Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 12:03, дипломная работа
XXI ғасыр жүзжылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Осыған байланысты әлемдік жаһандану үрдісінде Қазақстан өз орнын табу үшін барлық қырынан дамыта білу керек. Соның маңызды бағыттарының бірі инновациялық өнімдерді өндіретін және әлемдік бәсекеге қабілетті ұлттық кәсіпорындарды дамыту болып табылады.
Кіріспе……………………………………………………………………………4
І. Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
1.1.Инновация түсінігі және оның түрлері…………………………...………6
1.2. Инновацияны басқару теориясы мен тұжырымдамалары………………...8
1.3. Кәсіпорынның инновациялық қызметін бақылау……………………….11
ІІ. Кәсіпорынның инновациялық қызметін талдау
2.1. «Кентау трансформатор зауытының» әлеуметтік ұйымдастырушылық жағдайы…………………………………………………………………………..14
2.2. «Кентау трансформатор зауытының» өндірістік қуаттылығы және инновациялық өнімдері………………………………………………………….16
ІІІ. Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру
3.2. Қазақстанның инновациялық нарығының көрсеткіштерін бағалау..........23
3.1. Кәсіпорында инновацияны тиімді басқаруға жету жолдары…………….28
Қорытынды………………………………………………………………...…….29
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады.
Жаңалықты пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орын алады:
4) Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді.
5) Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі, мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады.
6) Жаңалықтың қолданылу аясын қысқарту кезеңі, мұнда жаңалық жаңа өніммен алмастырылады.
Инновациялық қызметті сәтті
басқару үшін инновацияны жете
зерттеу қажет. Жаңа инновация
технологиялық параметрлері
Инновациялық үдеріс деп идеяның өріс және қолданбалы зерттеулер тәжірибе конструкторлық және қолданбалы зерттеулер, тәжірибе- конструкторлық және технологиялық өңдеулер, маркетинг, өндіру және сату кезеңдерінен өте келе біртіндеп коммерциялық өнімге айналу үдерісін айтамыз. Басқаша айтқанда, инновациялық үдеріс инновациясын құру, игеру және таратумен байланысты.
Қазіргі кезде инновациялық үрдістің үш түрі бөлініп көрсетілуде:
Инновациялық үдерістің үш
Қарапайым ұйымішілік
Инновациялық үдерісті
1.2 Инновацияны басқару теориясы мен тұжырымдамалары
Инновациялық қызметті экономикалық басқару шаруашылық және коммерциялық жағдайды алдын ала көре білу, «шығындар-нәтиже» арақатынасын оңтайландыру бағытындағы іс-шараларды жүргізе білу және осы арқылы қойылған мақсаттарға жету болып табылады.Алдымен тақырып маңызын ашпастан бұрын, инновация терминіне тоқталып өтейік.
Инновация - жаңа немесе жетілдірілген өнімге айналған, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс нарығына ендірілген, тәжірибе жүзінде пайдаланылатын немесе әлеуметтік қызметтерге қатысты пайдаланылатын инновациялық қызметтердің соңғы нәтижесі.
Инновация нарықта немесе өндірістік үдерісте ендірілген жағдайда ғана іске асырылған деп есептелінеді. Берілген сипаттамаларға сәйкес ғылыми-техникалық инновациялар мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:
Қазіргі уақытта инновациялық қызметті дамыту, ел экономикасын инновациялық бағытта өркендету, әсіресе нақты сектор өндірістерінің аясында инновациялық жетістіктерді енгізудің маңызы зор. Осы жетістіктерге жету үшін инновацияны дұрыс басқара білу керек.
“Инновациялық
басқару” экономикалық тұрғыда басқару
және бақылауды білдіреді, дегенмен
мақсат қою мен оны жүзеге асыру
бағытындағы іс-шараларды
Кәсіпорындағы инновацияларды басқаруда кәсіпорын басшылары бірқатар басқару әдістері мен жолдары бойынша шаралар атқарады. Сол инновацияны басқаруда ең көп қолданылатын шаалардың бірі контроллинг тұжырымдамасы болып табылады.
Контроллингтің мақсаты
Контроллингтің міндеттеріне табыстылықты, өтімділікті қамтамасыз ету, тәуекелді төмендетуді жоспарлау және бақылау жатады. Мұнда контроллингтің негізгі мақсаты ретінде қызметті басқару, төтеп беру және күшейту бағытындағы іс-шараларды дер кезінде жүргізуге мүмкіндік беретін ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ету.
Біздің пікірімізше,
контроллинг – кәсіпорын
Отандық және шетелдік экономист-ғалымдарының контроллинг аясындағы пікірлері мен ғылыми ұстанымдары көбінесе басқару қызметіне, үйлестіруге және ақпаратқа негізделген. Сол себепті контроллинг жеке ғылыми зерттеуді қажет етеді. Біздің пікірімізше, инновацияға негізделген контроллинг- инновациялық жобалар бағытындағы шешімдерді қабылдау үшін басқарушылық қызметті бағыттау, инновациялық жобалардың ұзақмерзімді өміршеңдігін және үйлесімділігін қамтамасыз етуге ақпараттық-инструменталды қолдау көрсету.
Инновацияларға
шаруашылық механизмнің әсері ерекше
басқару стратегиясы мен
Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллинг келесі кезеңдерден тұрады:
Кәсіпорын қызметіне объективті және негізделген баға беру үшін контроллинг қызметінде екі көрсеткіштер топтамасын, яғни басқару тиімділігі мен табыс пайдаланылады, бұл кәсіпорынды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
1-сурет - Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтің рөлі
Инновациялық
контроллингті стратегиялық
Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі стратегиялық контроллингтің қалыптасу үлгісі 3-суретте келтірілген.
Инновациялар экономиканың кез келген секторы сияқты күрделі қаражат салымдарын талап етеді. Қосымша пайда табу, ұйым қызметінің тиімділігін арттыру және әлеуметтік-экономикалық тиімділікке жету үшін қаржылық салымдар салу қажет.
3-сурет - Кәсіпорынның
инновациялық қызметіндегі
Стратегиялық
контроллинг оперативті,
1.3. Кәсіпорынның инновациялық қызметін бақылау
Кәсіпорынның инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Өнімнің жаңа түрін игеріп (тауарларды,
қызмет көрсетулерді) және жаңа
технологияларды қолдануын
Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің бақылауында зерттеу нысанасы ретінде инновацияның келесі түрлері қолданылады: өнімдік, процесстік және басқарушылық. Кәсіпорын жұмысының тиімділігіне және сапасының жоғарылауына басқарушылық инновациялары маңызды роль алады, атап айтқанда ақпараттық алмасудың кеңеюі, жаңа білім мен технологияны қолдану және оқыту қабілетінің жақсаруы. Басқарушылық инновациялары - олар құрылған жүйеге – көптеген қатысушылары және өзара қарым қатынастары бар күрделі әлеуметтік жүйеге қатысты көпшілік деңгейде ерекше. Сонымен қатар технологиялыққа қарағанда менеджменттегі инновация күрделірек, өзінің енгізуіне дейінгі негіздемеге және одан кейінгі бағалауға жол береді.
Кәсіпорындардың инновациялық қызметін зерттеуде инновациялық саладағы (атап айтқанда, зерттеу жобаларын әзірлеу бойынша) кәсіпорындардың бірлескен ынтымақтастығын зерттеуге, нәтижесінде инновациялардың сапалы деңгейін арттыруға және бәсекеге қабілеттілік нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған екпін күшейтілген. Бұл білімді тарату және пайдалану процесінде өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін анықтау қажеттілігімен, инновацияларды әзірлеу және іске асыру процесінде ұйымдардың арасындағы білім ағындарының өзара алмасуының маңызды рөліне негізделеді.
Кәсіпорынның
инновациялық қызметі ақпарат,
білім, технология, тәжірибе, адамдық
және қаржылық ресурстар
Инновациялық өнім үш жыл бойы түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнімді көрсетеді. Бақылауда жаңа өнім жаңалығының бірнеше деңгейін бағалау келтірілген: өнім, әлемге қатысы бойынша жаңа, елге қатысы бойынша жаңа, өңірге қатысы бойынша жаңа; жаңғыртылған. Бұл қатарда бірінші үш деңгей маңызды болып табылады, яғни жаңадан енгізілген немесе соңғы үш жылда айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшыраған және соңғы үш жылдың ішінде жетілдіруге тартылған өнімдерге жататын, қағидатты жаңа өнім. Өнім тек қана кәсіпорын үшін ғана емес сонымен қатар нарық үшін де жаңа бола алады, оған қоса кәсіпорын үшін жаңа өнім нарық үшін де жаңа өнім болу міндетті емес. Бұл көрсеткіштер - басқа елдер қатары және Еуропалық Одақ елдерінің инновациялық қызметтерін салыстырмалы бағалау мақсатында Еуростатпен қолданылған маңызды сиппатамалары. Инновациялық өнiмнiң жаңалығының қаралатын деңгейлерiнен ең төмені жүзеге асатын процесстік инновацияның нәтижелері болып табылатын, жаңғыртылған өнімге жатады. Бұл параметрлері айтарлықтай дәрежеде жақсартылған немесе түрленген кәсіпорында шығарылып қойылған өнім болып табылады.