Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 17:03, курсовая работа

Описание работы

Әлемдік қаржы дағдарысы көптеген елді тығырыққа тіреді. Оның салқыны Қазақстанға да тимей отырған жоқ. Бірақ Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында ерте бастан қамданып, дер мезгілінде етек-жеңімізді жиып алғанымыз елімізді қиыншылықтарға соқтыра қойған жоқ. Әйтсе де мемлекетіміз сыртқы тапшылық тажалынан сақтану үшін барлық үнемдеу амалдарын қолданып жатқанда, етектен тартқан жау жаман дегендей, қазынаға суық қолын сұғушылар ісі қатер төндіріп отыр.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
I. Қаржы дағдарысы және Қазақстандық қадам......................................3
1.1 Әлемдік қаржы дағдарысы.....................................................................5
1.2 Әлемдік қаржы дағдарысы әлемдік сарапшылар көзімен...................8
1.3 Дағдарыс шырмауы...............................................................................10

II. Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері.............................13
2.1 Қазақстанның дағдарыспен күресуі және оған әсері.........................13
2.2 Дағдарысқа қарсы қимыл: Қазақстандық тәжірибе..........................22
2.3 Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға игі әсері.......................25

Қорытынды.......................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................32

Работа содержит 1 файл

курс.Әлемдік дағдарыстың Қазақстанға әсері.doc

— 214.00 Кб (Скачать)

      Біз қазір президенттік «Еуропаға жол» бағдарламасын жүзеге асырып жатқан елміз. Орайы келгенде айта кетейін, атқарушы билік ішкі жалпы өнім өндіруден діттеген межесіне жетіп, оның сапалық мазмұнының жоғарылауы нәтижесінде халықтың кірісі көбейіп, тұрмысы жақсаруын қамтамасыз етері сөзсіз. Десек те, өз басым «Еуропаға жол» деген ұғымды тар шеңберде түсінбесек екен деймін. Меніңше, «Еуропаға жол» – еуропалықтарша тұрмыс құрып, өмірге еуропалықтарша қарау деген сөз. Яғни, халқымыздың ұлттық менталитеті түбірінен өзгеруі тиіс. «Мемлекет өлтірмейді» деген масылдық сана-сезімнен арылуымыз қажет. Әркім өз кірісін молайтудың жолын іздеп тауып, сол арқылы мемлекеттің де дамуына үлес қосуы керек. Жөнсіз шығыннан бойды алыс әкету– міндетіміз. Абай айтқандай: «Сөз түзелді, тыңдаушым сен де түзел» демекші, мемлекеттің ұстанымы еуропалық сапа дәрежесінде өмір сүруге халықты бастау болса, халық сол «жетекке еруі» тиіс. Тереңнің түбі болады. Бірақ биіктікте шек жоқ. Мінеки, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұстанымындағы басты ерекшелік осы. Кезінде: «Бұл қиыншылықты артқа тастаймыз», – деп батыл айтқан Н.Ә.Назарбаевтың, – 2000 жылдан кейін: «Халықтың ең аз кірісін тұтыну қоржынын қанағаттандыратындай дәрежеге жеткізу керек», – деген міндет қойғаны белгілі. Ал, БҰҰ талабы бойынша бұл 100 долларлық деңгей. Қазақстан бұл биіктікті де көп ұзамай алды. Енді Елбасымыз «Бәсекелестікке қабілетті 50 елдің сапында болу қажет», – деген ұстанымын мәлімдеді. Халықаралық сарапшылардың есебі бойынша әлемдегі тұрмыстық деңгейі ең жоғарыда тұрған 50 елдегі жеке тұлғалардың жан басына шаққанда мемлекеттің ішкі жылдық жалпы өнімі 15 мың доллардан айналуы қажет екен. Бұл бізде дәл қазір 8 мың долларға жетіп қалған. 2020 жылға дейін осы биіктік те бағындырылады. Ал, авторы Н.Ә. Назарбаев болып саналатын «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасын толық жүзеге асырған шақта, біз жан басына шаққанда, шамамен, 30 мың доллардан артық ішкі жылдық жалпы өнім өндіретін елдердің қатарына қосыламыз. Бұл – дегеніңіз, бүгінгі Еуропа елдеріндегі жағдай. Енді, сұрағыңа нақты жауап беретін болсам, онда былай: «Қазақстан мұнымен шектелмейді. Түптің түбінде, біздің ел – әлем үлгі және нысана тұтатын биіктікте тұруға құқы да, мүмкіндігі де бар ел. Айталық, Еуропа мемлекеттеріндегі тұрғындардың сауаттылық деңгейі бізден төмен. Екіншіден, біздегі шикізаттық қор-байлығымыз Еуропа мемлекеттері үшін арман ғана. Ендеше, Қазақстан бүкіл әлемге үлгі (стандарт) ұсынатын елге айналады десем қателеспеймін. Тек, мемлекеттің осы ұстанымы бұлжымауы тиіс, ол – ішкі тұтастық, сыртқы әлемді өзің сыйлау арқылы құрметке ие болу, ғылымға инвестицияны ұдайы молайтып отыру, осылардың бәрін болмыс ақиқатына айналдыра отырып, ақыр аяғында, тәуелсіздікті баянды ету.

       Маркс – капитализмнің көптеген қателіктерін көрсетіп, батыл сынаған данышпан ғалым. Оның ілімдерін тұтастай жоққа шығаруға әлі күнге дейін ешкімнің күші жеткен жоқ. Әрі-берідесін өзіндік құн, қосымша құн, тауар–ақша–тауар заңдарын қателік деп ғылыми дәлелдеген бірде-бір тұлға жоқ. Керісінше капитализм уақыт өткен сайын маркстік ұстанымға жақындап барады десем, артық айтқандық емес.

       Сондықтан да, Қазақстанның экономикалық ғылымы мен білімі әлемдегі басқа жұрт санасатын бағыттардың бірінде деген тұжырымды батыл айта аламын. Айталық қазір дүниежүзінде «дамудың қазақстандық жолы» деген сөз тіркесі қалыптасқан. Бұл – сіз, жоғарыда айтқан бір-біріне қарама-қарсы екі бағыттың ең жақсыларынан сұрыпталған ғылыми негіздің бергені. Мәселен, біздің ел осы уақытқа дейін бағдарлама бойынша жұмыс істеп келеді, жұмыс жасап жатыр. Ал бағдарлама дегеннің өзі – жоспар ғой. 2007 жылдың тамызында қаржы дағдарысының дауылы соққанда Елбасымыздың тікелей нұсқауымен қаржы-экономика саласын мемлекеттік реттеу тетіктері іске қосылды. Уақыт өте келе Президент Н.Ә.Назарбаевтың бұл жолымен АҚШ мемлекетінің өзі жүре бастады. Капитализм: «Бағада шаруаң болмасын», – дейді. Ал біздің ел бағаны мемлекеттік реттеуді назардан тыс қалдырған жоқ. Осы, соңғы дағдарыс кезінде, капитализм дүниесі де біздің жолға түсті. Қысқасы, қазіргі Қазақстан бір-біріне қараса-қарсы бағыттағы экономикалық білім-ғылымның екі саласын ұштастыру арқылы бүгінгідей дәрежеге жетіп отыр. Демек, 1949 жылы негізі қаланған Қазақстан экономикалық білімі мен ғылымының 1991 жылға дейін жиған-тергені керексіз қоқыс болып қалған жоқ. Орайы келгенде айта кетейін, «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасын жасаған Президентімізге кезінде көптеген қолқабыс берген экономистер маркстік ілімнен нәр алғандар. Ендеше, өмірде бардың бірі дұрыс, бірі қате деудің өзі – қателік шығар. Мен осы мүмкіндікті пайдаланып, өзімнің көзі тірі ұстаздарым мен бірге оқыған достарымды, шәкірттерімді мерейтоймен құттықтап, Тәуелсіз еліміздің болашағы үшін қажымай, талмай еңбек ете берейік демекпін.

        Бүгінгі Қазақстан – өзінің барлық болмыс-бітімімен тәуелсіздіктің алып сарайы. Егер тәуелсіздігіміз болмаса, ЕҚЫҰ мен Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ете алмас едік, АҚШ, ҚХР, РФ секілді алып мемлекеттерді – стратегиялық әріптестеріміз, ислам дүниесін – діндестеріміз, түрік әлемін – қандастарымыз деудің өзі, тәуелсіздіктің бергені.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

         Бүгінгі дүние жүзінде қалыптасқан жағдай Елбасының осыдан екі жылға жуық уақыт бұрын айтқан болжамымен дәлме-дәл келіп отыр. Биылғы жылды тұтастай алғанда, күллі Шығыс Еуропа елдерінде, АҚШ-та экономиканың тоқырауға күрт сипат алып, көптеген елдер дефолт жағдайында өмір сүріп жатыр. Бюджеттің жет­пейтін қаржысын толтыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарына алақан жайып жүрген елдер қаншама! Тіпті дағдарыстың алғашқы кезеңінде АҚШ президенті Дж. Буш: «Бүгінгі дағдарыс инвесторлардың қайтарымы жоқ жобаларды қаржыландыруы салдарынан орын алды» деп конгреске жалбарынды. АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама билікке келген кезде экономикасы қуатты деген әлемдегі 20 мемлекет басшысының дағдарыстан шығу жөніндегі бірнеше рет өткізген келелі кеңестері әзірге нақты нәтижеге жеткізе қойған жоқ. АҚШ-тың бюджет тапшылығы бүгінде бұрын-соңды болып көрмеген алаңдатарлық цифрлармен сипат­талады. Осы мезгілде долларды басып шығару станогы зырылдап тынымсыз жұмыс істеп, бұл валютаның құны төмендей түсуде. Мұның, әлбетте, жақсылыққа әке­ліп соқпайтыны белгілі. Сондықтан Ресей бастап, Қытай, Үндістан және Бразилия қоштап, аймақтық валютаны айналымға енгізу туралы сөз қозғады. Аймақтық валюта немесе дүние жүзіне долларға балама ретінде ақша енгізу идеясы осының алдында Қазақстан Президенті тарапынан қозғалғанын бүкіл әлем жұртшылығы біледі. Өткен жылдың басында Елбасының Ресейдің «Российская газета» басылымында жарияланған «Дағдарыстан шығудың кілті» атты мақаласы әлемнің зиялы қауымы, ғалымдар, белгілі сарапшылары тарапынан қызу қолдау пікірін туғызды. Елбасы өзінің мақаласында елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық дағдарыс бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс екенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ бұл дағдарыстың әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататынын, сондықтан оны талдауға, ой елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет екенін атап көрсетті. Қазір әлемде жиі айтылып жүргеніндей, дүниежүзілік саясатта көпполярлы көзқарастың қалыптасуы нақ осы жағдайдан туындап отыр.

    Дағдарыс жағдайында Мемлекет басшысының жүргізген сарабдал саясаты, оның ел үшін жеке жауапкершілікті өз мойнына алып, экономиканы мемлекеттік реттеу арқылы «қолдан басқару» жүйесіне көшіруі өмірде нақты нәтижеге жеткізді. Ал Елбасының бұл батыл қадамдары өткен жылдың соңында жасалған еді. Президент өткен жылдың қазан айында Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде бүкіл дүние жүзін шарпыған қаржы дағдарысының Қазақстанға әсерін жан-жақты саралап, оның зардаптарын жеңілдетудің жолдарын ұсынды. Ол ең алдымен дағдарыстың халықаралық қаржы жүйесі үшін сын кезең болғанын, бұл Қазақстан экономикасына да залалын тигізгенін атап көрсетті. Елбасы өз сөзінде Үкіметтің, Ұлттық банктің, өзге де мемлекеттік органдардың дер кезінде қабылдаған шараларының нәтижесінде дағдарыстың кері әсері мейлінше азайтылғанын мәлімдеді.

    Осынау сындарлы шақта Президент еліміздің алдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты қабылдау көзделіп отырған шараларға кеңінен тоқталып, ел экономикасындағы өсімді тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы шараларды саралап, АҚШ-тан басталған дағдарыстың өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы Ұлы тоқыраудан да асып түсетінін мәлімдеді. Осыған сәйкес ол Үкімет алдында жүзеге асырылуға тиісті бірінші кезектегі нақты міндеттердің басым бағыттарын айқындап берді. Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінетін болып белгіленді. Ол ең алдымен Үкімет белгілеген бес басым бағытқа - қаржы секторын тұрақтандыруға, тұрғын үй секторын дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға берілетін болды. Осы қаржыларды өз мақсатына тиімді жұмсап, толыққанды игеру міндеті Үкімет атынан «Самұрық қазына» қорына жүктелді.

     Президенттің стратегиялық көре білуі, халықаралық тәжірибені, әлемнің басқа елдерінің табысты және табысты емес мысалдарын жіті зерттеуі көп ретте саяси экономикалық басқарудың халықаралық әзірліктерінен де асып-түсіп жататынын белгілі саяси қайраткерлер мен сарапшылар мойындап жүргенін ашық айтуымыз керек. Сындарлы шақта Елбасының қарапайым аман қалу міндеттерін тұжырымдаумен ғана шектелмей, болашақ ресурстар мен мүмкіндіктерді негізге ала отырып, Үкіметке стратегиялық міндеттер жүктеуі біздің болашағымыздың жарқын екеніне айқын дәлел бола алады.

      Қазақстан Президенті демократияны ең сенімді жақтаушылардың бірі ретінде елдегі өзгерістерді сілкіністерсіз эволюциялық даму заңдылығы негізінде жүзеге асыруда. Ол әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін теңдестіре ұстау арқылы өзінің айрықша ерік-жігері мен төзімділігін танытып келеді. Сондай-ақ оның «...қанға және бей-берекеттікке бөккен демократия бізге түкке де керек емес. Біздің демократияның негізі - саяси, әлеуметтік және ұлтаралық тұрақтылық. Басқа елдер демократиялық жүйткуіміз үшін бізге қол шапалақтағанына бола өз халқымызбен сынақтар жүргізбейтін боламыз» деп атап көрсетуі, осы айтқандарын өмірде нақты жүзеге асыра білуі бүгінгі жарқын өміріміздің шынайы көрінісіне айналды.

Бұл Елбасының өзі  атап көрсеткеніндей, Қазақстанда халыққа  ең тиімді деген әлеуметтік бағдарланған рыноктық қатынастар орнатудың нақты  жемісі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.




Информация о работе Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі