Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 07:59, автореферат
Зерттеудің өзектілігі. Нарықтық дамудың күрделілігі мен алуан түрлілігі, шаруашылық үрдістердің қарқындылығы және серпінділігі кәсіпорындардан жүктелген қызметтері деңгейінде мүмкіндіктерді барынша пайдаланылуын талап етеді.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауындағы «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың даму стратегияларын белсенді етуге тиіспіз»-деп атауының мәні үлкен.
Қаржылық тұрақтылықты анықтайтын коэффициенттер кәсіпорынның қаншалықты өз қаржыларын тиімді пайдаланатындығын талдауға мүмкіндік береді. Қаражаттарды айналым жылдамдығы, олардың ақшалай нысанға айналуы төлем қабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді (кесте 4).
Кестеден көрініп тұрғандай, «Альянс Казахско-Русский текстиль» ЖШС-і кәсіпорынында қаржы айналымы мен қалыптасу көздері бойынша туындап отырған мәселелер жетерлік.
Қаржылық қамтамасыз
ету мәселесінің пайдалы шешімі
мүдделі инвесторды, немесе резидентті
тарту болады. Сұранысы бар өнімді
өндірудің көлемін пайдалы
Өздерінің жұмысшылары үшін меншікті акциялар шығару кәсіпорынға ең арзан қаржы ресурстарын тартуға және сол мезгілде жұмысшылардың өндірістегі тиімділік пен сапасына мүдделілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кесте 4 – «Альянс Казахско-Русский текстиль» ЖШС-і қаржылық тұрақтылығының үлгісін анықтау үшін көрсеткіштер және олардың есептік шамалары (2008 ж.)
Көрсеткіштер |
Көрсеткіштің шамасы, мың.тг |
1. Капиталдар мен резервтер |
863 421 |
2. Айналымнан тыс активтер |
3 859 203 |
3. Меншікті айналымдағы қаржылардың қолда бар болуы |
42 365 |
4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
3 600 |
5. Перманентті айналымдағы қаржылардың қолда бар болуы |
863 421 |
6. Қысқа мерзімді қарыздар мен несиелер |
3 857 276 |
7. Қорларды қалыптастыру көздерінің жалпы шамасы |
276 678 |
8. Қорлар мен қосымша құн салығы |
367 161 |
9. Меншікті айналымдағы қаржылардың артығы (+) кемі (-) (3 жол – 8 жол) |
-324 796 |
10. Перманентті айналымдағы қаржылардың артығы (+) кемі (-) (5 жол – 8 жол) |
496 260 |
11. Қаржыландыру көздерінің жалпы шамасы. артығы (+) кемі (-) (7 жол – 8 жол) |
-90 783 |
Ескерту: «Альянс Казахско-Русский текстиль» ЖШС-нің мәліметтері негізінде автор құрастырған. |
Соңында кәсіпорынның экономикалық стратегиясының нәтижелілігін, яғни оның қызметінің тиімділік деңгейін анықтаймыз. Оны жоспарланған кезең ішіндегі пайданың динамикасы мен нарықтағы табыс бойынша анықтауға болады.
Бір рет даярланған кәсіпорынның қаржылық үлгісі барлық уақытта және барлық жағдайларда тиімді жұмыс істейді деп сендіруге болмайды. Сыртқы нарықтағы өзгерістер, кәсіпорынның өсуі, табыстардың артуы мен басқа өлшемдердің өзгерістері міндетті түрде экономикалық стратегиялардың сол немесе басқа кезеңдерін қайта қарау, алдын қабылданған қаржылық стратегия үлгісінің де толық өзгертуін талап етеді.
Жетекші болып саналатын қолда бар стратегиялық баламаларды қараған соң, одан әрі нақты стратегия таңдалады. Мақсат ұйымның ұзақ мерзімді тиімділігін ең жоғары дәрежеге арттыратын стратегиялық баламаны таңдау болып табылады.
Тиімді стратегиялық таңдау жасау үшін, жоғарғы буын жетекшілерінің кәсіпорынның бағыты мен болашағын қуаттайтын анық тұжырымдамасы болуы тиіс.
Стратегиялық талдау
қайда қарап қозғалуды шешуден
Кәсіпорын қызметінің күшті және әлсіз жақтарының сараптамасы, оның ресурстары мен мүмкіндіктерінің дұрыс бағаларын береді, сондай-ақ стратегия даярлауының бастапқы нүктесі болып табылады.
Кәсіпорынның жоғарғы жетекшілігі қазіргі нарықтық жағдайларда стратегиялық шешімдерді даярлау үшін сарапшыларды тартуы тиіс, өйткені стратегиялық талдаусыз қабылданған шешім кездейсоқ әрі тиімсіз болып, күшті бәсекелестік жағдайларда дағдарысқа алып келуі мүмкін.
Кәсіпорынның басқару жүйесі қаржылық операцияларды жүргізу жөнінен бақылауды қамтамасыз ету мен алда тұрған ұйымдастыру міндеттерін орындауды көздесе, өзінің басқарушылық қызметіне баға беру шамасында болуы тиіс.
Сонымен, кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияның даму ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштерін және оны реттеудің әдістемелік негіздерін зерделей отырып, экономикалық стратегияны ұтымды жүргізу бағыттарын айқындау және тетіктерін белгілеу үлкен зерттеулік жұмыстарды қажет ететін күрделі үрдіс екеніне көз жеткізуге болады.
«Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны жүргізудің ұтымды бағыттары» тарауында экономикалық-математикалық әдістердің көмегімен тоқыма және тігін өндірісінің болашақта дамуына болжау жасалып, экономикалық стратегияны жүргізудің тетігі ретінде кәсіпорындарды кластерлеу жүйесі қарастырылды.
Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі ұтымды жасалған экономикалық стратегияны әлеуметтік және экономикалық дамудың ұзақ мерзімді бағдарламаларын басқару құралы ретінде сәтті қолдануға болатынын көрсетті.
Ал, экономикалық стратегияның ұтымды жасалуы мен жүргізілуіне кластер құрудың қажеттілігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Ескерту: автор құрастырған
Сурет 3 – Оңтүстік Қазақстан облысы мақта кластерінің үлгісі
Қазіргі уақытта мақтаның өндіру мен өңдеуін дамыту бойынша іс-шаралар даярланған. Негізгі ұйымдастыру шараларына «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының дайындалып қойылған жобасын атауға болады. Одан басқа, қазіргі уақытта арнайы экономикалық аймақта жұмыс істейтін, Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта кластерін ұйымдастыру бойынша үлгі даярланған (сурет 3)
Экономикалық стратегияларды қалыптастыру үшін ұсынылып отырған мақта кластерінің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру және ең алдымен, «Альянс Казахско-Русский текстиль» ЖШС -ін дағдарысты халден шығару.
Кесте 5 – «Альянс Казахско-Русский текстиль» ЖШС-інің экономикалық стратегиясын тиімді жүргізу бойынша ұсыныстар
Экономикалық стратегияны жүргізудің тиімді бағыттары |
Экономикалық стратегияның құрамдас элементтері |
Ұсыныстар |
Баланс бөлімдеріне әсерін тигізуі | |
Ұсыныстардың аталулары |
Сандық бағалау, мың тг. | |||
1.Табыстар мен түсімдерді аттыру |
1.1 Негізгі және айнал- ымдағы құралдарды пай- далы қолдану |
1.1.1 Кем қолданылатын негізгі құрал- дардың бөлігін сату
|
385 880 |
- |
1.1.2 Аяқталмаған өндірістегі шығын- дарды қысқарту (өндірістік кезеңді азай- ту есебінен) |
7 425 |
+ | ||
1.1.3 Өнім өндіруге жұмсалатын шы- ғындарды төмендету |
507 327 |
+ | ||
1.2 Пайданы ұтымды түрде бөлу
|
1.2.1 Бөлінбеген пайданы қалыптастыру
|
ең жоғары деңгейде |
+ | |
1.3 Өнім өндіруге жұмсалатын шығындар- ды төмендету |
1.3.1 Өздерінің жұмысшылары үшін акциялар мен басқа да құнды қағаздар шығару |
860 000 |
+ | |
2. Шығыстар мен қаржы аударымдарын реттеу |
2.1 Негізгі және айнал- ымдағы құралдарды тиімді қолдану |
2.1.1 Өндіріс кезеңін қысқарту үшін ноу-хау сатып алу |
1 000 000 |
+ |
2.1.2 Компьютерлі технологиялар сатып алу |
1 000 000 |
+ | ||
2.2 Маркетингтік қыз- метті тиімді жасау |
2.2.1 Пайданың бір бөлігін сұраныс пен өндірілген тауарлар нарығын зерттеп білуге бағыттау |
200 000 |
- | |
3. Несиелік өзара қатынастарды жетілдіру |
3.1 Неізгі және айнал- ымдағы құралдарды тиімді қолдану |
3.1.1. Өнім өндіруге жұмсалатын шы- ғындарды төмендету |
2 000 000 |
+ |
3.2 Қарыз қаржылардың құрылымын тиімді жасау |
3.2.1 Қысқа мерзімді қарыздардың үлесін қысқарту және несиелік сызық- тық шарттарына көшу |
235 844 |
- | |
3.3 Сыртқы экономика- лық қызметті реттеу |
3.3.1 Шетелдік банктің ұзақ мерзімді несиесін алу немесе мүдделі инвестор- ды тарту |
5 000 000 |
+ | |
Ескерту: автор құрастырған «+» - баланс бөлімдеріне әсерін тигізеді «-» - баланс бөлімдеріне әсерін тигізбейді |
Оны дағдарысты жағдайдан шығару бойынша экономикалық стратегияларын даярлау мысалындағы ұсыныстар экономикалық стратегиялардың құрастырушы бөліктерін тиімді етудің нұсқаларымен экономикалық стратегиялардың нысандары бойынша қалыптастырылған (кесте 5).
Стратегияны тиімді жүргізудегі ұсынылған бағыттарын қолдану қысқа мерзімде банкке қарызды қайтаруға, қарыз ресурстарды қажеттілігі бойынша және керекті көлемде пайдалануға, ал пайда алатын кезде, қарыз қаржыларының құрылымын жеңілдететін, ай сайын банкке жүйелі түрде негізгі қарыз бен пайыздардың бөлігін қайтаруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын қызметіне болжам жасаудың қажеттілігі бұл келешекті бағдарламалардың ұзақ кезеңі үшін әлеуметтік-экономикалық және ғылыми – техникалық дамуының тұжырымдамалары мен аймақтық саясатты жасауға қажетті ақпараттық базаны құрудағы мемлекеттің, ірі макроаймақтар мен экономикалық аудандардың, территориялық-өндірістік кешендердің аса маңызды мәселелерді оңтайлы шешуде өзара бағындырылуында.
Кәсіпорын жұмысының
тиімділігін арттырудағы
Мысал ретiнде Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша тоқыма және тігін өнеркәсібі дамуының негізгі көрсеткіштеріне: тоқыма және тігін өнеркәсібі өндірісінің көлемін, саланың өнеркәсіптік өнімдер көлеміндегі үлес салмағын, тарақтап және кардты иірілген мақта талшықтарын, жүннен дайындалған тоқыма талшықтарын, мақта-маталық иірілген жіптерін және трикотаждық шұлық бұйымдарын экстраполяция әдiсiмен болжамдауды қарастырайық .
Болжамдау 2000-2008жж. аралығындағы облыстық статистикалық басқармасының мәлiметтерi негiзiнде жүргiзiлдi.
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша тоқыма және тігін өнеркәсібі дамуын терең бағалау кез-келген динамикалық үрдісте бар белгісіздердің өсуінің арқасында күрделі мәселеге айналып, болжаудың нақты әдістерін таңдауға итермелейді. Оңтүстік Қазақстан облысының тоқыма және тігін өнеркәсібі даму көрсеткіштері жоғарыда көрсетілген мәліметтері негізінде шағын және орта кәсіпкерліктің 2008-2013 ж.ж. даму жағдайына арнап болжам жасайық.
Көптік регрессия теңдемесін құру үшін сызықтық функция қолданылады:
(1)
мұндағы – берiлген мәлiметтердiң уақыт аралығындағы сәйкес келетiн түзетiлген теориялық мәнi, a және b – нақты мәндердiң ŷx түзетiлген теориялық мәндерден ауытқу дәрежелерiн ең аз шамаға келтiретiн константалар, яғни Σ (ŷx – уx) 2 → min.
2009-2013 жылдар аралығындағы
Оңтүстiк Қазақстан облысы
Өсіңкілік қатарлар негiзiнде құрылған математикалық үлгiлер арқылы болжауды былай жасайды: егер мәлiметтер 2000-2008 ж.ж. аралығында 9 жылға берiлсе, тәуелсiз айнымалы орнына сәйкесiнше 10, 11, 12, 13, 14 мәндердi қойып 2009, 2010, 2011, 2012, және 2013 жылдар үшiн болжам табылады.
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша тоқыма және тігін өнеркәсібіндегі ақпараттық әдiстердiң тоқыма және тігін өнеркәсібін болжамдаудағы маңыздылығын анықтау үшiн осы жүйедегі негiзгi көрсеткiштерге алдын ала талдау жасалынды.
Ескерту: автор құрастырған
Cурет 4 - Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша тоқыма және тігін өнеркәсібі негізгі көрсеткіштерінің болжамдық мәндері
График түрiнде тоқыма және тігін өнеркәсібі дамуының негізгі көрсеткіштерінің болжамы мынадай: экономикалық көрсеткіштердің ықтималдылығы 95 % болатындай етiп сиаттайтын теңдiктi шығара отырып, 2009-2013 жылдарға болжам жасауға болады (сурет 4).
Әрi қарай, алынған коэффициенттер көмегiмен Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша тоқыма және тігін өнеркәсібінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін жақсарту бойынша iс-шаралар жүргiзуге болады. Сонымен қатар, үш болжамды: тоқыма және тігін өнеркәсібі мамандарының 2009 - 2013 жылдарға iстеген болжамын, математикалық есептеумен алынған болжамды және 2009 - 2013 жылдардағы тiркелген жағдайларды салыстыруға болады.
Тоқыма және тігін өнеркәсібі дамуының экономикалық көрсеткіштерін 2009 жыл мен 2013 жыл кезеңінде сызықтық теңдеу көмегімен болжамдау келесі түрде болады (кесте 6):
Кесте 6 - Тоқыма және тігін өнеркәсібінің келешектегі дамуын сипаттайтын негiзгi көрсеткiштер
Көрсеткiштер |
2000-2008жж. (орта есеппен) |
Болжам | |||
2010ж |
2011ж |
2012ж |
2013ж | ||
Тоқыма және тігін өнеркәсібі өндірісінің көлемі (млн. тенге) |
17776,3 |
23961 |
24563 |
24887 |
25456 |
Саланың өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы, % |
16,1 |
15,8 |
16,2 |
17,0 |
17,4 |
Тарақтап және кардты иірілген мақта тал-шықтары,тонна |
120331 |
159695 |
160045 |
173522 |
186710 |
Жүннен дайындалған тоқыма талшықтар, тонна |
346 |
187 |
190 |
203 |
238 |
Мақта – мата иірілген жіптер, тонна |
4599 |
4462 |
4801 |
4875 |
4977 |
Трикотаж шұлық бұйымдары мың пар |
412,3 |
165,1 |
203,0 |
211,4 |
230,1 |
Ескерту: жүргізілген есептеулер негізінде автор құрастырған |