Курстық жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 13:12, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым жалпы ақшаның даму тарихы мен ақша жүйесі туралы мағлұмат беру болатын. Мен тақырыбыма сәйкес, курстық жұмысымды бірнеше тақырыпшаларға бөліп, жеке-жеке қарастырдым:
Ақшаның пайда болуы және оның мәні
Ақшаның формалары мен түрлері
Ақшаның қызметі
Ақша теориялары және олардың дамуы
Ақша айналымының құрылымы және ақша айналысын басқару, реттеу әдістері
Ақша айналысының ақша заңы, ақша массасы және жылдамдығы

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3
I АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ….………………….5
АҚШАНЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ...………………………...…...7
II АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ, ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ
2.1. АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ........…………………………………………...…….14
2.2. АҚША ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ…....……..…………21
III АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ
3.1. АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫН
БАСҚАРУ,РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІ..………..………………………………...…26
3.2. АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ АҚША ЗАҢЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ
ЖЫЛДАМДЫҒЫ..............................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........………………………………….…...32

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx

— 66.52 Кб (Скачать)

    XX ғ. басында ақшаның сандық теориясы батыс экономикалық ілімінде классикалық емес өндіріс теориясының маңызды бөлігі ретінде үстемдік алды. Негізінде, трансакциондық және кембридждік бағыттар пайда болды.

      Трансакциондық  ақшаның сандық теориясының негізін американдық ғалым М. Фишер қалады. Оның теориясында бәлгілі бір мерзңмде тауар айнвлымының саны – орты жылждамдықта ақша санының өндіріліуі және сатылған тауарлардың саны орта бағамен анықтаалды делінген.  Сонымен қоса, осы тұрғыда олар екі элементтің: ақша айналымының жылдамдығы сатылған тауарлардың санына әсер етпейді деп есептелген. Ол қысқа мерзім ішінде аталған шамалар өзгеріссіз қалады деп болжады: ақша айналымының жылдамдығы несие дамуының деңгейі, байланыс құралының күйі сияқты ұзақ мерзімді факторлармен анықталады, ал тауар өндірісі ресурстардың жетімісздігімен шектеледі. Сонымен, М. Фишер, «Ақшаның саны – баға деңгейі» - жалғыз себепті байланыс болып табылады – деп қарастырды, яғни айналымдағы ақшаның саны баға деңгейіне тікелей әсер етеді.

    Баға  өзгерісінің бірінші себебі ақша салмағы (ақша саны) болып табылады. Ақша салмағының өзгерісі бағалардың өзгерісіне сәйкес келеді. Оның негізгі сандық теориясының формуласы MV=PQ теңдеу болып көрсетіледі,      мұнда         

       M – ақша  салмағы

        V – ақша  айналымының жылдамдығы

         P – баға, Q – тауарлық мәлімелердің саны.

    Бұл теңдеу ауыстыру теңдеуі деп аталады. Ол ақша айналымында маңызды өзара қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік туғызды.

      Ақшаның сандық теориясының кембридждік бағытын ағылшын экономистері Кембридж университетінің профессорлары А. Маршалл, А. Пигу, Д. Робертсондар дамытты, оларға монетаристер деп атады.

    Кембридждік бағыт тауар айналымы мәмілелерінің  сомасы М.Фишердің есептеуі сияқты сатылған тауарлар санын орташа бағаға көбейтіліп, анықталыды.

    Кембридж  мектебінің фомуласы мынадай:

    PV= TV+DV1

    мұнда, P – бағалардың жалпы деңгейі

               V – өндірістің  көлемі

                 T – ақша белгілерінің саны

                D – депозиттер

      V және V1 ақша мен депозиттердің айналым жылдамдығы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

III АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ

3.1.  АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫН    

         БАСҚАРУ,РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІ 

Ақша  айналысы ұдайы өндірістік процестің  әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте  күрделі жүйе.

    Тауарлық  немесе тауарлық емес фирмада болатын  өндірістік және жеке тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген  қызметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның  көмегімен табыс, оның ішінде қосымша  өнімнің құны қалыптасады әрі  бөлінеді.

    Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халықтың арасында, жекелеген азаматтардың арасында  тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі бойынша орын  алатын ақшалай  себеп айырысулар ақша айналымының  көп бөлігін құрайды.

    Ақша  айналымының біршама бөлігі мемлекеттік  бюджеттің табысын пайдалану  сатысында, яғни әлеуметтік қажеттіліктерді, экономиканы, мемлекетті, капиталдық шығындарды және т.б. қаржыландыруға  жүзеге асады.

    Ақша  айналымының бір бөлігіне банктің  несиелік ресурстарын жұмылдыру  және оларды орналастыру жатса, тағы бір бөлігіне сақтандыру бойынша  төлем, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы  және т.б. төлемдері жатады.

    Ақша  айналымының жалпы көлеміне халықтың тұрғын үй, коммуналдық қызмет, газ, электр энергиясы, жылу энергиясы, байланыс қызметі және кәсіпкерлердің тұрмыстық қызметі, көлік және басқа да осындай қызмет түрлері үшін төлейтін төлемдермен байланысты айналым да кіреді.

    Экономика тиімді басқарылғанда ақша айналымын  дұрыс ұйымдастыруға болады. Ақша айналымы экономикаға оң әсерін де, теріс әсерін де тигізуі ықтимал.Шаруашылықты жүргізудің тәжірибесі мемелекеттің бірыңғай эмиссия, несие, есеп айырысу орталығы болып табылатын (ҚР Ұлттық банк) ақша айналымын шоғырландырып басқаруының мақсатқа лайықтығын дәлелдеп берді. Ол елдегі ақша айналымы мен ақша  айналысына жауапты ұйым.

    Ақша  айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Ұлттық банк тұтынылатын банкноттармен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың тәртібін жіне қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.

    Айналымдағы ақша массасын реттеудің тиімді құралына қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі жатады. Орталық банк бұл саясат арқылы коммерциялық банктерге  несие береді.

    Ашық  нарықтағы операция айналымдағы  ақша мөлшерлемесін реттеу процесінде айрықша орын алды. Бұл операция, бір жағынан, құнды қағаздарды Орталық  банктің сатуын және сатып алуын  ұйғарса, екінші жағынан, құнды қағаздарды коммерциялық банктердің, қаржы компанияларының, халықтың сатуын және сатып алуын ұйғарады.

    Ұлттық  банк пен Қазақстан үкіметі елдегі ақшаның айналысын басқару мен  реттеуде ақша-несие саясатының аталмыш құралдарын ептілікпен пайдаланып жүр. 

3.2.  АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ АҚША ЗАҢЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ 

      ЖЫЛДАМДЫҒЫ

Әр түрлі  формадағы ақша айналысы тауарлар массасының, олардың баға деңгейлерінің және ақша айналысы жылдамдығының арасындағы экономикалық байланысты білдіретін экономикалық заңмен реттеледі.

    К. Маркс айналысқа қажетті ақша мөлшерін былайша анықтайды 

               Өткізілген тауар Несиеге сатыл- Міндеттемені     Өзара

             бағасының              -   ған тауарлар      +           төлем -      есепке алу

                сомасы      сомасы                             сомасы сомасы

    М=---------------------------------------------------------------------------------------

                  Айналыс  пен  төлем  құралы  ретіндегі  айналымның  орташа  мөлшері

    Осылайша  К. Маркс ашып беріп кеткен ақша айналысы заңының мәні мынада: айналыс құралының  және төлем құралының қызметтерін  орындауға қажетті ақша мөлшері  ақшалай бірлік айналысының мөлшеріне  бөлінген, сатылған тауарлардың баға сомасына тең болуы керек.

      М=

    мұндағы  М – ақша массасы,

                      Т – тауар массасы,

                      Б – тауарлардың орташа бағасы.

    Экономикалық  ғылымда айналыстағы ақша массасын анықтау бойынша басқа монетаристік көзқарас бар.

    Айналыстағы ақша массасы M =

    Айналысқа қажетті ақшаның мөлшері елде өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бүкіл мөлшерін ағымдағы баға бойынша өткізілетіндей деңгейде болуы керек.

    Несие сұранысының артуы жаңа кепілдік обьектілерінің пайда болу қажеттілігін тудырады. Ал, бұл қажеттіліктің  онын депозиттік сертификаттар басты, ол өз кезегінде  -M3=M2+ депозиттік ақша агрегаттарының қажеттілігін тудырады.

    2003-2004 ж.ж. Қазақстан Республикасының ақша агрегаттары (млрд теңгемен)

Ақша  агрегаттары 2003 ж. 2004 ж. өзгерісі
Ақшалай база 316,9 577,9 +261,0
М0 238,5 379,3 +140,8
M1 412,1 677,5 +265,4
M2 693,4 1164,4 +471,0
M3 (ақша массасы) 971,7 1634,7 +663,0
 

    Осылайша, бұл ақша агрегаттары жиынтық  ақша айналымының құрылымын, жекелеген  компоненттердің динамикасын, несиелеудің  мөлшерін сипаттайды.

    Бұл агрегаттардағы ақша массасының мөлшерін бағалау ақша-несие айналымының әр түрлі параметрлерін толығырақ сипаттауға, ақша айналысының даму тенденциясын және олардың экономикаға сәйкесуін бағалауға мұмкіндік береді.

    Ақша  айналысының жылдамдығы – бұл айналыс құралы және төлем құралы ретінде жұмыс істейтін ақша қозғалысының қарқын алуын әрі бір жылдағы ақша массасының айналым жылдамдығын, яғни айналымның жыл ішіндегі жылдамдығын білдіреді.

    ҚР  Ұлттық банкі ақша айналымының жылдамдығын  екі көрсеткішке қарай анықтайды. Ұлттық банк мекемесінің кассасына  ақшаның қайтарылу жылдамдығы.  Ол айналымдағы орташа жылдық ақша массасына Ұлттық банктің кассасына  түсетін ақша сомасының қатынасы ретінде анықталады; қолма-қол ақша айналымындағы ақшаның орташа жылдық ақша массасында Қазпошта АҚ айналымын қоса алғанда Ұлттық банктің кассасына түсетін қолма- қол ақшаның және Ұлттық банктің кассасына берілетін қолма-қол ақшаның сомаларын бөлу жолымен анықталады.

    Айналыс жылдамдығының өзгерісі жалпы экономикалық және монетарлық сипаттағы  көптеген факторларға тәуелді. 
 

        

ҚОРЫТЫНДЫ

Нәтижеде, ақша айналымы дегеніміз – ақшаның бір заңды немесе жеке тұлғадан екіншісіне үздіксіз қазғалысы. Ақша айналымы төлем айналымының бір белгісі болып табылады. Төлем айналымының құрамына ақша айналымынан басқа төлемінен құралдарының айналымы кіреді.

    Біздің  пікіріміз бойынша, нарықтық экономиканың әрекет етуі механизмін түсіну үшін ақшаның  рөлін айқын түсінуден артық  еш нәрсе жоқ. Сол себепті ақшаның  «нарық тілі» деп аталуы да тегін емес. Ақша  - тауар өндірісінің тарихи категориясы немесе айырбастық ұзақ мерзімдік дамуының обьективті негізделген нәтижесі.

    Ақша  - қоғамдық  еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.

    Ақша  экономикада өте маңызды рөлді  атқарады: ол трансакциялық шығындарды төмендету есебінен экономиканың жеңіл  қозғалысы жүзеге асады, ол еңбектің мамандануы мен бөлінісін ынталандырады.

    Қазіргі замандағы қоғамда ақша өте үлкен  және алуан түрлі рөлді атқарады. Ақшаның рөлі жалпы балама түріндегі  маңызымен анықталады, өйткені бұл  рөлге айрықша арнайы тауарды  бөліп шығару өндірісі мен айналысының  заңы болып табылады. Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етеді, ол тауар өндірісімен үздіксіз байланыста болады. Осы бастапқы тұғырға сүйене отырып, мынаны сеніммен атап өтуге  болады, яғни ақша дамыған тауарлық шаруашылықтың ажырамыс бөлігі болып  табылады, ол шаруашылық өмірдің жағдайына  және қоғамда болып жатқан экономикалық үрдістерге маңызды түрде және үнемі  ықпал етді. Ақша тауарлар мен қызметтердің үлкен массасының қозғалысын, сонымен  бірге қаржы – кредит жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.

     Мемлекеттер экономикасын ақшалай  – кредиттік реттеудегі ақшаның  рөлі жоғары, онда бұл реттеу  ақшаның монетаристік теориясына  негізделеді. Әрбір елде жыл  сайын орталық банк тарапынан  ақша массасын өлшеудің ақшалай  бағыт – бағдары белгіленеді,  соған сәйкес ақша – кредит  құралдары көмегімен оны реттеу  жүзеге асады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Курстық жұмыс