өздерін бағалардың және бюджет кірістерінің ықтимал төмендеуінен қауіпсіздендіру  үшін сақтықпен әрекет жасайды.

     Қазақстандық  экспорттың негізгі тауарлық құрамдас бөліктерінің әлемдік сұраныс және бағалардың өсуі, экономиканың өсу  қарқынының өсуі экспорт пен импорт көлемдерінің ұлғаюына себеп болады.

     Б сценарийі бойынша әлемдік экономикадағы  жағдайдың нашарлауы жөнінде  пессимистік болжамдарды көздейді. Мемлекеттердің дағдарысқа қарсы шараларының  әлсіз болуы, қаржы секторындағы мәселелердің асқынуы 2009 жылдың аяғы мен 2010 жылдың басында жаһандық экономикалық дағдарыстың екінші толқынына себеп  болады. Әлемдік экономикадағы кезекті  төмендеуі сұранысқа азаюын және әлемдік тауар нарықтарында бағалардың едәуір төмендеуіне әкеледі.

     Берілген  сценарий мұнайдың әлемдік бағалардың 2009 ж. аяғында баррель үшін 30 АҚШ  долл.-ға дейін төмендеп, 2010 жыл бойы сол деңгейде ұстап қалуын болжамдайды. Бұдан кейін 2012-2014 ж.ж. 40 АҚШ долл. дейін сәл көтеріледі.

     Іс-шаралар  жоспары сценарийлерге байланысты сұраныспен, жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған шараларды, экономика  секторларын қаржыландыруды, қаржыландырудың  әртүрлі көздері мен механизмдерін  қамтиды. Мәселен, жағдай нашарлаған жағдайда бюджет шығыстарын қысқарту мен бюджет тапшылығын ұлғайту варианты қарастырылған. Осымен бірге, сыртқы қаржыландыру көздерін және белсенді бюджеттік араласусыз ішкі қаржы секторының ресурстарын  тарту мүмкіндігі көзделген.

     2010-2020 жылдарға арналған республикалық  бюджетті қалыптастыру кезінде  Үкімет бюджет саласындағы қызметкерлердің  жалақысын келесі жылдың шілде  айынан бастап жоғарылату туралы  шешім қабылдады. Бірқатар елдердегі  экономикалық жағдайдың жақсарғанына  қарамастан, әлемдік қаржылық және  тауар рыноктарындағы жағдай  әлі де болса тұрақсыз болып  отыр.

     Бюджетті  қалыптастыру ресурстардың шектеулі болуына  және дағдарыстық жағдайдың жалғасып отырғанына байланысты Мемлекет басшысының бюджет қаражатын қатаң түрде  үнемдеу және оларды тиімді пайдалану  туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.

     Жаңа  инвестициялық жобалардың іске асыру  уақыттары кейінге қалдырылды. 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында Ұлттық қордың мақсатты трансферттерінен бас тартқанымызды және оның активтерін одан әрі жинақтау саясатын жалғастыруды ескере отырып, босаған қаражат “Жол картасы” шеңберінде елдің әл-ауқатын  арттыруға, жұмыссыздықты ауыздықтауға, шағын және орта бизнесті қолдауға, агроөнеркәсіпті кешенді дамытуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың  үздіксіз жұмыс істеуі және жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалады.

     Басқа мемлекеттер қазіргі дағдарыс жағдайында әлеуметтік шығындарды қысқартып қана қоймай, одан мүлде бас тартқанын атап өту қажет. Мәселен, Ресейдің үкіметі 2010 жылы бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақыларын индексация жасамау туралы шешім шығарды. Латвияның үкіметі әлеуметтік төлемдерді қысқартып, мұғалімдердің айлығын айтарлықтай төмендетуді жоспарлап отыр.

   Күрделі экономикалық жағдайға қарамастан Қазақстан Үкіметі халықтың барынша әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдау жөнінде шаралар қабылдады. Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері сақталды, сондай-ақ әлеуметтік саланы қолдауға және дамытуға арналған шығыстардың жыл сайынғы өсімі қарастырылды, ол республикалық бюджеттің барлық шығыстарынан шамамен 40%-ға асып түседі. Соның ішінде 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы 25%-ға (2009 жылмен салыстырғанда өсім – 95 млрд. теңге), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен арнайы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін орташа 9%-ға ұлғайту (4 млрд. теңге), сондай-ақ “Ардагерлер туралы” заң жобасына сәйкес жәрдемақыны көтеру (1 млрд. теңге), бала күту бойынша ай сайынғы жәрдемақы мен 4-ші баланы және одан көп бала туғаны үшін ай сайынғы жәрдемақының мөлшерін көтеру (7 млрд. теңге), көп балалы аналарға арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін көтеру (10,1 млрд. теңге) бар. Бұдан басқа мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға, қамқоршыларға жәрдемақының жаңа түрін енгізу көзделген, ол мүгедек балалардың жағдайларын жақсартуға және оларды отбасыларына қайтаруға бағытталған ең аз жалақының мөлшеріне теңестірілетін болады. Бұл тек 2010 жылдың өзінде 5,2 млрд. теңгені қажет етеді және 29 мың адамды қамтиды.

  Әрине, Үкімет өзінің әлеуметтік міндеттерін орындау үшін барлық резервтерін қарастыруда. Бірақ қазір барлығымыз үшін экономиканы жандандыруға қадамдар жасау маңызды, біз әлемдік экономикадағы жағдайдың күрт нашарлауына дайын болуымыз қажет. Сол себепті жалақыны көтеру уақытын жылжыту мәжбүр және ақталған себеп деп түсіну қажет. Әлемдік экономикадағы ахуал жақсарған жағдайда Үкімет жалақы мөлшерін келесі жылдың 1 жартыжылдығында ұлғайтуды қайта қарастыруы мүмкін.

 – “Тікелей желіге” өз бизнесімді ашсам деген азаматтар хабарласты. Оларға қандай кеңес берер едіңіз. Шағын және орта бизнесті қолдау үшін қазір қандай шаралар қолға алынып жатқаны турасында айтып өтсеңіз. 

– Еліміздің  өз ісін ашқысы келетін әрбір азаматына  қажетті алғашқы кеңес сатыларды  айтып өтейін. Біріншіден, өз ісіңізді ашу үшін қайда баруыңыз керек, осы  сауалға жауап берсек. 

Елдің барлық өңірлерінде жергілікті атқарушы органдарды қолдау кезінде кәсіпкерліктің мынадай инфрақұрылым элементтері  жұмыс істейді: кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (123), ақпараттық-консалтингтік  орталықтар (2009 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша – 353), шағын бизнес адвокатуралары (288), орталықтандырылған бухгалтерлік қызметтер (65), бизнес-инкубаторлар (28), олардан өзіңізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша, соның ішінде өз бизнесіңізді қалай бастауға болатындығы туралы кеңес алуға болады.  

Бұдан басқа қазіргі уақытта “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” акционерлік  қоғамы еліміздің өңірлерінде Кәсіпкерлікті  қолдау орталықтарының тиімді үлгісін  енгізуді жоспарлап отыр. Мұндай жүйенің  тиімділігі қаржылық емес қолдау, стандарттау  субъектілері көрсететін қызметтердің күшін біріктіру, сондай-ақ осы сала бойынша шетелдің озат тәжірибесімен  алмасу және оларды тарату арқылы қамтамасыз етілмек. 
 
 
 
 

Ұйымдастыру шаралары
1 Бағдарламаға  әлеуетті  қатысушылардың өтініштерін  қабылдау Жұмыс органы (Қаржы-мині)

әлеуетті  қатысушы-лар

Бағдарламаға   қатысуға өтініш 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін
2 Қатысушыларды сауықтыру жоспарын әзірлеу Консультанттар  немесе негізгі кредит берушімен  бірге қатысушы Сауықтыру жоспары Шарт жасалған күннен бастап 6 ай ішінде
3 Қатысушыны  сауықтыру жоспарын сүйемелдеу Консультант немесе қаржы ұйымы Жұмыс органына ақпарат Ай сайын, есептіден  кейінгі айдың 15-күніне дейін
4 Сауықтыру кеңесінің  Жұмыс органының Интернет- ресурстарына қажетті ақпаратты орналастыру Жұмыс органы (Қаржы-мині) Интернет-ресурстардағы  ақпарат Қажетіне қарай
5 Бағдарламаға  қатысушыларға берілген салықтық преференциялар мен салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерді төлеу  мерзімін ұзартудың мониторингі Қаржымині Жұмыс органына (Қаржымині) ақпарат Ай сайын, есептіден  кейінгі айдың 15-күніне дейін
6 Пайыздық ставканы субсидиялау бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингі Субсидия-лау  жөніндегі оператор Қаржыминіне ақпарат Ай сайын, есептіден  кейінгі айдың 15-күніне дейін
7 Қатысушыларды сауықтыру жоспарларын іске асыру мониторингі Қаржымині Консалтинг- тік ұйымдар Сауықтыру кеңесіне ақпарат беру Жыл сайын 1 ақпанға (екінші жылдан бастап)

Информация о работе Әлемдік қаржылық дағдарыстың пайда болу себептері мен зардаптары