Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 07:59, автореферат
Зерттеудің өзектілігі. Нарықтық дамудың күрделілігі мен алуан түрлілігі, шаруашылық үрдістердің қарқындылығы және серпінділігі кәсіпорындардан жүктелген қызметтері деңгейінде мүмкіндіктерді барынша пайдаланылуын талап етеді.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауындағы «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың даму стратегияларын белсенді етуге тиіспіз»-деп атауының мәні үлкен.
ӘОЖ 624.092: 331. 762 4
КОПТАЕВА ГУЛЬЖАМАЛ ПЕРНЕЕВНА
Кәсіпорынның
басқару жүйесіндегі
(Оңтүстік Қазақстан облысы тоқыма кәсіпорындары мысалында)
08.00.05. – экономика
және халық шаруашылығын
(салалар мен қызмет сфералары бойынша)
Экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Түркiстан, 2010
Диссертациялық жұмыс Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде орындалды
Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының докторы, профессор Джуманов А.М.
Ресми оппоненттері: экономика ғылымдарының докторы
Жетекшi ұйым:
Қорғау 2010 жылы 19 маусымда сағат 11-00 Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiндегі докторлық диссертациялар қорғау құқығына ие Д 14.61.15 диссертациялық Кеңесiнде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркiстан қаласы, университет қалашығы.
Диссертациямен Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнің кiтапханасында танысуға болады.
Автореферат «17» мамыр 2010 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестiң
Ғалым хатшысы
э.ғ.д., профессор
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Нарықтық дамудың күрделілігі мен алуан түрлілігі, шаруашылық үрдістердің қарқындылығы және серпінділігі кәсіпорындардан жүктелген қызметтері деңгейінде мүмкіндіктерді барынша пайдаланылуын талап етеді.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауындағы «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың даму стратегияларын белсенді етуге тиіспіз»-деп атауының мәні үлкен.
Қазіргі экономикалық даму жағдайында шаруашылық жүргізу нысандарының экономикалық стратегияларының жүргізілуі мен нәтижелерін мемлекеттің экономикалық саясатындағы негізгі мәселелердің бірі ретінде қарау керек. Нарықтық құрылымдардың дамуы кезінде экономикалық қатынастарда туындайтын мәселелер экономикалық ғылым мен шаруашылық тәжірибедегі ең өзектісі болып саналады.
Қазақстандағы нарықтық
Сол себепті отандық кәсіпорындарды қайта құру мәселесі кәсіпорындардың құрылымдарын қайта қараудың теориялық негіздерін, технологиясы мен қаржылық тетіктерін белгілеуге себепші болады.
Соңғы уақытта экономикалық әдебиеттерде аталған мәселелерді талдайтын және кәсіпорынды экономикалық дамудың негізгі буыны ретінде көрсететін еңбектер пайда бола бастады. Қазіргі даму кезеңінде кәсіпорындардың тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету үшін экономикалық стратегияны қолдану өте маңызды.
Экономикалық стратегияны
жетілдірмей шаруашылық жүргізудің
негізгі буыны-кәсіпорынды
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Бизнеске байланысты экономикалық стратегияның қазіргі уақыттағы түсініктемесі шетелдік экономистер: П.Дракердің, О.Моргенштерннің, И.Ансоффтың, А. Чендлердің және т.б. еңбектерінде берілген.
Сонымен қатар, ТМД елдерінің ғалымдары: К.Т. Бясов, Е.В. Быкова, С.А. Бурцева, Р.И. Дронов, Е.М. Бунина, Н.А. Пантелеева және Л.И. Андрианованың еңбектерінен кәсіпорынның даму стратегиясы мәселелерінің талдамасын көре аламыз. Экономикалық стратегияларды белгілеу саласындағы күрделі зерттеулерге О.Сабден, А.А.Сатыбалдин, Н.К.Мамыров, А.К.Сағадиев, А.К.Қошанов, С.С.Еспаев, Т.А.Есіркепов, Г.А.Қалиев, С.Д. Тәжібаев, Р.С. Каренов, Нұрымбетов Т.Ж, Шалболова У.Ж, Раимбеков Ж.С, Отаров А.К., Ертаев Қ.Е. және т.б. сияқты қазақстандық ғалымдар да өз еңбектерін арнады.
Дегенмен, қаржы-экономикалық
құралдар мен әдістерді қолдану
негізінде экономикалық стратегияны
қалыптастырудың мәселелері осы
уақытқа дейін қазақстан
Сондықтан кәсіпорынның экономикалық стратегиясын жетілдіру мәселелерін зерттеп білу өзекті болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты – кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегиясының ұйымдастырылуының экономикалық жақтарын зерттей отырып, оны жүргізудің ұтымды жолдарын анықтауда әдістемелік нұсқаулар дайындап, нақты тәжірибелік ұсыныстар беру.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- кәсіпорынның басқарылуындағы экономикалық стратегияны қалыптастырудағы тиімді бағыттарды және кәсіпорынның даму стратегиясына ықпал етуші факторларды анықтау;
- кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны қалыптастыру мен оның бәсекелестік мүмкіншіліктерін арттыру бойынша іс-шараларды жетілдіру;
- кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны жүргізудің әдістемесін жасау;
- кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны жүргізудің ұтымды жолдарын дайындау бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар жасау.
Зерттеу пәні ретінде кәсіпорынның экономикалық стратегиясын қалыптастыру мен іске асыру және ұтымды жүргізу мәселелері таңдалды.
Зерттеу нысаны болып экономиканың тоқыма саласында шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар қызметі табылады.
Зерттеудің теориялық негізі. Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияның жан-жақты зерттелуіне үлес қосқан шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері теориялық негіз болды.
Зерттеудің ақпараттық негізіне отандық және шетелдік авторлардың ғылыми - әдістемелік басылымдары және ақпараттық, талдамалық, статистикалық, анықтамалық дереккөздер, сондай-ақ зерттелетін кәсіпорындардың қаржы есептері алынды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- кәсіпорынның экономикалық стратегиясының бәсекелестік артықшылықтарын анықтаудың теориясы негізделді;
- экономикалық стратегияны ұтымды жүргізу мен кәсіпорынның бәсекелестік мүмкіншіліктерін арттыру мақсатында кластерлік үлгіні енгізу қажеттігі негізделді;
- кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру және басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұтымды стратегиялық іс-шаралар әдістемесі жасалды;
- экономикалық стратегияны
Зерттеу жұмысының қорғалуға ұсынылған негізгі тұжырымдары:
- кәсіпорынның жалпы стратегиясындағы экономикалық стратегияның өзіндік ерекшеліктерін анықтаудың теориялық негіздері;
- кәсіпорынның экономикалық стратегиясын жүргізудің әдістемесі;
- кәсіпорынның экономикалық стратегиясын жетілдірудің кластерлік үлгісі;
- Оңтүстік Қазақстан облысы деңгейінде кәсіпорынның экономикалық стратегиясын жүргізудің тиімді бағыттары.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы зерттеудің ғылыми жаңалығын құрайтын ғылыми ойлар, теориялық ережелер мен тұжырымдар кәсіпорынның экономикалық стратегиясын қалыптастыру бойынша автордың нақты ұсыныстарында айқын көрсетілгендігінен тұрады.
Зерттеу нәтижелерінің сынақтан өткізілуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі қорытындылары мен ұсыныстары халықаралық және аймақтық ғылыми - тәжірибелік конференцияларда баяндалған: «ХХІ ғасырдағы ғылым мен техника, білікті мамандар даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселелері» (Шымкент, 2006 ж.), «Актуальные проблемы политико-правовых и общественно-гуманитарных наук в условиях модернизации казахстанского общества» (Шымкент, 2007 ж.), «Қазақстан Республикасы экономикасының қаржы тетігін дамытуды жетілдіру – бәсекелестікке қабілеттіліктің айғағы» (Шымкент, 2007 ж.), «Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері» (Шымкент, 2007ж.), «Аймақтық экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту мәселелері» (Шымкент, 2009ж.).
Зерттеу нәтижелері ЖШС «Альянс Русско – Казахский текстиль» тоқыма кәсіпорны қызметіне, сондай-ақ Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқу үрдісінде «Менеджмент», «Экономика» мамандықтарын дайындауда «Кәсіпорын стратегиясы» пәнін оқытуда қолданылды.
Жарияланған жұмыстар. Зерттеу тақырыбы бойынша 8,1 баспа табақтан тұратын 17 мақала жарық көрді. Оның ішінде 10 мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің нұсқауындағы экономикалық басылымдарда жарияланған.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық зерттеудің құрылымы жұмыстың мақсаты мен міндеттерімен анықталып кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, сонымен бірге 33 кесте, 16 сурет, қосымшалар келтірілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны қалыптастыру мен реттеудің теориялық-әдістемелік негіздері» тарауында кәсіпорынның дамуындағы стратегиялық басқарудың ықпалы мен орны анықталып, басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияның даму ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштер және оны реттеудің әдістемелік негіздері зерттелді.
Экономика дамуының көптеген салаларында, яғни сауда, қаржы және басқа да бөлімдерінде жетекші орынды өндіріспен немесе қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындар алады. Олардың қызметі ұлттық нарықтармен ғана емес, дүниежүзілік нарықтармен де байланысты болып отыр.
Сондықтан, кәсіпорынның экономикалық стратегиясын жүргізудің ұтымды жолдарын қарастыруда, іздену жұмысымызды: стратегия – кәсіпорын – кәсіпорынның экономикалық стратегиясы тізбегінде жүргіздік.
«Стратегия» терминіне анықтама беруші ғылыми еңбектерді зерделей отырып, стратегияны - ұзақ мерзімді мақсаттарды қалыптастыру және оларға жету жолдарын таңдау үрдісі деп бағалаймыз.
Ал кәсіпорынды – пайда табу мақсатымен ақша қаражаттарын және мүліктерін бірлестіруге шешім қабылдаушы тұлғалар арасындағы келісім негізінде құрылған нысан деп қарастыруға болады.
Теориялық және тәжірибелік тұрғыдан, барлық бөлімдер мен салалардағы кәсіпорындар қызметінің нәтижелері экономикалық стратегияның нысанына, яғни оның қызмет ету қағидаларына, дамудың заңдылығына, шарттары мен факторларын білуге негізделетін ақпараттық мәліметтер көмегімен бағаланады.
Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының теориялық және тәжірибелік жақтарын зерттеумен айналысқан экономист-ғалымдардың көзқарастарын жалпылай келе, біздің пікірімізше: «Экономикалық стратегия – кәсіпорынның экономикалық мақсаттарын, саясатын және іс-әрекеттерін үйлестіретін үлгі немесе жоспар» - деп тұжырымдауға болады.
Кәсіпорынды басқарудың
әр түрлі деңгейлеріндегі