Әлемдік қаржылық дағдарыстың пайда болу себептері мен зардаптары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2012 в 11:49, курсовая работа

Описание работы

Әлемдік экономикадағы дағдарыс көріністерінің салдарынан бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың бір бөлігі кредиттерді және облигациялық қарыздарды өтеуде және оларға қызмет көрсетуге байланысты қиындықтарға ұшырап отыр, бұл банкроттық, кредит берушілер, инвесторлар мен контрагенттер алдында міндеттемелерді орындамау, салықтық міндеттемелерді орындамау қаупін туындатып, банктердің несие қоржынына теріс әсер етеді.
Өз кезегінде банк активтері сапасының нашарлауы құрылатын провизиялар көлемінің, шығындардың, капиталға қысымның өсуіне және соның салдарынан нақты секторға кредит беру мүмкіндігінің қысқаруына әкеп соқтырады, бұл нәтижесінде экономиканың өсімін тежейді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1. Әлемдік қаржылық дағдарыстың пайда болу себептері мен зардаптары
1.1 Экономикалық дағдарыстың пайда болу себептері.................................... 6
1.2 Дағдарыстың экономикаға тигізген зардабы................................................7
2. Қазақстан Республикасының экономикасындағы дағдарыстың салдары және оны талдау
2.1 Әлемдік дағдарыстың әлемдік экономикаға тигізген ................................11
2.2 Әлемдік дағдарыстың Қазақстанның экономикасына тигізген әсері........16
3. Дағдарысқа қарсы мемлекет тарапынан қолданылған шаралар
3.1 Дағдарысқа қарсы шараларды орындауға бөлінген мемлекет қаражатын пайдаланудың тиімділігі........................................................................................ 20
Қортынды.................................................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................44

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс.docx

— 88.73 Кб (Скачать)

     ХЭА-ның  мәлімдеуінше, АҚШ-та экономиканың нақты  секторы қаржы секторына қарағанда  дағдарыстан қиындықпен шығуда. Егер АҚШ үкіметі экономиканы ынта­ландыру бағдарламасын тоқтатар болса, оның қайтадан тұншығып қалуы мүмкін, ал ол онсыз да ауыр жағдайда тұрған жұмыс  күші рыногына бұрынғыдан бетер зардаптар  әкелетін болады.

     Әлемдік экономиканың келесі жылы жұмыссыздықтың банк секторына ықпал етуі және Азия рыноктарындағы “көбіктер” түріндегі жаңа тәуекелдерге жолығуы мүм­кін, деп атап көрсетті Бүкіләлемдік банк президенті Р.Зеллик Сингапурде. Оның айтуынша, Азия елдерінің экономикаларына қолдау шараларын тоқтатуға әлі ерте, себебі былайғы әлемге қарағанда батыл қарқынмен өседі деп күтіліп отырған өңірдің инфляциялық тәуекелдерге ұрыну қаупі де жоқ емес.

     Кәсіподақтардың жалпы конфедерациясы өкілдерінің  пікірінше, ТМД-да 2009 жылы экономикалық құлдырау 3,8 пайыздан (Еурокомиссия болжамы) 8-9 пайызға (ТМД Статкомитетінің  болжамы) дейін жетуі мүмкін. Экономикалық өсудің қайта қалпына келу үдерісі  баяу жүреді әрі ол жеткілікті жұмыс  орындарын құрумен қамтамасыз етілмейді. Оның жұмыссыздықтың өсуіне соқтырып, табыстары ең төменгі өмір сүру деңгейінен аз адамдар санының алдағы жылы екі  есеге дейін өсіп, оның 30-35 миллион  адамға дейін жетуі мүмкін.

     Әлемді  жайлаған қаржы және экономикалық дағдарыстың  қазіргі жағдайы мен беталысы туралы әлемдік сарапшылардың пікірлері  міне, осындай. Ең негізгісі, олардың бірде-бірі дағдарыс салдарлары бүгін-ертең жойыла қояды деген болжам айтпайды. Керісінше, олардың ойлары әлі де сақтықпен, абайлап қимылдауымыз керек дегенге келіп саяды.

     Әлемдік қаржы дағдарысы дүниежүзіндегі барлық мемлекеттердің бір-бірімен  тығыз байланыста екендігін айқын  көрсетті. Бұл – жаһандану үрдісінің кең қанат жайып келе жатқанының белгісі. Алдымен ең ірі экономикасы бар АҚШ-та ипотекалық дағдарыс басталды. Ол біртіндеп осы елдің және Европа мемлекеттері мен Жапонияның қаржы саласына әсер етті.

     Әлемге  дендеп енген қаржы дағдарысы  барлық елдердің экономикасын әлсірете түсті. Әсіресе, шикізат өндіретін  дамушы мемлекеттер аяғына жем түскен жануардай қиналып қалды. Тіпті  қуатты елдердің өзі тығырыққа тіреліп, өндіріс қарқындарын едәуір төмендетті. Мәселен, АҚШ-тың ішкі жалпы өнімі 2008 жылдың 4-ші тоқсанында 3,8 пайызға  төмендеген. Бұл – 1982 u бергі ең ірі құлдырау. Германияда Еуропа елдеріне өндіріс тауарларын сату деңгейі 12 пайызға кеміген. Экспорт 8,2 пайызға, ішкі нарықтағы сұраныс 5,1 пайызға азайған. Қытай экономикасы да өндіріс көлемін кемітіп, тікелей инвестиция мөлшері 2008 жылы 32 пайызға, импорт ауқымы 18 пайызға төмендеген. Үндістанда экспорт деңгейі 12 пайызға, Ресейде өндіріс көлемі 2 есеге кеміген. Қаржы дағдарысының алғашқы 4 айының ішінде Араб елдері шетелдік активтерінің 40 пайызын жоғалтып, 2,5 триллион шығынға батқан. Исландия сияқты тұтас бір мемлекет банкротқа ұшырады. Дүниежүзілік дағдарыс салдарынан экономикасы әлсіреген елдер Халықаралық валюта қорынан көмек алу үшін кезекке тұрды.

     Дағдарыс  әлемдік ірі компаниялардың өзін жан алқымнан алып, құтын қашырды. Жылдық табыстары азайып, шығынға  батқан алпауыттар амалдары таусылған  соң, жұмысшылардың санын қысқартуға мәжбүр болды. Мысалға, мұнай алыбы Royal Dutch Shell Plc компаниясы 2008 жылдың 4 тоқсанында 2,9 миллиард шығын шекті. Ал Exxon Mobil-дің  кірісі, 8 миллиард долларға қысқарды. 2007 жылы ғана аталмыш компания 12 миллиард доллар көлемінде пайда тапқан еді. Мұнай алпауыттарының шығыны қара алтын  бағасының айтарлықтай төмендеуінен қалыптасты. Бір жыл бұрын ғана рекордтық көрсеткіш барреліне 147 долларға дейін көтерілген мұнай  бағасы 2008-дің желтоқсанында бес  жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткішке  құлдырап, 33 долларға дейін түсті. Дағдарыс салдарынан ірі көлік шығаратын  компаниялар да едәуір зардап шекті. 2008 жылдың 3-ші тоқсанында «Тойота» компаниясының  шығыны 1 миллиард доллардан асты. Бір  жыл бұрын оның табысы 5 миллиард доллардан көп еді. «Мерседес-Бенц»  кәсіпорны өнімінің сатылымы да төмендеді. 2008-ші жылдың қаңтарында сатылған көліктердің  саны 32 пайызға кеміген. Ал Оңтүстік Кореяның «Саньён мотор» автоконцерні төлем дағдарысына ұшырап, корпорация президенті қызметінен кетті. Бұрындары  жылына 200 мың көлік сатып келген ұжым тек 92 жарым мың өнімін ғана сата алған, өндіріс көлемі 30 пайызға  азайып кеткен. Әйгілі көлік компанияларының  құлдырауына өнімге деген сұраныстың төмендеуі себеп болды. Мәселен, АҚШ-та Тойотаға сұраныс бірден 32 пайызға  кеміген. Әлемде тіпті күнделікті тұрмыстық  заттарға деген сұраныс та азайған. Электроника саласындағы көшбасшылардың бірі «Сони» компаниясы 2008 жылды 1,1 миллиард доллар шығынмен жапты. Теледидар шығаратын европалық алпауыт «Филипс» бұл жылды 1 миллиард 47 миллион еуро шығынмен аяқтады. Міне, осындай шығынға батқан әлемдегі үлкенді-кішілі компаниялар жұмысшылар санын қысқартуды қолға алған соң, жұмыссыздық деңгейі өсіп кетті. Дүниежүзілік банктің президенті Роберт Зелликтің айтуынша, экономикалық дағдарыс нәтижесінде әлем бойынша 60 миллионға жуық адам кедейлікке ұшыраған. Германияда 3 миллионнан астам адам жұмыссыз қалды. Ұлыбританияда жұмыссыздар саны 2 миллионға жуықтаған. Ресейде 5 миллионға жетті. Дағдарыс ірі мемлекеттердің амбициясына да әжептәуір әсер еткен сыңайлы. Әсіресе, АҚШ пен Еуропа елдерінің «жүні жығылыңқырап» қалды. Бұрындары өздерін өктем ұстайтын бұл мемлекеттер экономикалары мен қаржыларын тізгіндей алмай әуреге түскенін дүниежүзі көріп, бақылап отырды. Олар мың жерден мықты ел болса да, төтеден келген дағдарыстан абдырап қалды. Бір сарапшылар Ресей мен АҚШ-тың Грузиядағы оқиғаларға қатысты текетіресі дағдарыстың күшеюінің арқасында сейіліп қалды деген пікір білдірді. «Байтал түгілі бас қайғы» демекші, АҚШ Ирактағы әскерилерінің санын да қысқартқаны белгілі.  
 

     2.2 Әлемдік дағдарыстың Қазақстанның экономикасына тигізген әсері

     Қазақстан да қаржы дағдарысының толқынына  ілікті. Ипотекалық дағдарыс белең  алған тұста еліміздегі құрылыс  саласы кібіртіктеп қалды. Үлескерлер қаржысына салынуы тиіс тұрғын үйлер  құрылысы тоқтады. Банкілер ипотекалық несие беруді қойды. Біртіндеп қаржы  мекемелері орта және шағын бизнеске беретін несиелерін де қысқартты. Сыртқа шикізат өндіретін өндіріс орындары өнімінің бағасы төмендеп, шығындары  көбейді. Қалыптасқан бұл жағдайды дереу реттеу үшін Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев «Дағдарысқа  қарсы күрес бағдарламасын» іске қосты. Оған сәйкес, негізінен 5 бағыт  бойынша қаржы секторы, шағын  және орта кәсіпкерлік, тұрғын үй құрылысы, индустриялық және инфрақұрылымдық  жобалар және агроөнеркәсіп кешенін  дамыту жөнінде үкіметке нақты тапсырмалар  жүктелді. Осы талапқа сай, үкімет дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітіп алып, жұмыс істеді. Алғашқы  кезекте еліміздің негізгі мұнай-газ, атом, электр энергетикасы, металлургия, тау-кен, көлік, коммуникация салаларындағы  және жеке компаниялардағы мемлекет активтерін, даму қорлары мен басқа  да қаржы тетіктерін бір мүддеге, бір мақсатқа тиімді жұмылдыру үшін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры құрылды. Ол экономиканы тұрақтандыру бағдарламасының  негізгі операторы болды. Елбасы бұл қор басшылығы мен үкіметке әлемдік қаржы дағдарысының зардаптарын жою тетіктерін, экономиканы диверсификациялау арқылы жаңа отандық өнім өндіруге негізделген өндіріс орындарын құру, ішкі инфрақұрылымды жаңалау жобаларын жасауды міндеттелді. Бұл мақсаттарға бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, экономиканың негізгі салаларын тұрақты сақтауға жағдай жасалды. Осы басты жоспар қаржы дағдарысының зардаптарына төтеп беруге көмектесті. Экономиканы тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан қаржы алынды. Мұнай өндіруден жиналған қор қаражаты қысылтаяң сәтте көмекке жарады. Бұл қорды құрудағы негізгі мақсаттың бірі де сол болатын. Ұлттық қордан бөлінген қаражат та 5 бағыт бойынша жұмсалды. Қаржы саласын тұрақтандыруға 4 миллиард, шағын және орта бизнеске 1 миллиард, ауыл шаруашылығы жобаларына 1 миллиард, инфрақұрылымдық және серпінді жобаларға 1 миллиард доллар бөлінді. Ең алдымен экономиканың күре тамыры қаржы саласының түйткілдерін шешуге айрықша назар аударылды. Мемлекет 4 ірі негізгі банктің акцияларын сатып алып, олардың тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасады. Әр банк бір-бір саланың операторы атанып, нақты секторға қажет қаражат айналымына қан жүгірді. Олар арқылы құрылыс саласына да қаржы аударылып, үлескерлер мәселесін шешуге мән берілді. Мемлекет құрылысы тоқтап қалған тұрғын үйлердің толық бітуіне көмек жасады. Әсіресе, Астана мен Алматы қалаларындағы құрылыс компанияларына қаржылық қолдау көрсетілді. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры арқылы жеңілдетілген несие беретін арнайы желі ашылды. Оларға ипотекалық несиені 10,5 пайызбен беру талабы қойылды. Екінші тетік ретінде дайын пәтерлерді коммерциялық банктер арқылы нарық бағамымен несиелеу ұсынылды. Үшінші мәселе, бұған дейін берілген ипотекалық несиенің пайызы бір баспана алғандарға 9 пайызға дейін төмендетілді. Экономиканың тұрақты тірегі болғандықтан орта және шағын бизнеске ұлттық қор қаржысынан бұрын «Даму» кәсіпкерлік қоры арқылы 10 миллиард теңге бөлініп, ірі банктер арқылы 156 миллиард теңгелік несие беру бағдарламасы да іске асты. Бұл қаржылар отандық тауар өндірушілерге зор қолдау болды. Бұған қоса үкімет елдегі өндіріс орындары мен мекемелерге отандық өнімдерді тұтыну жөнінде ұсыныс жасады. Мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық компанияларға отандық өнімдерді алу талабы қойылды. Орта және шағын бизнес нысандарын тексеруге мораторий жарияланды. Жаңадан «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы жасалды. Бұл да мемлекет тарапынан жасалған оңтайлы қадам еді. Экономиканы тұрақтандыру бағдарламасына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға да зор көңіл бөлінді. Өйткені дағдарыс шикізат өндіруден гөрі, нақты өнім өндіру тиімді екенін көрсетті. Бұл сала бірден табыс әкелмесе де, біртіндеп қор жасауға болатынын байқатты. Ең бастысы, тәуекел аз да, тұрақты табыс бар. Бұған қоса Қазақстан экономиканы диверсификациялап, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мүмкіндік туындағанын дөп пайдаланды. Осы бағытта «Қазагро» ұлттық холдингі арқылы бір жылда 199 жаңа инвестициялық жоба қаржыландырылды. Оның ішінде азық-түлік өнімдерін өндіретін жобаларға басымдық берілді. Агроөнеркәсіп саласы алдағы уақытта да тұрақты дамудың кепілі ретінде қалыптаса түспек. Мемлекет дағдарыс кезінде инфрақұрылымдық және инновациялық жобаларды да ұмытқан жоқ. Мұндай қысылтаяң сәтте мемлекеттің ішкі инфрақұрылымдық жобаларға қаржы құюы тиімді екенін заманында АҚШ президенті Рузвельт те атап өткен. Америка ұлы депрессия тұсында көпірлері мен жолдарын жөндеуге мән бергені тарихтан белгілі. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та бұл тәжірибеден бас тартқан жоқ. Үкіметке «Жол картасы», «Индустриялық-инновациялық» бағдарламаларын тиянақты жүзеге асыруды тапсырып,оның орындалу барысын қадағалап отырды. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінудің арқасында қалалар мен қоса ауылдарда да жолдарды жөндеу ісі жүргізілді.Мектеп, денсаулық сақтау, басқа да әлеуметтік мекемелердің құрылыстары жалғасты. Бұл бір жағынан ішкі өндірістік белсенділікті арттырып, жұмыс орындарының ашылуына тікелей әсер етті. Ірі жобаларды қаржыландыру да тоқтаған жоқ. Мәселен, 2009 жыл бюджетінен Бейнеу-Шымкент газ құбыры магистралін салуға 32,8 миллиард, Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізіне 31,3 миллиард, Атырау облысындағы газ-химиялық кешен құрылысына 4 миллиард теңге қарастырылды. Мемлекет ірі өндіріс орындарынан жұмыс орындарын қысқартпауды да талап етті. Олар мен облыстық әкімшіліктер меморандумдарға қол қойысты. Арнайы бағдарлама жасалып, мамандарды қайта оқыту ісі қолға алынды. Бұл жұмыссыздықты ауыздықтауға бағытталған қадамдар болды. Ең бастысы, дағдарыс кезінде бюдджеттегі әлеуметтік шығындар қысқартылған жоқ. Жоспарланған төлем уақытында тұрғындарға беріліп отырды. Тіпті ақылы бөлімде оқитын студенттерге жеңілдікті несие беру жобасы да ұсынылды. Үкімет мемлекеттік органдардың шығындарын үнемдеуге де барды. Ұлттық компаниялар басшылары мен қызметкерлерінің бонустары, сыйақылары азайтылды. Дағдарыс барысында теңгеге девалвация жасалды. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы өсті. Бұл әлемдік тәжірибе де бар үрдіс, еліміздегі сыртқа шикізат және өнім жіберетін компаниялар үшін үлкен қолдау еді. Міне, Қазақстанның дағдарыс кезінде жүзеге асырған кешенді іс-әрекеттері осындай болды. Сарапталып барып іске асырылған дағдарысқа қарсы бағдарламаның алғашқы оң нәтижелері 2010 жылдың алғашқы жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық қорытындыларынан анық байқалды. Жалпы ішкі өнімнің өсуі 8 пайызды құрады, өндіріс көлемі 11 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде – 18,3, кен өндіру өнеркәсібінде 6,3 пайыздық өсім қалыптасқан. Іске қосылған агроөнеркәсіптік жобалардың арқасында тамақ өнеркәсібінің өндірісі 14,6 пайызға өскен. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі 3,1 пайызға өсті. Бұған дейін төмен көрсеткіш көрсетіп келген құрылыс қарқыны маусым айында 0,5 пайызға көтерілген. Инфляция деңгейінің төмендеу үрдістері байқалды. Жыл басынан бері жалпы инфляцияның деңгейі 4,4 пайызды құрады. Бірақ бұл көрсеткіштер дағдарыстың толық еңсерілгенін көрсетпесе керек. Кейбір әлемдік сарапшылардың дағдарыстың әлі де бір құйтырқысы шығуы ықтимал екендігін болжаған жорамалдары да БАҚ-та оқтын-оқтын жарияланып қалып жүр. Сондықтан «сақтансаң сақтармын» дегендей, қазіргі әлемдегі қаржы орталықтары мен қор биржаларындағы жағдай әрдайым сақтықты қажет етеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Дағдарысқа  қарсы мемлекет тарапынан қолданылған  шаралар
 

    3.1 Дағдарысқа қарсы шараларды орындауға бөлінген мемлекет қаражатын пайдаланудың тиімділігі 

     Экономиканың  қаржы секторындағы басталған жаһандық дағдарыс барлық салаларды шарпып өтті. Бұл экономиканың даму қарқынына, әрине, әсер етпей қоймады.

     Осыған  байланысты мемлекет жалпы экономиканы  тұрақтандыруға және жекелеген салаларды  қолдауға бағытталған бірқатар кешенді  шараларды қолға алды.

     Үкімет  экономика салаларына қолдау көрсетуге  бағытталған шаралар кешенін  әзірлеп, оны іске асыра бастады  және Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірінші  кезектегі іс-әрекеттер жоспарын бекітті.

     Шаралар:

     1) макроэкономикалық тұрақтылықты  қамтамасыз етуге және экономиканың  несиеге тәуелді секторларындағы  экономикалық белсенділікті ынталандыруға;

     2) өтімділікті қолдау және елдің  қаржы жүйесін тұрақтандыруға  бағытталған.

     Осымен  бірге Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жүйесіне жаһандық дағдарыстың кері әсерін жұмсарту және экономиканың алдағы сапалы өсімін қамтамасыз ету мақсатында республикада Үкіметтің, Ұлттық Банк пен  Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін  тұрақтандыру жөнінде бірлескен  іс-қимыл жоспары іске асырылуда.

     Бүгінгі күні дағдарысқа қарсы шараларға  бағытталған жалпы сома 2,9 триллион теңгені құрайды.

     1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық  даму тұрақтылығын қамтамасыз  етуге бағытталған бірінші кезектегі  іс-әрекеттер жоспары – 421,1 млрд. теңге. Олар мыналарды қамтиды:

     - 204,3 млрд. теңге – салынып жатқан  тұрғын үй үлескерлерінің құқықтарын  қорғауға және ипотекалық нарықтағы  тұрақтылықты қамтамасыз етуге;

     - 142 млрд. теңге – шағын және  орта бизнес жобаларын қаржыландыруды  жалғастыруға, сонымен қатар, банктер  59 млрд.теңге бөлді;

     - 74,8 млрд. теңге – елдің азық-түлік  нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз  етуге бағытталды. 

     2. Үкіметтің, Ұлттық Банк пен  Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің  Экономиканы және қаржы жүйесін  тұрақтандыру жөніндегі іс-қимыл  жоспары – 1 270 млрд. теңге, оның  ішінде:

     - 480 млрд. теңге – қаржы секторын  тұрақтандыруға;

     - 360 млрд. теңге – мүлік нарығындағы  проблемаларды шешуге;

     - 120 млрд. теңге – шағын және  орта бизнесті қолдауға, банктер  қосымша 10 млрд. теңге бөлді;

     - 120 млрд. теңге – агроөнеркәсіпті  кешенді дамытуға;

     - 120 млрд. теңге – индустриялық-инновациялық  және инфрақұрылымдық жобаларды  іске асыруға бағытталды.

     3. Ең төмен резервтік талаптарды  азайту арқылы өтімділікті қолдауға  – 350 млрд.теңге.

     4. Салық жүктемесін төмендету арқылы  қаражат босату – 500 млрд.теңге.

     5. Экономиканы одан әрі жаңғыртудың  жаңа жоспарын іске асыруға  және жұмыспен қамту стратегиясын  іске асыруға – 347,9 млрд. теңге,  оның ішінде 240 млдр. теңге “Жол  картасына” (2009 жылы 140 млрд.теңге және 2010 жылы 100 млрд. теңге).

     Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, қазан айында елдегі жұмыссыздық деңгейі тұрғындардың экономикалық белсенді тобына шаққанда 6,4 пайыз деңгейін (2008 жылы қазанда  – 6,6 пайыз) көрсетіп, ағымдағы жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 0,5 пайызға  төмендеген (2009 жылдың сәуірінде – 6,9 пайыз).

     Ағымдағы  жылдың қазан айында жұмыссыздар  саны 539,9 мың адамды құрады, бұл 2008 жылдың қазанымен салыстырғанда 13,6 мың  адамға аз.

     Тұтастай  алғанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 13 қарашадағы мәліметтеріне  сәйкес “Жол картасының” инвестициялық  жобаларын іске асыру кезінде 258,6 мың жұмыс орны құрылды, бұл жоспардан 0,9 пайызға артық.

     “Жол  картасы” жұмыс орындарын құрғаннан  басқа тұрғын үй-коммуналдық мәселелерін, жол, әлеуметтік нысандар проблемаларын  шешуге мүмкіндік берді. Барлығы 5221 жобаны іске асыру жоспарланса, соның 4468-і бойынша жұмыс аяқталған.

     Аяқталмаған жобалар бойынша жөндеу жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

     Осымен  бірге, “Жол картасы” халықты кіріспен қамтамасыз ету міндетін шешуге және ұйымдардың құрылысы мен қызмет көрсету  өндірісін мемлекет тарапынан қолдауға мүмкіндік берді. Дағдарыс жағдайында 2,5 мыңнан астам компания мемлекеттік тапсырыс алды.

     Жөндеу  жұмыстарына тартылған адамдардың орташа айлық жалақысы 29,6 мың теңгені  құрады.

Информация о работе Әлемдік қаржылық дағдарыстың пайда болу себептері мен зардаптары