Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2012 в 11:49, курсовая работа
Әлемдік экономикадағы дағдарыс көріністерінің салдарынан бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың бір бөлігі кредиттерді және облигациялық қарыздарды өтеуде және оларға қызмет көрсетуге байланысты қиындықтарға ұшырап отыр, бұл банкроттық, кредит берушілер, инвесторлар мен контрагенттер алдында міндеттемелерді орындамау, салықтық міндеттемелерді орындамау қаупін туындатып, банктердің несие қоржынына теріс әсер етеді.
Өз кезегінде банк активтері сапасының нашарлауы құрылатын провизиялар көлемінің, шығындардың, капиталға қысымның өсуіне және соның салдарынан нақты секторға кредит беру мүмкіндігінің қысқаруына әкеп соқтырады, бұл нәтижесінде экономиканың өсімін тежейді.
Кіріспе..................................................................................................................3
1. Әлемдік қаржылық дағдарыстың пайда болу себептері мен зардаптары
1.1 Экономикалық дағдарыстың пайда болу себептері.................................... 6
1.2 Дағдарыстың экономикаға тигізген зардабы................................................7
2. Қазақстан Республикасының экономикасындағы дағдарыстың салдары және оны талдау
2.1 Әлемдік дағдарыстың әлемдік экономикаға тигізген ................................11
2.2 Әлемдік дағдарыстың Қазақстанның экономикасына тигізген әсері........16
3. Дағдарысқа қарсы мемлекет тарапынан қолданылған шаралар
3.1 Дағдарысқа қарсы шараларды орындауға бөлінген мемлекет қаражатын пайдаланудың тиімділігі........................................................................................ 20
Қортынды.................................................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................44
Әлемнің алдына жаһандық экономиканы қалыпты арнасына қайтару, өндірісті жандандыру, адамдардың жұмыспен қамтылуын жақсарту міндеті қойылып отыр. Аса маңызды сол міндеттердің ішінде жаһандық қаржы жүйесін сауықтыру проблемасы айрықша орын алады. Әлемдік қаржы жүйесінің бақылаусыз дамуы, әсіресе биржалық алыпсатарлық, оффшорлық манипуляциялар салдарынан мұнда қордаланған қарама-қайшылықтар әлемдік экономика үшін жарылған бомбаға айналды. Әлемдік валюта-қаржы рыногын толтырып жіберген доллардың орасан көптігі, оның жасанды ақшалар есебінен өсе беруі әлемдік бағалардың қатерлі ауытқуларына соқтырды.
Бұл мәселеге алаңдаушылық танытып отырған мемлекет басшылары, саясаткерлер мен кәсіпкерлер баршылық. Солардың қатарында алғашқылар санатында үн қосып, өзінің көкейкесті ойларын қадап айтқандардың бірі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев болды. Президенттің бұдан біраз бұрын “Российская газетада” жарияланған мақаласы және жуырда ғана “Интерфакс” агенттігінің сайты мен “Известия” газетінде басылған “Бесінші жол” атты мақаласы ең алдымен өзектілігімен, автордың әлемдік экономиканы жете білуімен, оларда айтылған ұсыныстардың өміршеңдігімен ерекшеленеді.
Біз осы жолғы дағдарыс басталғаннан-ақ бұрынғы дағдарыстарды еске алып жатырмыз. Бір-бірімізді “бұдан да жаман күнімізде тойға барғанбыз” деген сияқты пікірлермен жұбатып бақтық. Ал шын мәнінде АҚШ-тың ипотекалық жүйесінен бастау алды деп жүрген дағдарысымыздың себептері әлдеқайда тереңде болатын. Экономиканың пешін үздіксіз қыздырып тұруы үшін отқа тасталып жатқан қаражат қаншалықты көп болса, биржалық және валюталық алыпсатарлардың ашқарақтығы соған сай тыйылатын емес. Соның салдарынан миллиардтаған доллар өндірілген өніммен немесе көрсетілген қызметпен қамтамасыз етілмей қалды. Соның салдарынан барып экономиканың негізгі қағидаттық тепе-теңдігі бұзылды. Қиындықтардың төбе көрсетуі мұң екен АҚШ-та жасанды түрде қолдау білдіріліп келген ипотекалық жүйенің шектен тыс артық қаражаты алдымен осы елді, сонан кейін басқаларын да басып қалды.
Елбасы өзінің мақаласында барынша ашып көрсеткен кемшіліктер мен олқылықтарды бұдан әрі жабуға болмайтын еді. Өйткені бүкіләлемдік экономика еңбек нәтижелерінің баламалы, тең айырбасына құрылған. Ал сол айырбастың қағаздық нұсқасы ретінде жүретін доллардың шектен тыс көп болуы оның құнсыздануын, мұның өзі басқа елдер валюталарының да құнсыздануын туындатты. Әлем деңгейінде резервтік валюта рөлін атқарып келген доллардың ешқандай бақылаусыз, эмиссиялық тәртібін ескерместен көптеп шығарылуы АҚШ үкіметінің сыртқы қарыздарын жабуға көмектескенімен, шектен тыс артық долларлар алыпсатарлардың қолында инфляциялық дағдарыс толқындарын туындатты. Осындай қаржылық тепе-теңдіктің бұзылуы салдарынан туындаған дағдарыс жағдайында адамдардың бәрі зардап шекті.
Экономиканың сауыға бастауы, дағдарыс салдарын еңсерудің білгірлікпен жүргізілуі бұл дағдарысты туындатқан себептерді ұмытуға жол бермесе керек. Нұрсұлтан Әбішұлы бейнелі түрде “Бесінші жол” деп атаған мақаласында қазіргі саясатшылар мен қаржыгерлер, мемлекет басшылары дағдарыстан шығу амалдары ретінде айтып жүрген бес жолға талдау жасалған. Егер осы жолдарды ой сарабынан өткізіп, кері жүріп көретін болсақ, дағдарыстың себептері жақсы түсініледі. Қазақстан Президентінің осы тақырыпқа қадалуы да, аз ғана уақыттың ішінде екінші қайтара оралуы да әбден орынды. Себебі, еліміз бүгінде әлемнің 192 мемлекетімен сауда-саттық жасайды. Осының арқасында жоғары экспорттық квотаға ие болған Қазақстанның 2008 жылы сыртқа тауар шығару көлемі 139 млрд. доллардан асып түсіпті. Біз қазір өз табыстарымыздың 78 пайызын долларға сатылатын мұнай мен газымыздың экспорты есебінен алады екенбіз.
Әлемдік валютаның жай-күйі, оның саламаттылығы барша қазақстандықтарға тікелей қатысты және іс жүзінде әркімнің мүддесін қозғайды. Әлемдік валюталық, несиелік рыноктарға қолжетімділіктің күрт нашарлауы салдарынан еліміздің банкілері, содан кейін құрылысшылар, үлескерлер, ипотекашылар қиындыққа ұшырады. Әлемдік бағалардың құлдырауы кесірінен экспортшылар орасан зардап шекті. Табыстардың төмендеуі, салық түсімдерінің азаюы кейбір бағдарламалардың қысқаруына соқтырды. Тек Ұлттық қордың арқасында ғана экономиканың жекелеген секторында, бірқатар банктерге көмек көрсетілді, әлеуметтік бағдарламалар қысқартылмады.
Дағдарыс экономиканың жаңғыртылуын жеделдетуге жәрдемдесіп, айтарлықтай тағылым алу мүмкіндігін туғызса да, жаһандық деңгейде шешілетін бірқатар мәселелер күн тәртібінде тұр. Н.Ә.Назарбаев ұсынған жаңа санаттағы валюта айрықша өзекті болып табылады. Осыған орай жаңа тұрпатты әлемдік және өңірлік қаржы құралдарының мақалада ұсынылған жеті өлшемі әбден қисынды және оларды іске асыруға болады.
Әлемнің барлық елдері үшін бірыңғай түсінікті және олар қабылдайтын валютаның енгізілуі дүние жүзіндегі экономиканы жанұшырған қаржылық манипуляциялардан, алыпсатарлық тосқауылдардан құтқарып, оның нақты проблемаларды шешуге шоғырлануы үшін мүмкіндік туғызады. Ең бастысы, жаңа валютаның енгізілуі түрлі елдер ішіндегі валюталар бәсекесін жойып, экономиканың өзекті проблемаларын шешуді алдыңғы қатарға шығарар еді. Бұл қатарда адамзаттың негізгі міндеттерін шешудің кілтін беретін шынайы инновацияның тұратынына сенім мол. Қазақстан Президенті ұсынған инновацияның үш шешуші тобы дамудың жаңа өрісін сындарлы арнаға бағыттай алады.
Қазіргі дүние дидарында айтылып жатқан пікірлерді ескерер болсақ, мақалада айтылған ұсыныстардың бәрі бірдей толық мәнінде қабылдана қоймас. Мұны түсінуге де болады. Алайда бүкіл адамзат үшін толғақты болып отырған ұсыныстар тұжырымдалып, әлем назарына салынғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Қазақстан басшысының мақаласы арқылы ұсыныстардың өміршең нұсқасы айтылды. Таңдау әлемнің өзіне беріліп отыр.
2.1
Әлемдік дағдарыстың әлемдік
экономикаға тигізген
Бүкіләлемдік
банктің, Fіtch агенттігінің, сол сияқты
әлемдік бұқаралық ақпарат
“Үлкен
жиырмалықтың” қаржы
АҚШ президенті Б.Обама да Пекинде болған кезінде жаңа дағдарыс толқынының туу мүмкіндігін теріске шығарған жоқ. Бюджет тапшылығының өсуі АҚШ-ты рецессияның екінші толқынына соқтыруы мүмкін деп санайды Ақ үй басшысы. Біздер, тіпті экономикалық көтерілу ортасында да борыштарды көбейте берсек, белгілі бір сәттерде адамдардың америка экономикасына деген сенімі жойылуы мүмкін, ал ол рецессияның қайталануына апарып соқтырмақ.
Сингапурде өткен саммиттің қорытынды декларациясында АТЭҚ елдері экономиканың дамуын ынталандырып, халықтың әлеуметтік қорғалуын күшейтетін болады деп атап көрсетілген. Әлемдік экономикада қалпына келу үдерісі басталды, онда Азия-Тынық мұхит өңірі жетекші рөл атқарады. Дегенмен, біз өсу мен сауданың бұрынғы моделіне қайтып бара алмаймыз, бізге ХХІ ғасырдағы жаһандық экономиканың талаптарына жауап беретін жаңа даму стратегиясы қажет, деп атап өтті Сингапурдың премьер-министрі Ли Сиянь Лун.
ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао 13 қарашада Сингапурде сөйлеген сөзінде әлемдік экономиканың қайта өрлеу белгісі байқала бастады дей келіп, сонымен бірге қазіргі жаһандық дағдарыстың әлемдік экономикалық дамудың баяу алға басуы және халықаралық қаржы жүйесіндегі елеулі тапшылықтар сияқты өткір проблемалармен сипатталатынына назар аударды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қаржы дағдарысының ықпалы әлі бар, әлемдік экономикалық ахуалдың жақсару негіздері әлі де сенімді емес, халықаралық экономикалық жүйенің ішіндегі түбірлі қарама-қайшылықтар әлі толықтай шешім таппай отыр, ал әлемдік экономиканың жан-жақты қайта өрлеуінің өзі көптеген белгісіздік және тұрақсыздық факторларға ие.
АТЭҚ-қа мүше елдердің қаржы министрлері экономикалық өсімге қолдау көрсету саясатын тұтынушылық сұраныс түпкілікті түрде тұрақты қалпына келгенге дейін сақтау жөнінде уағдаласты. Сол сияқты олар “рецессиядан шығу стратегиясы” туындатуы мүмкін күтпеген жағдайлардың алдын алу жөнінде де келісімге келді.
Бүкіләлемдік банк президенті Р.Зеллик АТЭҚ ұйымына кіретін елдердің экономика министрлерінің конференциясында азиялық экономикалар тұрақсыздандырушы инфляцияның туындауына жол бермеу үшін өздерінің ақша-кредит және валюталық саясатына аса мұқият қарауы тиіс, деп атап көрсетті. Оның айтуынша, жаһандық дағдарыстан енді ғана қалпына келе бастаған АҚШ пен еуропалық елдер үшін инфляция тәуекелі онша емес, ал Азиядағы өңірлік рыноктарға өтімділіктің жаппай ағылуы активтер бағаларын аса қауіпті жоғары маңызға дейін көтеріп жіберуі мүмкін.
Дамып келе жатқан экономикаларға инвестициялардың құйылуы, қаржы жағдайының дағдарыс шыңына жеткеннен кейін ғана қалпына келетінін ескергенде, инвесторлардың тәуекелді активтерге деген тәбеттерінің өсе түскендігін көрсетеді, деді Сингапурде Халықаралық валюта қорының басшысы Доминик Стросс-Кан. Бүтіндей алғанда капиталдың келуі қолайлы болғанымен, оның валюталар мен активтер бағаларының тез әрі тұрақсыздандырушылық тербелістерін арттырып жіберуі мүмкін.
10
қарашада Fіtch Ratіngs рейтинг агенттігі
бірқатар дамып келе жатқан
елдердің егемен рейтингтері
мен болжамдарының
Жоғарыда
аталған газет ХВҚ-ның өзінің
арнайы баяндамасында әлемдік
Халықаралық
энергетикалық агенттіктің
Информация о работе Әлемдік қаржылық дағдарыстың пайда болу себептері мен зардаптары