Кәсіпорындардың Инвеститциялық тартымдылығын АРттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 11:53, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.

Содержание

КіріспЕ
1 кәсіпорынның Инвеститциялық тартымдылығын арттырудың экономикалық негіздері
1.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны
1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру- инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі

2 «МаҚтарал» Ақ-ң Нарық жағдайында инвестициялық ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН талдау
2.1 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының экономикалық қызметін талдау
2.2 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайын талдау
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау
3 кәсіпорындардың Инвеститциялық тартымдылығын АРттыру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер көздері

Работа содержит 1 файл

НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫ КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМдылыгы т.doc

— 252.00 Кб (Скачать)
 

Мазмұны 

    КіріспЕ                                                                                                      

    1 кәсіпорынның Инвеститциялық тартымдылығын арттырудың экономикалық  негіздері                                                                                                      

1.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны                                                                                      

1.2  Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер                                                                                                                                                                                                                                     

1.3 Инвестициялық    жобаларды    тиімді     ұйымдастыру- инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі  

                                                                                                            

2 «МаҚтарал» Ақ-ң Нарық жағдайында инвестициялық ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН талдау                                                                                                              

2.1 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының экономикалық қызметін талдау

2.2 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайын талдау                                       

2.3 Кәсіпорынның  инвестициялық тартымдылығын талдау                            

3 кәсіпорындардың Инвеститциялық тартымдылығын АРттыру жолдары                                                                                    

3.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру                                                                                                      

3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары                                                                                             

Қорытынды                                                                                                  

Пайдаланылған әдебиеттер көздері                            

  •  
     
  • Кіріспе

                  Қазақстан нарықты экономика  жүйесiне енгелi қоғам өмiрi  көптеген өзгерiстердi бастан  өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты  жүргiзу барысында экономикалық  саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк  өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.

         "Қазақстан  – 2030" стратегиясы әлемдiк трансформациялық  үрдiстердiң негiзгi ерекшелiктерiн,  Қазақстан геосаяси және ұлттық  тарихы ерекшелiктерiн, ресурстың  әлеуметiн ескерек отырып, мемлекеттiң  әлеуметтiк экономикалық даму  векторын ұсынды./1/ Экономикалық аспектiде "Қазақстан – 2030" ең алдымен экономикалық өсу стратегиясы.

            Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың  төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.

    Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға  салынған инвестициялардың нақты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндiрiстердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақсаруынан танылады.

    Осыған  орай Қазақстанда инвестиция саласын  одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.

                Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.

           Біздің стратегиялық алға қойған мақсатымыз- бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу. Сондықтан мемлекет пен жеке секторлар бір-бірімен екі жақты сенімділік пен табысқа негізделген жақсы қатынаста болу керек/3/.

           Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.

    Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық рекформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі таңда шетелдік инвестицияларды елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен тарту мәселесі алға шығуда. Ол-дегеніміз көлемнен сапаға өту саясатын ұстану болып табылады. Бұл диплом тақырыбының зерттеудегі маңыздылығы. Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы үшін инвестиция өте маңызды рөл атқарады десек те болады,яғни казіргі уақыттағы өнеркәсіптік-экономикалық дағдарыстан шығуға көмектеседі деп білеміз. Өнімділіктің негізгі құралы ретінде инвестициялық әрекет экономикалық ортаға жаңа элементтер енгізетін әрекетке ие. Бұл кәсіпорын шеңберінде өнім өндіруде  ұтымдылықты қамтамасыз етуге, ресурстарды тиімді пайдалануға және әрине өзіміз айтып өткендей экономикалық дамуға әкеледі. 
     

      1   Нарық жағдайында  кәсіпорынның Инвеститциялық  тартымдылығын арттырудың экономикалық негіздері.

    1.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны.

       Инвестиция  сөзі латын тілінен шыққан, «Investire» - жұмылдыру деген мағананы білідіреді. Феодал эпохасы кезінде инвестиция деген вассалдың феодалдық қолына кіруін айтқан: бұл сөзбен Епископтардың орын тағайындауын да айтылатын, және шіркеудің жерін билеуге, сол жердің иесін білідіретін Инвестура жаңа жерге ие болу мен қатар және сол жердің ресурстарын билеуге, өз пайдасына қолдануға рұқсат берілген.

        Бір жағынан қарқынды инвестиция ақталады және сол жердегі территориялардан табыс табу бірнеше есе өсіп қоймай, және жер даму факторы ретінде қолданылды.

        Инвестиция- деп қаржы-қаражат, банктік заемдер, пай, акциялар, және тағы басқа құнды қағаздар, технологиядағы машиналар, лицензия, товар белгілері, кредиттер т.б. мүлік немесе мүліктік құқықтар, интелектуалды игіліктер, жаңадан іске қосылған кәсіпорындар және т.б. жұмыс түріне, пайда табу арқасынада әлеметтік жағымды эффект өсіру деп айтуға болады.

        Ал инвестициялық қызмет бойынша түсінігі, шаруашылық қызмететті жүзеге асыру үшін әр – түрлі капитал салымдары.

       Инвестиция объектісі:

    1. Мүлік  инвестициясы (матриалдық инвестиция). Материалды инвестиция деп – инвестиция тікелей өндіріс процесіне қатысады. (Мысалы: инвестиция - құрал жабдық, материалдарға, құрлысқа)

    2. Қаржы  инвестициясы – қаржы мүлігін,  басқа басқа фирма жұмысына  қол сұғу және т.б. фирмалардың құқықтық жұмыстарына қатысу (акция сатып алу.)

    3. Материалы  емес инвестиция – материалды  емес құндылыққа инвестиция салу. (кадрлер дайындау, реклама)/5/

        Объектіге қатысты инвестицияны екі түрге бөлуге болады: портфельдік және тікелей.

        Портфельдік – құнды қағазға салынуы, курстың өзгеруі байланысты дивидендтер алу, тағыда сол шаруашылықтың басқаруына қатысуға құқық береді.

        Портфельдің пайда болуы ол- құнды қағаздар және тағы басқа активтерді сатып алу арқасында пада болды.

        Портфель – бұл неше түрлі инвестициялық құндылықтар  жинтығы, бұл инструмент салушының жалпы бір тікелей нақты инвестиция нысанын көрсетеді. Портфельдің ішіне бір типті құнды қағаздар кіруі мүмкін (акция) және әртүрлі инвестициялақ құндылығы бар (акция, облигация, жинақталғын депозит, сертификаттар, және т.б.)

        Тікелей (реалды) инвестиция - мемлекетпен және жеке фирмамен инвестицияны бір өндіріске құйылуы.

        Тікелей инвестиция екі әр түрлі қолпакеттерден тұрады. Біріншісі инвестицяны жарғылық капиталға құю, ол дегеніміз қайта жасалған капиталды жағдай (компьютер өндірісі құрылымы, өндіру станоктары)

          Екінші  компонент – инвестицияны товар  – материалдық қорға құю, бұл  дегеніміз шиізат қорларын үлкейту, өндіріс процесіне жататын, немесе өтпеген дайын тауарлар. Коммерциялық тауар – материалдық қорлар, капитал қорының бір негізгі бөлімі ретінде саналады экономикалық жүйеде; олар капитал құрал-жабдықтар сияқты өте қажет өндіріс ғимараты.

    Тікілей инвестиция тағыда; ішкі және сыртқы болып  екіге бөлінеді.

        Ішкі – бұл шаруашылық субъектінің қаржаты өзінің өндіріс факторына өзінің қаржы – қаражаттан қаржыландыру.

        Сыртқы – бұл инвестициялық институттардың құралдарын өндіріс факторына, инвестиция керек шаруашылық субъект  Тікелей инвестицияға тағыда жалпы және таза инвестицияларды жатқызуға болады. Жалпы таза инвестиция бұл жалпы инвестиция деп аталады, өйткені ұсталымдарды шегерімнен кейін өзіндік капиталдан тұрады/6/.

        Ұсталыным сипаты бойынша:

    Бірінші инвестициялар; немесе нетто инвестициялар, олар кәсіпорынды құрғанда немесе сатып алғанда жасалады.

    • Ұлғаюға инвестициялар; (экстенцивті инвестиция) бұл инвестиция кәсіпорынның өндіріс  процесін ұлғайтады.
    • Реинвестиция: бұл инвестициядан түскен табыстан бос ақшаны қайта жаңа құрал жабдықтарды  алуға, және жаңа өндіріс құралдарына құю, бұл кәсіпорынның негізгі қорларын ұстауға жұмсалған.
    • Ауыстыру  инвестициясы: бұл ескі құрал –  жабдықтарды, жаңа құрал- дабдықтарға  ауыстыру.
    • Инвестицияны  рационализациялау: бұл инвестицияны техника және технологиялық процестерді  модернизациялау.

    Шығарылатын тауарды өзгертуге салынатын инвестиция:

    • Әртараптандыруға  салынған инвестиция: тауардың номенклатурасын  ауыстыруына байланысты, жаңа тауар  түрін шығару және даңа өткізу орындарын  табу.
    • Инвестицияны  кәсіпорында тоқтап қалмауын қамтамасыз ету, ҒЗКТЖ-ға жіберу, кадр дайындау, жарнама, қоршаған ортаны қорғау.
    • Буртто  инвестиция: ол нетто – инвестициямен  реинвестициядан тұрады.
    • Тәуекел инвестициялар немесе венчурлы капитал  инвестиция, жаңа акциялар шығару түрінде, жаңа қызымет саласында шығарылатын, үлкен тәуекелмен байланысты.

    Венчурлық капитал инвестициясы бір – бірімен  байланысты емес объектілерге құйылады, бұл салынған ақшаның тез ауқуы. Бұндай капитал салымдар, өндірушіден  біраз акциясын алумен жасалады, сонымен  бірге соңғы акциялардың конверсиялақ құқығы бар/7/.

    Капиталдың  енгізілуі тәуекелділіктің жоғары деңгейі кішігірім, шағын  кәсіпорындарды қаржыландыруға, жаңа технологиялар енгізумен көрінеді. Тәуекел капиталдың өзінде бірнеше формалары бар: Ссудалық, акционерлік, кәсіпкерлік.

       Ол ғылыми сыйымды кәсіпорындардың жарғылық капиталы  жоғары және басқа фирмалармен тығыз байланыста болады.

    Уақыт факторы бойынша:

    • Қысқа мерзімдік инвестицияляр
    • Ұзақ мерзімдік инвестициялар

       Аннуитет  – инвестиция, әр – бір уақыт  мерзім кезінде жеке бір табыс алып келеді. Жалпы ол қаржыны зейнетақы сақтандыру қорларға енгізуі. Сақтандыру компаниялар мен зейнетақылық қорлар, ұзақ мерзімді міндеттемелер шығарады. Болашақта кездесетін шығындарды жабу үшін иелері сол шығындарды жабу мақсатында оларды құяды/9/.

    Информация о работе Кәсіпорындардың Инвеститциялық тартымдылығын АРттыру жолдары