Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны жүргізудің ұтымды жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 07:59, автореферат

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Нарықтық дамудың күрделілігі мен алуан түрлілігі, шаруашылық үрдістердің қарқындылығы және серпінділігі кәсіпорындардан жүктелген қызметтері деңгейінде мүмкіндіктерді барынша пайдаланылуын талап етеді.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауындағы «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың даму стратегияларын белсенді етуге тиіспіз»-деп атауының мәні үлкен.

Работа содержит 1 файл

Koptaeva.doc

— 364.00 Кб (Скачать)

 

Өсіңкілік қатарлар түрiнде  берiлген көрсеткiштердiң өзгерiсiнiң  зандылығын сипаттайтын регрессиялық үлгілер анықталған соң олардың  сенiмдiлiгi тексерiледi. Берiлген жағдайда үлгілердiң сенiмдiлiгi регрессиялық коэффициент арқылы тексерiледi. Фишер өлшемi бойынша алдын ала есептелген 95% сенiмдiлiк деңгейi нәтижесінде детерминация коэффициенті бағаланады.

Осы саладағы атқарылып  жатқан іс шаралар, нақтырақ айтқанда кластер құру шаралары негiзгi көрсеткiштердi реттеумен байланысты. Тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметін жақсартуда дұрыс экономикалық стратегияны жасау үшiн осы саланың негiзi болатын айнымалылардың бiр бiрiне қалай әсер ететiнiн бiлдiк. Яғни, қазіргі экономикалық дамудағы тоқыма және тігін өнеркәсібіне тiкелей әсер ететiн факторлар арасындағы байланыс зерттелдi.

Зерттеу нәтижелерін  сараптау келесідей қорытынды жасауға  мүмкіндік береді: экстраполяциялық талдау жақсы зерттелген салалар  үшін салыстырмалы түрде қысқа уақыт  аралығына нақты  нәтиже бере алады. Күрделі құбылыстардың техникалық өлшемдері мен функционалдық мүмкіндіктер әдісі ұзақ мерзімді жобаларды болжамдауда  жеткіліксіз және де оны қолдану  дамудың нақты  барысынан  үлкен ауытқуларға әкеледі.  Басқа сөзбен айтатын болсақ бұл әдіс ізденушілік зерттеу әдістерінен  ерекшелігі  нақты жетілдірулерден кейін нақтылық дәрежесі  азаяды.

Кәсіпорын қызметінің экономикалық стратегиясының мақсаттары және мәселелері жеке,  кешенді  болжамдардың өзара бағыныштылығы  мен өзара байланыстылық сызбасын ұсынуды қажетсініп отыр. Кәсіпорын қызметінің экономикалық стратегиясын жақсартудың мақсаты болып ұдайы өндірістік үрдістің дамуының объективті тенденцияларын анықтау, сондай-ақ таңдалған даму тенденцияларына сәйкес мөлшерлі баламалардағы өндіріс үрдістерінің өзара байланысы, ғылыми-техникалық прогресстің ескерілуі мен ресурстық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық т.б. да шектеулердің үлестірілуі мен тұтынылуын белгілеу болып табылады.

Экономикалық стратегия  кәсіпорын ресурстарын анықтау  және алдағы уақытта олардың дамуын бағалау, тәуекелдіктер мен олардың мүмкін болатын өзгерістерін бағалау негізінде қалыптастырылады. Бұл негізде, кәсіпорын стратегияны іске асыруды, ұйымдастыру құрылымын, персоналды басқаруды және жалпы менеджментті жетілдіруде қалаған нәтижелерге жетеді.

Сонымен, кәсіпорын қызметін жандандырудағы экономикалық стратегияны жақсарту мен осы салада кластер құрудағы қарастырылған іс-шараларды орындау Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша тоқыма және тігін өнеркәсібінің маңыздылығы мен табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Жүргізілген диссертациялық іздену жұмыстарының нәтижелері келесі тұжырымдарды жасауға мүмкіндік береді:

1.  Кәсіпорын қызметіндегі экономикалық стратегияның ерекшеліктері мен сипаттары анықталды. Экономикалық стратегия кәсіпорынның нарықтағы ұстанымының түрлеріне, бәсекелестерімен күресу әдістеріне, кәсіпорынның өмірлік кезеңінің сатыларына және сыртқы ортадағы белсенділік дәрежесіне және т.б. ерекшеліктерге қарай қалыптастырылып және жүргізіліп отыратындығы айқындалды.

2. Кәсіпорынның экономикалық стратегиясын қалыптастыру мен реттеудегі дамыған елдердің тәжірибелеріне ғылыми шолу жасалынып, стратегиялық жоспарлаудың тарихи үлгілері: Брюс Хендерсонның ВСG үлгісі, General Electric корпорациясымен McKinsey Co кәсіпорыны ұсынған GE/McKinsey үлгісі, Артур Д.Литтл ұсынған АДL/LG үлгісі және Ұлыбритания мен Голландияның біріккен Schell химиялық ұйымының ұсынған Schell/ДРМ үлгілері жан-жақты сипатталды. Осы үлгілер негізінде, Қазақстандық кәсіпорындардың басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны қалыптастыратын өзіне тән ерекшеліктері сипатталды және жүргізу бағытары анықталды.

3. Кәсіпорындардың даму стратегиясын кең көлемді талдау нәтижесінде экономикалық стратегияны жүргізуге әсерін тигізетін факторлар анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Стратегияны жүргізу кәсіпорынның ресурстарына келетін қауіптіліктерге сыртқы  ішкі жағдайларға және т.б. факторларға байланысты. Факторларға талдау жасау экономикалық стратегияны жүргізуге қажетті қаржылық , интеллектуалдық , еңбек және т.б. ресурстармен қамтамасыз етуді бағалауға мүмкіндіктер береді.

4. Оңтүстік Қазақстан облысы деңгейінде кәсіпорындардың экономикалық стратегияларын іске асыру үрдісіндегі құрылымдық өзгерістер зерттеліп, осы өзгерістер негізінде жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндіктері анықталды. Кәсіпорындардағы құрылымдық ілгерілеулер, ең алдымен, стратегияны жүргізу мен қаржыға байланысты. Облыс деңгейінде құрылымдық өзгерістердің тиімдісі мақта-тоқыма кластерін дамыту болып отыр. Мақта-тоқыма кластерін дамыту стратегиясына сәйкес тоқыма өндірісі облыстағы мақтаның ішкі нарығының тұрақтылығының негізі екенін зерттеу жұмысындағы есептеулер дәлелдеп отыр. Есептеулер негізінде, мақта талшығының шамамен 70 % -ы облыста өңделіп, 18 мың көлемінде қосымша жұмыс орындары ашылатындығы анықталды. Сонымен қатар, тоқыма саласындағы кәсіпорындардың өндірістік мүмкіншіліктерін толық пайдалану арқылы жұмыс орындарын ашудың бағдарламалары дайындалып, оның жобасы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылды.

5. Кәсіпорынның экономикалық стратегияларын ұтымды жүргізу бағыттары анықталып, тиімдісіне таңдау жасалды. «Альянс Казахско-Русский» ЖШС-нің экономикалық стратегиясын жүргізудің ұтымды бағыттары ретінде табыстары мен түсімдері, шығыстары мен қаржылық аударымдары және несиелік қарым-қатынастары бойынша ұсыныстар берілді. Ұсынылып отырған: аяқталмаған өндіріске кеткен шығындарды қысқарту, өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды төмендету, бөлінбейтін пайданы қалыптастыру, кәсіпорын қызметкерлері үшін акциялар мен басқа да құнды қағаздар шығару, өндіріс кезеңін қысқарту үшін ноу-хау сатып алу, компьютерлік технологиялар сатып алу және шетелдік банктің ұзақ мерзімді несиесін алу немесе мүдделі инвесторды тарту іс-шаралары кәсіпорын балансының бөлімдеріне оң әсерін тигізеді.

6. Кәсіпорын стратегиясының негізгі бөлімі ретінде инвестициялық стратегиясын жақсартудың экономикалық тетіктері ғылыми тұрғыдан негізделді, тікелей инвестицияларды көп орталық тәсілімен жоспарлаудың және жүзеге асырудың үлгісі дайындалды. Ұсынылған үлгі негізінде тікелей инвестициялар, ары кеткенде, капиталды тартумен шығыстардың толық өтелуін қамтамасыз етуі тиіс. Және үлгідегі тоғыз бөліктен тұратын матрица іс-шаралардың біреуінен екіншісіне біртіндеп көшуін көрсетеді. Сонымен қатар, тікелей инвестицияларды басқарудың көп орталықты стратегиясы, бәсекелестік артықшылықтарды құрудағы мәселелерді шешуі тиіс.

    7. Көпфакторлық корреляциялық талдау үлгісін және тренд үлгілерін қолдану нәтижесінде кәсіпорын стратегиясының негізгі көрсеткіштері арасындағы өзара ықпал ету деңгейі мен болжамдық мәндері, яғни 2013 жылы: тоқыма және тігін өнеркәсібі өндірісінің көлемі - 25456 млн. тенге, саланың өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы - 17,4 %, тарақтап және кардты иірілген мақта талшықтары - 186710 тонна, жүннен дайындалған тоқыма талшықтар – 238 тонна, мақта – мата иірілген жіптер – 4977 тонна және трикотаж шұлық бұйымдары - 230,1 мың пар болатындығы анықталды.

8. Ұсынылып отырған кәсіпорын қызметін жандандырудағы экономикалық стратегияны жақсарту үлгісі тәжірибелік тұрғыдан мәнді екені негізделді. Осы бағытта кластер құрудағы қарастырылған іс-шараларды орындау бойынша ұсыныстар Оңтүстiк Қазақстан облысындағы тоқыма және тігін өнеркәсібінің маңыздылығы мен табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН

ЕҢБЕКТЕРДІҢ ТІЗІМІ

 

1. Нарықтық жағдайдағы  кәсіпорындардың жалпы стратегиясындағы  қаржылық стратегияның орны. // «ХХІ ғасырдағы ғылым мен техника, білікті мамандар даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. - Шымкент, 2006. -  180-184 б.

2. Региональные аспекты  финансовой стратегии предприятий  // «ХХІ ғасырдағы ғылым мен техника, білікті мамандар даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. - Шымкент, 2006. - 171-176 б.

3. Компанияның инвестициялық  стратегиясын өңдеудің негізгі  аспектілері мен бағыттары // «Актуальные проблемы политико-правовых и общественно-гуманитарных наук в условиях модернизации казахстанского общества» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.             - Шымкент, 2007. - 103-106 б.

4. Кәсіпорындарда қаржы стратегиясын қалыптастырудың теориялық аспектілері. // «Қазақстан Республикасы экономикасының қаржы тетігін дамытуды жетілдіру –бәсекелестікке қабілеттіліктің айғағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.-Шымкент, 2007.-123-125 б.

5. Опыт зарубежных  стран в сфере финансовых стратегий  и его адаптация к отечественной  финансовой системе.// «Қазақстан Республикасы экономикасының қаржы тетігін дамытуды жетілдіру – бәсекелестікке қабілеттіліктің айғағы» атты / халықаралық ғылыми-практикалық конференция. - Шымкент, 2007. - 118-123 б.

6. Қаржылық жоспарларды  басқарудағы қаржы стратегиясының ролі.             // «Аль Пари» журналы, - Алматы. - 2007. №1  101-103 б.

7. Кәсіпорынды басқару  жүйесіндегі қаржы стратегиясы. // «Тұран хабаршысы» журналы, -  Алматы. – 2007. №1 45-48 б.

8. Компанияның қаржылық  стратегиясын қалыптастыруда инновацияның  ролі. //  «Қаржы-қаражат» журналы, - Алматы. - 2007.  №3 38-41 б.

9. Қаржы стратегиясын  жүзеге асыру процесінде компанияның  қайта құрылымы.//  «Транзитная  экономика» журналы, - Алматы.  – 2007.             №5 147-158 б.

10. Компанияның инвестициялық  қызметінің стратегиялық мақсаттарын  қалыптастыру. // «Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.       -   Шымкент, 2007. - 241-245 б.

11. Шымкент қаласы Оңтүстік  Қазақстан облысында тоқыма кластерін  қалыптастырудың кейбір мәселелері. // «Қ.А. Ясауи  атындағы ХҚТУ-нің хабаршысы», - Түркістан. - 2007. - №3 319-325 б.

12. Компанияның экономикалық  стратегиясының тұжырымды негіздері.       // «КазЭУ хабаршысы», Алматы. - 2007. -182-187 б.

13. Компанияның экономикалық стратегиясының бәсекелестік артық-шылықтарын қалыптастырудағы инновациялық менеджменттің рөлі.             //  «Қазақстанның ғылыми әлемі» журналы, - Алматы. – 2008. №2 85-91 б.

14. Тоқыма кәсіпорынның  тиімді экономикалық стратегияларын моделдеу.    // «Ізденіс» журналы, -  Алматы. - 2008. №2 (1) 10-15 б.

15. Методика формирования экономической стратегии предприятия.             // «Ізденістер, нәтижелер» журналы, - Алматы. - 2008.  №4 291-295 б. (бірлескен авторлықпен).

16. Реструктуризация предприятий в процессе реализации их экономической стратегии. //  «Известия ВУЗ-ов» журналы, - Бишкек. – 2009. №1 221-227 б. (бірлескен авторлықпен).

17. Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны жақ-сартудағы экономикалық-математикалық әдістер. // «Аймақтық экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Шымкент. – 2009. 249-255 б. (бірлескен авторлықпен).

18. Кәсіпорынның экономикалық стратегиясын жүргізу: теориясы, әдісте-месі және жетілдіру жолдары. //  Монография – Шымкент, - 2009. – 112 бет. (бірлескен авторлықпен).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Резюме 

 

Коптаева Гульжамал  Пернеевна

 

Оптимальные пути проведения экономической стратегии  в системе управления предприятия (на примере текстильных предпрятий ЮКО)

 

на автореферат на соискание ученой степени кандидата экономических наук по специальности 08.00.05-«Экономика  и упрвление народным хозяйством

(по отраслям и сферам  деятельности).

 

Актуальность  темы исследования. На протяжении всего периода рыночных  преобразований в Казахстане  очевидными были преобладание макроэкономической направленности реформ,  недостаточность  внимания к основным рыночным структурам – предприятиям.

Таким образом, задачи реформирования  отечественных предприятий обусловливают актуальность исследования интегрированного понятия экономической стратегии предприятий, методики ее формирования, а также  определение теоретических основ, типологии и финансовых механизмов реструктуризации предприятий как  инструмента ее реализации.

Цель и задачи исследования. Целью диссертационной работы является исследование организационных сторон экономической стратегий в системе управления предприятия, подготовить методику определения оптимальных путей их проведения и на этой основе дать конкретные рекомендаций. 

В соответствии с поставленной целью определены следующие задачи:

- определить сущность  экономической стратегии в управлении  предприятия, обосновать  ее взаимосвязи  с общей стратегией компании, а также место среди базовых  и функциональных стратегий;

- выявить эффективные направления в формировании экономической стратегий в управлении предприятием и факторов виляющих на стратегию развития   предприятия; 

        - сформировать экономическую стратегию  в системе управления предприятием  и усовершенствование мероприятий по повышению конкурентоспособности;

        -   определить  методику проведения  экономической стратегии в системе  управления предприятием;

        - разработать рекомендации по  подготовке оптимальных путей   проведения экономической стратегии  в системе управления предприятием.

Предметом исследования  является  система экономических отношений по поводу формирования, реализации и оптимизации проведения экономической стратегии  предприятия.

Объектом исследования явилась деятельность предприятия, как субъекта рыночных отношений, функционирующего в сфере текстильной отрасли экономики.

Информация о работе Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны жүргізудің ұтымды жолдары