Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 11:53, курсовая работа
Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.
КіріспЕ
1 кәсіпорынның Инвеститциялық тартымдылығын арттырудың экономикалық негіздері
1.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны
1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру- инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі
2 «МаҚтарал» Ақ-ң Нарық жағдайында инвестициялық ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН талдау
2.1 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының экономикалық қызметін талдау
2.2 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайын талдау
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау
3 кәсіпорындардың Инвеститциялық тартымдылығын АРттыру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер көздері
Барлық жалпы
Инвестициялық мүмкіншіліктерді қолданудың экономикалық тиімділігі барлық материалдық салаларға ортақ. Әдістік ұсыныстар іс-шараларының кешені ғылыми-техникалық прогресті үдетуге бағытталған.
Жобалау үрдісіндесінде болашақ объектінің негізгі мәселелері шешіледі. Олар: өз белгілеуіне сәйкестілігі; прогресті пайдалану талаптары; қысқа мерзім ішінде аз ғана еңбек күшін, материалды және ақша қаражатты пайдалануда.
Тәжірибеде кәсіпорынның жобасын жасау, өндеу кезінде мынандай бөлімдерді өзіне енгізеді:
2 «МаҚтарал» Ақ-ң инвестициялық ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН талдау
2.1 «Мақтарал» АҚ-ң экономикалық қызметін талдау
Оңтүстік
Қазақстан облысында орналасқан
бұрынғы атауы Славяндық мақта
тазалау зауыты 1939-1943 жылдар аралығында
Велико-Алексей мақта
1958-1960
жылдар аралығында зауыт
“Мақтарал” АҚ-ны өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодекс, Салық және бюджет төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР кодексі (Салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы құжаттар және басқа да заң актілері негізінде жүзеге асырады. Акционерлік қоғамның жеке фирмалық атауы, көрсетілген мөр таңбасы, арнайы мүлкі бар. Ол Қазақастан Республикасының заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Кәсіпорынды құру мен қызметтің басты мақсаты – тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, шетел және отандық бәсекелестеріне орын бермейтін сапалы жиһаз өнімдерін шығару оны өткізу арқылы табыс табу болып саналады. Табыс табу негізінде кәсіпорын қатысушыларының экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.
Кәсіпорынның өнім өңдеуімен өткізу көлемі бір-бірімен байланысты көрсеткіш болып табылады. Өнімді өңдеудің шектеулілігімен сұраныстың көп кезінде бірінші орынға өнімді өңдеу көлемі шығады. Ал бәсекелестердің көбейіп нарықтың қаныққан шағында мақтаны өңдеу кәсіпорынның экономикалық жағдайына әсер ететін басты фактор болып отыр. Өңдеу көлемінің және оны өткізуді оның сапасы «Мақтарал» кәсіпорынының шығына, табысмен рентабельділігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан да ол көрсеткіштерді талдау үлкен роль атқарады. Оның негізгі міндеттері өнімді өңдеу мен өткізудің динамикасын және жоспардың орындалу деңгейін талдау. Бұл көрсеткіштерге басқа фкторлардың әсерін анықтау.
Жалпы өнім – аяқталмаған өндірісті қосқандағы кәсіпорынның барлық шығарылған өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің қосындысы. Тауарлық өнімнің жалпы өнімнен айырмашылығы – аяқталмаған өндіріс пен ішкі шаруашылық айналымының кірмейтіндігінде. Аяқталмаған өндіріс пен ішкі шаруашылық айналымының құралымы бойынша кейбір кәсіпорындарда тауарлық өнім жалпы өнімге сәйкес келеді.
өнім
өткізу көлемі өнімді жөнелтумен немесе
төленуімен анықталады. Ол жоспарлы, салыстырмалы
және нақты қазіргі бағамен
2-кесте- «Мақтарал» АҚ-ң өңдеу және өткізу көлемін талдау
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2008 | 2009 | +/- ауытқу | %-к қарқында |
1 | Өңдеу көлемі құндық түрінде натур. түрінде | мың тг. тонна |
1128777 86 |
2031800 112 |
903023 26 |
180 130 |
2 | Өткізу көлемі құндық түрінде натур. түрінде | мың тг. тонна |
1581484 121 |
2030690 113 |
449208 -8 |
128 93,3 |
Деректер көздері: “Мақтарал” АҚ-ның мәліметтерінен
Өңдеу көлемі құндық түрінде 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 1,8 есе өсіп отыр, ал өткізу көлемі 1,3 есе артқанын көреміз. Айтып кететін жай 2008 жылы өндіру көлемі өткізу көлеміне қарағанда төмендігі қоймада алдыңғы жылдардан сақталып қалған өнімді өткізумен байланысты түсіндіреміз.
Кәсіпорынның
инвестициялық тартымдылығын
«Мақтарал» АҚ-да 2008 жылғы деректер бойынша 592 адам жұмыс істеді. Оның ішінде:
Кәсіпорынның басқару аппараты, сондай-ақ жұмысшылар жоғары кәсіпті мамандармен қамтылған. 2009 жылы еңбекақы қоры 190600 мың теңгені құрады. Есепті жылы өндірістік - өнеркәсіптік персоналдар саны 18 адамға азайғанына қарамастан бұл көрсеткіш 19610 мың теңгеге артқан. Жалпы қоғам жұмысшыларын ынталандыру жоғары деңгейде. Еңбекақыны ұйымдастыру Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы » заңы және басқа да нормативтік заңнамаларға сәйкес жүргізіледі. 2009 жылы 1 жұмысшының еңбек өнімділігі 1,3 есеге өскенін көреміз. Бұл еңбек шығынының азаю есебінен және өңдеу көлемінің өсуінен болуы мүмкін.
2-кесте-еңбек ресурстарының көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | Өлшем
бірлігі |
2008 | 2009 | Ауытқу | |
+/-; | % | |||||
1 | Жұмыскерлер саны | адам |
610 |
592 |
-18 |
97 |
2 | Еңбек өнімділігі | мың
теңге |
2571 |
3430 |
859 |
133 |
3 | Жылдық еңбекақы қоры | мың
теңге |
170990 |
190600 |
19610 |
111 |
4 | 1 жұмыскердің орташа айлық еңбекақысы | теңге |
23359 |
26829 |
3470 |
115 |
Деректер көздері: “Мақтарал” АҚ-ның мәліметтерінен
Кестеде көрсетілгендей 1 жұмысшының орташа айлық еңбекақысы 3470 теңгеге яғни 115 пайызға өскенін көреміз. Еңбекақы негізгі және қосымша бөлімдерден тұрады. Негізгі бөлігі тұрақты болса. Қосымша – үстемақы мен сыйақыдан тұрады. Ұйымда жұмыскерлердің материалды қызығушылығын арттыру үшін кәсіптік шеберлігіне, басқа персоналдарды үйреткені үшін, жоғары біліктілігі үшін, және т.б. қосымша үстемақылар мен сыйақылар төленеді. Осы мәселе бойынша кәсіпорынның жұмысшылардың кәсіподағы жұмыс берушіге әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі келісімнің Қазақстан Республикасындағы 2008 жылғы мемлекет, жұмыс берушілер және жұмысшылардың мүддесін қорғайтын кәсіподақтың Республикадағы ұйымдары ат салысып еңбек қатынастарын реттеуге үлкен үлес қосу керек. Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның техника-экономикалық және қаржы экономикалық жағдайын талдаудың мазмұны мен маңызы зор болып табылады. Бұл кәсіпорындардың меншік иесі, жұмыскерлері, коммерциялық және басқа да тұлғалар алдында кәсіпкерлік қызметінің нәтижесіне толық жауап берушілік алатынына байланысты.
«Мақтарал» АҚ-ның мәліметтерін пайдалана отырып, қызметіне талдау жасап есептеп шығарамыз. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы шаруашылық қызметті үздіксіз жүргізумен қарыз міндеттемелерін мерізмінде өтеу үшін белгілі бір мерзімдегі кәсіпорынның тұрақтылығын және оның қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
«Мақтарал» кәсіпорынының қаржы – экономикалық жағдайын талдау үшін алдымен технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтаймыз. Ол 2- кестеде көрсетілген.
2-кесте-“Мақтарал” АҚ-ның қызметін техника-экономикалық талдау.
№ | Көрсеткіштер | Жылдары | Ауытқулар | |||
2008 | 2009 | +/- | % | |||
1 | Өнімді өткізуден түскен табыс | мың тг | 1581484 | 2030692 | 449208 | 128 |
2 | Өткізілген өнімнің өзіндік құны | мың тг | 1447564 | 1805992 | 358428 | 125 |
3 | Жалпы табыс | мың тг | 133920 | 224700 | 90780 | 168 |
4 | Кезең шығындары | мың тг | 398747 | 547104 | 148357 | 137 |
5 | Негізгі қызметтен түскен табыс | мың тг | -264827 | -322404 | 57577 | 122 |
6 | Негізгі емес қызметтен түскен табыс | мың тг | 406670 | 389589 | -17081 | 95 |
7 | Салық салынғанға дейінгі табыс | мың тг | 141843 | 67185 | -74658 | 47 |
8 | Таза табыс | мың тг | 99290 | 47029 | -52261 | 47 |
9 | Жұмыскерлердің тізімдік саны | адам | 610 | 592 | -18 | 97 |
10 | Жұмысшылардың жылдық еңбек ақы қоры | мың тг | 170990 | 190600 | 19610 | 111 |
11 | 1 жұмыскердің орташа айлық еңбек ақысы | тг | 23359 | 26829 | 3470 | 115 |
12 | Негізгі қорлардың жылдық орташа құны | мың тг | 532687 | 811703 | 279016 | 152 |
13 | Қор сыймдылығы | тг | 0,34 | 0,39 | 0,05 | 115 |
14 | Қор қайтарымдылығы | тг | 2,96 | 2,5 | -0,1 | 84 |
15 | Жұмысшылардың негізгі қормен қарулануы | мың
тг |
873 | 1371 | 498 | 157 |
16 | Өнімнің 1 теңгесіне кететін шығын | тг | 0,91 | 0,88 | -0,03 | 96 |
17 | Еңбек өнімділігі | мың тг | 2571 | 3430 | 859 | 133 |
Информация о работе Кәсіпорындардың Инвеститциялық тартымдылығын АРттыру жолдары