Курстық жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 13:12, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым жалпы ақшаның даму тарихы мен ақша жүйесі туралы мағлұмат беру болатын. Мен тақырыбыма сәйкес, курстық жұмысымды бірнеше тақырыпшаларға бөліп, жеке-жеке қарастырдым:
Ақшаның пайда болуы және оның мәні
Ақшаның формалары мен түрлері
Ақшаның қызметі
Ақша теориялары және олардың дамуы
Ақша айналымының құрылымы және ақша айналысын басқару, реттеу әдістері
Ақша айналысының ақша заңы, ақша массасы және жылдамдығы

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3
I АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ….………………….5
АҚШАНЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ...………………………...…...7
II АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ, ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ
2.1. АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ........…………………………………………...…….14
2.2. АҚША ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ…....……..…………21
III АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ
3.1. АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫН
БАСҚАРУ,РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІ..………..………………………………...…26
3.2. АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ АҚША ЗАҢЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ
ЖЫЛДАМДЫҒЫ..............................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........………………………………….…...32

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx

— 66.52 Кб (Скачать)

    Айналыс құралы – тауарлар мен қызметтерді стаып алу үшін, сонымен бірге қарыздарды төлеу үшін қолданылатын ақшалар. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің айрықша белгілерінің бірі – бұл тауардың және де ақшаның қарама-қарсы қозғалысын белгілеу; оны қолма-қол ақшалар атқарады; өйткені бұл қызметте ақшалар тауарлар айырбасы кезіндегі ұшқыр делдал ретінде әрекет етеді; онда оны толыққұнды ақшалар емес,  оның орынбасарлары - қағаз және несиелік ақшалар орындайды.

    Төлем құралы. Тауар өндірісі және тауар айналымының дамуы, сонымен бірге несиелік қатынастардың  дамуы  нәтижесінде  ақшаның төлем құралы деген тағы бір қызметі туындады.  Бұл жағдайда  T-A-T1  айналымы  барысында T-A   және A-T1 деген екі метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатушыға жетуінен гөрі сатып алушының қолына жылдамырақ жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы несие берушіге, ал сатып алушы – қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлем құралы деген жаңа қызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейін, төлем құралдары айналымға түседі. Ақша айналым процесін бастамайды, оны аяқтайды. Сатып алушы тауар үшін ақша төлемейді, міндеттеме төлейді. Сонда тауар несиеге сатылады екен. Төлем міндеттемені (неисені) өтегеннен кейін жүзеге асады, сәйкесінше, ақшалар сату, сатып алу актін анықтамайды, неисені жаба отырып, тек қана оны аяқтайды.

    Төлем құралы ретіндегі ақша тауарлық айналысқа  ғана емес, сонымен бірге қаржылық және несиелік қатынастарға қызмет етеді: тауарлар мен қызметтерді сату кезінде, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек  ақы төлеу кезінде, салықтарды және басқа қаржылық міндеттемелерді  мемлекетке төлеу кезінде, банктік  қарыздарды  қорландыру төлемдерін, айыппұлдарды, санкцияларды өтеу кезінде.

    Ақшаның төлем құралы  ретіндегі қызметінің дамуы қолма-қолсыз есеп айырысуды және несиелік ақшаларды дамытуға ықпал етті. Осылайша, айналыс шығындары қысқарады, төлемдер жеңілдетіледі және қолма –қол ақшалар айналыстан шығарылады. Сонымен қатар несиелік электрондық ақшалармен алмастырылады. Төлем құралы қызметіндегі ақшалар көптеген тауар иелерін, сатушылар мен сатып алушыларды өзара байланыстырады, олардыі әрқайсысы тауарды несиеге сатып алады және сатады. Егер белгілі бір буынға қарыз міндеттемелері (жеткізушінің шоты бойынша) бойынша төлемдер нақты уақытында түспесе, яғни төлемдік тізбектің бір буынында үзіліс болса, онда бұл жайт өзінің артынан төлем жасамаудың біртұтас тізбегін (қарыз бойынша мерзімінен асып кеткен борыш, бюджетке төлем бойынша, еңбекақы бойынша және т.б.) жүргізеді. Мұндай дағдарыстар 1991-1996 жылдары Қазақстан тәжірибесінде болған. Ол экономикамызға аса зор материалды, моральдық шығын әкелді, жекелеген кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді дағдарысқа және банкротқа ұшыратты.

    Қазіргі кездегі қоғамда несиелік, электрондық  ақшаның дамуы кезінде  есеп айырысудың басым формасы ретінде қолма-қол есеп айырысумен салыстырғанда қолма-қолсыз есеп айырысу қолданылады, яғни төлем құралы ақша айналыс құралы қызметімен салыстырғанда артықшылығы басым болып келеді. Сонымен қатар төлем құралы қызметін қолма-қол ақшалар да атқара алады. Фирмалар, кішігірім кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер төлем құралы қызметіндегі қолма-қол ақшаларды қолданады: еңбекақаны төлеу, сыйақа беру, жәрдемақы, зейнетақы, стипендия төлеу, облигация, лотореялық билет бойынша ұтыстарды төлеу, тұтынушылық қажеттіліктерге және  ипотекаға несие беру, сонымен бірге халықтың коммуналдық қызметтер үшін төлемі және т.б.

    Жинақтау  және қорлану құралы. Төлем құралы ретіндегі ақша қызметінің дамуы ақша қаржылары резервтерін құрудың қажеттілігін, яғни ақшаның жинақ құралы ретінде әрекет етуін туындатады. Ақшаны жинақтаудың қажеттілігі қайтадан T-A-T1  айналымының екі құндық актіге T-A   және A-T1 бөлінуімен байланысқан.

    Бірінші актіде тауар сатылады және ақшаға айналады, бұл жағдайда өз қажеттіліктеріңді  қанағаттандырудан жиі бас тартуға  тура келеді. Алтын адамдардың көз  жауын алады. Сондықтан оны жинақтау мен сақтауға ұмтылады, өйткені бұл  қор кез келген тауарды сатып  алуға немесе кез келген қызметті алуға, яғни кез келген уақытта өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ақша жинақ құралы қызметін атқарады. Және олар осы қызметте қоғамдық байлықтың  жалпы көрінісі болып саналады. Адамдар  өз байлықтарын асыл тастар, өнер туындылары, жылжымалы мүлік, акциялар, облигациялар, банктегі ақша және т.б. түрде сақтай алады. Бірақ ақша көбінесе осы қызметті орындайды, өйткені оларға өтімділік  тән, өтімді актив төлем құралы ретінде  пайдалануға болатын және тіркелген атаулы құны бар актив саналады. Ол төлем құралы ретінде пайдаланылады және олар құн өлшемі қызметін атқарғандықтан, олар әрекет етуші масштаб шеңберінде өзінің жеке тұрақты құнын өзгертпейді.

    Жекелеген адамдар сияқты, мемлекет алтын қоры және халықаралық резерв қоры түрінде  қорландыру қорын құрады, ол оған салыстырмалы экономикалық тәуелсіздікті кепілдейді, яғни мемлекет кез келген сәтте өзінің халықаралық міндеттемелері бойынша  есеп айырысады.

    2005 жылдың 1 қаңтарына қарай Халықаралық резервтік қор 8 млрд доллардан асты. Мұндай резервтерге ұлттық қор да кіреді, ол 5,3 млрд долларды құрады.

    Алтынды айналымнан шығару нәтижесінде  оның жинақ және қазыналық құрал ретіндегі  рөлі төмендегенімен, алтын әлі де қазына құралы ретінде қолданылады. Алтын резервтерінің көлемі  елдің байлығын көрсетеді және басқа елдер мен инвесторлардың осы елге деген сенімін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде алтынның ең үлкен қоры - АҚШ –та 260 млн тройск унциясы, (I тройск унциясы – 31,1 г), Германияда – 120, Францияда – 102, Ресейде – 150 млн тройск унциясы бар.

    Ақшаны  жинақтау және қазыналық қызметінің обьективті  алғышарты бар және ол ақша айналысы заңымен байланысқан. Айналысттағы ақша көлемі үнемі өзгеріп  отырады, ақша айналыс аясына және керісінше  жылжиды. Мысалы, Қазақстанда 2004 жылы мұнай бағасының жоғарылауы шарттарында экспорттық түсімдер айналысқа түсіп, айналыстағы ақша массасын көбейтті, сондықтан ҚР ұлттық банкі жедел шараларды қолдануға мәжбүр болды, яғни бұл ақшаны сақтандыру қорына, ұлттық қорға жіберді. Осылайша, ақша айналымының тұрақтылығына қол жеткізілді, инфляция жойылды.

    Әлемдік ақшалар. Ақша формасының дамуындағы сапалы жаңа кезең әлемдік ақша арқылы өрнектелді.

    Ақшаның барлық қасиеттерін өзіне жұмылдыра  отырып, ақша формасының тікелей логикалық  жалғасы болып табылады, ол қазыналық  және төлем құралы қызметінің тұтастығы  арқылы өрнектеледі. К. Маркс былай  жазған: «Қазына және жаппай төлем құралы ретінде ақша әлемдік нарықта жапай құралы, өз түсінігі ғана емес, сонымен бірге әрекет ету әдісі бойынша жалпыға ортақ тауар болып есептеледі». Осыған байланысты әлемдік ақшалардың табиғаты, экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың қызметінді айқын көрініс табады, мұндағы ақшаның өзіндік ерекшелігі жаппай интернационалды тауар ретінде көрінеді. Халықаралық төлем құралы ,қызметі жөнінде айтсақ, онда ол құнның ұлттық белгілері арқылы және ішкі ақша айналымына ұқсас қалыптасатын құнның айрықша интернационалдық белгілері бойынша жүзеге асырылады.

    Алтын монометаллизмнің әрекет етуі кезеңінде, яғни алтын монета және алтынға айырбасталатын несиелік ақшалар айналымда жүрген кезде, әлемдік ақша нарығына  ақшаның  шығуы және әлемдік ақша ретінде  әрекет етуі кедергісіз жүзеге асты.

    Әлемдік ақша қызметін валюталық-қаржылық институттардың арнайы есептік бірліктері, атап айтқанда Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) тарапынан айналысқа ақша шығару, қарыз берудің арнайы құқықтары (СДР), Ортақ нарық елдерінің есептік бірлігі (ЭКЮ), ол XX ғасырдың 90-жылдарының соңында евроға ауысты, Варшава Келісі елдері арасында ауыстырылған рубль қолданылды, олар социализмнің күйреуі нәтижесінде жоғалды.

    Ақшаны  қоғамдық байлықтың абстрактылық заттанған  формасында  пайдалану мына жағдайда жүзеге асады: елдің алтын және валюталық  қорын толтыру кезінде, алтын  немесе еркін айырбасталымды валюта түрінде басқа елдерге несие  ұсыну.

    Біз қарастырған ақша қызметтері бір- бірімен өзара байланысқан, бір – бірін толықтырады және жапай балама ретінде ақшаның біртұтас мәнісі айқындалады. Олар тығыз байланыста және бірлікте болады. 

2.2.   АҚША ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ

Әр түрлі  кезеңде жетілдірілген ақша теориясы мен ақша айналымын зерттеу ақша-несиелік механизмі және экономиканың қаржы құралы ретінде жетілдіру тұрғысынан мүдделі, сондықтан ақша теориясының дамуы іргелі тарихи кезеңдерді зерттеуі қажет.

      Ақша теориясында үш негізгі бағыт бөліп көрсетіледі: ақшаның металдық теориясы, номиналистік және сандық.

Ақшаның металл теориясы. Ақшаның металл теориясы XV-XVII ғ.ғ. ерте кезеңдерінде, яғни капиталдың алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда –У. Стэнфорд, Т.Мэн, Д. Норе, Фрнацияда - А.Монкретьен болды. Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар – алтын және күміспен теңестіріп, олардың бүлінуіне қарсы шықты. Сонымен қатар, олар нағыз байлық – табиғатынан шын мәнісінде ақша болып табылатын тек алтын мен күміс деп есептеді. Бұл ақша теориясы фетишизмге (киелі затқа табынуға) жатады, себебі ақшаны алтын мен күміске теңеп, тауар шаруашылығындағы ақшада адамдардың өндірістік қатынастарын назардан тыс қалдырады.Германияда XIX ғ. некінші жартысында алтынмонетарлық стандарттың енгізілуімен ақшаның теориясы дүниеге келді.Бұл оның бірінші метаморфозасы болды, неміс экономистері (К. Книс және т.б.) ақша деп тек асыл тастарды емес, металға ауыстырылатын банкноттарды да санады.

    Екінші  метаморфоза бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды, оның өкілдері алтынмонетарлық стандартты қалпына келтірудің мүмкін еместігін мойындап, алтын монометаллизмнің жаңа кесілген формаларын: алтын құйма және алтын-дивиздік стандарттарды енгізуге, теорияларын әдістеуге тырысты.

    Ақшаның  металл теориясының үшінші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Оның өкілдері (Ж. Рюэфф, М. Дебре, Р. Харрод) халықаралық айналымға алтын стандартты енгізуге қажеттілік идеясын ұсынды.

Ақшаның номиналистік теориясы. XVII-XVIII ғ.ғ. ақшаның номиналистік теориясы өкілдері ағылшын ғалымдары Дж. Беркли мен Дж. Стюарт, А.Смит болып табылады. Бұл теория ақша айналымында құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасты. Бұл ғалымдар ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен (номинал) және ақша болып табылатын баға масштабымен анықталады деп есептеген. Олар ақшаны тек техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық табиғатын толық теріске шығарды.

    Ақшаның номиналистік теориясының негізгі  идеялары төмендегідей:

    • ақша тамаша есептеу бірлігі болып табылады, оның көмегімен ақшаның салыстырмалы құны анықталады;
    • бірдей бөліктері бар тамаша масштаб болып табылатын аталған бірлікте ешқандай ішкі құн болмайды.

    Номинализм  үстемдік жағдайға XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында қол жеткізді.

    Неміс ғалымы Г. Кнаптың ақша теориясында  («Ақшаның мемлекеттік теориясы») басты мақсат-мұрат анық қалыптасты:

    • ақша – мемлекеттік құқық тәртібінің өнімі, мемлекет билігінің туындысы;
    • ақша -  бақылау төлем құралы, яғни мемлекеттік мұратты төлем күшімен иемденген белгілер;
    • ақшаның негізгі қызметі  - төлем құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің материалында емес, олардың қолдануын реттейтін құқықтық нормаларда, деп жазды.

    Қазіргі таңда номинализм – ақша болмысының мәселесі жөніндегі үстем теориялардың бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист П. Самуэльсон ақша шартты белгілер болып табылады деп санайды. «Экономика» шығапмасында ол: «Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырды. Қағаз  ақша ақшаның  мәнін, олардың  ішкі табиғатын  кейіптейді...  Ақша-  жасанды әлеуметтік шарт» - деп жазды.

    Номиналистік  теорияның пайымдауынша, қағаз ақша адам еркімен пайда болды, мемлекетпен  жасалды, ал шын мәнінде ақша – металды қатынастардың белгілі заңдылығы мен айналымның қосымша құралға қожеттілігі туындағаны, бағалы металдарды өңдеу өндірісінің нәтижесінде пайда болды.

    Номинализм  теориясының сипаты: ақша тауардан ғана пайда болмайды, олардың көп  қызметтерінен бас тарту, ақшаны құн масштабымен теңестіру, өте  оңды сан бірлігі болып табылады.

Ақшаның сандық теориясы. Ақшаның сандық теориясы XVIғ. пайда болды, ол тауарлық құн деңгейі мен ақшаның құны айналымдағы санына байланысты деп түсіндіреді. Бұл жорамалды француз Жан Боден ойлап тапты. Оның пайымдауынша, Батыс Еуропада тауардың қымбаттауына бағалы метелдардың көп әкеліне бастауы әсерін тигізді, сол себепті, бұл жағдай ақша санының көбеюіне әкеліп соқты, ақша санымен тауардың бағасы да өсті.

    Кейінірек мұндай пайымдауды ақшаның сандық теориясының  басқа өкілдері Д. Рикардо, Ш. Монтескье, Д. Юм, Дж. Миль т.б. қолдады. Олар аталған  теорияға айналымдағы ақшаның сандық өзгерісі мен оның құнының арасындағы пропорционалдықты әкеліп қосты.

Информация о работе Курстық жұмыс