Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 17:03, курсовая работа
Әлемдік қаржы дағдарысы көптеген елді тығырыққа тіреді. Оның салқыны Қазақстанға да тимей отырған жоқ. Бірақ Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында ерте бастан қамданып, дер мезгілінде етек-жеңімізді жиып алғанымыз елімізді қиыншылықтарға соқтыра қойған жоқ. Әйтсе де мемлекетіміз сыртқы тапшылық тажалынан сақтану үшін барлық үнемдеу амалдарын қолданып жатқанда, етектен тартқан жау жаман дегендей, қазынаға суық қолын сұғушылар ісі қатер төндіріп отыр.
Кіріспе.....................................................................................................................3
I. Қаржы дағдарысы және Қазақстандық қадам......................................3
1.1 Әлемдік қаржы дағдарысы.....................................................................5
1.2 Әлемдік қаржы дағдарысы әлемдік сарапшылар көзімен...................8
1.3 Дағдарыс шырмауы...............................................................................10
II. Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері.............................13
2.1 Қазақстанның дағдарыспен күресуі және оған әсері.........................13
2.2 Дағдарысқа қарсы қимыл: Қазақстандық тәжірибе..........................22
2.3 Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға игі әсері.......................25
Қорытынды.......................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................32
2. Дамыған елдердегі, әсіресе АҚШ, Еуроаймақ қор биржаларынан «сыпырып алған» мол ақшалы алпауыттар сол қаржыларын орналастыратын ел іздейді. Бұл әрине, дамушы елдер болары сөзсіз. Оның үстіне біздің Қазақстан басқаларға қарағанда есігі ашық мемлекет. Демек, екінші деңгейдегі банктерге несие немесе депозит ретінде мол валютаның келуі әбден мүмкін. Ең қауіпті тұс осы. Олай болса, қаржы қадағалау агенттігі «бір шоқып екі қарайтын» жағдайда жұмыс істеуі керек.
3. Иә, еліміздің 2010-2020 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасына инвестиция құюға, ең болмаса үлестес болуға ынталылар көбейері сөзсіз. Бұл қуанышты да. Десек те, осы инвестициялардың мейлінше ұзақ мерзімді болуы тиісті жаққа келісімшарт шеңберінде міндеттелуі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда «әккілер» ақшасын бүгін салып ертең немесе бір-екі жылдан соң қайтарып аламыз деп жүрсе, тығырыққа тірелу сонда болады.
4. Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының төмендемеуі үшін онсыз да демпингтік жолмен келетін импорт тауарларының ішкі рыноктағы бағасына қатаң бақылау орнатқан жөн.
Әрине, әлемдегі жағдай мүлде шиеленісті кезеңге бет алды. Десек те бұл Қазақстан басына 2008-2009 жылдардағыдай қара бұлтты төндіре алмайды. Өйткені біздің мүлде жаңа тұрпаттағы өндіріс нысандарын өмірге әкелетін он жылдық бағдарламамыз бар. Бұларды жүзеге асыру жұмыссыздықты болдырмаудың ең төте жолы болып тұр. Шіркін-ай, «ежелден капитализмде өмір сүрген батыс әлемі бүгінгі Қазақстан жолын таңдап алса ғой, дағдарыс тежелер еді» дегеннен басқа амал жоқ. Бірақ олар мұндайға қабілетсіз болып шықты. Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды - «әлем Н.Ә.Назарбаев жолына түсуге таяп барады», деген ақиқат. Ал біздің Президентіміздің адамзатқа ұсынған жолы - халықаралық қаржы жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізу болатын.
Тарих табалдырығын аттаған 2009 жылды әлем жұртшылығы бір күдік, бір үмітпен қарсы алды. Жаһандық қаржы дағдарысы талай елдің экономикасын тығырыққа тіреп, қаржы жүйелерін қақыратып өтті. Бұл дағдарыс қиындығынан кешегі кеңестік кеңістіктен шыққан елдер де сырт қала алмады. Әсіресе, дағдарыс ТМД-дағы қуатты мемлекеттердің бірінен саналатын Украинаның экономикасы мен қаржы жүйесін тәлтіректетіп тастады. Саяси жағдайы ушыққан бұл елде экономиканы тұрақтандыру мақсатында әлі де тиімді бағыт таңдап алынған жоқ. Осы орайда украиндық мамандар қаржы дағдарысына қарсы алғашқылардың бірі болып, іс-қимыл жоспарын жасаған Қазақстан Республикасының тәжірибесіне ерекше қызығушылық туғызуда. Мәселен, “Гардарика” корпорациясының сарапшысы Константин Матвиенко Украина мен Қазақстанның қазіргі экономикалық даму қарқынын салыстыра отырып, қаржы дағдарысына қарсы жасалған қазақстандық тәжірибеге жоғары баға береді.
Еуропалық құрлықта біздің еліміздің өндірісі мен ұлттық валютасының құлдырауы ең жоғары деңгейде болып отыр, дейді украиналық сарапшылар. Тіпті, ол әлемдегі аса қауіпті шекке жетті. Мемлекеттің ұлттық валюта гривнаны тұрақтандыру жөніндегі шаралары “суға кеткен тал қармайдының” керімен әлсіздік әсерін көрсетеді. Билік басындағылардың жасаған шаралары бір-екі күн немесе бір-екі сағат қана тиімділік беріп, қайтадан таз қалпына түседі. Сөйтіп, гривна бүкіл ел экономикасы сияқты күннен-күнге құлдырап барады. Қоғамда үлкен алаңдаушылық орын алған. Бұл жағдай елдегі үлкен әлеуметтік толқуларға алып келуі әбден мүмкін. К.Матвиенконың айтуынша, бүгінгі таңда украиндық мемлекеттіліктің тұғырына қауіп төнуде. “Біз кеңестік кеңістіктен шыққан мемлекеттер арасында еркін демократиялық ел деген имиджімізді жоғалттық. Қазір Украинаға жолы болмайтын мемлекет деген келеңсіз ат тағылды. Ал Украинаның бұл тығырыққа тірелмейтін таңдауы болды ма? Иә, болды! Бұл ретте кешегі КСРО-дан бірге шыққан Қазақстан Республикасының тәжірибесі үлгі бола алады және оны қазақстандық тиімді іс-қимыл шараларынан анық көреміз”, – дейді сарапшылар.
Осыдан бір жыл бұрын бұл ел әлемдік қаржы дағдарысының бірінші толқынына тап болды. Оның негізгі себептерінің бірі достастықтың басқа елдеріне қарағанда, Қазақстанның экономикасы мен қаржы жүйесі әлемдік жүйеге бұрынырақ кіріккен еді. Бұл елдің коммерциялық банктері сырттан тартылған несиелерді тұрғындарға жарна ретінде беретін депозиттер түрінде емес, шетелдік қаржы мекемелерінен қарыз алу түрінде тартты. Осыған байланысты АҚШ-та орын алған ипотекалық дағдарыс пен оның әлем экономикасына тигізген кері әсері бірден Қазақстаннан капиталдың көптеп шетке шығарылуына әкеп соқты. Қазақстандық банктердің беделіне қауіп төніп, сырттан келетін несие күрт азайды. Бұл өндірістің төмендеуіне және ұлттық валюта-теңгенің құнсыздануына жол ашты. Міне, нақ осындай жағдайда ел Президенті шұғыл тұрақтандыру шараларын белгілеп, Үкіметке банк жүйесінің беделі мен тұрақтылығын сақтап қалу жөнінде нақты тапсырмалар берді. Тек 2007 жылдың тамыз-қыркүйек айында Ұлттық банк коммерциялық банктерге жылдық жеңілдік ставкаларымен 18 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы құйды. Сонымен бірге, Үкімет ипотекалық несиенің ставкасын 20 пайыздан 16 пайызға дейін төмендетті. Оның үстіне Ұлттық банктен қаржы алған әрбір коммерциялық банк тұрғындарды несиелеуге сол қаржының 70 пайызынан кем емес мөлшерде қаржы жұмсауы міндеттелді. Міне, осындай игі шаралардың нәтижесінде құрылыс саласы тығырықтан шығып, жұмыс қарқынын төмендетпеді. Жалпы, экономикадағы оң даму қарқыны жалғасын тауып, банк-қаржы жүйесі тұрақтылығын нығайтып, беделін сақтап қалды. Сөйтіп, 2008 жылы басталған дағдарыстың екінші толқынына Қазақстан нық дайындықпен қадам басты.
Осы жылы Қазақстан Ұлттық банкінің алтын валюта резерві 17-ден 22 миллиард долларға дейін артты. Елдің экономикалық және қаржылық жағдайын нығайтуға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен 2000 жылы құрылған Ұлттық қордың маңызы айрықша болды. Осы қордағы қаржыны қоса есептегенде, бұл елдің қаржы дағдарысы жағдайында экономиканы тұрақтандыруға жұмсай алатын қаржысы 52 миллиард долларды құрады. Бұл 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдаймен салыстырғанда, 34 пайызға артық еді. 2008 жылдың он айы ішінде тұрғындардың және заңды тұлғалардың депозиттік есеп-шоттағы қаржылары 22 пайызға өсті.
Өткен жылдың қараша айында қаржы дағдарысы жағдайында таяу уақытта мемлекеттің экономиканы тұрақтандыруға бөлетін қаржысы 18 миллиард доллардан кем болмауға тиіс екендігі туралы шешім қабылданды. Бұл қаржы мына салаларға жұмсалмақ: банктерді капиталдандыруды арттыру; құрылыс компанияларының мемлекеттік кепілдікпен үлескерлер алдындағы міндеттемелерін орындау; шағын және орта бизнесті дамыту; агроөнеркәсіптік кешенді қаржылай қолдау; Батыс Қытай – Батыс Еуропа автокөлік магистралінің қазақстандық учаскесінің құрылысы, елдегі қалалардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жандандыру. Сол сияқты 250 мектеп, 200 балабақша және 50 кәсіптік-техникалық білім беру кешендерінің құрылысын салу және жарақтандыру. Елдің астанасын 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру бұл елдің экономикалық дамуына зор қарқын берген локомотив болды. Бұл үрдіс әлі де жалғасын табуда.
Әрине, жаһандық қаржылық дағдарыс Қазақстанды айналып өткен жоқ. Бұл елде де инфляция артып, тұрмыс жағдайы қымбаттаған. Бірақ барлығы ешқандай алаңдаушылықсыз жүйелі түрде реттеліп отыр. Ұлттық валютаның бағамы шектеулі шеңберде реттеліп отырады. Тұрғындардың арасында да кәсіпкерлердің арасында да, қобалжушылық жоқ. 2008 жылы инфляция Үкімет белгілеген 10 пайыздық межеге де жеткен жоқ. Елде азық-түліктің берік қауіпсіздігі жасалған. Соңғы жылдары бұл елде астық молшылығын жасау тұрақты дәстүрге айналған.
2008 жылы Қазақстанда алғаш рет 2009-2011 жылға арналған Мемлекеттік бюджет туралы заң қабылданды. Әрине, энергетикалық қуат көздерінің бүкіл әлемдегі бағасының күрт төмендеуі Қазақстанға да әсерін тигізуі мүмкін. Осыған байланысты мемлекет 2009 жылдың бюджетіне тиісті өзгертулер жасады. Алайда, үш жылдық бюджет бойынша әлеуметтік салаға бөлінген қаржы ешбір өзгеріссіз қалатын болды. Қазақстанда қаржы дағдарысының салдарларына қарамастан, “ Қазақстан – 2030” Стратегиялық бағдарламасын нақты және жүйелі түрде жүзеге асыру үрдісі жалғасуда.
Елдің қаржы дағдарысынан жеңілдікпен шығуына басты себеп болып отырған игі факторлардың бірі де бірегейі Қазақстандағы саяси тұрақтылық пен халықтар арасындағы мызғымас достық жағдай екендігі түсінікті. Биылғы жылдан бастап бұл елде жаңа Салық кодексі жұмыс істей бастады. Жаңа Салық кодексі бойынша экономиканың шикізаттық емес саласына үлкен салықтық жеңілдіктер жасау көзделген. Үш жыл ішінде корпоративтік табыс салығы екі есе төмендетіліп, табыс салығы салынбайтын айналымдағы қаржының төменгі көлемі екі есе арттырылды, әлеуметтік салықтың бірыңғай ставкасы енгізілді. Қазақстандық экономистердің есебі бойынша, салық мөлшерінің төмендетілуі экономикаға қосымша 35 миллиард доллар көлемінде қаржы құюға мүмкіндік береді. Сол сияқты мемлекеттің тәуекелділік қуатын нығайтқан бір мәселе, дер кезінде зейнеткерлік реформасының жасалуы болып табылады. Осыдан он жыл бұрын Қазақстан барлық жеңілдетілген зейнетақы түрлерін жойып, барлық жұмыс істейтін азаматтарға зейнетақы жинақтаушы қорына табыстың 10 пайыз мөлшерін аударып отыру жөнінде шешім қабылдаған. Бүгінде бұл елде әйелдер – 58, ерлер 63 жастан зейнеткерлікке шығады. Бұл автоматты түрде жұмыс ресурстарының нығаюына ықпал етті. Қазақстан нарық жағдайында тиімді жұмыс істеп отырған ел болғанына қарамастан, қазба байлықтарына, транзиттік коммуникацияларға және басқа экономиканың ең маңызды өмірлік салаларына мемлекеттік бақылауды сақтап қалды. Солай бола тұрса да шағын және орта бизнестің кәсіпкерлік бастамаларына ешқандай шектеу қойылмайды.
Өткен жылдың қазан айында бірнеше халықаралық рейтингтік агенттіктер жоқ жерден қазақстандық ірі банктердің несиелік рейтингтеріне және жалпы Қазақстанның рейтингіне төмен баға берді. Тосын жасалған бұл қадам сыртқы рынок айналымында жүрген бірқатар қазақстандық компаниялардың негізгі акцияларының құлдырауына қауіп төндірді. Құны төмендеген бұл акцияларды шетелдіктер жаппай сатып алуы әбден мүмкін еді. Міне, осындай жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шұғыл да тиімді шешім қабылдап, Үкіметке мемлекеттік “Қазына” орнықты даму қоры қаржысының есебінен бұл акцияларды сатып алу жөнінде нұсқау берді. Міне, осындай жедел жасалған көрегендік шаралардың нәтижесінде қор биржалары ойыншыларының ақпараттық технологияны өз мүдделеріне пайдалану арқылы Қазақстанның бағалы активтерін өз қолдарына ала қоймақ болған ниеттеріне тосқауыл қойылды. Бұдан шығатын қорытынды, көп ретте рейтингтік агенттіктердің сәуегейлігіне де сене беруге болмайды.
Қазақстан Республикасы экономикасындағы даму үрдісі қаржы дағдарысы жағдайында да қарқынын жоғалтқан жоқ, дейді украиналық сарапшылар. Елдің қаржы жүйесін тұрақтандыру мақсатында алдын ала жасалған ықпалды шаралар алдағы уақытта да елдегі экономикалық табыстардың сақталуына толық мүмкіндік береді. Оған өткен жылды Қазақстан Республикасының ІЖӨ-ні 5 пайыз өсіммен аяқтауы толық дәлел бола алады. Ендеше, Украина үшін қазақстандық тәжірибе қай жағынан болса да үлгі тұтуға тұрарлық.
Маркс – капитализмнің көптеген қателіктерін көрсетіп, батыл сынаған данышпан ғалым. Оның ілімдерін тұтастай жоққа шығаруға әлі күнге дейін ешкімнің күші жеткен жоқ. Әрі-берідесін өзіндік құн, қосымша құн, тауар–ақша–тауар заңдарын қателік деп ғылыми дәлелдеген бірде-бір тұлға жоқ. Керісінше капитализм уақыт өткен сайын маркстік ұстанымға жақындап барады десем, артық айтқандық емес.
Экономиканың ұстанымдары бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы философиялық ағымдардың өзі базис екенін мойындайды. Ал ол қарапайым тілмен қазақшаласақ, негіз деген сөз. Негізсіз ештеңе жасай алмайсың. Негізі мықты болмаса небір архитектуралық ғаламаттарды өмірге әкелу мүмкін емес. Демек, экономиканы дұрыс жолға салу әрқашан да басты міндет болып қалады. Егер өмірдің осы заңдылығы тұрғысынан алып қарасақ, тәуелсіздікті жариялағанға дейінгі Қазақстан экономикасы егеменді елге қызмет ете алмайтындай жағдайда болғанын, әрине, қалың бұқара біле бермейді. Мәселен, Кеңестер Одағы құрамында болған Қазақстан Республикасының экономикасында индустрия деп аталатын сала негізінен КСРО Орта машина жасау министрлігіне қарасты стратегиялық әскери мақсаттағы өнім өндіретін кешендер болды. Біз аграрлы республика болсақ та ауылшаруашылығы машиналары мен құрал-жабдықтарын түгелдей дерлік Одақтың басқа республикаларынан алдырып келдік. Ал, жеңіл өнеркәсібіміз өнімі мүлде өтімсіз сала болды. Тамақ өнеркәсібінде де ауыз толтырып айтатындай ештеңеміз жоқ еді. Турасын айтқанда, тек қана руда, астық, ет, сүт, жүн, тері өндірумен ғана айналыстық. Көлемі айтуға да жарамайтын минералды тыңайтқыштар шығардық. Рудамыздан металл қорытудың өзі мүлде аз мөлшерде еді. Егер банк секторы туралы айтар болсақ, мұнда да «ауызды қу шөппен сүртуге» тура келеді. Республикалық банк жүйесі шетелдермен тікелей байланысқа шығудың жолын да білмейтін. Сондықтан тәуелсіздікті жариялаған Қазақстанның банктерінде бір унция бағалы металл немесе бір доллар валюта болмаған еді.
Енді қазіргі жағдай туралы әркім өз білгенінен мысал алсын да, соны осы егемендік сәтіне дейінгі жағдайымызбен салыстырып көрсін. Сонда біз әрқашан да ақиқаттан алыс кетпейтін боламыз. Мен айтар едім, егемендіктің алғашқы жылдарындағы гиперинфляция мен экономикалық рессеция табиғи және заңды құбылыс. Ол – тәуелсіз мемлекетіміздің басшылығы: «Дұрыс жұмыс істемеді», – дегенді мүлде білдірмейді. Әскери мақсаттағы стратегиялық кешендер Тәуелсіз Қазақстанға қызмет ете алмайтын еді. Сондықтан олар жабылып қалды. Миллионнан астам қазақстандық тек осының салдарынан жұмыссыздыққа душар болды. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарымыз да уақыт сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұл – мінеки, «мұрамыздың» сыйқы.
Осындай мұрадан соң 19 жыл ішінде шикізаттық саладағы макроэкономиканы ырғақты даму арнасына салып, ел қазынасын 50 миллиард долларға жуық алтын-валютамен толықтырып, енді индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алған бүгінгі Қазақстан сауатты реформаның жемісі екенін түсіну онша қиын емес. Елбасымыз әрқашан да негізгі мақсат – халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту екенін ұдайы айтып келеді. «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында бұл негізгі жоспарымыздың өзегіне айналған ұстаным. Ендеше, сауатты реформа салтанатты тұрмысқа негіз болды, деу қажет. Мен «салтанатты» деген сөзді болашақпен ұштастыра айтып отырмын. Керек болса бүгінгі күніміз де ТМД елдерінде ешқайсынан кем емес қой. Посткеңестік аумақта қазақстандықтардың бүгінгі тұрмысына баршасы қызыға қарайды десем, артық айтқандық емес. Ал, уақыт озған сайын тұрмысымыздың салтанаттырақ бола түсетініне толық сенеміз.
Капитализм дүниесінде дағдарыс оқтын-оқтын соғып тұратын ілеспе дерт екені баршаға белгілі. Ал, біз болсақ «социализмді» тастап, капитализмге келдік. Орайы келгенде айта кетейін, капитализмнен социализмге өтудің ғылыми негізі жасалған болса да, социализмнен капитализмге өтудің жолы болған жоқ. Сондықтан да, біз жасаған, жүзеге асырған реформалар өзінің дәмді жемісімен бірге кермек жемісін де ала келді. Жалпы алғанда, «реформа» дегеніміз белгілі бір атқаратын істі заңдастыру дегенді білдіреді. Мемлекет, бұл орайда, ойды жүзеге асырушы тетіктерді жасап береді. Ал, сол тетіктерді пайдаланып, одан нақты өнім алу – жеке тұлғалардың немесе кәсіпкерлердің ісі. Сондықтан да мен осы уақытқа дейін жүргізген қаржы-экономикалық саладағы реформаларымыз сауатты болғанын тағы да қайталап айтамын. Мәселен, банктеріміз шетелдердің кез-келген қаржы институттарымен байланыса алады. Әлемнің кез-келген нүктесіне біз ақша аудара аламыз немесе сол жақтан аударылған ақшаны сол мезетте иесіне жеткізетіндей жүйе құра алдық. Дүниежүзінің көптеген мемлекеттерімен сауда-экономикалық байланыс орнатуды заңдастырған құжаттар өмірге келді. Халықаралық институттармен еркін байланысқа шығатын болдық. Қысқасы, біздің бүгінгі тұрмысымызды қамтамасыз еткен шетелдіктердің 80 миллиард доллардан астамы валюталық инвестиция десек, осынау мол қаржы дер кезінде жүзеге асырылған реформалардың нәтижесінде мүмкін болды. Қазақстан қазір инвестициялық тартымды аймақ санатында. Бұл да, сауатты реформаның нәтижесі. Десек те, бүкіл әлемдік қаржы дағдарысы бізді де шарпыды. Банктеріміз 2008 жылы «тұйыққа» тірелгендей жағдайда қалды. Мен бұл арада халықаралық қор биржаларындағы шикізат бағасының төмендеуіне орай қалыптасқан әсер туралы әңгімелемей-ақ қояйын. Ал енді банк жүйесінің тұйыққа тірелуі реформамыздағы қателіктің салдары дей аламыз ба?. Жоқ!.. Банк жүйесіндегі келеңсіз жағдай тек қана ақша иелерінің сауатсыздығы арқылы өмірге келді. Олар өз ақшаларын басқаратын менеджментті дұрыс таңдай алмады және олардың қызметін назардан тыс қалдырды. Соның салдарынан еліміздегі ірі қалалар көшелерінде «несие үлестіру» бәсекесі болмысымызға енді. Соның салдарынан құрылыстың шаршы метрінің бағасы Нью-Йорктегі бағамен бірдей дәрежеге жетті. Бұлардың бәрі де қайтарылмайтын несие екенін сол кезде ешкім ұғынған жоқ. Ал бұл мемлекеттің емес, жекелеген олигархтардың шетелдерден алған валюталық несиесі ғой, оны қайтару керек. Өкінішке орай, ақшаға қызыққан ағайын мұны ұмытты. Бірақ, Президент Н.Ә.Назарбаев дер кезінде олигархтарға көмек қолын созды. 2007 жылдың өзінде-ақ екінші деңгейдегі банктерге 4 миллиард көлемінде қолдау-несие берді. Кейіннен біздің Елбасымыздың осы салған жолымен дүниежүзінің АҚШ бастаған көптеген елі жүрді десек, артық айтқандық емес. Өйткені банктер – экономиканың қаны. Қан жұмысын тоқтатса, экономика – өледі. Міне біздің Президентіміз осыны дер кезінде көре біліп, тұтастай ұлттық экономиканың әлсіреуіне жол бермеуінің өзі елімізде реформалардың жалғасып жатқанын көрсетеді. 2009 жылы елдегі бірнеше банктердің басқару акцияларын мемлекеттік «Самұрық–Қазына» Әл-әуқат қоры иемденді. Мұның өзі кезінде ақшадан ақша жасауды әдетке айналдырған қаржы жүйесінің экономикаға инвестиция салуына негіз қалаған бір жағдай болды. Мемлекеттің тікелей нұсқауымен екінші деңгейдегі банктер капитал қоржындарын қалыпқа келтіре бастады. Бейберекет ақша үлестіру тыйылды. Сөйтіп, баға тізгінделді. Қысқасы бүкіләлемдік қаржы дағдарысы біздің Елбасымыздың сезімтал және көрегендік басшылығының нәтижесінде Қазақстан үшін пайдалы бір іс болды. Өйткені, байларымыз «ес жинау» керектігін түсінді. Ал бұл оларды «ақша – ақша – ақша» тізбегінен бас тартып, Маркс айтып кеткеніндей «ақша – тауар – ақша» тізбегіне көңіл бөлуге көшірді. Яғни, олигархтар экономикаға арқа сүйемей ақшадан ақша жасаумен айналасу пайдасыз іс екенін білді. Бүкіләлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға пайдалы әсері болды дейтінімнің тағы бір себебі, біз, 2007 жылдың тамызына дейін Ұлттық Қорларымызда жинақталған 50 миллиард доллардай өз қаржымыздың игілігін көруге енді шындап кірістік. Бұған дейін біздің елде тек қана шетелдіктер қаржысы жұмыс істеп, пайда тауып келген еді. Ал өз ақшамыз дәлірек айтқанда, Ұлттық Қорда жатқан мол қаражатымыз өлі капитал күйін кешті. Міне, сол өлі капиталға жан бітіп, енді елдің индустриалды, инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға қызмет етіп, пайда табатын болады. Бұл – бізге, бүкіл әлемдік қаржы дағдарысы берген бір пайда. Өз ақшамыз жұмыс істейді, ел экономикасы индустрияланады, оның инновациялық бағыты басымдыққа ие болады. Дәл осы «2010–2020 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» арқылы Қазақстан дамуының екінші кезеңі басталады деуге толық негіз бар. Мұның ішінде алғашқы бесжылдықта атқарылатын жеті міндеттің өзі, елімізге қосымша құны жеті триллион теңгелік жаңа мол өнім беретінін ескерсек, бағдарламаның қорытындысында не алатынымызды түсіну онша қиын болмаса керек. Біріншіден, импорт экспанциясы толастайды. Отандық базарда – отандық өнім үстемдікке ие болады. Соның нәтижесінде баға құрықталады.
Информация о работе Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі