Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны жүргізудің ұтымды жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 07:59, автореферат

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Нарықтық дамудың күрделілігі мен алуан түрлілігі, шаруашылық үрдістердің қарқындылығы және серпінділігі кәсіпорындардан жүктелген қызметтері деңгейінде мүмкіндіктерді барынша пайдаланылуын талап етеді.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауындағы «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың даму стратегияларын белсенді етуге тиіспіз»-деп атауының мәні үлкен.

Работа содержит 1 файл

Koptaeva.doc

— 364.00 Кб (Скачать)

 

 


 


 



 

 

Инвестициялық

Өндірістік

Маркетингтік

 

Бәсекелестік

Инновациялық




 

 

Ескерту: зерттеу мәліметтері  негізінде автор құрастырған

 

Сурет 1 -  Кәсіпорынның жалпы стратегиясындағы экономикалық стратегияның ролі мен орны

 

Кәсіпорынның  экономикалық стратегиясының дұрыс жүргізілуі көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Зерттеу жұмысымызда экономикалық стратегияға ықпал етуші факторларды былай топтастырамыз: сыртқы және ішкі факторлар.

Сыртқы факторларға жатқызуға болатындар: нарықтағы жағдайлар,  инфляция және бағаларды реттеу саласындағы мемлекеттік саясат.

         Ішкі факторларға жататындар: шығарылатын өнімнің өзіндік құны, оның сапасы, бәсекелестік қабілеттілігі және бағалар саясаты.

Ықпал етуші факторларды  ескере отырып, кәсіпорынның экономикалық мәселелерін шешудің ең дұрыс жолы - ұйымдастыру құрылымдарын орталықсыздандыру мен жаңа дербес құрылымдарын құрудың қажетті екендігіне көз жеткізуге болады.

Ол үшін бәсекелестердің нарықтағы алар орынына мән берудің рөлі үлкен. Зерттеу барысында, бәсекелестіктің теориялық негіздерін зерттей отырып, кәсіпорын стратегиясының бәсекелестік артықшылығын қалыптастыру үрдісін бірнеше кезеңге бөлдік:

        -   саладағы (салалық нарықтағы) бәсекелестік ортаны талдау;

        -   бәсекелес кәсіпорындардың жағдайын бағалау;

        - кәсіпорынның өзінің (оның нақты  жағдайы мен мүмкіндіктерінің тұрғысынан) бәсекелестік қабілеттілігін талдау;

        - кәсіпорынның бәсекелестіктегі тұрақты орнының деңгейі туралы қорытындыларды дайындау;

        - кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтарына  жету бойынша іс-әрекеттердің (құралдардың,  іске асыру нысандарын) бағдарламаларын  дайындау;

        - мақсатты (бәсекелестік артықшылықтарға жетуді), құралдар мен әдістерді (іс-әрекеттер бағдарламаларын), және басқа да мүмкіндіктерді (ресурстық әлеуетті) анықтау.

 

Экономикалық стратегиялардың  экономикалық міндеті (бағдары, бағыты) нақты бағдарламаларда көрсетілген  көмекші экономикалық міндеттердің кешенімен қамтамасыз етіледі.

Әлемдік тәжірибеде экономикалық стратегияны жетілдірудің көптеген әдістері мен жолдары бар, бірақ  оларды Қазақстанның экономикалық дамуына толық қолдану мүмкін емес. Сондықтан, дүниежүзілік тәжірибеге сүйене отырып, іздену жұмысымызда экономикалық дамудың деңгейіне сәйкес келетін кәсіпорынның экономикалық стратегиясын реттеудің жолдарын қарастырдық.

Ең жетілген стратегия уақыттың өтуіне қарай өзгерістер мен түзетулерді талап етеді, сондықтан бұрын қабылданған және өзгермейтін түрде әрекет ететін стратегияны басшылыққа алып, жемісті жұмыс істейтін кәсіпорынды  кездестіру қиын. Нарықтың қиын жорамалданатын дамуы кәсіпорындарды өз стратегияларын түрлендіруге мәжбүрлейді. Сол үшін, оларды дайындау мен іске асыру үрдістері еш уақытта тоқтамайтын, ұласпалы сипатта болуы тиіс.

Әдістемелік тәсілмен сәйкес кәсіпорын стратегиясының теориясы болып танылған мәліметтерді зерттеп білу - кәсіпорынның экономикалық стратегиясының теориялық тұрғыдан негізделген үлгісін (сурет 2) ұсынуға мүмкіндік береді.

 


 

 

 



 

 


 

                                            КЭС құралдары:

           - қаржы саясаты;                                         -  ақпараттық қамтамасыз ету;

           -  диверсификация;                                      -  бағдарламалар мен жобалар;                                      

           -  жаһандандыру;                                         -  қаржылық қайта құрылым;

           -  заң тактикасы;                                          -  қаржылық қамтамасыз ету.




 

      

 

 

 

 

                                                          Іске асыру әдістері:

  • стратегиялық экономикалық жоспарлау;                - экономикалық талдау;
  • экономикалық үлгілеу;                                              - болжамдау.
  • қаржы нарықтарын сараптау;



 

 

 

 

 


                  КЭС өндірістік және экономикалық әсері:

                                    - сатып алу қабілеті;

                                    - пайдалылық;

                                    - жетістік (бәсекелестік ұтымдар, өнім өкізудің

                                    саласын кеңейту).




 

 

 

 

 

 

 

Ескерту: зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған

 

Сурет 2 -  Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының үлгісі

 

Бұл үлгінің артықшылығы, мұнда экономикалық стратегияны жүргізудегі құралдар, стратегияны іске асыру әдістері және экономикалық стратегияның өндіріс пен экономикалық дамуға әсері жан-жақты қамтылған.

Сонымен, экономикалық стратегия нарықтық экономиканың кез келген құрылымдары үшін өзінің өзектілігін жоғалтпайтынын айтуымыз керек.

Жоғарыда айтылғандарды  қорыта келе, Қазақстанның жағдайларында кәсіпорын стратегияларын қолданудың құндылығын, кемшіліктерін және мүмкіндіктерін бағалаудың шетелдік тәжірибесін және үлгілерін кешендік шолу, қазақстандық кәсіпорындардың экономикалық стратегияларын қалыптастыру мен реттеудің талдамалық негіздерін жасауға мүмкіндік беретіндігін атап өтуге болады.

«Оңтүстік Қазақстан облысы тоқыма кәсіпорындарының басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны жүргізудің қазіргі жағдайы» тарауында тоқыма кәсіпорындарында экономикалық стратегияны жүргізудің қазіргі жағдайына талдау жасалынып, оны дамытудағы негізгі бағыттарға сипаттама берілді.

Қазақстандағы тоқыма және тігін өнеркәсібінде  1990 жылдан 1998 жылға дейін өндіріс көлемдерінің төмендеуі байқалды. 2006-2008 жылдар аралығындағы кезеңде тоқыма және тігін өнеркәсіптерінің тауарларын шығаратын кәсіпорындардың қызметі жеделдетілгенін, оның елеулі өсуін, жыл сайынғы артуын, тоқыма және тігін өнімін өндіру бойынша бір қатар өнім түрлерінің өсу тенденциясын байқауға болады (кесте 1).

 

 Кесте 1 - Қазақстан бойынша тоқыма және тігін өнім өндірісінің көлемі

                                                                                                                    

Бұйымдардың аталуы

жылдар

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2002-2008 жж. салыстыру,%

  Кардо – және талданған мақта талшығы,

 тонна

137364

132638

140070

156270

16160

16000

16120

11,7

  Кардо – және талданған жүн иірілген жіп,

 ұсақ сауда үшін өлшеп оралмаған, тонна

289

367

269

350

380

378

379

131,1

  Талданған және талданбаған талшықтар-

 дан жасалған мақта-матадан иірілген жіп,

 ұсақ сауда үшін  өлшеп оралмаған, тонна

2452

3759

4219

8717

8920

8880

8885

4 есе

  Маталар, мың ш.м.

19163

25593

20302

35530

35560

35250

35350

184,5

  Арнайы маталардан басқа мақта-маталар,

 мың ш.м.

14204

19979

16401

30441

30600

30640

30500

2 есе

  Синтетикалық және кешенді түрдегі жа-

 санды жіптерден тоқылған маталар, мың

 ш.м.

2868

4917

1364

3754

3974

3990

3929

136,9

  Машинамен немесе қолда тоқылған

 трикотаж шұлықтар, мың жұп

3008

2535

2560

1935

2420

2320

2410

80,12

  Свитерлер, джемперлер, полуверлер,

 кардигандар, көкірекшелер мен соларға

 ұқсас машинамен немесе қолда тоқылған

 трикотаж бұйымдар, мың дана

56

70

158

162

164

163

165

3 есе

  Ескерту: ҚР статистикалық мәліметтері негізінде автор құрастырған


 

2008 жылдан бастап тоқыма және тігін өнеркәсіптерінің кәсіпорындарымен 32,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді. 2007 жылмен салыстырғанда нақты көлемнің индексі 135,7%-ды құрады. Мақта талшығы, мақта-маталық иірілген жіп, маталар, шляпалар мен бас киімдер, төсек-орын тысы және т.б. өндірістері кеңейді.

Республикадағы мақта-матаның  ең ірі өндірушісі «Тоқыма Кәсіпорыны»  ААҚ-ы болып табылады. Кәсіпорында өндірілген өнімнің жартысынан көбі Италия, Югославия, Ұлыбритания, Испания, Чехия, Польша, Грекия, Оңтүстік Корея, АҚШ және Канадаға экспортқа шығарылады. Тоқыма өндірісінде трикотаж түріндегі мақтадан жасалатын иірілген жіптің жалғыз өндірушісі және тоқыма-галантереялық, шұлық және қолғап өнеркәсібіндегі онан әрі өңдеу үшін шикізат ретінде оның өнімі пайдаланылатын «Ақ жіп» ААҚ атты Алматы мақта-мата фабрикасы болып табылады. Бүгін бұл кәсіпорынның шикізатын трикотаж кәсіпорындардың көпшілігі, оның ішінде «Гел» ЖШС-і (Қарағанды қ.), «Алматы кілем» АҚ-ы (Алматы қ.), Көкшетау галантерея фабрикасы, Қарғалы шұға комбинаты және т.б. пайдаланады.

Қазіргі уақытта республикада, оның ішінде негізгі мақта өндіруші аймақ ретінде Оңтүстік Қазақстан облысында мақтаның ішкі нарығындағы жағдайын жақсартудың негізі бола алатын мақта-тоқыма кластерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оны қалыптастырудың басты мақсаты шитті мақта экспорттаудан иірілген жіп және дайын тауарлар шығаруға көшу болып белгіленген.

 

Кесте 2 – Оңтүстік Қазақстан облысы тоқыма және тігін өнеркәсібі дамуы көрсеткіштерінің динамикасы

 

Жылдар

Тоқыма және тігін өнеркәсіп  өндірісінің көлемі (млн. тенге)

Саланың өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің  жалпы көлеміндегі үлес салмағы, %

Тарақтап және кардты иірілген мақта талшықтары,

тонна

Жүннен дайындалған тоқыма талшықтар, тонна

Мақта – мата иірілген жіптер, тонна

Трикотаж шұлық бұйымдары мың пар

1

2

3

4

5

6

7

2000

11888

13,8

95463

149

730

364,6

2001

13850

13,1

112741

268

936

796,8

2002

17091

16

137364

719

1166

773,1

2003

23454

18,9

132638

706

1986

264,3

2004

22886

15,9

140070

403

1902

101,5

2005

21690

15,4

156270

145

6433

150,1

2006

21320

15,3

158930

154

6524

151,2

2007

21400

15,5

159254

155

6611

151,9

2008

22344

15,6

159312

183

6687

152,5

2000-2008жж. салыстыру, %

187,9

113,0

166,9

122,8

9 есе

41,8

Ескерту: облыстық статистика бойынша Басқармасының мәліметтері негізінде автор құрастырған


 

Оңтүстiк Қазақстан  облысы бойынша тоқыма және тігін  өнеркәсібінің негiзгi көрсеткiштерiн қайта қалыпқа келтіру мақтаның ішкі нарығын едәуір кеңейтеді, аймақтағы мақта өндірісінің әлемдік нарықтың коъюнктурасынан тәуелділігін азайтады, қосымша жұмыс орындарын құрайды.

Облыстағы тоқыма және тігін  өнеркәсібі дамуында трикотаж өнімдерінен  басқа өнім түрлерінен оң өзгерістерді байқауға болады (кесте 2).

Кәсіпорынның басқару  жүйесіндегі экономикалық стратегияны  тиімді жүргізу үшін, кәсіпорынның экономикалық жағдайын түбегейлі талдау қажет. Ол, өз кезегінде экономикалық стратегияның тиімді жүргізу бағыттарын анықтауға, мақсаттары мен міндеттерін белгілеуге мүмкіндіктер береді. 

Басқару жүйесіндегі  экономикалық стратегияның жағдайын талдау «Альянс Казахско-Русский текстиль» ЖШС-і негізінде жүргізілді.

Талдау жүргізілген  кезеңдерде кәсіпорын айналымындағы тартылған қаржылардың жоғары үлесімен түсіндірілетін өндірістің жалпы өтімділігінің едәуір төмендеуі көрінеді.

Мерзімді өтімділік  те, сол себепті, 4,62 ден 0,10 - ға дейін төмендеп кетті. Бес еседен артыққа абсолютті өтімділіктің төмендеуі (1,5 нан 0,22 дейін] байқалады. Кәсіпорын алынатын табыстың бөлігін кредиторлық қарыз бен банктік несиені жабуға жұмсауға мәжбүр болғандықтан, таза айналымдағы капиталдың көлемі қысқарды.

 «Альянс Казахско-Русский  текстиль» ЖШС-і  үшін өтімділік  коэффициенттерінің есебін келтіреміз (кесте 3).

 

Кесте 3 – «Альянс Казахско-Русский текстиль» ЖШС-інің өтімділік коэффициенттері

 

Өтімділік көрсеткіші

Есеп формуласы

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

 Ағымдағы (жалпы

 өтімділік)

  Айналымдағы қаржылар / қысқа мерзім-

  ді міндеттемелер

4,9

0,69

0,14

 Мерзімді өтімділік

  (Ақша қаражаттары + қысқа мерзімді

  қаржылық салымдар + дебиторлық

  қарыздар) / қысқа мерзімді міндеттеме-

  лер

4,62

0,49

0,10

 Абсолютті өтімділік

  Ақша қаражаттары / қысқа мерзімді

  міндеттемелер

1,5

0,33

0,22

 Таза айналымдағы

 капитал

  Айналымдағы қаржылар – қарыз қаржы-

  лар

-3101059

-4104926

-4903669

  Ескерту: «Альянс Казахско-Русский текстиль» ЖШС-нің мәліметтері негізінде автор құрастырған

 

Информация о работе Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны жүргізудің ұтымды жолдары