Кәсіпорындардың Инвеститциялық тартымдылығын АРттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 11:53, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.

Содержание

КіріспЕ
1 кәсіпорынның Инвеститциялық тартымдылығын арттырудың экономикалық негіздері
1.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны
1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру- инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі

2 «МаҚтарал» Ақ-ң Нарық жағдайында инвестициялық ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН талдау
2.1 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының экономикалық қызметін талдау
2.2 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайын талдау
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау
3 кәсіпорындардың Инвеститциялық тартымдылығын АРттыру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер көздері

Работа содержит 1 файл

НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫ КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМдылыгы т.doc

— 252.00 Кб (Скачать)

      Бұл принциптер келесiлер:

1. Экономикалық  қауiпсiздiк принципi. Халықаралық мемлекеттiк және банктiк несиенi (сыртқы қарыз беру) тарту және қолдану үшiн бұл принцип сыртқы борышты және терiс сальдоны ұлғайтуға әсерi сияқты экономикалық қауiпсiздiк параметрлерiн секеру керектiгiн бiлдiредi.Өзiнiң табиғаты бойынша жеке капитал – бұл тиiмдi сфераны iздеушi капитал және дамушы елдерде бұл үшiн тиiмдi сфера ретiнде табиғи ресурстар, шикiзат салалары болып табылады. Бiрақ осы салада өндiрiстiң бiр жақты дамуы тек халық шаруашылығында үйлеспеудi күшейтiп қана қоймай, сонымен қатар әлемдiк нарықта зияндылықты және бағаның тербелуiне тәуелдiлiктi күшейтедi, бұл жағдай да елдiң экономикалық қауiпсiздiгiн төмендетедi.

2. Мемлекеттiң инвестициялық мақсаттарын iске асыру принципi. Шетелдiк инвестициялар мемлекетпен реттелуi керек және келесi макроэкономикалық мiндеттердi шешуге бағытталуы керек: ЖIґ өсiмi; төлем балансын жоғарылату; өндiрiстiң және жұмыс бастылықтың тербелуiн басу; бағаны тұрақтандыру және инфляцияны төмендету; мемлекеттiк бюджет тапшылығын төмендету және басқалар. Осында шетелдiк инвестициялардың тиiмдiлiк критерийi экономиканың бәсекелеске қабiлеттiлiгiн жоғарылату болып табылады.

3. Шетелдiк  капиталды қолдану бағыттарының сатылығы мен басымдылық принципi. Шетелдiк капиталды және инвестицияны қолдану бағытының дамуы  оның жеткiлiксiз және дағдарыстық жағдайынан жоғары даму деңгейiне дейiн экономиканың дамуының жалпы мiндеттерiне бағынады. Бұл даму келесi стадияларды қамтиды:

      а) импортты алмастыру

      б) экспортқа бағытталу

      в) ғылым сиымды технология негiзiнде экономиканы құру.

4.  Несиенi қолданудың жобалық әдiсi принципi. Сыртқы заем берудi (мемлекеттiң халықаралық несиесi) қолдану және бақылауды тиiмдi ұйымдастыру мақсатында мемлекет приоритеттi бағыттар мен жобалардың тiзiмiн жасау керек. Қаржыландырудың жобалық әдiсi кез-келген несие берудiң негiзiнде жатуы керек.

5. Несие  құнынан iшкi қор жинау нормасының асуы принципi. Несиенi қолданудың экономикалық эффектi тек мына жағдайда болады, егер елде негiзгi сома мен проценттi төлеу түрiнде кредиторға қайтарылатын несие құнына қарағанда, қаржы немесе материалдық байлық көп болатын болса. Керi жағдайда несие зиян әкеледi деп саналады.

6. Жобамен  несиенi тарту принципi. Бұл принцип төртiншi принциппен ұқсас, бiрақ айырмашылығы – ол қолдануға емес, жан-жақты талдау жүргiзiлген инвестициялық жобаны iске асыруға және оның өсiмiн жылдамдатуға қажеттi несие тарту саясатына бағытталған. ґкiнiшке орай, тарту процесi ТМД-ның көптеген елдерiнде аясы тар мақсатқа айналды. Алдымен қаражат тартылады, кейiн жобаны несиелiк линиямен iрiктеу басталады. Мұндай тәртiп тарту процесiн анық концептуалды негiзi  және механизмi жоқ астанкестенгеайландырады. Жоба несиемен iрiктелмей, керiсiнше несие жобаға сәйкес тартылуы керек.

7. Жобаны  iрiктеу кезiндегi конкурстылық принципi. Жобалар арасында приоритеттi бағыттар бойынша конкурстар жүргiзiлуi керектiгiн бiлдiредi.

8. Сыртқы  заем берудiң әрттүрлi формаларын салыстырмалы бағалау принципi. Мемлекеттiк саясатты жасау кезiнде ұсынғанды ала беру принципiмен жетекшiлiк етуге болмайды. Мысалы, ұзақ мерзiмдi несиелер қысқа мерзiмдiге қарағанда артықшылығы бар, егер мемлекет қысқа мерзiмдi несиенiң үлкен көлемiн алатын болса, онда ол борыштылық тәуелдiлiкке ұшырауы мүмкiн, себебi мұндай несиенi қолданудың тиiмдiлiгi аз.

9. Инвестициялық  хал-ахуалды жақсарту принципi.

10. Шетелдiк капиталдың стратегиялық және басымды салаларға кiруiн шектеу принципi. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, ресурстық немесе экономикалық базасы бар кез-келген  дамушы ел инвесторларды тек экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн ғана емес, сондай-ақ қалыпты ұзақ мерзiмдi экономикалық  даму мақсатында басымды салаларға кiруiн шектеу керек.

11. Шетелдiк инвесторлар үшiн тең құқылы жағдай принципi. Шетелдiк инвесторлар өз инвестициялық қорларын қосымша салықтық жеңiлдiксiз де дамушы елдерге салуға ынталы (өткiзу нарығының сиымдылығы, өндiрiс факторларының құнының төмендiгi және т.б.). Жеңiлдiк жағдайларды жасау шетелдiк капитал қйылуы бойынша күтiлген тиiмдiлiктi бермей жергiлiктi инвесторлардың инвестициялық белсендiлiгiне керi әсерiн тигiзедi. 

3.2 Кәсіпорынның инвестициялық  тартымдылығын арттыру  жолдары                                                                                                   

    Қазақстанның  Инвестициялық қоры Қазақстан Республикасының  мемлекеттік даму институттарының  бірі болып табылады. Қордың қызметі 2003 жылдың 11-маусымында басталған-ды. Инвестициялық  жобалардың табысты іске асу мақсатында жобаның орындалуына тиісті ұйымдастыру деңгейін қамтамасыз ететін , жобаның техникалық-технологиялық жақтарын жүзеге асыру үшін маркетингтік және технологиялық жеткілікті тәжірибесі бар және акциялардың 50 пайыздан астамын бақылайтын стратегиялық инвесторлары бар, кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысқанды  неғұрлым тиімді болады деп санаймыз.

    Қазақстанда және дүниежүзінің басқа елдеріндегі  салаларды дамыту беталысын талдау негізінде бәсекеге қабілетті салалар  мен кластерлерді құру мақсатындағы инвестициялаудың басымды бағыттары анықталды, атап айтқанда:

  1. ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу (консервілік, жүнді және мақтаны қайта өңдеу өнеркәсібі мен басқа салаларды есептегенде агроөнеркәсіптік кешен);
  2. құрылыс материалдарының өндірісі (алғашқысынан бастап құрылыс материалдарының әрлеу мен қапталына дейінгі өндірісіне шейін);
  3. әйнек өнеркәсібі;
  4. химия және мұнай химия өнеркәсібі;
  5. металлургия;
  6. машина жасау;
  7. орман және ағаш өңдеу өнекәсібі;
  8. балық өнеркәсібі;
  9. инфрқұрылым (энергетика және көлік).

    Қазіргі уақытта қор қызметінің түйіні құрылымды құрайтын мәні бар және экономикалық кластерлерді жаңадан құру мен құрастырылғандарын толықтыруға жағдай жасайтын ірі және келешегі бар маңызды жобаларды кезеңмен қаржылындыруға ауыстырылды.

    Құрылғанына көп уақыт өтпеседе, ел экономикасына өзіндік бедері мен еніп, бүгінгі айшықты орын қалыптастыра бастаған «Қазақстанның инвестициялық қоры» Акционерлік Қоғамы еліміздегі даму институтарының бірі ретінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтің тікелей қозғау салып ықпал етумен дүниеге келген болатын. Бастапқыда бұл игі шараның негізі Қазақстан Республикасының индустриялдық инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында салынды.

    Әр  саладағы көптеген кәсіпорындарға инвестиция салып, оларды акционерлендіруіне қарап, қорды бірнеше кәсіпорындардың басын біріктіруші холдингтік құрылым депте қарауға болмайды, өйткені акцинерленген кез – келген кәсіпорынның акцияларының бақылаушы пакеті  Қордың иелігінде емес, ол әрбір жобаның бастамашыларына тиесілі. Мұнда қор оларға бизнесті жолға қою тұрғысынан мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас орнатуға, салықтық басымдықтар алуға, инвестиция тарту үшін, шикізат алу үшін ұзақ мезімдік келісім шарттар жасасуға, инфрқұрылымдық мәселелерді шешу тұрғысынан және басқа да мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.

    Қазақстанның  инвестициялық қорының құрылу арқылы елімізде қазір үлкен бір жаңаша іс қолға алынып отыр. Өйткені акционерлік  капитал арқылы инвестиция тарту  мәдениеті, сол арқылы ірі жобаларды  жүзеге асыру саясаты Қазақстанда  дами қоймаған. Бұл бизнес жүргізудің бұрыннан қалыптасып қалған салдары. Жалпы, инвестициялық жобалардың жемісті жүзеге асу тұрғысынан алғанда, Қазақстанның инвестициялық қоры жарғылық капиталына инвестиция салатын кәсіпорынның үлкен үұлесі кәсіпорын акциясының бақылаушы пакетін ұстайтын әрі жобаның техникалық-технологиялық жағын іске асыратын тиісті маркетингтік жіне технологиялық тәжірибесі бар стратегиялық инвестордың (бір инвестор немесе инвесторлар тобы) қолында болғаны тиімді деп есептеледі. Статистикалық деректерге қарасақ соңғы бірнеше  жылдың ішінде ішкі инвестицияның үлес салмағы сыртқы инвестицияның үлесінен жоғарылаған. Бірақ ішкі инвестицияның орасан бөлігін шетелдің бақылауындағы кәсіпорындар көтеріп отыр. отандық бизнеске тиесілі кәсіпорындардың инвестициясы анағұрлым төмен. Сондықтанда экономиканың бұл бағыттағы қадамын алға бастыру үшін бүгінгі ең маңызды мақсат- ішкі мүмкіндіктерді барынша іске қосып, таразы басын оңға бұруға күш салып, ішкі сапалы өндіріске жан бітіру қажет. Инвестициялық қордың қолға алынған әрбір жоба бойынша тек қана нақты нәтижеге қол жеткізуі де осыдан.

      Қазіргі кездегі инвестициялық саясаттын ерекшелігі техникалық қаруландыруға салымдар және өндірістік кәсіпорынды қайта жөндеу, инвестицияны базалық машина жасау саласына , ауыл шаруашылық саласына жіберу, ресурс алатын , өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.

      Кәсіпорында инвестициялық тартымдылықты арттыру саясатын жүргізген кезде мыналарды ескеру керек:

  • өндіріс орынның қаржылық ахуалы;
  • өндірістің техникалық дәрежесі;
  • аяқталмаған құрылыс;
  • лизинг арқылы құрал-жабдыктарды алу мүмкіншілігі;
  • меншікті қаржының жеткіліктілігі;
  • капитал нарығының конъюктурасы;
  • мемлекеттен келетін жеңілдіктер;
  • инвестициялық бағдарламаның коммерциялық және бюджеттік тиімділігі;
  • сақтандыру қызметі;
  • салық;
  • маркетингтік зерттеу;
  • өнімнің сату бағасы;
  • өнімді сатудағы географиялық шекараның жағдайы;
  • жалпы өнімнің мөлшері;
  • инвестициялық саясат жүргізетін уақытта тұтынушылардың сұранысының динамикасы;
  • нарықтағы бәсекелестік дәрежесі;
  • техникалық мүмкіншілігі және дамыту мүмкіншлігі.  

Инвестицияны  өндіріс орнында басқаруды жақсарту  үшін мынандай шараларды қолдану керек:

  • инвестиция кызметінің қажеттілігін табу;

инвестициялық табыстың үлес салмағын преферениялау  болып табылады, яғни мемлекет тарапынан  көрсетілетін, берілетін жеңілдіктер. Жеңілдіктер үш түрде болып келеді:

  • инвестициялық салыктық преференциялар;
  • кеден баждарын салудан босату;
  • мемлекеттік заттай гранттар.

      Инвестициялық преференцияларды беру талаптары:

  • көздетілген қызметтердің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес болу керек;
  • осы заманға сай техникалар қолдана отырып жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған өндірістік кәсіпорындарды кеңейту.

    Қолданылып жүрген инвеститцияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келсiмдердiң барлық шарттарын iс жүзiнде сақтаудың- кәсіпорындарға маңызы үлкен.

    «Мақтарал» кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, инвестициялық жоба жасалынды. Бұл жобаны жасаудың негізделуі:

  • отандық және шетел нарығында мақтаға сұраныстың әрдайым болуына;
  • жобаны іске асырудың негізгі қозғаушы күші болып, тазаланған мақтаға ішкі нарықтың және алдын-ала жасалынған келісім шарт бойынша батыс Еуропаға жеткізулер;
  • жобаны іске асыру үшін «Мақтарал» АҚ-ы дамыған инфрқұрылымға, нарық жағдайында жұмыс істей алатын өндірістік және жоғары маманданған мамандардың құрамына иелік етеді;
  • осы алғашқы жобаны іске асырғаннан кейін кәсіпорын өндірісті модернизациялаудың келесі кезеңіне өтуді көздейді. Ол – соңғы жаңа технико-технологиямен қаруланып тазаланған мақтадан, жіа еру үрдісіне көшу;

   Жобаны  іске асырудың негізгі мақсаты шетел нырығына жоғары сапалы мақталарды тазалап келісім бойынша жеткізу, соның нәтижесінде кәсіпорынды әрі қарай дамытып, тартылған қаражаттарды тарту ұдайы өндіріс циклін тұрақты қамтамасыз ету.

“Мақтаарал” АҚ-ның қаржы көрсеткіштерінің құрамына:

    • Құрылыс алаңын дайындау, жобалық-зерттеу және жобалық-конструторлық жұмыстар, технологилық құрал-жабдықтар алу оны монтаждау сияқты бір кезеңдік шығындары;
    • Жобаны іске асыру кезеңіндегі ақша қаражаттарының түсу көлемі мен мерзімдері енген;
    • Негізгі экономикалық көрсеткіштер;
    • Инвестициялық шығындар және қаржыландырудың жоспары;
    • Өндіру мен өткізудің бағдарламасы;
    • Жабдықтардың күтілуі мен жөнделуі;
    • Әкімшілік және үстеме шығындар;
    • Айналым капиталдың қажеттілігі;
    • Амортизациялық аударымдар;
    • Ақша қаражаттарының қозғалысы;

   Жоғарыдағы  шарттарды орындау өнімінің бәсеке қабілеттілігін жоғарылатып оған ішкі және сыртқы нарықта орнығуына оңтайлы  жағдайлар жасайды.

    Қорытынды

            Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңiнде пайда болған, Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың барлығын қосатын “жалпы күрделi салымдар” түсiнiгi қолданылады.

Информация о работе Кәсіпорындардың Инвеститциялық тартымдылығын АРттыру жолдары