Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 12:03, дипломная работа

Описание работы

XXI ғасыр жүзжылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Осыған байланысты әлемдік жаһандану үрдісінде Қазақстан өз орнын табу үшін барлық қырынан дамыта білу керек. Соның маңызды бағыттарының бірі инновациялық өнімдерді өндіретін және әлемдік бәсекеге қабілетті ұлттық кәсіпорындарды дамыту болып табылады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………4

І. Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
1.1.Инновация түсінігі және оның түрлері…………………………...………6
1.2. Инновацияны басқару теориясы мен тұжырымдамалары………………...8
1.3. Кәсіпорынның инновациялық қызметін бақылау……………………….11


ІІ. Кәсіпорынның инновациялық қызметін талдау
2.1. «Кентау трансформатор зауытының» әлеуметтік ұйымдастырушылық жағдайы…………………………………………………………………………..14
2.2. «Кентау трансформатор зауытының» өндірістік қуаттылығы және инновациялық өнімдері………………………………………………………….16


ІІІ. Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру
3.2. Қазақстанның инновациялық нарығының көрсеткіштерін бағалау..........23
3.1. Кәсіпорында инновацияны тиімді басқаруға жету жолдары…………….28

Қорытынды………………………………………………………………...…….29
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты.doc

— 998.00 Кб (Скачать)

 «Кентау  трансформатор зауыты» АҚ ТМД  электротехникалық нарығында көшбасшы  зауыттардың бірі болып табылады. Зауыт номенклатурасына 300-ге жуық  өнім түрі кіреді. Зауыт трансформатор құрылғыларымен мұнай–газ саласындағы кәсіпорындарды, құрылыс саласын, коммуналдық мекемелерді және теміржол мекемелерін жабдықтайды.

Зауыт 2008 жылдың аяғынан бастап үлкен кернеулік (35 кВА) қуаттылығы жоғары (1000-нан 25000 кВА - дейін) трансформатор шығара бастады. Бұл инновациялық жобаны іске асыруда цех шетел құрылғыларымен жабдықталған. Жобаны іске асыруда лизингтік құрал қолданылды.

Зауыттың 2008 жылы өндірілген өнім көлемі 5,3 млрд. теңгені  құраса, ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 6,8 млрд. теңгені құрады және табыс көлемі 20% өсті. Зауыттың 2009–2011 жылдары арасындағы экономикалық көрсеткіштерін 7-кестеден көруге болады.

Техникалық  қайта жарақтандыру негізінде 2010 жылы өнім көлемі 30% артып отыр,  сонымен қатар зауыт айналым қаражатына зәру болып отыр. Өйткені ғылыми сыйымдылықты және экспортқа арналған өнімдер үлкен шығын қажет етеді. Кәсіпорынның инновациялық өнімдерінің үлесі 2011 жылы 52%-ға жетіп отыр.

Кесте 7 - «Кентау  трансформатор зауыты» АҚ-ның  экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіш аты

өлшем бірлігі

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

1.Өндірілген өнім көлемі

млн тг

7645

8347

9276

Соның ішінде:

       

- қайтадан енгізілген немесе елеулі технологиялық өзгерістерге түскен өнімдер

%

-

19

51

-  жетілдіруге ұшыраған өнімдер

 

%

4

-

-

2.Өткізілген өнімнің өзіндік құны

млн.тг

4548,2

5435,9

2754,9

3. Жалпы пайда

млн.тг

834,3

1462,7

809,0

4.Натуралды сан бойынша

т.кВа

1 874,6

2 027,6

915,44

5.Қызметкерлер саны

адам

968

1 041

881

6.Орташа айлық жалақы

теңге

62 648

67 906

59 288

7.Негізгі қорлар құны

мың.тг.

925 264

1 938 386

1 961 447

8.Қуаттылықты іске қосу

%

95

95

71

9.Экспорт

млн.тг.

765

2 085

404

10.Демеушілік көмек

мың.тг.

1 605

13 485

2 420

11.Негізгі қорлардың тозу коэффициенті

%

36,4

36,7

32,0

12.Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті

%

36,3

36,6

58,0

13.Инвестициялар

млн.тг.

210

918,3

64, 323

14 Электроэнергияға қажеттілік

мың.квтч.

9 885 730

10 496 880

4 509 600

15.Өндіріс рентабельділігі

%

15,5

21,2

22,7

Ескерту – «Кентау  тарнсформатор зауыты» АҚ-ның 2007ж., 2008ж. жылдық есебі негізінде жасалған


Сонымен көріп  отырғанымыздай инновацияны дамыту арқылы кәсіпорынның жағдайын жақсартуға болады. Бұдан қорытынды Қазақстанда кәсіпорындарда инновацияны басқаруды дұрыс ұйымдастыру керек. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ басшылығы өнім сапасын арттыруға өндіріске жаңа технологияларды енгізумен тікелей байланысты екендігін нақты дәлелдеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық  белсенділігін арттыру

3.1. Қазақстанның инновациялық нарығының көрсеткіштерін бағалау

 

Қазақстан Республикасының  индустриалды-инновациялық стратегиясының негізгі бағыты  жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды және экспортқа бағытталған  өнім мен өндірістердің дамуы  болып табылады.

Соңғы он жылда  Қазақстанда, басқа да ТМД елдеріндегідей технологиялық деградация тенденциясы орын алды. Өндірістің техникалық деңгейі төмендеді, жаңа технологиялар әлсіз меңгерілді, прогрессивті өнім өндірісі төмендеді, ғылыми-техникалық потенциал қысқарды.

Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің  қазіргі жағдайы абсолютті сандық қысқаруы мен оның барлық құрамдастары бойынша сапасының нашарлауы тенденциясына ие болып отыр. Республикадағы инновациялық іс-әрекеттер ғылымның ары қарай дамуы оның заңдылық және нормативтік базаларын жетілдіруге байланысты.

Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму үрдісі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлік және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түрде ұйымдастыру үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет.

Қазақстанның  ұлттық инновациялық инфрақұрылымының бүгінгі жағдайына жүргізілген  сараптаулар нәтижелері жыл өткен  сайын Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетінің дағдарыс әсерінен төмендегенін, тек соңғы 2-3 жылда қайтадан ұлғайып келе жатқанын көрсетуде

Кесте 3- Қазақстандағы  ғылыми-техникалық әлеует деңгейі .

 

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Зерттеулер  мен әзірлемелерге жұмсалған  ішкі шығындар қолданыстағы бағада, млн. теңге

11643,5

14579,8

21 527,40

24 799,90

26 835,50

34 761,6

38 988,7

33 466,8

Зерттеулер  мен әзірлемелерді орындаған  ұйымдар саны

273

295

390

437

438

421

414

424

Зерттеулермен және әзірлемелермен айналысатын персонал саны (жыл соңына), адам

16578

16715

18 912

19 563

17 774

16 304

15 793

17021

   соның  ішінде:

               

   зерттеушілер

9899

10382

11 910

12 404

11 524

10 780

10 095

10 870

      одан:

               

      ғылым докторлары

979

1013

1 106

1 157

1 166

1 191

   1 340

1341

      ғылым кандидаттары

2782

2740

3 018

3 147

3 058

2 861

   2 756

3012

Зерттеулер  және әзірлемелермен айналысатын ұйымдардың негізгі  қаражаттары, млн. теңге

9037,3

12396,6

14 584,20

19 247,70

18 782

19 176,7

22 003,3

22 810,9

Экономикалық  қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылғандардың орташа айлық атаулы жалақысы, теңге

               

   Зерттеулер  мен әзірлемелер

29348

34946

41 512

51 400

64 108

81 810

90 325

 

   Жоғары  білім

21525

25534

30 312

36 007

45 557

50 877

60 720

 

 

       Инновациялық инфрақұрылым қызметінің  тиімділігі елдегі ғылыми ортаның нақты жағдайымен тікелей байланысты екендігін ескере отырып, оған арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді (3-кесте). Зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар көлемі  соңғы бір жыл көлемінде төмендеп отыр. Ол ЖІӨ қарқынды жоғарылауымен емес, ғылымға жұмсалатын шығындардың баяу өсуімен байланысты. Ал зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдар саны соңғы жылдары алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмендеген. Сонымен қатар зерттеулермен және әзірлемелермен айналысатын персонал саны және зерттеушілер саны дағдарыс басталған жылдардан кейін төмендей бастаған.

 

 

 

4 кесте - Инновациялық өнімдерінің ЖІӨ-дегі үлесі, %

 

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Инновациялық  өнімдерінің ЖІӨ-дегі үлесі, %

1,27

1,58

1,53

1,19

0,69

0,51

0,66


 

Қазақстандағы инновациялық өнімдерінің ЖІӨ-дегі үлесіне жүргізілген талдау елдің инновация саласындағы өнімдердің ЖІӨ–дегі үлесі біршама кемігенін көрсетті (4-кесте). Яғни кәсіпорындардың инновациялық өнім өндіруі қазіргі кезде өте төмен деңгейде екенін дәлелдейді.

 

5 кесте –  Отандық кәсіпорындардың инновациялық  қызметтерінің негізгі көрсеткіштері

 

 

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Респонденттер саны, барлығы

7212

8 022

10 392

10 591

10 889

11 172

10 096

10937

   одан:

               

   инновациясы  бар

148

184

352

505

526

447

399

467

   инновация  саласындағы    белсенділік  деңгейі, %

2,1

2,3

3,4

4,8

4,8

4,0

4,0

4,3

   инновациясы  жоқ

7 064

7 838

10 040

10 086

10 363

10 725

9 697

10470

   инновация  саласындағы  енжарлық деңгейі, %

97,9

97,7

96,6

95,2

95.2

96,0

96,0

95,7

Ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық бөлімшелердің  саны

363

463

677

724

763

745

688

723

   ондағы:

               

   қызметкерлердің  тізімдік  саны, адам

6 721

6 332

9 542

11 472

9 375

10 781

11191


 

       Бұл кесте бойынша жалпы респонденттер  санының 2008 жылдан кейін кемігенін,  инновация саласындағы    белсенділік  деңгейінің осы жылдан кейінгі  көрсеткіштері біршама төмендегенін  көрсетеді. Инновация саласындағы  қызметкерлердің саны тек көзге  көрінбейтін мөлшерде көбейгенімен, инновациялық белсенділік деңгейінің өсуі байқалмайды. Қорытындысында кадрлар құрамының біліктілік сапасының көңілге қонымсыз екенін көрсетеді.

Қазақстан өңірлерінің  инновациялық белсенділігі де әр алуан  болып отыр, өйткені ол қолда бар ғылыми-техникалық, қаржылық, еңбек ресурстарға және оларды пайдалау мүмкіндіктеріне байланысты. Сондықтан, өңірлердің инновациялық белсенділігі олардың инновациялық әлеуетіне байланысты қалыптасуда және де әртүрлі деңгейді көрсетіп отыр.

Төмендегі 3-суреттің мәліметтеріне сүйене отырып, еліміздегі өңірлерді инновациялық белсенділіктері бойынша үш топқа бөліп қарауға болады:

- төменгі деңгей, бұл топқа Алматы, Ақмола, Маңғыстау,  Қостанай, Оңтүстік және Солтүстік  Қазақстан облыстары және Астана  қаласы жатады;

- орта деңгей, бұл топқа Атырау, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан  облыстары кіреді;

- жоғары деңгей, бұл топқа Қарағанды, Жамбыл, Батыс  Қазақстан облыстары мен Алматы  қаласы енеді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет –  Қазақстан Республикасының облыстары бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі, %

Ескертпе –  ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері  негізінде дайындалған.

Қазақстанның  жаһандық инновациялық-технологиялық  саладағы бүгінгі деңгейін сипаттайтын  көрсеткіштер еліміздің әлемдік деңгейден көп төмен екенімізді көрсетіп отыр (6-кесте).

 

6-кесте - Қазақстанның  және әлем елдерінің инновациялық-технологиялық  саладағы салыстырмалы деңгейі, 2010 жыл

Көрсеткіштер

Қазақстан

Әлем елдері

ЖІӨ ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар, %

0,35

Швеция – 3,86; АҚШ – 2,67; Жапония – 3,2; Германия – 2,51; Ресей – 1,3

Кәсіпорындардың инновация саласындағы белсенділік  деңгейі, %

6,0

Германия – 82,5; Швеция – 75,3; Австралия – 60,8; Ресей  – 10,0

Өнеркәсіптік  өнім көлеміндегі инновациялық өнімнің үлес салмағы, %

1,9

Германия – 29; Австралия – 31; Ресей – 3,7

Ел экспортындағы  жоғары технологиялық өнімнің үлес салмағы, %

2,5

Жапония – 54; АҚШ  – 32; Ресей - 9

1 тұрғынға келетін  ҒЗТКЖ шығындары, АҚШ долл.

17

АҚШ – 892; Швеция – 875; Германия – 580; Норвегия – 479; Ресей - 420

ҒЗТКЖ-мен қамтылған  халық саны, 1 млн. адамға

721

Жапония – 5287; АҚШ  – 4484; Германия – 3261; Ресей - 3319

1 млн. халыққа  тіркелген патенттер саны

201

Жапония – 2875; АҚШ  – 701; Германия – 586; Ресей - 165

ҒЗТКЖ-ға жұмсалған  қаражаттардағы шетелдік инвестициялардың үлесі

2,6

АҚШ – 18; Ұлыбритания  – 14


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Кәсіпорында инновацияны тиімді басқаруға жету жолдары

 

Стратегиялық тұрғыдан инновациялар кәсіпорындардың дамуын, техникалық жарақтануын және экономикалық өсуін анықтайтын негізгі буын болып табылады. Елімізде болған соңғы жылдардағы өзгерістерге байланысты кәсіпорындар үшін де біршама қолайлы инновациялық жағдай қалыптасты.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 29.01.2010 ж. «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында инновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына жеткізетіні баса айтылған. Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін жетілдіруге кедергі болатын бірқатар, әлі де болса шешуін таппаған, мәселелер бар:

  • Кәсіпорындарында инновациялық беленділіктің төмендігі;
  • өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жете дамымағандығы;
  • кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық жағынан артта қалғандығы;
  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын инвестициялық шығындардың төмен деңгейі және т.с.с.

Өкінішке орай, жалпы  ішкі өнімде (ЖІӨ) инновациялардың деңгейі төмен болып қалып отыр – небәрі 0,66%. Еліміздегі инновациялар деңгейін екі есеге дейін арттыру қажет.

Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін:

  • білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту;
  • инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін жоғарылату керек.
  • кәсіпорындағы инновациялық контролллингті дамытуды қолға алу
  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарға қаржыны көптеп бөлу
  • кәсіпорындарың ұйымдық құрылымын өзгерту, яғни жеке басқару қызметін немесе бөлімін енгізу;
  • кәсіпорын мамандарын оқыту және кәсіби қайта даярлау;
  • инновациялық қызметтегі басқару жүйесіне қатысты нормативті-құқықтық базаны енгізу; реттеу құжаттарын әзірлеу;
  • кәсіпорындардың инновациялық қызметіндегі басқаруды кадрлық, ақпараттық қамтамасыз ету
  • басқарушылық жүйеде ақпараттық технологияларды енгізу.

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық саясаты