Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 12:03, дипломная работа

Описание работы

XXI ғасыр жүзжылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Осыған байланысты әлемдік жаһандану үрдісінде Қазақстан өз орнын табу үшін барлық қырынан дамыта білу керек. Соның маңызды бағыттарының бірі инновациялық өнімдерді өндіретін және әлемдік бәсекеге қабілетті ұлттық кәсіпорындарды дамыту болып табылады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………4

І. Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
1.1.Инновация түсінігі және оның түрлері…………………………...………6
1.2. Инновацияны басқару теориясы мен тұжырымдамалары………………...8
1.3. Кәсіпорынның инновациялық қызметін бақылау……………………….11


ІІ. Кәсіпорынның инновациялық қызметін талдау
2.1. «Кентау трансформатор зауытының» әлеуметтік ұйымдастырушылық жағдайы…………………………………………………………………………..14
2.2. «Кентау трансформатор зауытының» өндірістік қуаттылығы және инновациялық өнімдері………………………………………………………….16


ІІІ. Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру
3.2. Қазақстанның инновациялық нарығының көрсеткіштерін бағалау..........23
3.1. Кәсіпорында инновацияны тиімді басқаруға жету жолдары…………….28

Қорытынды………………………………………………………………...…….29
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты.doc

— 998.00 Кб (Скачать)

Міне осындай шараларды орындау арқылы біз кәсіпорындағы иновациялық басқаруды біршама жақсарта алар едік.

 

 

Қорытынды

            Бүгінгі дүниежүзілік технологиялық  даму үрдісі жаңа саты –  адамзат игілігі үшін, оның өмірін  жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған  электронды, биоинженерлік және  басқа да ғылым дәрежелерін  пайдалануға негізделген деңгейге  көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түрде ұйымдастыру үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет.

Қазіргі күні барлық елдерде ірі көлемде ғылыми-техникалық саясаттар жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде бұл - өнеркәсіпте жаңалықтар мен инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми-техникалық дамудың ірі және жеке бөлімдерін қолдау болып табылады. Барлық елдерде ғылыми-техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға айналған. Бұл саланы қолдау заңды түрде: мемлекеттік акт, үкімдер бойынша жүзеге асырылады.

Экономикалық  қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулер негізінде тұжырымдауға болады.

           Жалпы Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациясын басқаруды дамыту үшін елдегі инновациялық жағдайды жақсартуымыз қажет. Бұл үшін елімізде инновациялық инфрақұрылымды дамытуымыз маңызды орын алады.

Қазақстан Республикасының  инновациялық инфрақұрылымын дамытумен байланысты келесідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға болады:

1. Бәсекеге қабілетті  экономиканы қалыптастыруға ынталы  Қазақстан Республикасы өзінің  инновациялық инфрақұрылымын жасақтап  болғанымен, оның қызметі күтілген  нәтижелерді көрсетпей отыр. Сондықтан да, аталған жүйенің ұлттық экономика үшін тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмді дайындау бүгінгі күннің талабы.

2. Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық инфрақұрылымын инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерімен қатар (технологиялық парк, технологиялық бизнес-инкубатор және инновациялық қор), бұл құрылымға белгілі бір деңгейде (тікелей немесе жанама) қатысы бар элементтердің де құрайтыны анықталды (олар: жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу орталықтары, ақпараттық-талдау орталықтары, консалтигтік фирмалар; ҚР ұлттық холдингтік компаниялары және олардың құрамындағы ұлттық компаниялар мен даму институттары; ҚР басым бағыттары бойынша құрылған кластерлер, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, корпоративтік көшбасшы компаниялар, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар).

Ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтерін дамытудың басым бағыттары айқындалды. Солардың ішінен мыналарды ерекше атап өтуге болады:

- жоғары оқу орындарының жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарын ашуды және олардың аумақтарында технорпарктерді ұйымдастыруды ынталандыру;

- технологиялық  бизнес-инкубаторларда идеясы бар  талантты адамдардың ақыл-ой жетістіктерін  тәжірибеден өткізіп, оны қолданысқа дейін жеткізуге мүмкіндіктер жасау;

- білікті мамандарды  даярлағаны үшін инновациялық  инфрақұрылым элементтері тарапынан  сол жоғары оқу орнына жыл  қорытындысы бойынша сыйақы төлеу  жүйесін қарастыру;

- инновациялық  инфрақұрылым элементтерінде жұмыс  істеп жатқан жоғары оқу орнының түлектерін осы оқу орындарында білім алып жатқан білімгерлерге ақылы дәрістер оқу жүйесін енгізу;

Жалпы кәсіпорындағы  инновациялық контролллингті дамытуды қолға алу керек. Кәсіпорындардың инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйені жетілдірудің экономикалық тетіктері ретінде келесілерді қарастыруға болады: экономикалық базаны қамтамасыз ету, қаржылық-несиелік және инвестициялық қамтамасыз етуді жетілдіру, яғни жеңілдікпен салық салу және несие беру, субсидиялар бөлу; тәуекелдерді сақтандыру, шығындарды төмендету, кәсіпорындағы бюджет құру және бюджеттік жоспарлауды жетілдіру, кәсіпорындағы персоналдарды ынталандыру.

        Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіруде венчурлік, концессиялық, лизингтік және франчайзингтік негіздегі нарықтық механизмдерді қолдану тетіктері жалпы инновациялық кәсіпкерліктің қарқынды дамуына қозғаушы күш ретінде әсер етеді. Сондықтан кәсіпкерлікті өркендетудің бұл түрлері кеңінен ұлттық инновациялық жүйені дамыту барысында қолданған жөн.

Қазақстанның алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену мақсатын жүзеге асыру барысында индустриалдық-инновациялық қызметтегі келесі бағыттарды кеңінен дамыту негізгі мәнге ие болуы қажет:

- ғылыми-технологиялық  әлеуетті жоғары ғылыми-технологиялық  және өнеркәсіптік ұйымдар желісі бар қалаларда ғылымдық және инновациялық инфрақұрылымның (технологиялық парктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және т.б.) қазіргі заманғы элементтерінің қызметін құру және қолдау көрсету;

- экономиканың стратегиялық маңызы бар алдыңғы қатарлы салаларын дамытуда өзімізде бар ғылыми-техникалық әлеуетті қолдану;

- бүгінгі таңда  Қазақстанда бірқатар бағыттар  бойынша отандық зерттеулер негізінде  ғылыми-сыйымды өндірісті дамытуға  мүмкіндік беретін ғылыми база бар, оның ішінде, жаңа материалдар, химиялық өнімдер, заман талабына сай жаңа өнімдер шығару және т.б;

- отандық тауар  өндірушілерге жағдай жасау мақсатында  уақытша жеңілдікпен қарыз құралдарын  беру, салықтық жеңілдіктер беру  және Қазақстанда өндірілмейтін импорттық машиналар мен құрал-жабдықтарды әкелуде ҚҚС босату.  

        Сонымен қорытындылай келе, статистикалық  мәліметтер көрсеткендей, елдегі  жалпы инновациялық көрсеткіштердің  төмен болуы ол инновацияға  байланысты қабылданған бағдарламалар  мен стратегиялардың өздеңгейінде жүзеге асырылып жатпағанын аңғартады. Сондықтан инновациялық потенциалды көтеру үшін алдымен баңдарлама мақсаттарын дұрыс анықтау, кадрлар құрамын жетілдіру және кәсіпорындағы инновацияны басқару механизмдерін жетілдіруді қолға алу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. А.Қ.Мейірбеков., Қ.Ә.Әлімбетов., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы, «Экономика», 2003.
  2. К.Ж.Оразалин., «Кәсіпорын экономикасы»,Алматы, 2007
  3. Э.С.Алимкулова, «Нарық жағдайында агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамыту», 09.07.2010 ж
  4. Е. Әмірбекұлы, « Қазақстан Республикасындағы ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі», Алматы, 2010
  5. Г.Э.Жунисбекова, Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйені дамытудың ұйымдастырушылық-экономикалық аспектілері, Алматы, 2010

 

  1. М.А.Кулбаева,  «Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері», Түркістан, 2009
  2. «Егемен Қазақстан» газеті,  « Жаңашыл жұмыс жетістіктерге жетелейді», Бақтияр ТАЙЖАН, 18 Қыркүйек, 2010
  3. «Егемен Қазақстан» газеті,  «Трансформатор заутының жаңа көкжиегі»,  Е.ІЛИЯСОВ, 9 Сәуір, 2010
  4. http://www.stat.gov.kz  мәліметтері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық саясаты