Курстық жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 13:12, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым жалпы ақшаның даму тарихы мен ақша жүйесі туралы мағлұмат беру болатын. Мен тақырыбыма сәйкес, курстық жұмысымды бірнеше тақырыпшаларға бөліп, жеке-жеке қарастырдым:
Ақшаның пайда болуы және оның мәні
Ақшаның формалары мен түрлері
Ақшаның қызметі
Ақша теориялары және олардың дамуы
Ақша айналымының құрылымы және ақша айналысын басқару, реттеу әдістері
Ақша айналысының ақша заңы, ақша массасы және жылдамдығы

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3
I АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ….………………….5
АҚШАНЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ...………………………...…...7
II АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ, ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ
2.1. АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ........…………………………………………...…….14
2.2. АҚША ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ…....……..…………21
III АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ
3.1. АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫН
БАСҚАРУ,РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІ..………..………………………………...…26
3.2. АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ АҚША ЗАҢЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ
ЖЫЛДАМДЫҒЫ..............................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........………………………………….…...32

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx

— 66.52 Кб (Скачать)

    Оларға  ұсақ монеталар, қағаз  және несиелік ақшалар жатады.

    Қағаз ақшалар – нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған  күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде  әрекет етті. Айналым барысында металл ақшалар көшті және тозды, бастапқы формасы мен құнын жоғалтты, сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауарларды көп мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайлы. Осыған байланысты оларды нағыз ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың обьективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни  олар мемлекет тарапынен мәжбүрлі бағаммен шығарылатын ақша белгілері болып табылады.

    Қағаз ақшалардың өзіндік құны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса, онда олар номиналды  құнға  сәйкес келмейді. Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз ақшаның бір купюраны  шығару шығындарына тең құны болуы мүмкін, ал ол шығын тиын ғана болуы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып алуға болады.

    Табиғаты  бойынша қағаз ақшаларға тұрақсыздық тән екендігін атап өту керек. Олар үнемі ақша айналымы арнасында жүреді, оларды толтырады және шектен тыс эмиссия негізінде ақша массасының айналымда жүрген тауар массасына сәйкес келмеуі нәтижесінде құнсызданады, сәйкесінше ол инфляцияға әкеледі.

    Әрбір егеменді мемлекет өзінің ұлттық валютасын, яғни өз атауы бар, әр түрлі купюра мен бағаммен қағаз ақшаларын  шығарады. АҚШ өз валютасын – доллар, Ресей – рубль, Қазақстан – теңге деп атайды. Қағаз ақшалардың кемшіліктері де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден, оларды ұрлап алу өте оңай, екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа түседі.

    Қағаз ақшалар сатып алу және тқлем  құралдары ретінде мемлекет қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы  олардың эмитенттері болып Ұлттық банк есептеледі. Шығарылған ақшаның  номиналды құны және оларды шығару құны  (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы  айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана атқарады: айналым құралы және  төлем құралы. Олар алтын стандартты алып тастағаннан кейін әшәнара жинақтау қызметін атқара алады.

    Қағаз – ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады. Қағаз ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көсетілген кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қатар несиелік ақшалар әрекет етеді.

    Несиелік  ақшалар – айналымдағы толыққұнды ақшаларды алмастыратын және несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның өрнегі. Несиелік ақшалардың негізгі эмитенті болып банк жүйесі есептеледі.

    Тауарларды  сатып алу бойынша ірі мәмілелерге  банктердің несие беруі қағаз  ақшаларды алмастырады, яғни несиелік ақшалар тауар айналымының қажеттелігін қанағаттандырады.

    Несиелік  ақшалар өз дамуында мынадай сатылардан өтті: вексель, банкнота, чек, электронды ақшалар эәне олардың соңғы түрі – несиелік және пластикалық карточка.

    Вексель – вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық міндеттеме. Вексельдер жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай вексельді қарыз алушы береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға белгіленген соманы төлеуі тиіс.

    Аудармалы вексель (тратта) – вексель беруші кредитордың (трассант) қарыз алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші тұлғаға (ремитентке) төлеуі жөніндегі бұйрығы. Вексель бойынша төлем аваль (вексельдік кепілдік) көмегімен төленуі мүмкін, ол қосымша беттегі вексельде және аллонжда «аваль ретінде есептеу» деген жазумен рәсімделеді.

    Вексель несие және ақшалық есеп айырысу  құралы ретінде әрекет етеді. Ол несиеге  қойылған тауарларды кепілді вексельдік міндеттемемен төлеуді қамтамасыз етеді.

    Вексельді айналым нәтижесінде банкноттық айналым пайда болды.

    Банкнота – бұл эмитент банктің міндеттемесі. Ол вексельден екі маңызды көрсеткіш бойынша ерекшеленеді: біріншіден,мерзімділігі бойынша: вексель белгіленген мерзімге шығарылады, ал банкнота шексіз мерзімге беріледі; екіншіден, қамтамасыз етілуі бойынша: банкнота мемлекет кепілдемесі бойынша елдің Орталық банкімен айналымға шығарылады, ал вексельді жеке кепілдеме бойынша жекелеген заңды және жеке тұлға шығарады.

    Қазақстандағы банкноттардың эмитенті болып Ұлттық Банк  саналады, олар Республиканың аумағында ұлттық ақша болып табылады. Тауарлар немесе алтын түріндегі материалдық қамсыздандырылмағын, бірақ банкноттардың несиелік негізі бар, өйткені олар банктік несиелеу ережесіне сәйкес айналымға шығарылады және қарыздық (ссудалық) қордың элементі болып табылады.

    Банкноттық  айналым кеңістіктегі ақшалардың әрекет етуін кеңейтуге мүмкіндік берді  және де банкноттардың айналыс құралы қызметін атқаруын қамтамасыз етті.

    Несиелік  ақшаның келесі түрі чек болып  табылады.

    Чек – бұл талап бойынша құрылған қатаң есеп берудің ақшалай құжаты, онда чек берушінің (шот иесінің) чекте көрсетілген соманы чек ұсынушыға (ұстаушыға) банктің төлеуі жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар. Ол қысқа мерзімді әрекеттегі ақшалай құжат ретінде заңды төлем құралы мәртебесін иеленбейді. Ол ел ішінде және халықаралық есеп айырысуларда қолданылады. Негізінен чектер ақшалай және есеп айырысу чегі болып бөлінеді.

    Ішкі  айналымдағы чектер банктерден қолма-қол ақшаны алу үшін; тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу мақсатында; банктердегі шоттар бойынша аударымдар жасау арқылы жүзеге асырылатын қолма-қолсыз есеп айырысу формасы ретінде қолданылады.

    Есеп  айырысу чектері ордер сипатында  болады. Шот иелеріне арнайы чек  кітапшалары беріледі. Чектік есеп айырысу кітапшаларындағы чектер тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолданылады.

    Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең  тобының өміріне тікелей ықпал  етті. Көптеген дүкендер пластикалық  карточкалар көмегімен сатып  алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік  береді, қажетті сома тауарларға төлеу  үшін сіздің шотыңыздан алынады. Коммуналдық  қызметтер төлемі сияқты қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы автоматты  түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, ұйымдар өз қызметкерлерінің банктік шоттарына ақшаны тікелей аудару арқылы еңбек ақы төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті көрсетеді: клиент өзінің дербес компьютерін компьютерлік желіге қоса алады, ол жинақ шотындағы қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.

    Соңғы жылдары шет елде және Қазақстанда  тауарларды  «Интернет» желісі арқылы сату-сатып алу кең өріс жайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ, ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ

2.1.   АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ 

Экономикалық  категория ретіндегі ақшаның  мәні олардың қызметтерінде көрініс  табады, олар ішкі негізді, ақшаның  құрамын өрнектейді. Ақша қызметінің әрқайсысы тауарлардың айналымы поцесінен шығатын  әлеуметтік-экономикалық қатынастардың бір жағын қарастырады. Қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде қызметтердің саны жөнінде әр түрлі пікірлер кездеседі. Ақшаның батыс теориясы ақша қызметінің  өте қарапайым және түсінікті үш түрін анықтады: құн өлшемі, айналыс құралы және жинақтау құралы. Бірақ та басқаларға қарағанда оларды К. Маркс жақсы жүйеледі және суреттеді, ол жоғарыда аталған екі қызметімен қатар барлығы 5 қызметін анықтады: төлем құралы және әлемдік ақша.

    Демек, олар қазіргі кездегі нарықтық экономикадағы  ақшаның маңызы мен рөлін өте  толық ашады деп есептей отырып, біз 5 қызметін қарастырамыз.

    Құн өлшемі. Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып құндардың барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасын қаматамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ондай тауар алтын болып есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын  қоғамдық  еңбек шығындалады. Ақшалар құн өлшемі қызметінде өте жақсы қызмет етеді. Бұл мынаны түсіндіреді, құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу  сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.

    Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға  деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына  сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді. Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды қанша бірліктерімен сандық өрнектеу керек.

    Құн өлшемі және бағалар масштабы ретінде  ақша әр түрлі қызметті атқарады. Олар адам еңбегінің қоғамдық еңбекке  айналуы ретінде құн өлшемі болып  айқындалады, бағалар масштабы –  металдың тұрақты салмағы ретінде  қарастырылады. Сондықтан да құн  өлщемімен құн ретіндегі тауарлар және керісінше, бағалар масштабы алтынның берілген көлемімен оның әр түрлі көлемі өлшенеді.

    Қазіргі жағдайда алтын ақшаның міндетін атқарудан қалды, яғни ол ақша  қызметін, соның ішінде құн өлшемі қызметін жоғалтты. Алтын несиелік ақшалармен алмастырылды.

    Әрбір мемлекет өз құн өлшемін белгілейді. Қазақстанда құн өлшемі ретінде  теңге, Ресейде - рубль, АҚШ-та - доллар, Еуропалық Одақта - евро саналады. Ел шеңберіндегі ішкі айналыста бағалар масштабы айрықша рөлді атқармайды, ал ел шегінен тыс сыртқы айналыста ол ақшаның сатып алушылық қабілетін анықтау үшін үлкен рөл ойнайды. Айрықша қажетті жағдайда үкімет алдын ала белгіленген бағалар масштабын өзгертеді. Мұндай өзгерту ақша реформасы деп аталады. Ақша реформасы – бұл құнның бір өлшемімен басқасына өту, ол ақшаның жалпы көлемінің азаюымен түсіндіріледі.

    Демек, құн өлшемі – бұл ақша бірлігі, ол тауарлар мен қызметтер құнын өлшеу және салыстыру үшін қолданылады.

    Айналыс құралы. Бұл қызметтің маңызын тауар айналымының  T-A-T 1 классикалық формуласының көмегімен ашуға болады. Бұл жағдайда ақша тауар айналымындағы делдал рөлін атқарады, оның негізі болып айырбас баламасы саналады. Формуладағы тауарлық айналым екі актіден тұрады: яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни  ақшаның тауарға айналуы. Бұл жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі делдал болып табылады. Осы қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы  тиіс, яғни бұл қызметті  шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса, онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды басқа өажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі айналыста жүреді. Сондықтан  бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам.

    Несиелік  ақшалар. Тікелей тауар айналымы кезінде, яғни бартерде (тауарды тауарға) сатып алу мен сату сәйкес келді. Айналыс құралы ретіндегі ақша қызметі кезінде тауарды сатып алу және сату актілері арасында  алшақтық пайда болады, дербес  болады, уақыт бойынша сәйкес келмейді. Сатушы тауарды сатып болған соң, қолдағы ақшасын басқа тауарды сатып алу үшін жұмсауға асықпайды. Бұл айырбастың бұзылуының обьективті мүмкіндігін қалыптастырады, яғни сатылған тауар сатып алынған тауардан көп, нәтижесінде дағдарыстық жағдай қалыптасады. Тауар айырбасының бастапқы сатыларында, яғни алтын тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бөлініп шыққан кезде, ол бір мезетте әрі құн өлшемі, әрі айналыс құралы ретінде ақша қызметін орындады. Ондағы екі қызмет бір-біріне сәйкес келмеді.

    Тауарлық  айналымның ары қарай дамуы ақшаның  осы қызметінің бір-бірінен бөлектенуіне әкелді, құн өлшемі қызметін толыққұнсыз ақшалар орындады, ал айналыс өлшемі қызметін - олардың белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарды.

    Құн өлшемі ретіндегі ақша гиперинфляция  кезеңінде  айналыс құралы қызметін атқармайды. Қазақстанда 1994-1997 жылдары тауар бағалары американдық долларда, немесе екі бағада: долларда және теңгеде белгіленді. Негізінен теңгедегі бағалар күн сайын долларға қатысты айырбас курсы негізінде қайта есептеліп отырды. Бұл мезетте теңгемен өрнектелген бағалар жедел өсті, доллардағы бағалар өзгеріссіз қалды. Бұл мына себепке байланысты болды, яғни айналыстағы ақша массасы тауар массасына қарағанда едәуір өсті, ол ақшаның құнсыздануына, яғни инфляцияға әкелді.

Информация о работе Курстық жұмыс