Кәсіпорын қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2011 в 23:10, курсовая работа

Описание работы

Есеп мәліметтерін кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару үшін, қаржылық есебін құру үшін қолданады.

Содержание

Кіріспе

1 «Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы
1.1 Серіктестіктің тарихы және оның қызметіне мінездеме
1.2 Кәсіпорында өндірістік процесті ұйымдастыру

2 «Сарыағаш-жер» ЖШС-нің 2008-2010 жж. экономикалық қызметтері және қаржы-шаруашылық жағдайын талдау
2.1 Кәсіпорынның ресурстық потенцалы
2.2 Кәсіпорын шығындары
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау


3«Сарыағаш-жер» ЖШС-нің салық төлеу тәртібі

Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Балжан.doc

— 238.00 Кб (Скачать)

     Жеке  табыс салығын есептеу тәртібі:

     Салық салынатын табысты 10 пайыздық ставкаға көбейту арқылы анықталады.

     Салық салынатын табыс = қызметкер табысы – (минималды жалақы + міндетті зейнетақы жарнасы)

     Міндетті  зейнетақы жарнасы = қызметкерлер табысы * 10 %.

     Мысалы, жүргізуші 70000 теңге көлемінде жалақы алады. Жеке табыс салығын есептеу тәртібі:

     ЖТС=(70000-15999-7000)*10%=4700 теңге.

     Жеке  табыс салығы мен әлеуметтік салық  жөніндегі декларацияны Есіл ауданының  салық комитетіне есепті тоқсаннан  кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей  тоқсан сайын табыс етеді.

     Жеке  табыс салығы мен әлеуметтік салық  бойынша декларацияға қосымша жыл  қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының декларациясымен  бірге табыс етіледі.

     Әлеуметтік  салықты есептеу тәртібі:

     Әлеуметтік  салық = (Жалақы – міндетті зейнетақы жарналары) * 11% - әлеуметтік аударымдар.

     Әлеуметтік  аударымдар = (Жалақы – міндетті зейнетақы  жарналары) * 5%.

     Мысалы: жүргізуші 70000 теңге көлемінде жалақы алады Әлеуметтік  салығын есептеу тәртібі:

     Әлеуметтік  салық = (70000 - 7000) * 11% - (70000 - 7000)*5% =3780 теңге.

     Көлік құралдарына төленетін салықты  есептеу айлық есептік көрсеткіштермен  белгіленген салық кодексінде көрсетілген  ставкалар бойынша жүргізіледі.

     Салық төлеуші салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық  ставкасын негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді. Кәсіпорын көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей, сондай-ақ  декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына табыс етеді.

     Кәсіпорын жер иеленетіндіктен жер салығын  төлеуші болып табылады.

     Жер салығының сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану  арқылы дербес есептейді. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады. Ағымдағы төлемдердің мөлшері салық кезеңінің басында болған салық салу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалады.

     Заңды тұлғалар өз иелігінде мүлкі болғандықтан мүлік салығын төлейді.

     Мысалы: салық салу объектісінің орташа базалық баланстық  құны – 981795. салық ставкасы 1,5%. Мүлік салығы = 981795*1,5%=14727.

     Кәсіпорын мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнының  1,5 процент  ставкасы бойынша есептейді. Бұл  салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану  арқылы дербес жүргізеді.

                                                         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                            Қорытынды 

     Атқарылған  жұмыстың қорытындысы бойынша мынадай  қорытынды шығаруға болады: «Сарыағаш-жер» ЖШС тұрақты қызмет етеді, қызметі кеңеюде, бірде табысты болса, бірде зиян шегуде.

     «Сарыағаш-жер» ЖШС материалдары бойынша ондағы есеп жазылып көрсетілді, талдау жүргізілді, аудиторлық тексеріс жүргізу тәртібі анықталды. 

     «Сарыағаш-жер» қызметінде бухгалтерлік есеп маңызды  роль атқарады және басқару жүйесінде маңызды орын алады. Ол қызмет көрсету, ақша айналымы, бөлу процестерін нақты көрсетеді және кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды, шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.

     Басқару процесінің бір бөлігі бола отырып, ағымдағы қызметті бақылауға; оның стратегиясы мен тактикасын жоспарлауға; ресурстарды тиімді қолдануға; қызметтің нәтижесін өлшеп, бағалауға мүмкіндік беретін маңызды ақпарат береді.  Осындай маңызды ақпараттың сенімді әрі толық болуы үшін кәсіпорын бухгалтері білікті болу керек, ережелерді, инструкцияларды және кәсіпорын қызметі мен бухгалтерлік есепті жүргізуді реттейтін басқа да нормативтік актілердің ережелерін қатаң сақтауы керек.

       «Сарыағаш-жер» кәсіпорынының бухгалтерлік жүйесі және басқа да қызметтері Қазақстан Республикасының нормативтік актілері мен стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

          Кәсіпорында салық  есебін жүргізу барысында  ҚР Салық  Кодексі және Қаржылық есептің халықаралық  стандарттары негізге алынады. Кәсіпорын  корпорвативті табыс салығын, жеке табыс салығын, әлеуметтік салық, қосылған құн салығын,  бұған қоса, кәсіпорын көлік құралдары салығын төлеуші болып табылады. Аталған салық түрлері бойынша есептеу мен салық органдарына табыс ету ҚР Салық Кодексіне сәйкес уақытылы жүзеге асырылады.

        Кәсіпорында бухгалтерлік есептің жүргізілуі мен ұйымдастырылуына жауапты тұлға болып кәсіпорынның бас бухгалтері табылады.

      Кәсіпорында бухгалтерлік есеп есептеу принципіне сәйкес жүргізіледі, яғни табыстар мен  шығындар бухгалтерлік есепте олардың  келіп түсуі немесе пайда болуы кезінде танылып, қаржылық есеп беруде көрініс табады. Қаржылық есеп беруді дайындау кезінде кезінде анықталған түзетулер сомасы есепті кезең пайдасы немесе шығыны ретінде танылады. Бухгалтерлік жазулар шаруашылық операцияның болғандығын растайтын бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі. Меншікті капитал, кәсіпорын активтері, міндеттемелері, пайдасы мен шығынына әсер етуі мүмкін  барлық шаруашылық операциялар мен шаруашылық қызметтің басқа да жағдайлары кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде уақытылы көрініс табады. Бухгалтерлік жазбалар компьютерлік жүйе арқылы немесе қолмен де енгізілуі мүмкін.

     Кәсіпорынның  таза кірісінің бөлігін бөлу нормативі  Қазақстан Республикасының Қаржы  министрлігінің келісімі бойынша мемлекеттік  басқару органымен белгіленеді. Белгіленген нормативтер бойынша кәсіпорынның таза кірісінің бөлігі республикалық бюджетке есептеуге жатады. Кәсіпорын өндірілген тауарлар (қызметтер, жұмыстар) бағасы оны өндіруге кеткен кәсіпорын шығыстарын толық жабуы керек, оның қызметі шығынға қалмай және өзінің меншікті кірістерімен қаржыландырады.

       «Сарыағаш-жер» ЖШС  жыл сайын міндетті сыртқы аудиторлық тексерістен өтуі тиіс. 

        Қаржылық талдаудың мақсаты – анықталған нәтижелер негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру, оны жақсарту бойынша ұсыныстар жасау. Олай болса, аталмыш кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында, оның капиталының орналасуы мен құралу көздерінің құрамы мен құрылымы анықталып, мүліктік жағдайына баға берілді, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, төлем қабілеттілігі, табыстылығы көрсеткіштері анықталды.                  

     Осы оқу-танымдық тәжірибе барысында мен  кәсіпорынның ұйымдық құрылымымен  танысып, қызметкерлердің жұмыс барысын бақылап, қаржылық құжаттармен, соның ішінде кәсіпорынның қаржылық жұмысын талдап кәсіпорын жалпы жұмыс барысын меңгеріп алдым.

     Қаржылық  жағдаиды одан әрі дамыту, оны жақсарту үшін кәсіпорныға атқару керек жұмыстар тізімі:

     1. Қазіргі заманғы есепайырысуларды  уақытылы тексеру, арқылы дебиторлық  қарыздардың сомасын азайту. Ол  ақша қаражаты айналысқа түсуге мүмкіншілік табады.

     2. Тауар-материалдық қорларды төмендету.  Бұл да ақшаның айналысқа түсуіне  мүмкіндік береді.

     3. Тұрақты шығындарды үнемдеудің  арқасында тауардың өзіндік құнын  төмендету.

     4. Өнім өндіру кезінде экологиялық  сақтық, денсаулық қорғау, қауіпсіздік техникасы шараларына көңілді көбірек бөлу.

     Қорыта  келгенде жүргізілген зерттеулердің  нәтижелеріне сүйене отырып  кәсіпорынның қаржылық жағдайына  берілді. Есеп жазылу кезінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі, активтерінің, мүлкінің құрылымы, қаржылық жағдайының өтімділігі тағы да басқа қаржылық жағдайына зерттеулер жүргізілді. Жүргізілген қаржылық талдаулардың нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң деген баға берілді. Кәсіпорын несие және төлем қабілетті. Өзіне алынған міндеттемелерді уақытында жауып отыруға мүмкіншілігі бар. 

Информация о работе Кәсіпорын қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы